
- •Лекциялық кешен «Sta 2210 Cтандарттау» пәні бойынша
- •5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы
- •Стандарттау әдістері не үшін керек
- •Оза стандарттауға анықтама бер
- •Кешендік стандарттауға анықтама бер
- •Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
- •Қазақстан Республикасындағы стандарттау қызметі
- •Метрологиялық сараптамың негізгі жағдайлары:
- •Конструкторлық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу.
- •Технологиялық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу.
- •Стандарттау жұмысын мемлекеттік бақылау және қадағалау
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне:
1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
2) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;
3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.
3. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың Ұлттық ҚР-ның «Стандарттау және сертификаттау» (1993ж), «Стандарттау» (1999ж), «Техникалық реттеу» (2004ж) заңдарына сәйкес енгізілген. Бұл жүйе ҚР-да стандарттау жөніндегі практикалық іс-қызметті ұйымдастыру, басқару іс-шараларын жүйелі түрде қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі стандарттау саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу, нормативтік құжаттардың әртүрлі санаттарын әзірлеу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, олардың қолдану тәртібін белгілеу, стандарт талаптарының орындалуын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау іс-шараларын қамтиды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық құрылымы:
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган мен оның ведомствалық бағыттағы бөлімшелерінен, стандарттау саласында белгілі құзіреттілігі бар мемлекеттік басқару органдарынан, стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын стандарттау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардан оның ішінде техникалық комитеттерден және Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттік қорынан тұрады.
Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі міндеттері:
-өнім өндіру, жұмыс, қызмет жасауды нормативтік-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету;
-өндіруші, сатушы және тұтынушылардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету;
мемлекет пен тұтынушылар мүддесі тұрғысынан өнім сапасы мен түрлеріне тиімді талаптарын белгілеу;
өнімнің өзара алмасылымдық, сыйысымдылық талаптарын белгілеу (конструктивтік, электро-магниттік, ақпараттық, бағдарламалық);
өнім, оның элементтері, жинақтаушы бұйымдар, шикізат, материалдардың сипаттамалары мен көрсеткіштерін өзара байланыстыру;
метрологиялық норма, ереже, талаптарды белгілеу;
өнім сапасын бақылау. Сертификаттау және бағалау шараларын нормативтік-техникалық жағын қамтамасыз ету;
материал, энергия және еңбек шығынын азайту, аз қалдықты технологияны пайдалану тұрғысынан технологиялық үрдістерге талаптар белгілеу;
Халықаралық және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар иен инфрақұрылымдық кешенді (көлік, байланыс, қорғаныс салалары, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың қауіпсіздігі) нормативтік қамтамасыз ету;
тұтынушының өнімнің түрлері мен негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін өнімді штрихты кодтау, каталогтау жүйесін құру;
Қазақстан Республикасы заңдарының жүзеге асуына стандарт құрал-тәсілдері арқылы ықпал жасау;
Мемлекеттік стандарттау жүйесін практикалық тұрғыда құру, басқару жұмысын мемлекеттік стандарттау, метрология және сертификаттау органы жүзеге асырады және келесі міндеттерді атқарады:
стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың осы саладағы қызметін үйлестіреді;
мемлекеттік, халықаралық, аймақтық стандарттау жөніндегі жұмыстарға қатысады;
стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақтадуына мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастырады;
стандарттау саласындағы кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастырады;
стандарттау бойынша халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттарды, ержелер мен ұсынымды қолдану тәртібін белгілейді;
стнадарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізудің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық ережелерін, жеке және заңды тұлғалар мен техникалық комитеттер, мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылдарының әдіс-тәсілдерін белгілейді;