Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РНР WEB бағдарламалау тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.51 Mб
Скачать
1.4 Құжат ішіне тізімдер орналастыру
HTML тілі мәтін абзацтарының сыртқы пішімін толық анықтауға мүмкін­дік береді. Абзац элементтерін тізім түрінде белгілеуге болады. Енді тізім­дер жасайтын мүмкіндіктердің бырсыпырасын қарастырайық. Жалпы тізім элементтері арнайы тeгтермен қоршалып, экранға шығарылғанда олардың сол жақтарында тізім белгілері орналасады.
және
(unordered list – реттелмеген тізім) тeгтері арасында орналасқан мәтіндер нөмірленбей, бірақ белгіленіп жазылған тізімдер ретінде қарастырылады. Мұнда тізімнің әрбір жаңа элементін
(list – тізім) белгісінен бастап жазу қажет. Мысалы:
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ертедегі мемлекеттер
Ерте және дамыған орта ғасыр мемлекеттері (6-13 ғғ. Бас кезі)
Ұлы жібек жолы
Қазқстан монғол дәуіріңде
14-15 ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер
15-17 ғғ. Қазақ хандығы
Қазақстан Ресей құрамында
Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет
Сурет 5. Тізімдерді орналастыру
Сондай-ақ, нөмірленген тізімдер – алдыңғы белгіленген тізім тәрізді шығары­лады, олар тек <ОL> және </ОL> (ordered list – реттелген тізім) тәгте­рімен қоршалады және анықтау тізімдері
(definition list) тәгі арқылы жазылады нәтижесінде тізім нөмірі ретінде бүтін сандар жазылады. Жоғарыда келтіріл­ген мысалды аздап түрлендіріп,
Кесте 1.10
Type атрибуты мәніне қарай тізімдерді нөмірлеу түрлері
type мәні
стилі
тізім нөмірленуі
1
Араб цифрлары (келісім бойынша)
1, 2, 3, 4, ...
A
Латын алфавитінің бас әріптері
A, B, C, D, …
a
Латын алфавитінің кіші әріптері
a, b, c, d, …
I
Рим цифрлары (жоғарғы регистр)
I, II, III, IV, …
i
Рим цифрлары (төменгі регистр)
i, ii, iii, iv,…
Анықтау тізімдері
(definition list) тәгі арқылы жазылады да, алдыңғы­лардан аздап өзгешелеу болып ке­леді. Мұнда
тәгі орнына
(definition term – анықталатын термин) және
(definition definition – анықтаманың анықтамасы) белгілері жазылады.
HTML
HTML (HyperText Markup Language) термині – “гипермәтіндік белгілеу тілі” деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементар бөліктер физикасы лаборато­рия­сының қызметкері Тим Бернерс-Ли жасап шығарған болатын.
HTML құжаты
Тіркелу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі файлдарда *.html)
болып келген мәтіндік файл.
тәгі сияқты
және
тәгтерінің жабылмай, жалғыз жазыла­ты­нына назар салыңыздар. Формаларды әртүрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретін­де, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін форма­ға енгізуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану аймағы алуан түрлі болып келеді.
HTML тілінде формадағы әр түрлі өріс типтерін жасау үшін <TEXT­AREA>, <SELECT> және  сияқты үш түрлі тeг қолданылады. Олардың кез келген саны
тәрізді қосарланған тәгтер ішінде, яғни контейнерде орналаса алады.[2]
-<TEXTAREA> - Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды;
- - Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушаларды көтеріп қою және түсіру (check boxes), ажыратып қосқышты таңдау (radio buttons) және мәліметтерді жөнелтуге немесе форма­ны тазартуға арналған батырманы басу сияқты әре­кет­терді орындауды қамтамасыз етеді;
-<SELECT> - Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді.
тәгінің type атрибуты төмендегідей мәндер қабылдайды:
Reset - шерткен кезде форманы автоматты түрде бастапқы қалпына келтіреді. value атрибуты – батырма бетіндегі жазуды береді.
submit - шерткен кезде форманы желіге жөнелтеді.
value атрибуты – батырма бетіндегі жазуды береді.
button – қарапайым батырма .
value атрибуты – батырма бетіндегі жазуды береді.
radio – радиобатырма.
value атрибуты – батырма бетіндегі жазуды береді.
- тәгінің type атрибутының text және password мәндері енгізу өрісін береді:
-text – қарапайым енгізу өрісі. Атрибуттары:
-value атрибуты енгізу өрісінің келісім бойынша қабылданған мәнін береді;
-size атрибуты енгізу символдарының ұзандығын береді;
-maxlength атрибуты енгізілетін жолдардың максималды мүмкін мәнін береді.
-readonly атрибуты тек оқуға болатын мәндерді анықтайды. Мұндай жолды қолданушы өзгерте алмайды;
-password – «құпия сөз» енгізуге арналған өріс. Text – тен айрмашылығы, оның символдары экран бетіне жұлдызша түрінде шығады.
Мысалы:
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!!!
1. Қазақстан Егемендік туралы Декларациясын қашан қабылдады?
1990- 28 қазанда
1990- 25 қазанда