Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарттау лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.92 Кб
Скачать

Технологиялық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу.

Технологиялық құжаттаманы сараптау норма дәлдігін, әдісін, құрамын, шарттарын және өлшеуді жүргізу процедураларын, өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерінің сәйкестігін орнату мақсатында жүргізіледі.

Осы стандарттың мазмұны:

  • Өлшенетін параметрлердің оптималды номенклатурасын енгізу;

  • Техникалық прцесстердің оптималды режимдерінің талаптарына сәйкес келетін өлшем дәлдәктерінің көрсеткіштерін орнату;

  • Өлшеуді жүргізу әдісіне дұрыс құралдарды таңдауды бағалау;

  • Унифицирленген, автоматталған өлшем құралдарын қолдану кезінде мүмкін болатын артықшылықтарды табу, ол тапсырған өлшеу дәлдігі мен қажетті жоғары өндірушілікті алуды қамтамасыз етеді.

  • Тапсырылған дәлдіктегі СИ-ді қолдану кезінде минималды еңбек көлемі мен өз бағасын қамтамасыздандыруды бағалау;

  • Стандартталған және унифицирленген өлшеу әдістерін қолдану кезіндегі артықшылықтарды орнаиту;

  • Техникалық жабдықтың өндірушілігі СИ өндірушілікке сәйкестігін қамтамасыздандыру;

  • Алынған өлшем мәліметтерді автоматтандырылған өңдеу кезіндегі маңыздылықты анықтау;

  • Физикалық шамалар мен олардың бірліктерінің аталуы мен көрсеткіштерінің дұрыс орнатылуы, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін өлшеу жүргізу және ұйымдастыру бойынша көрсеткіштер;

Техникалық құжаттарға жататындар: техникалық құжаттардың эскиздік карталары, техникалық прцесстердің, типтік техникалық процесстердің типтік операциялары, техникалық инструкциясы, спецификасы.

Жобалық және жұмыстықтехникалық құжаттарды сараптауда орнатылған шама дәлдігі мен ідісін бақылауды тексеру негізделген.

Норма дәлдігін метрологиялық сараптау кезінде келесілер тексерілу керек:

  • Көлемі, ауытқу түрі, сыртқы бетінің жағдайы мен ақаулары жіберілу кезіндегіүйлесімділігі;

  • Детальдарды станоктардан шешу кезіндегі және шешілмеген кезіндегі бақылауға жарамдылығы;

Бақылау әдістерніне метрологиялық сараптау жүргізу кезінде дұрыстығын және толықтығын , осы әдістердің технологиялық жабдықтарда жүзеге асырылу сәйкестігі , бақылау операциялары сипатталған анықтамаларының толықтығы, таңдалған әдістің тиімділігі тексеріледі.

Бақылау әдістерін сараптау кезінде алдымен дәлдігі бойынша СИ дұрыс таңдалғанын, сонымен қатар бұйымда өлшем дәлдігінің болуын және сырттай бақыла алатындығын тексеру.

Егер техникалық құжаттағы әдістер мен өлшеу құралдарымен жүргізілетін бақылау жұмыстарында қиындық тұса немесе мүлдем жүзеге аспаса шама дәлдігі тексеріледі және СИ дәлдігін жоғарлату жөніндегі шаралар жүргізіледі.

Сараптау кезінде бақылау әдістерінің толықтығы орнатылады, барлық әдістер мен өлшем құралдары құжатта орнатылған барлық шама дәлігімен қамтамасыздандырылады. Егер шамаланған параметрлертексерілмесе немесе қосымша әдістерді қолдануға қажеттілік туса осы әдістердің толықтығы мен дәлдігін растайтын есептеулер, олардың дұрыстығы тексерілуі керек.

Өлшеу жүргізу мен техникалық прцесстерді жүргізу жеткіліксіздігі анықталған жағдайда таңдамалы статистикалық бақылау әдістері, жартылай автоматтандырылған немесе автоматтандырылған СИ-ді , сонымен қатар бірнеше ұқсас СИ-ді параллель қолдану мүмкіндігі ұсынылады.

Бақылау кезінде орындалатын барлық операциялардың жүру ережесін тексеру кезінде оның толықтығы мен анықтылығы анықталады, яғни бақылау тек соның негізінде ғана, қосымша нұсқама материалдарсыз жүргізілуі тиіс.сипатталу толықтығы техникалық құжат түріне байланысты.

Сараптау жүргізу кезінде бақылау әдістері мен бақылаудың өзін сипаттау кезінде қолданатын түрлі терминдердің көп мағыналы болмауына көп мән бөлінеді.

Сараптау кезінде техникалық құжаттардың бөлек түрлері тексеріледі:

  • Бағдарламалық карта – шама дәлдігінің бақылауға жарамдылығы, олардың дұрыстығы және толықтығы, таңдалған бақылау әдстерінің сипатталуы мен экономикалылығының тролықтығы, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін өлшеу жүргізу мен ұйым боынша нұсқаулардың бар болуы, термологияның, нұсқаулардың және белгіленген физикалық шамалардың дұрыстығы,

  • Эскиз карталары – көлемдері, белгілі бір ауытқулар, кемістіктің көрсеткіштері, өнімге деген техникалық талаптар, шама дәлдігінің бақылауға жарамдылығы,

  • Технологиялық нүсқаулар – дұрыстығы және толықтығы, өнірілудің сәйкестігі, сипаталудың толықтығы анықтылығы, таңдалған бақылау әдісінің үнемділігі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін өлшеу жүргізу мен ұйым бойынша нұсқаулардың бар болуы, терминологияның, нұсқаулардың және белгіленген физикалық шамалардың дұрыстығы,

  • Жабдықтау ведомості - сипаттауда қаралған өлшем құралдарын дұрыс белгілеу,

  • Технологиялық құжаттардың ерекшелігі – даналық процесстерге техникалық нұсқаулардың бар болуы, басқа да техникалық құжаттардағы сипаттамалардың толықтығы, бағдарламалық карталардан басқа, олар бақылау әдісін толық сипаттауға сәйкес келмейді,

  • Операциялық және қалыпты операциялық карталар – технологиялық карталар сияқты

мысалы. гидропрестелген втулканы механикалық өңдеудің технологиялық процесстің операциялық карталары метрологиялық сараптамаға жатады. № 4 операция – тоеарлық өңдеу. 6.1 кесте.

Картада жебірлен көлем шектеулері қарастырылған: сыртқы көлемі 22 –0,3, ішкі көлем +- 0,1, параллель беттерінің арасының көлемі 11,2 +- 0,1, ішкі диаметрі 33,57 ......,33,87......,35......(канавкалар диаметрі). Кемістікке талап Rz =80мкм.

Шама дәлдігін анализдей отырып, А –ға ауыстыру бойынша детельдарды орнату дәлдігіне талаптар ескерілмеген, алайда оларды тексеру үшін сағат түріндегі индикаторды қолдану қарастырылған, ол магниттік негіздегі штативте орнатылған, сонымен бірге айта кететін жай, индикатордың моделі мен түрі көрсетілмеген, ал магниттік негіздегі штатив индикаторлық табан деп қате аталған.

Шама дәлдігінің бақылауға жарамдылығы күмән тудырмайды.

Ұйғарылатын өлшем әдістерін анализдейік.

Барлық жіберілген көлем шектеулерін бақылау үшін ШЦ 0-200 штангенциркульді қолдану қарастырылған (нониусы бойынша шамалардың көрсетулерісіз). Ұсынылған бақылау әдістеріеің ешқандай көлемін қанағаттанарлық деп қабылдауға болмайды: 22-0,3, 33,57...,33,87... көлемдері үшін – тура дәл еместігі ескеріледі, ал 11,2+- 0,1, 4+-0,1, 35.... көлемдері үшін – бақыланатын беттерге жіберілмеу ескеріледі.

Жiктегiштер.

Ақпараттық технологияның дамуына байланысты ақпаратты жiктеудiң әдiстерi мен кодтауы өзектi мәселе болып отыр. Бұрынғы КСРО-да жап-жақсы ғылыми-әдiстемелiк база болған және техникалық-экономикалық ақпараттарды жiктеудiң кең жүйесi құрылған болатын.

Алайда экономикадағы қазiргi заманғы нарық шарттары Қазақстан Республикасындағы қолданымдағы жiктегiштердi жаңалауды және жаңасын құруды талап еттi.

Жалпы мемлекеттiк жiктегiшсiз мекемеаралық ақпараттың ағынының келiсiмдiк мәселесiн шешу мүмкiн емес.

Жiктеудiң және кодтаудың объектiлерi болып статистикалық ақпарат, макроэкономикалық, қаржының және құқық қорғау қызметтерiн, банк iсi, бухгалтерлiк есеп, стандарттау, сертификаттау өнiм өндiрiсi, қызмет көрсету, кеден iсi, сауда және сыртқы экономикалық қызметтер.

Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудi және кодтаудың бiрыңғай жүйесiн Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет пен Қазақстан Республикасы статистика органы жүзеге асырады.

Жүйенiң құрылуы реттеушi негiзгi принциптер, ережелер мен талаптар "Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудiң және кодтаудың бiрыңғай жүйесi. Негiзгi ережелерiнде" жазылған. Жiктегiштердi әзiрлеуде оларды халықаралық жiктегiштермен үйлестiрудi ескеру қажет.

Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпарат жiктегiштерi бекiту деңгейiне және қолданылу саласына байланысты келесi категорияларға бөлiнедi:

а) мемлекеттiк – МК

б) салалық (мекемелiк) – СК

в) бiрлестiктiң, кәсiпорынның, ұйымның жiктегiштерi

(бұдан былай – кәсiпорынның жiктегiштерi жiктегiштер).

Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың мемлекеттiк жiктегiштерiн стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi бекiтедi және тiркейдi.

Мемлекеттiк жiктегiштер сәйкестендiрiлген құжаттама жүйесiне кiретiн мемлекеттiк маңыздағы салааралық (мекемеаралық) нысандағы құжаттарда болатын ақпараттарды бойына кiргiзедi және кәсiпорындарды басқару жүйелерiнiң арасындағы ақпарат алмасуда мiндеттi болып саналады.

Салалар (мекемелер) жiктегiштерi Қазақстан Республикасының министерстволары мен мекемелерiнде бекiтiледi және тiркеледi.

Салалар жiктегiштерi мемлекеттiк жiктегiштерге кiрмеген ақпараттарды немесе осы салаларға тән жiктелу объектiлерiмен немесе белгiлерiмен толықтырылған мемлекеттiк жiктегiштерден үзiндiлердi өзiне алуы керек.

Бұл категорияның жiктегiштерi бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың және министрлiктердiң, мекемелердiң ұйымдарының арасындағы ақпарат алмасу кезiнде қолданылады.

Кәсiпорындардың жiктегiштерi кәсiпорынның бастықтарымен бекiтiледi және кәсiпорынның iшiнде ақпараттық өзара iс-әрекеттi ұйымдастыру кезiнде қолданылады.

Кәсiпорындардың жiктегiштерi мемлекеттiк және салалық жiктегiштерге кiргiзiлмеген ақпараттарды немесе осы кәсiпорындарға тән жiктеу объектiлерiмен немесе белгiлерiмен толықтырылған басқа категориялардың жiктегiштерiнен үзiндiледi өз бойына кiргiзе алады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Лекция №12

Лекция тақырыптарының атауы: Мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындалуын мемлекеттік бақылау.

Лекция мақсаты:Мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындалуын мемлекеттік бақылаумен студенттерді таныстыру

Лекция сұрақтары:

  1. Мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау. Негізгі мақсаттары.

  2. Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар.

  3. Мемлекеттік бақылау объектілері және субъектілері.

  4. Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың нормативтік базасы.

  5. Мемлекеттік қадағалау жүргізудің әдістемесі және формасы.

  6. Мемлекеттік бақылау және қадағалау шешімдерін рәсімдеу.

  7. Мемлекеттік инспекторлардың құқықтары және міндеттері.

  8. Мемлекеттік бақылау шешімдері бойынша жасалынатын іс-шаралар.

Лекция мазмұны