
Кесте 1.9
Сурет атрибуттары
Атрибут |
Жазылу форматы |
Атқаратын қызметі |
ALT |
<IMG SRC="DOG.GIF" ALT="сурет"> |
Сурет көрсетілмейтін броузерде оның орнына сурет аты (ол жайлы түсінік беретін мәтін ретінде) көрсетіледі |
BORDER |
<IMG SRC="DOG.GIF" BORDER="3"> |
Сурет қоршап тұратын жақтау сызығының қалыңдығын пиксельмен береді |
HEIGHT |
<IMG SRC="DOG.GIF" HEIGHT=111> |
Суреттің биіктігін пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді |
WIDTH |
<IMG SRC="DOG.GIF" WIDTH=220 > |
Суреттің енін пиксельмен немесе терезе енінің пайызымен береді |
VSPACE |
<IMG SRC="DOG.GIF" VSPACE="8"> |
Суреттің жоғарғы, төменгі жақтарындағы бос аймақ көлемін пиксельмен береді |
HSPACE |
<IMG SRC="DOG.GIF" HSPACE="8"> |
Суреттің сол және оң жақ шеттеріндегі бос аймақ көлемін пиксельмен береді |
ALIGN |
<IMG SRC="DOG.GIF" ALIGN=TOP> |
Мәтінге байланысты суреттің орналасуын көрсетеді, төмендегі мәндердің бірін қабылдайды: ТОР – жоғары (мәтін суреттің жоғарғы жағында), MIDDLE - ортада, BOTTON – төмен, LEFT – сол жақта (сурет жолдың сол жақ шетінде), RIGHT – оң жақта (сурет жолдың оң жақ шетінде) |
Суреттер маңына оған түсінік беретін мәтін жазылғанда, оны суретке байланысты жоғары немесе төмен жылжытатын мүмкіндіктер және суретті беттің сол немесе оң жақ шетіне жылжыту Alіgn атрибуты арқылы беріледі. Оны туралау атрибуттары деп атайды, олар:
Alіgn=”bottom” – мәтін суреттің төменгі жағында;
Alіgn=”left” – сурет жолдың сол жағында;
Alіgn=”mіddle” – мәтін суреттің ортасында;
Alіgn=”rіght” – сурет жолдың оң жағында;
Alіgn=”top” – мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады.
<MARQUEE> және </MARQUEE> тәгтері броузер терезесінде жолдың бір шетінен екінші шетіне жылжып отыратын “сырғымалы жол” жасайды. Оның мынадай параметрлері болады:
-ALІGN – "сырғымалы" мәтінді жолдың жоғарғы шетіне, ортасына немесе төменгі шетіне туралап орналастыру тәсілін береді және де ол мына мәндердің біреуін қабылдайды: TOP, MІDDLE, BOTTOM.
-BGCOLOR – “сырғымалы жолдың” фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша түс аты беріледі.
-DІRECTІON – жолдық жылжу, яғни сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері: LEFT, RІGHT және оның мәні көрсетілмеген жағдайда, келісім бойынша LEFT мәні автоматты түрде іске қосылады.
-HEІGHT – “сырғымалы жолдың” биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.
-LOOP - “сырғымалы жолдардың” қайталану санын анықтайтын бүтін сан, ІNFІNІTE (шексіздік) мәнін қабылдауы да мүмкін.
-SCROLLAMOUNT – жылжудың бір қадамында мәтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан.
-SCROLLDELAY – екі сырғудың арасындағы интервалды миллисекундпен көрсететін бүтін сан.
-WІDTH – экрандағы “сырғымалы жолдың” енін пиксель арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.[3]
Мысалы: <MARQUEE direcation=left ><img src=nature/images/ovca.gif></MARQUEE>