
- •Лекциялық кешен «Sta 2210 Cтандарттау» пәні бойынша
- •5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы
- •Стандарттау әдістері не үшін керек
- •Оза стандарттауға анықтама бер
- •Кешендік стандарттауға анықтама бер
- •Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
- •Қазақстан Республикасындағы стандарттау қызметі
- •Метрологиялық сараптамың негізгі жағдайлары:
- •Конструкторлық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу.
- •Технологиялық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу.
- •Стандарттау жұмысын мемлекеттік бақылау және қадағалау
Метрологиялық сараптамың негізгі жағдайлары:
Өлшем құралдары мен МВИ талаптарының дұрыстығы мен толықтығын орнату, оларды дұрыс таңдауды бағалау.
Тапсырылған өлшем дәлдігін және өндірістіліктің қажеттілігін алуды қамтамасыздандыратын унифицирленген өлшеу құралдарын қолдану мүмкіншілігінің артықшылықтарын орнату.
Минималды өлшейтін өлшем құралдарын қлдануды және тапсырылған дәлдік бойынша бағаланатын операциялардың өз құнын бағалау, сонымен қатар өлшем құралдарының жүзеге асуы мен техникалық процестердің жүзеге асуының сәйкестігін бағалау.
МВИ- ді қолдану артықшылықтарын орнату.
Физикалық шамалар мен олардың бірліктерін орнату және атауларын дәл орнату.
Еңбек қауіпсіздігін орнату үшін өлшеуді жүргізу және ұйымдастыру бойынша көрсеткіштер дұрыстығын орнату.
Өлшеу нәтижелерін компьютерде өңдеу кекзінде дұрыстығын анықтау, стандарттың және арнайы бағдарламалардың бар болуы және НТҚ талаптарға сәйкестігі.
Өлшем құралдарына талаптарды енгізудің негізгі принцптері:
Осы талаптар қаралып отырған тапсырма түрін қамтитындығы және рационалдылығы.
Метрологиямен шешілетін өлшем құралдар жүзеге асырылу және конструкторлық ерекешелігінің принцптеріне сәйкестігі.
Өлшеу құралдарын қолдану шарттары өлшеу шұарттарына сәйкес болуы.
Өлшем құралдарына қажетті процесстермен қамтамасыздандыру мүмкіншілігі.
Өлшем құралдарының техникалық процесстерінің жүзеге асуына сәйкестігі.
Метролгиялық сараптама екі экземплярда құрастырылатын сараптама қорытындысында мазмұндалады. Оның біреуі НТҚ жасаушыға беріледі, ал екіншісі метрологиялық сараптаманы жүргізген ұйымның өзінде қалады.
Конструкторлық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу.
Сараптама тапсырыс бойынша жургізіледі, ол сонымен қатар конструкторлық құжаттамаға да жүргізіледі, яғни конструкторлық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүгізу кезінде нақты метрологиялық талаптарды тұжырымдауды қамтамасыздандыру мақсатында жүргізіледі.
Метрологиялық сараптама жүргізу процесінде келесі құжаттар тексеріледі:
Техникалық тапсырма – бұйымды өндіру кезінде оның негізгі белгіленулерін анықтайтын құжаттың көлемі мен массасына, шығыс параметрлерінің дәлдігіне, сенімділігіне және ұзақ мерзімділігіне белгілі бір механикалық, климаттық және басқа да тасымалдау, сақтау жөндеу жұмыстарын анықтау кезіндегі жұмыстардың талаптары кіреді.
Техникалық ұсыныс ( ГОСТ 2.103-68) – техникалық және технико- экономикалық негіздерді мазмұндайтын конструкторлы құжаттар.
Техникалық ұсыныстың негізгі мақсаты - өнімге деген нақты және қосымша талаптарды анықтау, оның сапа және сипат корсеткіштерін табу, өйткені олар техникалық тапсырмаларда толығымен көрсетілмеуі мүмкін.
Техникалық ұсынысты жүзеге асыру кезінде, өнімнің техникалық тапсырмаларын шешудің мүмкін нұсқаларын (вариант) набады,олардың қараушы бөліктерінің компоновкасы мен іс әрекетінің принцптері бойынша ерекшеліктерін орнатады, техникалық қауіпсіздік талаптарына потенттік дәлдігі мен сәйкестігі тексеріледі. Нұсқалардың саластырмалы бағалауы барлық сапа көрсеткішщ бойынша жүргізіледі. Техникалық ұсыныстар отандық және шет елдердің тәжірибесіне және техникалық әдебиеттеріне сүйене отырып мәліметтерді қарастырады және шешімдерді анализдейді,
Жасалған техникалық ұсыныстар метрологиялық сараптаудан өтеді – орнатылған нормалардың дәлдігі техникалық тапсырмалардың шарттарына сәйкестігі анықталады
Эскиздік жобалау (ГОСТ 2,1036-68) – конструкорлық құжат, онда өнімнің жүзеге асу принцптері мен қондырғылары туралы жалпы мәлімет беретін принципиальді техникалық шешімдер болу керек
Эскиздік жоба метрологиялық сараптамадан өтеді. Техникалық жобалау бекіткеннен кейін жұмыс құжкатын жасау маңызды болады – жұмысшы жобасы.