Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарттау лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.92 Кб
Скачать

Стандарттау жұмысын мемлекеттік бақылау және қадағалау

ҚР-ның стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қаматамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық және ақпараттық сәйкестік, өзара алмасылымдық, өлшеу мен таңбалаудың бірыңғайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.

Бақылау мен қадағалау түсінігі ұқсас. Айырмашалағы тек өкілеттілігінде: қадағалау жұмысын сол объектіге ұйымдық бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізеді. Қадағлау жұмысы заңнамалық талаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.

Бақылау жұмыстары мем стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру, салалық және өндірістік стандарт, техникалық құжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі.

Мем қадағалау мен бақылау жұмыстары мемстандарттың міндетті шарт, талаптарына қатысты іс қызметтің барлық салаларында жүргізіледі. Сонымен қатар арнайы бағыттағы мем.басқару орындары мем.қадағалау және бақылау өкілеттігін иемдене алады. Мысалы:

  • санитарлық-эпидемиялық қызмет;

  • мал дәрігерлік қызмет;

  • фитобақылау;

  • экологиялық қызмет;

  • атом өндірісін қадағалау;

  • көлікті бақылау;

  • дәрі-дәрмекті бақылау;

  • кедендік бақылау;

Мемстандарттау және жоғарыдағы бақылау орындары облыс, қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздеренің аумақтық орындарын құрады.

Мембақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді. Қадағалау жұмыстарын ҚР Мем стандарттың мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылау мем стандарттар органдары және жоғарыда аталған ұйымдар мен мекемелердің өкілетті тұлғалары жүргізеді.

Қадағалау және бақылау жұмыстары арнайы нұсқау, ереже нормалар негізінде реттеліп жүргізіледі.

Қадағалау, бақылау жұмыстарының нәтижесінде тиісті құжаттар даярланып, кемшілік орын алған жағдайда қылмыстық, әкімшілік және материалдық шаралар белгіленеді.

Мемқадағалау, бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды.

Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты:

  • өнім, жұмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекеттік мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өнімнің сапасын талдау жұмыстарын дамыту;

  • өлшем құралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету;

  • сертификатталған өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау;

  • сапасыз өнім шығару фактілерінің жолын кесу, ақаудың пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану;

  • аккредиттелген сынақ зертханалары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу;

Стандарт талаптарын орындау, өлшем құралдары мен сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты және аумақтық ұйымдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қадағалау ұйымының негізін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стнадартының аумақтық ұйымдарының мамандары құрайды.

Мемлекеттік қадағалау жүргізетін мамандар мемлекеттік инспекторлар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты белгілеген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.

Мемлекеттік қадағалау объектілері мыналар:

  • стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және техникалық құжаттау;

  • өнім, үрдіс, қызмет және мемлекеттік қадағалау туралы заңнамаларға сәйкес басқа да нысандар;

Мемлекеттік қадағалау төменгі формаларды пайлдалану арқылы жүргізіледі:

  • кезеңді;

  • қарқынды;

  • бақылаудың ерекше тәртібі;

  • жетекші сынақ және сертификаттау орталықтарындағы тұрақты өкілдік;

  • сертификатталған өнім шығаратын кәсіпорындардағы мемлекеттік инспекциялық қадағалау;

Мемлекеттік қадағалау ұйымдары:

  • Республика үкіметі мен жергілікті атқарушы билік органдары, тиісті министрліктер мен мекемелерге стандарт, өлшеу құралдары және өнімді сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағлау нәтижесі туралы ақпарат жұйелі түрде беріп отырады;

Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

  1. Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспектор-стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі органдарының басшысы;

  2. Мемлекеттік бас инспектордың орынбасары- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган басшысының орынбасары;

  3. Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты номативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі облыстық және қалалық мемлекеттік инспекторлары-стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органға бағынышты аумақты бөлімшелердің басшылары;

  4. Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар-стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарға бағынышты бөлімдер мен бөлімшелердің бастықтары, барлық деңгейдегі мамандар;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартының аумақтық органдарының лауазымды адамдары заңды тұлғаларға мемлекеттік қадағалау нәтижесінде анықталған стандарттау, сертификаттау, өлшем бірлігі бойынша заң бұзушылардың жолын кесуге бағытталған жарлықтар береді;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас инспекторы сапасыз өнімді өндіруді тоқтату туралы жарлық береді.

Облыстық мемлекеттік бас инспекторы төмендегі жарлық түрлерін береді:

Мындай жағдайларда өнім өткізу, қызмет көрсетуге тиым салады:

  • стандарт талаптарына сай келмейтін өнім өндіру, қызмет көрсету жағдайларында және өнім мен қызмет сапасын тұрақты қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса;

  • белгіленген тәртіп бойынша бекітілген номативтік құжатсыз өнім өндіріліп, қзмет көрсетілетін болса;

  • өнімді оның мақсаттық , өзара алмасу, сенімділік, қауіпсіздік, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерін бұзу арқылы пайдалану кезінде;

Стандарттық емес өнім дайындап, өткізгені үшін белгілі мөлшеріндегі айыппұл салынып бюджетке төленеді;

Төменгі жағдайда сәйкестік сертификаттың немесе сәйкестік белгісінің қолдану құқығын тоқтатып, олардың күшін жояды:

  • сертификатқа сәйкес емес өнім өткізсе;

  • мерзімі біткен сертификат қолданса;

  • мемлекеттік инспекторға сертификатталған өнім туралы алдын ала қажетті ақпарат беруге тартынса;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының аумақтық органдары мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойынша стандарттық емес өнім өткізіп мемлекетке зиян келтірген кәсіпорындарға мүліктік жауапкершілік қолдану мәселесін шешу үшін стандарт талаптарын бұзған кәсіпорын туралы ақпаратты арбитраждық сотқа береді. Сондай-ақ лауазымды адамдардың қызмет бабын асыра пайдалану немесе немқұрайлығы салдарынан мемлекетке айтарлықтай зиян келтірген болса, яғни ірі көлемде, бірнеше қайта сапасыз өнім өткізгені, стандарттық емес өнім өндірілгені туралы мәліметті прокуратура органына береді.

1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау (бұдан әрi - мемлекеттік бақылау) уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, олардың лауазымды адамдары өткізу сатысындағы өнiмге қатысты мемлекеттік бақылау  жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:

1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткізудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі ықпал ету шараларын қолданады.

3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жеке, заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша ғана жүргізеді.

Мемлекеттік бақылау объектiлерi

Техникалық регламенттің күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөніндегі органдар және зертханалар техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау объектiлерi болып табылады.

Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;

3) облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары;

4) облыстардың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;

5) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары жатады.

2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттік органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.

 3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға;

2) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуға;

3) мемлекеттік бақылау үшін:

өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып;

өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды тексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып, өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға;

4) егер өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық регламентте көзделсе, өнiмдi өткізу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап етуге;

5) мынадай жағдайларда:

өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмеген;

сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялары (сәйкестiк туралы декларацияларының көшiрмелерi) болмаған;

өнiмдi оған құқығы болмай тұрып сәйкестiк таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылу сипаты ескерiле отырып белгiленген мерзiмде оның бұзылуын жою немесе өнiмдi өткізуге тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;

6) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұруға және (немесе) жоюға;

7) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткізушi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тартуға;

8) өнiм өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қатысуға;

9) дайын өнiмнiң техникалық регламенттерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Бас мемлекеттік инспекторлардың және олардың орынбасарларының нұсқамаға қол қою құқығы болады.

Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.

Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер туралы хабардар етуге;

2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін сақтауға;

4) мемлекеттік бақылау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 

Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау жүзеге асыру кезіндегі жауаптылығы

1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.

Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы

1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):

1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін;

2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;

3) көзделген мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Лекция №13-14

Лекция тақырыптарының атауы: Стандарттау бойыннша халықаралық ұйымдар (ИСО).

Лекция мақсаты:Стандарттау бойыннша халықаралық ұйымдармен студенттерді таныстыру (ИСО).

Лекция сұрақтары:

  1. Стандарттау бойыннша халықаралық ұйымдар (ИСО). Құрылу тарихы. Қызмет сферасы.

  2. ИСО-ның негізгі міндеттері. ИСО-ның мүшелері.

  3. ИСО-ға Қазақстан Республикасының қатысуы.

  4. ИСО-ның ұйымдық құрылымы.

  5. ИСО-ның комитеттері: ПЛАКО, СТАКО, ИСОНЕТ, ДЕВКО, РЕМКО, КОПОЛКО, КАСКО.

  6. ИСО халықаралық стандарттары. ИСО стандарттарын әзірлеу тәртібі

  7. . Жұмысшы органдары.

  8. Халықаралық стандарттарды әзірлеу процедурасы.

Лекция мазмұны

Ұлттық стандарттар өздерi әзiрлеген және қолданылатын елдердiң ерекшелiктерiн және ғылыми және техникалық даму деңгейiн көрсетедi. Сондықтан әр елдердiң бiркелкi бұйымдарға арналған стандарттары бiр-бiрiнен өзгеше болуы мүмкiн. Ал бұл жағдай халықаралық сауданың дамуына әжептеуiр кедергi болуда, себебi тауардың сипаттамасын тауарды сатып алушы елдiң стандартымен үйлестiру қажеттiгi туындайды. Халықаралық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың ұлттық стандарттарды үйлестiру, сонымен қатар халықаралық (аймақтық) стандарттарды әзiрлеу және кеңiнен қолдау қажеттiлiгiне әкелiп отыр.

Әр елдердiң тiкелей ынтымақтастығының басталуы 1921 жылға жатады. Сол кезде жетi ұлттық стандарттау комитеттерiнiң бiрiншi конференциясы өткен болатын. Осы конференцияның дайындаған ұйымдастыру принциптерiнiң негiзiнде 1926 жылы Халықаралық стандарттау жөнiндегi ұлттық қауымдастықтарының федерациясы (ИСА) құрылды. Бұның құрамында 20 ұлттық ұйымдар кiрдi. ИСА 180 астам стандарттау жөнiндегi халықаралық ұсынымдар әзiрледi, бiрақ екiншi дүниежүзiлiк соғыстың кезiнде оның жұмысы тоқтатылған едi.

Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым ұлттық стандарттау органдарының әлемдiк федерациясы ретiнде БҰҰ-ның шешiмiмен 1947 жылы құрамына 25 ұлттық ұйымдар енiп, Лондонда құрылған.

Оның атын таңдаған кезде грек сөзiнен шыққан ISOS – "тең" деген сөздi пайдалануға келiсiлген. Сондықтан бұл ұйым барлық елдердiң тiлiнде қысқа аты ISO (ИСО) болып аталынады.Бұл Үкiметтiк емес ұйымның қызмет саласы бүкiл стандарттау жағын, электротехника менэлектроникадан басқасын, қамтиды. Бұл екi сала Халықаралық электротехникалық комиссияның құзырына жатады (МЭК). Стандарттаудан басқа ИСО стандарттау мәселелерiмен де айналысады.

ИСО-ның негiзгi мақсаты стандарттаудың және қызметтердiң ұштасқан түрiн бүкiл дүние жүзiнде дамуын ынталандыру. Бұл iс-әрекет тауарлармен, қызметтермен халықаралық алмасу процесiнiң және интеллектуалдық меншiктiң, ғылыми-техникалық, технологиялық және экономикалық салаларының қызметтерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.

ИСО-ның қызметiнiң тәжiрибелiк нәтижесi деп әр түрлi салалардың халықаралық стандарттарын қабылдауды және жариялауды дайындау арқылы халықаралық келiсiмге келудi айтады. Оларды әзiрлеу кезiнде ИСО барлық мүдделi жақтардың күтетiн мақсаттарын ескередi - өнiм (қызмет) өндiрушiлердiң, тұтынушылардың, ғылыми-техникалық өкiметтiк және қоғамдық ұйымдардың.

Бүгiнде ИСО-ның жұмысына дүние жүзiнiң елдерiнiң 146-сының ұлттық стандарттау ұйымдарымен қатысады, оның iшiнде 94 ИСО-ның мүшесi, 37-корреспондент мүшесi және 15 – қол қойған мүшелерi (2003 жыл бойынша).

ИСО-ның мүшелерi ИСО-ның кез келген техникалық комитетiнiң жұмысына қатыса алады, стандарт жобасы бойынша дауыс беруге құқылы, ИСО-ның Кеңесiнiң мүшелiгiне сайланады және Бас ассамблеяның отырыстарына қатысады.

ИСО-ның корреспондент – мүшелерi ондай белсендi жұмыс жүргiзбейдi, бiрақ әзiрленiп жатқан стандарттар туралы толық ақпарат ала алады. Корреспондент – мүшесi болып негiзiнен дамып келе жатқан елдердiң ұйымдары болады.

ИСО-ның қол қойған мүшелерi жарнасын төлейдi және халықаралық стандарттау туралы ақпарат алып отырады. "Қол қойған мүше" категориясы дамып келе жатқан елдер үшiн енгiзiлген.

Қазақстан 1994 жылдан берi өзiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау Комитетiмен ИСО-ның толық мүшесi.

Ұлттық стандарттау жөнiндегi ұйымдар өз елдерiнде ИСО-ның жетiстiктерiн жүзеге асырып отырады.

ИСО-ның ақша қоры мүше елдердiң жарнасынан, стандарттарды сатудан және басылымдардан және т.б. тұрады.

ИСО-ның ұйымдастырушылық құрылымы басқарушы және жұмыс органдарынан тұрады.

Басқарушы органына Бас ассамблея, ИСО-ның Кеңесi және оның комитеттерi, жұмыс органына – техникалық комитеттер (ТК), кiшi комитеттер және техникалық кеңестiк топтар жатады.

ИСО-ның жоғарғы орган Бас ассамблея болады, ол – лауазымды адамдардың және мүше болып сайланған делегаттардың жиналысы. Әрбiр мүше үш делегатты представлять етуге құқығы бар. Мүше – корреспонденттер мен қол қойған мүшелер бақылаушы ретiнде ғана қатыса алады.

Бас ассамблеяның сессияларының арасындағы үзiлiсте ИСО-ның жұмысын ИСО-ның Президентi басқаратын Кеңес жүргiзедi. Кеңес он сегiз мүшеден тұрады – үш жылға сайланатын стандарттау жөнiндегi ұлттық ұйымдардың өкiлдерi. Кеңес Бас ассамблеяны шақырмай-ақ ИСО-ның мүшелерiнен кеңес алу үшiн сұрақтарды жiбере алады немесе мүшелерге Кеңестiң шешiмiн жiберуге құқылы. Кеңестiң отырысында шешiм көпшiлiгiнiң даусымен қабылдана бередi. Қажет болғанда отырыстардың арасындағы мерзiмде кеңес шешiмдi хат алмасу жолымен де қабылдайды.Кеңес техникалық комитеттердi басқаратын Атқарушы бюро құрылған.

ИСО-ның Кеңесiне 7 комитет бағынады:

ПЛАКО (техникалық басқару бюросы), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерiн зерттейтiн комитет), КАСКО (сәйкестiктi бағалау жөнiндегi Комитет), ИНФКО (ақпарат жүйесi және қызметтер жөнiндегi комитет), КОПОЛКО (тұтынушылардың мүддесiн қорғайтын комитет), РЕМКО (стандарттар үлгiсi жөнiндегi Комитет).

ПЛАКО ИСО-ның жұмысын жоспарлау, жұмыстың техникалық жағын ұйымдастыру және үйлестiру жөнiнде ұсыным дайындайды. ПЛАКО-ның жұмыс саласына техникалық комитеттердi құру және тарату жөнiндегi ұсыныстарды қарау, техникалық комитеттер айналысуы керек стандарттау саласын анықтау жатады.

СТАКО халықаралық стандарттардың принциптерi мен әдiстемелерi жөнiнде ИСО-ның кеңестiк әдiстемелiк және ақпараттық көмек көрсетедi. Комитеттiң күшiмен стандарттаудың негiз болатын принциптерiн зерттеу жүргiзедi және осы салада оңтайлы нәтижеге жету жөнiндегi ұсыным дайындайды. СТАКО терминологиямен және сауданы дамыту үшiн халықаралық стандарттарды қолдану жөнiнде семинарлар ұйымдастырады.

КАСКО өнiмдердiң, қызметтердiң, процестердiң (жұмыстардың) және сапа системасының стандарттардың талабына сәйкестiгiн растау мәселелерiмен айналысады. Комитет сынақ және өнiмдердiң, қызметтердiң, процестердiң (жұмыстардың), сапа жүйесiнiң сәйкестiлiгiн сертификаттау бағалау жөнiнде және сынақ зертханаларының және сертификаттау органдарының компетенттiгiн растау жөнiнде басшылық құжаттарын әзiрлейдi, ұлттық және аймақтық сертификаттау жүйесiнiң өзара мойындауына және қабылдануына, сол сияқты сынақ саласындағы халықаралық стандарттарды пайдалану және сертификаттауды растауға жағдай жасайды.

ИНФКО стандарттар қоры мен автоматтандырылған дерекқор базасында стандарттауды ақпаратпен қамтамасыз жөнiндегi жұмыстарды ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк тұрғысынан басшылық етедi, стандарттарды және техникалық регламенттердi сатуды ұйымдастырады.

ДЕВКО дамып келе жатқан елдердiң стандарттау саласындағы сұранымын зерттейдi, осы салада бұл елдерге жағдай жасау жөнiндегi ұсынымдар әзiрлейдi, дамып келе жатқан елдердегi стандарттаудың барлық жақтарын талқылауды кең көлемде ұйымдастырады, дамыған елдердегi оқыту орталықтарында стандарттау жөнiндегi мамандарды даярлайды; дамып келе жатқан елдер үшiн стандарттау жөнiндегi оқу құралдарын әзiрлейдi; стандарттау саласында өнеркәсiбi дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттер екi жақты ынтымақтастықты дамытуды ынталандырады.

КОПОЛКО тұтынушылар мүддесiн қамтамасыз ету мәселелерiн және осыған стандарттау арқылы жағдай жасау мүмкiндiгiн зерттейдi; стандарттарды жасауға тұтынушылардың қатысу тәжiрибесiн талдап қорытады; стандарттау саласында тұтынушыларды оқыту жөнiндегi бағдарламаны құрастырады; халықаралық стандарттар туралы қажеттi ақпараттарды таратуды ұйымдастырады; халықаралық және ұлттық стандарттардың тiзiмiн мерзiмдi басып шығаруға дайындайды; тұтынушылар үшiн пайдалы басшылық құжат құрастырады: "тұтыну тауарларының салыстырмалы сынақтары", "тұтынушылар үшiн тауарлар туралы ақпараттар" және т.б.

РЕМКО стандарттар үлгiсiне (эталонға), оларды жасау мен аттестациялауға қатысты мәселелер жөнiнде тиiстi басшылық құжаттар әзiрлеумен айналысады. Одан басқа РЕМКО халықаралық метрологиялық ұйымдармен бiрге, атап айтқанда, халықаралық заңды метрология ұйымымен стандарттау үлгiлерi жөнiндегi ИСО-ның қызметiн үйлестiрушi болады.

Халықаралық стандарттарды әзiрлеудiң тәртiбi. Халықаралық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды техникалық комитеттер, қызметтердiң нақты бағыттары жөнiндегi олар құрған кiшi комитеттер және жұмыс тобы жүргiзедi.

2003 жылдың деректерi бойынша ИСО-ның шегiнде халықаралық стандарттауды 2763 жұмыс органдары жүргiзедi, оның iшiнде техникалық комитеттер – 186, кiшi комитеттер – 550, жұмыс тобы – 2000.

Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақты саласында iстейтiн комитет болып бөлiнедi. 26 жалпытехникалық техникалық комитеттер жалпытехникалық және салааралық мақсатты шешедi. Мысалы, оларға "Дәлдiк шегi және қондыру" 3 техникалық комитеттер, "Техникалық сызбалар" 10 техникалық комитеттер, "Өлшеу бiрлiгi" 12 техникалық комитеттер, "Үйлестi сан" 19 техникалық комитеттер, "терминология" 37 техникалық комитеттер. Қалған техникалық комитеттер нақты техника саласында iс-әрекет жасайды. ("Автомобильдер" 22 ТК, "Қондырғылар" 39 ТК және т.б.).

Егер техникалық комитет жүргiзiп отырған жұмыстардың ауқымы үлкен болса, онда кiшi комитеттер құрылады. Мысалы, "Әуелiк және ғарыштық ұшу аппараттары" 20 ТК-ға жиырма кiшi комитеттер кiредi.

Халықаралық стандартты әзiрлеу процедурасы төменгiдей жүргiзiледi:

Халықаралық стандартты әзiрлеуге мүдделi ИСО-ның мүшелерi, техникалық комитеттер немесе ИСО Кеңесiнiң комитеттерi (ИСО-ның мүшесi емес ұйымдар) ИСО-ның Кеңесiне стандарттауды әзiрлеуге тапсырыс жiбередi.

ИСО-ның Кеңестiк Бас хатшысы Атқарушы бюроға тиiстi ТК құру туралы ұсыныс бередi.

Егер Атқарушы бюро ұсынылып отырған стандартты халықаралық маңызына көзiн жеткiзсе, оның мүшелерiнiң көпшiлiгi "ия" деп дауыс берсе және оның бестен кем емес мүшелерi жұмыс тобына кiрмек болса, онда стандартты әзiрлеуге техникалық комитет құрылады.

Барлық мәселелер, әдетте, мүшелердiң келiсiмге келу негiзiнде жүргiзiледi.эКелiсiмге келгеннен соң, стандарт жобасын техникалық комитет мүшелердiң дауысын жинауға жiберу орталық секретариатқа бередi.

Халықаралық стандарттау жобасына дауыс беруде келiсiмге келу принципiнен басқа, ИСО стандартты әзiрлеу тәртiбiн дайындағанда, оның барлық мүдделi жақтарға түсiнiктi болуын қамтамасыз етедi. Егер жобаны дауыс берген мүшелердiң 75 пайызы қолдаса, онда ол халықаралық стандарт ретiнде жарияланады.

ИСО-ның техникалық жұмыстарында 35 елден келген 40 мыңнан астам сарапшылар қатысады.

Жыл сайын 800-ден астам халықаралық стандарттар қайта қаралып немесе жаңадан қабылданып жатады. Бүгiнгi күндерге дейiн ИСО-ның 14 мыңнан астам стандарттау қабылданған.

Техникалық әртүрлi саласында әзiрленген стандарттар келесi түрде бөлiнедi: машина жасау – 29,5%, химия – 3,4%, металл емес бұйымдар – 12,2%, руда мен металдар – 9,1%, ақпарат техникасы – 8,8%, денсаулық сақтау және медицина – 3,1%, негiз болатын стандарттар – 3,3%, қоршаған орта - 3%, буып-түю және тауарларды тасымалдау – 1,8% және т.б.

ИСО-ның өзектi мәселесi – стандарттар қорының құрылымын жетiлдiру. Болашақта әлеуметтiк сала мен ақпарат технологиясы ИСО-ның жұмысында басым болуы керек.

ИСО-ның стандарттары дүние жүзi елдерiнiң арасында тауарлар, қызметтермен және идеялармен алмасуды жеңiлдететiн өнiмдерге (қызметтерге) қойылатын тиянақты өңделген техникалық талаптар.

Көбiнесе, бұл техникалық комитеттердiң техникалық мәселелер жөнiндегi келiсiмге келудегi жауапты қатынасымен түсiндiрiледi, оның үстiне осыған қол жеткiзуге ТК төрағасы жеке жауапп бередi.

Өз мазмұнына қарай ұлттық стандарттардан ИСО-ның стандарттары тек 20%-ы ғана нақты өнiмге талап қоятындығымен ерекшеленедi. ИСО-ның стандарттарының негiзгi бөлiгi қауiпсiздiк талабын, өзара алмасу, техникалық сәйкестiк, өнiмдi сынақтан өткiзу әдiсi, сол сияқты басқа жалпы және әдiстемелiк мәселелердi қамтиды, яғни өнiм өндiрiлетiн және пайдаланылатын елдерге тәуелдi болмай, өндiрушiлер мен тұтынушылардың өзара түсiнушiлiгi мүмкiн болмайтын шекте ғана қамтиды.

Сонымен, ИСО-ның халықаралық стандарттарын қолдану өнiмге қойылатын нақты техникалық талаптар тiкелей контрактларда белгiленетiндiгiн ескередi.

ИСО-ның стандарты қолданылатын болса, онда осы елдiң ұлттық стандарттау жүйесiне енгiзiледi және екi немесе көпжақты сауда қатынастарында қолданыла бередi.

ИСО-ның халықаралық стандарттарының қатысушы елдер үшiн мiндеттi деген мәртебесi жоқ, яғни әр ел оны толығымен немесе кейбiр бөлiгiн ғана пайдалануына немесе пайдаланбауға құқылы. Оларды қолдану немесе қолданбау мәселелерi сол елдiң халықаралық еңбек бөлiсiмiне қатысу дәрежесi мен сыртқы сауда жағдайымен тығыз байланысты. Дегенмен өнiмдердi өндiрушiлердiң әлемдiк нарқындағы өткiр бәсекелестiк жағдайында, бәсекелестiк қабiлеттi жоғары ұстап тұру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр болып отыр. Шет ел мамандарының бағасы бойынша өнеркәсiбi дамыған елдер (мысалы, Нидерланд, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания) ИСО-ның стандарттар қорының 80%-iн қолданады. Бұл елдер тиiстi халықаралық стандарттар жұмыс iстеп тұрған салаларда өздерiнiң ұлттық стандарттарын әзiрлемеуге тырысады.

ИСО-ның мүше-мемлекеттерi үшiн ұлттық стандартты халықаралық ретiнде қабылдау ең жоғарғы жетiстiк болып есептеледi. Ұлттық стандартты ИСО-ның жұмысының жоспарына енгiзу үшiн, ИСО-ның Кеңесiне халықаралық сауданың кеңеюiндегi адмдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi және қоршаған ортаны қорғаудағы стандарттың рөлiн көрсететiн дәлелденген ұсыным жасау керек.

Халықаралық стандартты әзiрлеу кезiнде нақты өнiм өндiрушi елдердiң, фирмалардың арасында өткiр бәсекелестiк пайда болып, көрiне бастауы, ИСО-ның техникалық комитеттерi болашақ халықаралық стандартына кiретiн техникалық тараптар мен нормалар жөнiнде белгiлi бiр қысым көрсетiлуiмен кездеседi. Экономикалық дамыған елдер өз тиiстi ұлттық стандарттарын халықаралық стандарттардың жобасына енгiзу үшiн өз мүдделерiн қорғап күреседi. Мiне, сондықтан ИСО-ның халықаралық стандарттарының жалпы санының 70%-тен астамы өнеркәсiбi дамыған елдердiң ұлттық немесе фирмалық стандартына сәйкес келуi кездейсоқтық емес.

Кейбiр елдердiң халықаралық стандарттарды әзiрлеуде көшбасында болуы көбiне олардың мамандарының ИСО-ның органының қызметiне қатысумен анықталады.

Соңғы жылдары ИСО қызмет көрсету саласы және сапаны қамтамасыз ету жүйесi саласында халықаралық стандарттауға көп көңiл бөлiп отыр. Сапа мәселесiн шешуге бiрыңғай жол әзiрлеу мақсатында "Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету" 176 техникалық комитет құрылған болатын. Оның негiзгi жұмысы сапаны қамтамасыз ету жүйесiнiң негiз болатын принциптерiн стандарттау және үйлестiру болады. АҚШ-тың, Францияның, Ұлыбританияның және басқа елдердiң ұлттық тәжiрибелерiн талдап зерттеу негiзiнде 1987 жылы халықаралық стандарттар серти-ИСО 9000, содан кейiнгi жылдары – серти ИСО-14000, 17025 әзiрленген және жарияланған.

ИСО Әлемдiк сауда ұйымымен (ӘСҰ) стратегиялық ынтымақтастық орнатты. ӘСҰ-ның мүше елдерi немесе мүше болғысы келген елдер халықаралық стандарттау мәселелерiн жақсы бiлуi қажет және халықаралық саудадағы өз үлестерiн түсiнуi қажет.

ИСО-ның 146 мүшесiнiң 100-ден астамы дамып келе жатқан елдер. Олардың көбiсiнде стандарттар саласында және техникалық регламент, сәйкестендiрудi, сапаны және метрологияны бағалау сияқты бiр-бiрiмен ұштасып жатқан салаларда дамыған инфра құрылымның болмауы, бұл елдердiң экономикалық процесiне күрделi мәселелер туғызады. Нәтижесiнде саудада қажетсiз кедергiлер пайда болады, ресурстар мен өнеркәсiптiң мүмкiншiлiгi тиiмсiз пайдаланылады – осының бәрi экономиканы және елдiң өмiр сүру сапасын көтеруге жiберген күштiң дәрменсiздiгiн көрсетедi. Осы себептермен ИСО осы елдерге стандарттардың инфра құрылымның жасауға мұрындық болып, көмектесуде.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Лекция №15

Лекция тақырыптарының атауы: Стандарттаудың экономикалық тиімділігі.

Лекция мақсаты: Стандарттаудың экономикалық тиімділігін қарастыру

Лекция сұрақтары:

  1. Өнімнің өмірлік циклінің әр түрлі сатыларында стандарттаудың экономикалық тиімділігінің негізгі көздері.

  2. Стандарттарды енгізудің экономикалық тиімділігі.

  3. Өнімді игеру мерзімдерін қысқартуда стандарттаудың атқаратын ролі.

Лекция мазмұны

Стандарттау объектілерінің көбеюі олардың әлеуметтік және экономикалық өмірдің әр түрлі салаларына енуі, стандарттаудың дамуы көп мөлшерде ресурстардың бөлінуін талап етеді. Ал кейбір жағдайларда ресурстарды тиімді пайдалану, стандарттардың әр бағытта дамуына қажетті ресурстармен қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар ұлғаяды.

Осындай жағдайда стандарттаудың экономикалық тиімділігін есептеу актуалды, себебі тиімділік көптеген аспектілердің критериясы болып табылады, оның ішінде:

-стандарттаудың даму альтернативтік бағалау яғни стандарттау туралы глобалды шешімін анықтайды.

-әртүрлі қайталанатын процесстерді/ жұмыстарды, үйлестіруде стандарттауды қолдану қажеттілігі

-стандарттау объектісінің сипаттамасын таңдау және оптималды шешім қабылдауда параметрлер жиынтығын таңдау.

-басқару кезеңінің әр циклдарында стандарттаумен басқарудағы баға беруді іске асыру.

-стандарттаудың даму бағытындағы экономикалық ресурстарды тиімді бөлу.

ережелерге негізделген. Олар өнім сапасын жоғарылатуға және стандарттауға бірдей болып табылады.

Стандарттаудың экономикалық тиімділігі ғылыми-техникалық процесстің экономикалық тиімлігінің немесе жаңа техниканың тиімділігінің бөлігі.

Стандарттау өндіріс процесінің элементтеріне және заттарының, еңбек құралдарының, технологияның жетілуіне әсер етеді.

Өнімнің барлық өмірлік циклында/ жобалау, әзірлеу айналымы мен тұтыну немесе пайдалану / стандарттаудың экономикалық тиімділігін есептеу кезінде стандарт әсері ескеріледі.

Жобалау кезінде экономикалық тиімділікті есептеу барысында жобалау жұмысының көлемін, еңбек сиымдылығын, жобалаудың уақыт мөлшері мен құны ескеріледі. Ол үшін:

-конструкторлық-жобаның жұмысты ұйымдастыру жақсарту;

-стандартты техникалық құжаттарды көп мәрте қолдану;

-есептеудің стандартты әдісін қолдану;

-көшірме жұмысының көлемін азайту;

-техникалық архиватордағы сақталатын құжаттар көлемін иазайту;

-стандарт жобасына сәйкес жобаларды өндіруге арналған шығындарды азайту;

-жаңадан шығарылатын техникалық құжаттарды келістірудің және бекітудің уақытын қысқарту жұмыстары жүзеге асырылуы тиіс.

Өндіріс кезеңіндегі экономикалық тиімділікті есептеуде анықталатындар:

-материалды сиымдылықты азайту;

-арнайы өндіріс кәсіпорындарынан алынатын қосалқы бөлшектерді қолдануды көбейту;

-үйлестіру;

-қор сиымдылығын азайту;

-жанар май электр энергиясының шығын үлесін қысқарту.

-Айналым және пайдалану кезінде экономикалық тиімділікті есептеу барысында тұтынушылар шығынын азайту ескеріледі. Ол үшін:

-өнімді сақтау және тасымалдау шығынын қысқарту;

-өнім сапасын және техникалық деңгейін жоғарылатуды;

-бір стандартты заңмен бірнешеуін алмастыру қажеттілігін;

-заттық қызмет көрсету уақытын ұзартуды;

-заттың сенімділігін жоғарылатуды;

-қосалқы материалдарды, суды, жанар майды тұтынуды және энерго сиымдылықты азайтуды;

-қызмет көрсетуші мамандардың саныны азайтуды;

-жөндеу жұмыстарының құнын төмендетуді.

Уақыт кезеңіне байланысты экономикалық тиімділіктің мына ьтүрлерін ажыратуға болады:

-жылдық;

-стандарт қызметін уақыты аралығында шығарылған стандартталған өнімдерді өндірудің барлық жылдарындағы.

Жаңа техникаға қолданылатын тиімділіктің мына түрлері ажыратылады:

-өнімнің жылдық шығарылу тиімділігі;

-жаңа техниканың жылдық шығарылудағы бір жылдық қызметтің тиімділігі;

-жаңа барлық қызмет уақытындағы тиімділігі;

-жаңа техниканың жылдық орта тиімділігі;

-жаңа техниканың барлық өндірісінің жылдық тиімділігін жинақтайтын интегралды тиімділігі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1) Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін ата

2) Экономика саласындағы стандарттаудың объектілерін ата

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]