
- •6 Лекция №6. Байланыс жолында қолданылатын кодтар 42
- •1 Сурет – Көпарналы байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы
- •1.1 Сурет – ктж-ның ықшамдалған сұлбасы
- •1.2 Сурет – ажб-сы бар ктж-ның ықшамдалған құрылымдық сұлбасы
- •1.3. Сурет – в–3–3 жүйесінде жолдық спектрді құру сұлбасы
- •1.4. Сурет – к–60 жүйесінің сұлбасы
- •1.5. Сурет – Қорғаныс интервалы
- •1.6. Сурет – ауб-сы бар ктж-ның ықшамдалған құрылымдық сұлбасы
- •1.7. Сурет – ауб-сы бар ктж-ның жұмыс істеу принципі
- •3 Сигналдардың негізгі параметрлері
- •2.1. Сурет – Телефондық сигналдың динамикалық деңгейлері ықтималдығының тығыздығы мен оның динамикалық диапазоны
- •4.1Сурет – Сигналдың аналогты-цифрлық түрлендіруі
- •4.2 Сурет – Тікбұрышты импульстердің тізбегі (а) және Кск әр түрлі болатын тізбектердің спектрлік құрамы (б)
- •4.3 Сурет – Амплитудалық-импульсті модуляцияның түрлері:
- •4.4 Сурет – аим-1(а) және аим-2 (б) кезіндегі сигналдардың спектрлері
- •4.5 Сурет – Кск бірге ұмтылғанда аим-1 және аим-2 спектрлері
- •4.6 Сурет – Кванттау қатесінің пайда болуы
- •4.7 Сурет – Екілік кодтың түрлері:
- •4.8 Сурет – Рефлексті код лекция №5
- •Бөгеуілдер мен бұрмаланулардың түрлері
- •5.1 Сурет – Регенерациялау учаскесінің құрылымдық сұлбасы
- •5.2 Сурет – тжф арқылы өткендегі импульстің формасы
- •5.3 Сурет – Кабель учаскесінің тікбұрышты импульстің формасына әсері
- •5.4 Сурет – Флуктуациялық бөгеуілдер мен I ретті символаралық бөгеуілдердің қосылуы
- •5.5 Сурет – жжф арқылы өткендегі импульстің формасы
- •5.6 Сурет – бірліктер тығыздығы жоғары (а) және төмен (б) болғандағы II ретті бұрмаланулар
- •5.7 Сурет – Екі деңгейлі кодтар
- •5.8 Сурет – Импульстердің таңбасы кезектесіп алмасатын кодтар
- •5.9 Сурет – бір кабельді (а) және екі кабельді (б) жұмыс кезінде цтж арасындағы өзара әсер
- •5.10 Сурет – қрп (нрп) шахмат тәртібі бойынша орналастырғанда цтж арасындағы өзара әсер лекция №6 Цифрлық телекоммуникациялық желілер
- •6.1 Сурет
- •Плезиохрондық цифрлық иерархия
- •6.2 Сурет – «Тіктөртбұрыш» сұлбасы
- •6.3 Сурет – «Үшбұрыш» сұлбасы лекция №7 Синхрондық цифрлық иерархия
- •7.1 Сурет – stm-1транспорттық модулінің құрылымы
- •7.2 Сурет – stm-16 каскадты мультиплекстеу
- •7.3 Сурет – Скремблердің құрылымдық сұлбасы:
- •7.4 Сурет – Скремблердің шығысында тізбектің түзілу сұлбасы
6.1 Сурет
- тобында
«d»
критикалық
нүкте.
0101…01 тобының b/2 критикалық нүктесі бар.
0011011 – тобында бір критикалық нүкте.
Егер цикл ішінде <500 тактілік интервал болса, онда критикалық нүктелері аз болатын СС кодтарын қолданған тиімді. Егер тактілік интервалдардың саны көп болса, онда критикалық нүктерелі көп болатын («d» нүктеге дайін) СС кодтарын қолдану керек. Бұл жағдайда синхросигнал іздеу циклдан циклға жүзеге асырылады, сондықтан СС жоғалған кезде оларды бірнеше цикл ішінде іздейді (СС кодына және циклдегі ТИ санына байланысты 1-ден 100-ге дейін). Бұл уақыт ішінде ақпаратты дұрыс емес оқылуы мүмкін.
Синхронизмнен шығу немесе синхронизмге кіру арнайы буферлік құрылғылардың көмегімен бақыланады. Егер қабылданған СС буферде сақталатын дұрыс жазуға сәйкес келмесе, онда синхронизмнің жоғалуы туралы шешім қабылданады. Мысалы, ИКМ-30 ораташа СС-ті қалпына келтіру уақыты 2 мс, ИКМ-120-да - 0,75 мс, ИКМ-480-де – 0.15 мс. Егер синхронизмге кіру ұзақ орындалатын болса, онда ақпараттың дұрыс оқылуы бұзылады. Бұл асинхрондық біріктірудің кемшіліктерінің бірі болып табылады. Сверхциклдер болған жағдайда бастапқыда циклдің СС-тері іөделеді, ал сосын сверхциклдік СС-тер. Көп сатылы иерархияны қолданған кезде синхронизмді қалпына келтіру төменгі сатылардан жоғары сатыларға дейін жүзеге асырылады.
Плезиохрондық цифрлық иерархия
Цифрлық ТЖ белгілі бір иерархиялық құрылымға сәйкес келеді. Иерархзиялық құрылымда келесі негізгі талаптар ескеріледі:
Аналогты және цифрлық сигналдардың барлық түрлерін тарату мүмкіндігі;
Таратылатын сигналдарды біріктіру, ажырату және транзитпен тарату мүмкіндігі;
Қолданылатын және болашақта енгізілетін жабдықты ескере отырып стандартты жылдамдықтарды таңдау мүмкіндігі;
АТЖ мен басқа әр түрлі байланыс және коммутация жүйелерімен әсерлесу мүмкіндігі.
Бұл әр түрлі мемлекеттер мен өндірушілердің арна құрушы жабдықтарын әмбебап етуге мүмкіндік береді.
Біріншілік НЦА-да ұйымдастырылған типтік арналар - 64 кбит/с.
Суббіріншілік арна (СБА) -480 кбит/с.
Біріншілік Е1 – 2048 кбит/с; екіншілік Е2-8448 кбит/с; үшіншілік Е3-34368 кбит/с; төртіншілік Е4 -139264 кбит/с.
ЦТЖ-да типтік цифрлық және типтік цифрлық емес (аналогты) арналар мен трактар ұйымдастырылуы мүмкін. Негізінен ТЖ, ДТ, бейне және дыбыстық ілесе жүзу сигналдарын тарату арнасы, сонымен қатар БТ, ЕТ, ҮТ, ТТ АЖБ-сы бар топтық ТЖ трактары.
Типтік цифрлық арналардың өзара және сыртқы жабдықтармен тоғысқан жерлері МЕСТ (ГОСТ) бойынша анықталған. Типтер ИКМ-РСМ-РДН; ИКМ-30; ИКМ-30-4; АКУ- 30 унификацияланған арна құрушы аппаратурасы Зона 15, ИКМ-15, ИКМ-120А, ИКМ-120У, ИКМ-480, ИКМ-120-4/5; Зона 120, Соната –2,3,4, Сопка – 2,3,4 және ИКМ –1920.
Арна құрушы аппаратурасы топтық немесе жеке АЦТ және ЦАТ (кодектердің) көмегімен жасалуы мүмкін. АУТ кезінде топтық АИМ трактында болатын өтпелі процестердің салдарынан ТЖ арналарында айқын өтпелі бөгеуілдер пайда болуы мүмкін. Егер жеке кодектерді қолданатын болсақ, онда топтық тракта арналық сигналдар цифрлық түрде біріктіріледі және айқын өтпелі бөгеуілдер пайда болмайды. Жеке кодектердің жақсы жері кез келген ТЖ арнасының орнына блоктарды ауыстыру арқылы ОЦК арнасын алуға болады. Топтық кодектер ИКМ-30, ИКМ-30-4, ИКМ-15, АКУ-30 аппаратураларында қолданылады.
ИКМ-30 жүйесі ТЖ арналарындағы өтпелі бөгеуілдерді азайту үшін екі топтық кодекті қолданады, бірі жұп, ал екіншісі тақ ТЖ арналары үшін.
ИКМ-30 жүйесігің көмігемін қағаздан жасалған және полиэтиленді изоляциясы бар төмен жиілікті кабельдердің параметрлері арқылы 30 ТЖ арнасын бір немесе екі кабельді нұсқа бойынша таратуға болады.
Бір кабельді нұсқа бойынша жұптардың бір бөлігі тарату үшін, ал екінші бөлігі қабылдау үшін бөлінеді. Бірақ өтпелі әсердің салдарынан барлық кабельді жұптардың 1/3 бөлігін ғана қолдануға болады, бұл экономикалық тұрғыдан тиімді емес. Екі кабельді нұсқа арқылы барлық жұптарды дерлік қолдануға болады.
Қазіргі кезде әлемдік деңгейдегі қызметтік жабдығы бар ИКМ – 30-4 төртінші буын аппаратурасы шығарылады. ИКМ-30-4 және ИКМ-30 жүйелері толығымен қатар қолданыла алады.
ИКМ-30-4 аппаратурасының негізгі ерекшеліктері:
БӘС сигналдары АТС станция аралық жолдарды үйлестіру жабдығында ортақ сигналдау арнасына (ОСА) бірікіріледі. Бұл сигналдау арнасының 64 кбит/с жылдамдықты арнаның қарапайым стандартты тоғысуы бар.
Регенераторлардың ПӘК-ін жақсарту. Бұл ДҚ (дистанциялық қоректендіру) және байланыс қашықтығын секциясын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы Т-0,5 кабельдері үшін L2=25 км және L=50 км орнына байланыс қашықтығы L2=40 км және L=80 км болды.
10-жұпты кабель (мысалы ТПП-0,7) арқылы екі кабельді нұсқаны қолданған кезде ИКМ-30-4-те регенерациялау учаскесінің ұзындығы 44 %-ке артады ( L1=2,7 км-ден L1=3,8 км дейін).
ИКМ-30-4-те басқару мен бақылауға арналған унификацияланған қызметтік жабдық – басқару центрі бар. Қосымша қазметтік жабдық екі бағытта төменгі жиілікті қызметтік байланысты, станцияаралық қызметтік байланыс пен цифрлық арна бойынша 32 кбит/с жылдамдықтағы байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Соңғысы деректерді тарату сигналдарын – дискретті ақпаратты таратуда қолданыла алады. Қызметтік жабдықтың функциялары АТС-тің техникалық қызмет көрсету центрінің ЭЕМ-мына оператордың бұйрығымен берілуі мүмкін.
Бақылдауды және басқаруды жүзеге асыратын унификацияланған қызметтік жабдық – басқару орталығы болады. Қосымша қызметтік жабдық екі бағытта төменгі жиілікті байланысты, станцияаралық байланыс пен жалдамдығы 32 кбит/сек болатын цифрлық арна бойынша байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Соңғысы ақпараттық сигналдарды – дискретті ақпаратты таратуға қолданылуы мүмкін. Қызметтік жабдықтың функциялары АТС-тың техникалық қызмет көрсету орталығының (ТҚО) ЭЕМ-ына оператордың бұйрығымен берілуі мүмкін.
Байланысты КСПП- 1*4*1,2 немесе КСПП-1*4*0,9 кабельдерінің көмегімен бір кабельді нұсқа бойынша ұйымдастыру үшін ИКМ-30С жүйесі қолданылады. Бұл жүйе жылдамдығы 64 Кбит/сек болатын жеке ортақ сигналдау арнасын ұйымдастыруға, сондай-ақ топтық арнаны бөлек 64 Кбит/сек арналарға ажыратуға мүмкіндік береді. Ол үшін ИКМ-30С жүйесінде тармақтау станциясы (ТС) (СР) қолданылады. Бір жүйеде ішінде бір орталық станцияны (ОС) (ЦС) үш ТС-ның көмегімен 7-ден артық болмайтын шеткі станцияны (ШС) «тіктөртбұрыш» немесе «үшбұрыш» сұлбалары бойынша байланыстыруға болады.