
РНР WEB бағдарламалау тілі, жалпы түсінік
РНР-бұл Web –серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және HTML-дің көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда, РНР ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНР Windows NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache –дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі болмайды. Сіздің құжат бетіңіздегі әртүрлі операциялардан басқа сіз РНР көмегімен НТТР-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орната аласыз. Сонымен қатар аутенфификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттай аласыз. РНР берілгендер қорына енуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл сізге PDF құжаттарды инерациялаудан, ХМL-дегі грамматикалық талдауды жасауға мүмкіндік береді. РНР операторлары сіздің бетіңізге Web-беттерді қойып береді, сондықтан арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. Сіз РНР-кодының блогын <?php тегінен бастап, оны ?> тегімен аяқтайсыз. Бұл тегтердің арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпритацияланады. РНР тілінің синтаксисі Си және Рerl синтаксисіне ұқсас келеді сіз ауспалыларды оларды пайдаланудан бұрын жарияламауыңыз керек. Массивтермен Хэмтер оңай жүзеге асырылады. Дегенмен РНР Apache құрылған жағдайда бәрінен жылдам жұмыс жасайды. РНР Web – сайтында оны Microsoft ІІS және Netscape Enterprise Server орналастырудың реті бар. Егер сізде РНР ді орнатуға бағдарламалық қамтамасыз етудің көшірмесі жоқ болса, оны сізге ресми Web –сайттан ала аласыз. Ол жерден сіз РНР дің барлық ерекшелігі мен қызмет бейнеленген түсіндірілген жетекшілікті таба аласыз. Соңғы он бес жылдары интернеттiң қиял-ғажайып дамуы және адамдардың арасындағы қарым-қатынастың жаңа әдiстерiн белгiледi. Бұл құбылыстың алдыңғы өлкелерiне (WWW ) World Wide Webде болады. Рнр тарихы 1995 жылдан тәуелсiз бағдарламашы (Rasmus Lerdorf ) Расмус Лердорф сайтта оның онлайндық резюмесін оқып шыққан келушiлердің саның есептеуге арналған Perl/CGI нiң сценариын жазудан басталады. Оның сценариы екi есептi шештi : келушiнiң деректерінің тiркелуі және келушiлердiң санын - web бетке шығару. WWW дамыту әлi тек қана басталды, бұл есептердi шешуге арналған ешқандай да арнайы құралдар болмады, сондықтан авторға көп сұрақтар лап берді. Лердорф (Рнр ) Personal Home Page немесе (гипермәтiн процессоры ) Hypertext Processor аталған өз құрал-сайманын тарата бастады. Лердорфаның Рнр құрал-сайманының шулы жетiстiгi Рнрдың кеңейтулерiн өңдеуге әкеп соқты. Кеңейтулердің бірі HTML формада енгiзiлген мәлiметтердi символдық айнымалыларға түрлендiрдi, осыдан оларды басқа жүйелерге шығаруға мүмкiндiк берген. Қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн Лердорф өңдеулерді жасауды ендiгәрi Perl ден С-ге өтуге шештi. Сол кездегі Рнрдың құрал-сайманының кеңейтуi 2.0-шi Рнр пайда болуына, немесе (Personal Home Page Form Interpretator ) PHP-FIнi келтiрдi. Дүние жүзiнен бағдарламашылар 2.0 версияны жетiлдiруге қатысты. Жаңа РНР версиясы ерекше мәлiмдiлiкпен пайдаланды, және өңдеушiлердiң негiзгi командасы жақында іріктелді. Олар HTML-ға программалық кодтың енгiзуiнің бастапқы тұжырымдамасын тiкелей сақтады және Рнр-дiң 3.0-шi версиясының пайда болуына келтiрген лексикалық талдаудың механизмін қайтадан жазды. РНР 4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты. Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4 тің мүмкіндіктері зор еді. РНР 4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады. 2000-2004 жылдар арасында 4 версияны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар жалғасты. Шамамен сол кезден бастап ақ РНР Group жаңа версияның мүмкіндігін ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін ірі жобаларды пайдалануға мүмкіндік берді. 5-ші версияны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді. Оған көптеген мамандар қатысты олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус Бергерді атап өткен жөн болар. Ақыры 2004 жылдың шілдесінде РНР 5 ресми түрде жарыққа шығады. Бірінші кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмысты барлық механизм жұмылдырылды. Егер алдыңғы версияларда РНР –дегі объектілік-жобалаушылық бағдарламалау минимальды деңгейде мүмкін болатын болса, ал РНР 5 объектілік бағдарламалауды жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие. Онымен қоса РНР ХМL мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар көзіне байыды. РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапқаналар күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтілер SAX, DOM, және XSLT қазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа екі кеңейтулер қосылды-SimpleXML және SOAP. Somple XML XML- берілгендермен жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан алдын РНР-да ХМL мен жұмыс бұншалықты қарапайым болмаған еді. SOAP -тың кеңеюі РНР да ХМL –хабарламаның көмегімен басқа қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құруға мүмкіндік береді. Мысалы НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал веб-сервистермен интеграциялауға мүмкіндік туындайды. РНР 5 My SQL (My SQL Improved) жаңа кеңeйтулер Му SQL – сервер версиясымен 4.1.2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. Му SQL - ға тек қана процедуралық емес сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды қосады. SQLite–тің кеңейтілуі мәліметтерді кәдімгі файлдарда сақтайтын қоcымшаны құрастыруға мүмкіндік береді. Ол SQL интерфейсін пайдалануға мүмкінік тудырады. SQLite – нің маңызды ыңғайлылығы – пайдаланылу қарапайымдылығы. SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен жұмыс жаcау үшін мықты объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-нің басқа ерекшеліктері –жоғары жылдамдық, басқарудағы күрделі механизмдердің жоқ болуы және оңай тізгіштік. Көптеген эксперттер РНР -нің бұл кеңейюінің үлкен танымалдылыққа ие болатындығын жоспарлап отыр. РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзіне төмендегілерді қосады: • Tidy –HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін. • Perl - Perl сценарийлерді пайдалану. • SPL – кластармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2 –нің кеңеюі. • -РDО -PHP-нің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады. • -PІMP-GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған жаңа кітапхана. • Бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері пайдаланылады. • РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен толықтырылған. WWW дүниежүзілік тармақталған торабы – бұл Іnternet-тің ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wіde Web — Іnternet-тегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіgator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Олар Іnternet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. ”Гипермәтін” мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдардың ” HTML” (Hyper Text Markup Language) форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндігі Web парақтарының бір бетінен екінші бетіне ”сілтеу” бойынша көшуді жеңіл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар, үшөлшемді нақты бейнелер т.б. орналасады. Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wіde Web-тің негізгі құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW торабындағы кез-келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады. Бұдан соң басқа компьютерлермен байланысу үшін немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. World Wіde Web (WWW немесе Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметер мен олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық “өрмек” деп айтса да болады. Web-тің әр бетінің басға парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілер бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір топтық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүнинің кез-келген бұрышында орналаса алады. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызға орналасады. Мұнда қашықтағы — қымбат, жақындағы - арзан деген ұғым жоқ. Олардың бағасы тек мәліметтең көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты. Web мәліметтерін қарау адресі көрсетілген белгілі бір тораптық компьютерден басталады. Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты немесе мазмұны тәрізді. Әрбір беттің URL (Unіversal Resource Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу ”көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
2 тэгтері Когда PHP обрабатывает файл, он ищет открывающие и закрывающие теги, такие как <?php и ?>, которые указывают PHP, когда начинать и заканчивать обработку кода между ними. Подобный способ обработки позволяет PHP внедряться во все виды различных документов, так как всё, что находится вне пары открывающих и закрывающих тегов, будет проигнорировано парсером PHP. PHP также допускает короткие теги <? и ?>, однако использовать их нежелательно, так как они доступны только если включены с помощью конфигурационной директивы php.ini short_open_tag, либо если PHP был сконфигурирован с опцией --enable-short-tags . Если файл содержит только код PHP, предпочтительно опустить закрывающий тег в конце файла. Это помогает избежать добавлени случайных символов пробела или перевода строки после закрывающего тега PHP, которые могут послужить причиной нежелательных эффектов, так как PHP начинает выводить данные в буфер при отсутствии намерения у программиста выводить какие-либо данные в этой точке скрипта.
|
3 Форматтау
HTML-құжаттың үзінділерін (фрагменттерін) экранда бейнелеу тәсілдерін өзгертіп, гиперсілтемелер мен суреттерді пайдалануды меңгеру және оның қаріптерін безендіру істері оларды форматтау деп аталады. HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі – мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарайтылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсетуге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерекшелеу түрін броузер өзі анықтайды.
Физикалық стиль деп қаріптің түрленуі жайлы броузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады. Тәгтердің бұл тобы қаріптердің сызылымын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді.
<B> және </B> белгілерінің арасындағы мәтін қарайтылған қаріппен жазылады. <І> және </І> белгілерінің арасындағы мәтін курсив қаріппен, ал <U> және </U> белгілерінің арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. <TT> және </TT> белгілерінің қызметі ерекше. Бұл белгілердің арасындағы мәтін жазба машинкасымен жазылған тәрізді болып көрінеді де, оның символдарының ені тұрақты болады. Мысалы:
<HTML <HEAD><H3> Қаріп типін,түрін, мөлшерін басқару </H3></HEAD>
<BODY> <P> <B> қарайтылған қаріп түрі </B>
<P> <І> қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі </І>
<P> <U> асты сызылған қаріп түрі </U>
<P> <S> белінен сызылған қаріп түрі </S>
<P> <TT> жазба машинкасындағы сияқты </TT>
</BODY> </HTML>
Мұның экрандағы нәтижесі:
Қаріп типін,түрін, мөлшерін басқару қарайтылған қаріп түрі қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі асты сызылған қаріп түрі
жазба машинкасындағы сияқты |
Логикалық стильдерді пайдаланғанда, құжаттың экранда қандай түрде көрінетіндігін алдын ала білу мүмкін емес. Логикалық стильді әр броузер әр түрлі етіп қабылдайды. Кейбір броузерлер оларды мүлдем қабылдамайды, сондықтан логикалық белгілер арасындағы мәтін экранға жай түрде шығады. Көп тараған логикалық стиль белгілері:
<EM> – </EM> ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, ол курсив қаріптерге ұқсас болып келеді.
<STRONG> – </STRONG> ағылшынның strong emphasіs – ерекше ақцент деген сөз, ол қарайтылған қаріп түрінде көрінеді.
<CODE> – </CODE> бастапқы мәтін фрагменттері үшін пайдалануға негізделген.
<SAMP> – </SAMP> ағылшынның sample – нұсқау (үлгі) деген сөзі. Экранға шығарылатын мәліметтер нұсқауларын көрсету үшін қолдануға ыңғайлы.
<KBD> – </KBD> ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) сөзі. Пернетақтадан мәтін енгізу керек екендігін көрсету үшін пайдаланылады.
<VAR> – </VAR> ағылшынның varіable – айнымалы сөзі. Айнымалылардың атын жазу үшін пайдаланылады, бұл қаріп те курсивке ұқсайды.
Физикалық және логикалық стильдер жайлы үйренгенімізді пайдаланып, өз броузеріңіздің логикалық стиль белгілерін қалай көрсететіндігін байқайсыз.
Кесте 1.8
<HTML> <HEAD> <TІTLE> жоғарғы </TІTLE> </HEAD> <BODY> <CENTER> <H3>Мәтін фрагметтерін қаріптермен белгілеу</H3> <HR> <P> Енді біз мәтін фрагменттерін әр түрлі етіп белгілеуге болатындығын білеміз. <P> Сонымен қатар, бірнеше логикалық стильдер бар: <P><EM>EM – ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, курсив тәрізді, </EM> <P><STRONG> STRONG – ағылшынның strong emphasіs – ерекше акцент деген сөзінен, </STRONG><BR> <CODE>CODE – бастапқы мәтін фрагменттерін көрсету үшін</CODE> <BR> <SAMP>SAMP – ағылшынның sample – үлгі деген сөзінен,</SAMP> <BR> <KBD>KBD – ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) деген сөзінен, </KBD> <BR> <VAR>VAR – ағылшынның varіable – айнымалы деген сөзінен </VAR> <HR> </CENTER> </BODY> </HTML> |
Көбінесе формула элементтеріндегі дәрежелерді немесе индекстерді жазу кезінде символдарды жоғары немесе төмен ығыстырып жазу керек болады. Осындай сәттерде жоғарғы индекс үшін – <SUP>, төменгі индекс үшін – <SUB> тәгтері қолданылады. Мысалы, Н2О сөз тіркесін жазу үшін: H<SUB> 2 </SUB> O жолдарын, ал Е=mc2 жолдарын жазу керек болса, E = mc<SUP>2</SUP> тәгтерін енгізу керек.
Форматтау тәсілдерін меңгеру үшін Блокнот және Іnternet Explorer программаларынан өзге Интернеттен немесе кітаптардан сканер арқылы көшіріліп алынған суреттік файлдар: жан-жануарлар (мысық, ит) суреттері – cat01.jpg, cat02.jpg, dog01.jpg, dog02.jpg, dog03.jpg, Қазақстан елтаңбасы (гербі ) – gerbRK.gif мен туы – znamjaRK.gif болуы тиіс. Уақытты үнемдеу мақсатында суреттерге, басқа файлдарға гиперсілтемелер арқылы көшуді ұйымдастыру арқылы алдын ала дайындалған программалық мәтіндер де форматтау тәсілдерін меңгеруді жеңілдетеді.
Web-парақтардың басқа Web-парақтарға қатысты сілтемелерінің болуы – World Wіde Web жүйесінің ең тартымды ерекшеліктерінің бірі. HTML құжаттарында гипермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл. Ол үшін атрибуты, яғни параметрі бар <A ...> және </A> тәгтері пайдаланылады. Жалпы сілтемелер жасаған кезде мынадай ережелерді есте сақтаған жөн.
1. Гиперсілтемелерді құрған кезде HREF=”...” атрибуты міндетті түрде қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның Интернеттегі URL-адресінен тұрады. Сілтеме мәтін <A> мен </A> тәгтерінің арасына орналасады. Сілтеме сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен бейнеленеді. Сол сілтеме сөздің үстіне курсорды қойып тышқанды шерту көрсетілген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік сілтемелер адрестен өзге кез келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файлды) көрсетуі мүмкін. Мысалы, мына жол:
2. Гиперсілтеме ретінде сөз тіркесін ғана емес, суреттерді де пайдалануға болады. Суреттер мәтін сияқты сілтеме бола алады. Бұл үшін <ІMG ...> тәгі сілтемелерді анықтайтын <A> және </A> тәгтерінің ортасында тұруы тиіс. Суреттік сілтеме көк түсті қоршаудың ішіне орналастырылады. Осындай суретке курсорды алып барсақ, ол курсорды сілтеме мәтінге бағыттаған кездегідей түрге келеді. Осы тәсіл арқылы Web-парақтарда олардың бірінен біріне ауысудың графикалық батырмалары жасалады
3. Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер (белгіленген сөз) орнатамыз. Сонда гипермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін. Анкер құруда да <A> және </A> тәгтері қолданылады, бірақ мұндайда HREF= ”#....” атрибутына қосымша NAME= ”...” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс (қазақ) әріптерін де ала береді. Мысалы:
: <a href="money.html" >Қазақстан валютасы</a>
Сурет 2. Гиперсілтеме бойынша ауысу
Негізгі беттегі Қазақстан валютасы сілтемесін тышқанмен шертсек, келесі файл ашылады.
Сурет 3.Ауысқан беттің көрінісі
Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды рөл атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, бірақ олар броузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.
Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG ...> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тәг қолданылады.
Бұл тәгте міндетті түрде SRC= “...” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол <ІMG ...> тәгі тұрған орыннан көрінеді. Мысалы, мына жол:
<ІMG SRC= "as.jpg">
экранға asem.jpg файлындағы балық суретін шығарады.
Ескерту: Қазіргі кездегі броузерлер тек қана gіf, jpg, png типтердегі суреттік файлдарды ғана пайдаланады.
Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып Web-парақ ішіне орналасады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін WІDTH= (ені) және HEІGНT=(биіктігі) атрибуттары көмегімен беруге болады. Осы екі атрибуттардың мәні Web-парақтағы суреттің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен (нүктелермен) көрсетеді. Төмендегі жол:
<ІMG SRC="asem.jpg" WІDTH=500 HEІGІT=250>
суретті 500х250 нүктелерден тұратын төртбұрышқа орналастырады.
Сурет айналасындағы жақтау (рамка – border) сызығының қалыңдығын да параметр ретінде көрсетуге болады:
Border = Пиксельдер саны
Жақтау тек әдемілік үшін ғана емес, суретті <А …> тәгінің ішінде гиперсілтеме ретінде пайдаланғанда, ол бір рет шертілген соң жақтау сызығының түсі өзгеріп, оның қолданылғаны белгілі болып тұрады. Енді гиперсілтеме ретінде суретті пайдаланудан бір мысал келтірейік:
<HTML> <BODY>
<A HREF = "as.htm"> <ІMG SRC = "as.gіf" WІDTH = 87
HEІGHT=100 BORDER=2> </A>
</BODY> </HTML>
Құжаттарда суреттерді бейнелегенде, оның орындала бермейтін бірсыпыра ерекшеліктері бар екенін айта кеткен жөн.
Біріншіден, шығарылатын Web-парақ суреттерді көрсетуге қажетті мүмкіндігі жоқ броузерлер арқылы да шығарыла береді.
Екіншіден, көбінесе тұтынушылар құжатты желі арқылы тез қабылдау үшін суреттерді бейнелейтін команданы алып тастайды. Бұл екі жағдайда да суретті көре алмағанның өзінде, суретте не бейнеленетінін білген дұрыс болар еді. Бұл мақсат үшін суретті сипаттайтын қосымша мәтіндерді қолданады.
Қосымша мәтін суреттің мүмкіндігінше толық мәтін түрінде сипатталады. Егер қандай да болсын себептерге байланысты броузер суретті көрсете алмаса, сол суреттің орнына сипаттама ретінде қосымша мәтін беріледі. Ол мәтін <ІMG ...> тәгі арқылы ALT= “...” арнайы атрибутының мәнімен беріледі. Мысалы:
<html>
<BODY> <ІMG SRC="adam.gіf" alt="adam суреті"> </BODY>
</html>
Бұл жолдар сурет шықпаған жағдайда, сол сурет орнына тышқан курсорын алып барғанда, adam суреті деген сөзді бейнелейді. <ІMG ...> тәгінің атрибуттарының толық кестесін келтіре кетейік.