
- •Лекциялық кешен «Sta 2210 Cтандарттау» пәні бойынша
- •5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы
- •Стандарттау әдістері не үшін керек
- •Оза стандарттауға анықтама бер
- •Кешендік стандарттауға анықтама бер
- •Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
- •Қазақстан Республикасындағы стандарттау қызметі
- •Метрологиялық сараптамың негізгі жағдайлары:
- •Конструкторлық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу.
- •Технологиялық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу.
- •Стандарттау жұмысын мемлекеттік бақылау және қадағалау
|
«Инженерлі-экономикалық» факультеті «Табиғатты пайдалану экономикасы» кафедрасы
|
Лекциялық кешен «Sta 2210 Cтандарттау» пәні бойынша
5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы
Алматы, 2012ж.
Лекция№1
Лекция тақырыптарының атауы: Пәннің мақсаты және міндеттері.
Лекция мақсаты: Стандарттаудың мақсаттарын, міндеттерін және пән структурасымен танысу.
Лекция сұрақтары:
1) Пәннің мақсаттары және міндеттері
2) Стандарттаудың ғылым ретінде пайда болу тарихы
3) Қазақстанда стандарттаудың даму тарихы және даму перспективасы
Лекция мазмұны:
Қазіргі таңда Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру алдында және халықаралық қатынастарда өнім сапасын жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті етіп шығару үшін стандарттау, метрология және сертификаттау салаларының қызметтерінің маңызы өте зор.
Стандарт қолданылмайтын бірде бір экономикалық және көпшілік қызмет сферасы жоқ. Стандарттар қауіпсіздік және сақтандыру қызметтерінде, өнімді шығарғанда, эксплуатациялағанда, медицинада, білімде, жылжымалы нарықта, есеп және аудит жүйесінде, банктік жүйеде, қауіпсіздік қызметінде, өнімді идентификациялауда және кодтауда, ақпараттық қызмет құпия объектіге және тағы басқа қызметтік органдарда қолданылады.
Халықаралық стандартты қолданбай және білмей дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін емес. Өнім сапасын растайтын және стандарттың барлық талабын орындау үшін, тәуелсіз объектіде сапаны бағалау жүргізу қажет. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде 19 - ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған . Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара алмастырушылық).
1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез-келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.
КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандарты 1926 жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік тауарларының стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервілері, тауық өнімдері және т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды. Ал 1975 жылдан бастап халықаралық Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына ҚСРО-нан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Дания, Болгария, Венгрия, Чехославакия, Монғолия, Куба кірген) стандарттары енгізіле бастады, олар халықаралық ИСО стандарттарына сәйкестендірілген.
«Стандарттау» сөзі латынша стандарт-эталон яғни үлгі деген мағына береді.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Қазақстанда метрологиялық даму кезеңі ең алғаш 1923 жылдан басталады. Сол жылы Томск салыстырып тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі құрылды. 1925 жылдың 1-ші қазанынан бұл бөлімше жеке ұйым ретінде салыстырып тексеру палатасы болып өзгертілді. 1931 жылы Қазақ өлкелік салыстырып тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы болып өзгертіліп Алматы қаласына көшірілді. Қазақ аймақтық бюросы 1933 жылы Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы өлшем және таразылар орталық басқармасының өкiлеттi Басқармасы болып қайта аталды. Содан соң Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы Өлшем және таразы Бөлiмi болды, ал 1938 жылы – Қазақ ССР-нiң Халық комиссарлар Кеңесiнiң жанындағы өлшем және өлшеу приборлары жөнiндегi өкiлеттi комитеттiң Басқармасы болды.
Басқарма құрылымы орталық аппараттан және 14 облыстық басқармалардан тұрды. Қызметкерлер құрамы, облыстарды қосқанда, 124 адам болатын.
1995 жылы Қазақ республикасының стандарттар мен өлшеу техникаларын мемлекеттiк қадағалау зертханасы Қазақ республикасының метрология және стандарттау орталығы болып қайта құрылды.
Елiмiздiң тәуелсiз мемлекет мәртебесiне ие болуына байланысты бұрынғы орталықтан оқшаулау процесi жүрдi. Республиканың экономикасында және Мемлекеттiк стандарт жүйесiнде елеулi өзгерiстер жасалынды.
Ауыр өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналды. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлшегінің ені - 1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда - 1435 мм. Осы стандарттың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген киыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13 млн. тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре алмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельстерді ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Трансқазақстандық теміржол салу жоспарлануда, ол еуропалық бөлшек 1435 мм-ге сәйкес келеді, теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Әртүрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану елдердің экономикасына көп көлемде шығын әкелуде. Мысалы: АҚШ-та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесін қолданады, ал Ұлыбританияның өзінде ол өте аз қолданылатын жүйе. 1965 жылдан бастап Ұлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар, өндірістік бұйымдар алдын ала бейімдеусіз СИ жүйесін қолданатын елдедерде жарамайды.
Өндірістік өнімдердің көлемінің үлкеюі және ғылыми техниканың қарқынды дамуы кезінде өнімдердің бір нұсқалы болуы, олардың бөлшектерінің өзара алмастырушылық қасиеттері жөніндегі сұрақтар күрделіленуде. Осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар өнімнің арзандауына, өнім сапасының көтерілуіне, өнімнің шығарылу көлеміне, сату аумағының үлкеюіне әкеліп жатыр. Жаһандандыру үрдісі бұл тенденцияны күшейтіп, стандарттау бұрын болмаған мәнге ие болуда. Тек өнімді, тауарды, қызметті жалпылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын интеграциялау мүмкіндігі туады. Әлемде интеграциялау үрдістері күшеюде. Елдер одақтастық құруда, мысалы Еуропаның 27 елі бірігіп Еуроодақ құрды. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Жақында Қазақстанда сол ұйымға кіруді жоспарлап отыр.
Стандарттау жұмысының нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық прогресске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың негізгі бағыттарын атаңдар.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму тарихын айтып кетіңдер.
Стандарттаудың маңызы мен мақсатын атаңдар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
«Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
«Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
«Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.
Лекция№2
Лекция тақырыптарының атауы: Стандарттаудың мақсаты, міндеті, ұстанымдары және нысандары
Лекция мақсаты: Стандарттаудың мақсаттарымен, міндеттерімен танысу.
Лекция сұрақтары
Стандарттаудың мақсаты, міндеттері, ұстанымдары, функциялары және нысандары.
Стандарттаудың қағидалары.
Стандарттаудың функциялары.
Стандарттау нысандары.
Стандарттау аумағы және деңгейі.
Стандарттау мақсаты-жоспарланатын немесе туындаған тапсырмаларды шешуге арналған нормаларды, талаптарды, орнатылған жағдайларды кеңінен және қайтара қолдану арқылы қандай да бір салада реттілікті жүргізудің оптималды дәрежесіне қол жеткізу.
Стандарттауды жүргізудің негізгіқағидалары: келісімдік, еріктілік, ыңғайлылық, экономикалық тиімділік.
Стандарттаудың мақсаты өнімге қойылатын талаптарды, әдістерді белгілі бір салада әрдайым кеңінен қолдану арқылы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселелерді шешіп сол саланы оптималды дәрежеде ретке келтіру. Жалпылама алғанда стандарттаудың мақсатына мыналарды жатқызуға болады:
Өнім, жұмыс және қызметтің мемлекет мүддесі мен қоршаған орта және адам денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Техникалық және ақпараттық үйлесімділік пен өзара алмасушылық талабын жүзеге асыру;
Ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру;
Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;
Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің халықаралық және ішкі рыноктағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
Өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету;
Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру дайындығын күшейту;
Табиғи және техногендік апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету.
Стандарттаудың негізгі мақсаты-техникалық прогресті жеделдету, өндіріс пен еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру, оның ішінде инженерлік басқару, өнім сапасын жақсарту жыне оның оптималды деңгейіне жетуін қамтамасыз ету жатады.
Стандарттау нысандарыөнім, өндіріс, үрдіс, қызмет - осыларға арнап талаптар, мінездемелер, параметрлер, ережелер бекітіледі.
Стандартау аумағы - өзара байланысты стандарттау нысандарының жиынтығы. Стандарттау түрлі денгейлерде жүргізіледі: халықаралық, аймақтық, ұлтық және административті-территориялық.
Қолданыстағы стандарттау жүйесі бірінші орынға стандарттау нысанының сапасын бағалауды және бағалау әдістерін қояды.
Стандарттау функциялары:
бір тәртіпке келтіру функциясы-объектілердің ойсыз көпшілігін болдырмау;
қорғау функциясы-өнімді тұтынушылардың, өндірушілердің және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ресурстарды үнемдеу функциясы-материалдық, энергетикалық еңбек және табиғат ресурстарының шектелуімен шартталған нормативті құжаттарды бекітуде жатыр;
цивилизациялық функциясы өмір сапасының өмір сапасының құраушысы ретінде өнім және қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Мысалға тамақ өміріндегі зиянды заттардың болуына қатаң талаптар қою.
коммуникативті функциясы адамдар сырласуымен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Бұл функция саудадағы кедергілерді болдырмау үшін, ғылыми-техникалық және экономикалық қарым-қатынасына әсер етуге бағытталған;
ақпараттық функциясы-әртүрлі іс-әрекеттерді техникалық және басқару ақпараттары бар нормативті құжаттармен, каталогтармен қамтамасыз етуде жатыр;
құқықтық қолдану функциясы стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды заңдастыру арқылы және бұл құжатқа заңдық күшіне енгізу нәтижесінде жалпылама қолданылуын қамтамасыз ету.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Стандарттаудың маңызы мен мақсатын атаңдар.
Стандарттаудың негізгі мақсаттарын ата.
Стандарттау нысандарына не жатады?
Стандарттаудың қағидаларын ата.
Ұсынылатын әдебиеттер:
«Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
«Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
«Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.
Лекция№3,4
Лекция тақырыбының атауы: Стандарттаудың ғылыми базасы. Стандарттау нысандарын реттеу әдістері
Лекция мақсаты: Студенттерді стандарттаудың ғылыми негізімен және стандарттау әдістерімен таныстыру.
Лекция сұрақтары:
Жүйелеу (жіктеу және кодтау), типтеу, сұрыптау, симплификаттау, оптимизация. Олардың мәні және қолданылуы.
Кешендік стандарттау стандарттау әдістерінің негізгі түрі ретінде.
Оза стандарттау. Оның мәні және маңыздылығы.
Оза стандарттау әдістері.
Лекция мазмұны
Стандарттау әдістемесі-бұл стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданылатын тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы.
Стандарттауда келесі әдістемелер кеңінен қолданылады:
Стандарттау нысанын реттеу;
Параметрлік стандарттау;
Өнімді сәйкестендіру/ унификация;
Агрегаттау;
Кешенді стандарттау;
Келешектік стандарттау;
Стандарттау нысанын реттеу.
Өнімді, процесс пен қызметті стандарттау саласындағы әмбебап әдістеме. Реттеу –көп түрлілікті басқару ретінде ең әуелі көп түрлілікті қысқартумен тығыз байланысты.
Реттеу әмбебап әдіс ретінде жүйелеу, сұрыптау, жою, типтеу, талдау қатарлы жекелеген әдістерден тұрады.
Стандарттау нысанын сұрыптау /селекция/-әріқарай өндіруге және қоғамдық өндіріске пайладануға ыңғайлы деп танылған нақты нысандарды сұрыптауға бағытталған іс-әрекет.
Жою /симпликация/ - әрі қарай өндіруге және қоғамдық өндіріске қолайлы емес деп танылған нақты нысандарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Сұрыптау және жою іс-әрекеттері қатар жүргізіледі. Бұлардан бұрын нысандарды жіктеу, ажырату және олардың болашақ қажеттілікке сәйкестігіне арнайы талдау жасау жұмыстары жүргізіледі.
Стандарттау нысандарын түрлеу /типтеу/-конструкция, технологиялық ережелер, құжат түрлері қатарлы үлгілік нысандарды құру жөніндегі іс әрекет. Сұрыпталған нысандар сапасы мен әмбебаптығын жоғарылатуға бағытталған бір техникалық өзгертілуге жіберіледі.
Стандарттау нысанын тиімді болдыру /оптимизация/-негізгі тиімдіөлшемдерді /параметрлерді/ анықтап, сапа және үнемділік көрсеткіштерінің мәнін табуға бағытталған іс-әрекет.Стандарттау нысанын тиімді ету жұмысы арнайы экономикалық-математикалық әдістер мен тиімді ету моделі арқылы жүргізіледі.
Параметрлік стандарттау-өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Ең негізгі параметрлер-өнімнің мақсаттық арналуын және пайдалану жағдайын айқындайтын сипаттамалары:
мөлшерлік параметрлер /киім мен етіктің мөлшері, ыдыстың сиымдылығы/;
салмақ параметрлері /спорттық құралдардың жеке түрлерінің салмағы/;
машина құралдарының өнімділігін сипаттайтын параметрлер /сепаратордың өнімділігі/;
энергетикалық параметрлер /двигательдің қуаты/;
Белгілі мақсаттағы белгілі типтік өнім бірқатар параметрлермен сипатталады. Параметрлердің белгіленген мәндік жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Параметрлік қатардың тағы бір түрі мөлшерлік қатар болып табылады. Мысалы: маталарда мөлшерлік қатар енінің жекелеген мәндерінен тұрады.
Параметрлік стандарттау дегеніміз парметрлердің ыңғайлы номенклатурасы мен сандық мәнін таңдап, негіздеу болып табылады. Бұл мәселе математикалық әдіспен шешіледі.
Машина, құралдардың параметрлік қатары ұнымды сандар жүйесіне сәйкес, яғни геометриялық прогрессия бойынша өзгеріп отыратын сандар жиынтығы негізінен құрылады. Бұл жүйенің ерекшелігі кез-келген есептеулер нәтижесінде алынған немесе ерікті шешім негізінде қабылданған емес тек қатаң белгіленген математикалық заңдылыққа бағынатын параметрлер мәнін таңдау болып табылады. Бұл саладағы негізгі стандарт 8032-84 «Ұнамды сандар және ұнамды сандар қатары» Техникалық негіздегі кейбір жағдайда ұнамды сандарды дөңгелектеуге болады. Қайсы бір қатарды таңдағанда өнімнің тұтынушысы ғана емес дайындаушының да мүддесін ескеру қажет.
Өнімді сәйкестендірудеп детальдардың типтік саны мен бірдей қызметтік мақсаттағы агрегаттар санын оңтайлы қысқарту іс-әрекетін айтады. Бұл іс-әрекет дайын өнімнің элементтерін жіктеу және қатарлау, сұрыптау және жою, типтеу және тиімдеуге негізделеді. Сәйкестендірудің негізгі бағыттары келесі:
Бұйым,машина, құрал-жабдық, түйін, детальдардың параметрлік және тиімдік мөлшерлер қатарын әзірлеу.
Біртекті өнімнің сәйкестендірілген топтарын құру мақсатында типтік бұйымдарды әзірлеу;
Сәйкестендірілген технологиялық үрдістерді әзірлеу;
Қолдануға расталған бұйым, материалдардың қолайлы да ең аз тізімін жасау;
Сәйкестендіру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері әртүрлі рәсімделеді. Бұлар деталь, түйін, жинақ бірлігінің типтік сәйкестендірілген құрылымның альбомдары, сондай-ақ тип, парметр, мөлшер, конструкция, марка стандарттары болуы мүмкін.
Сәйкестендіру дәрежесін өнімді сәйкестендіру деңгейімен яғни өнімнің сәйкестенген, соның ішінде стандартталған деталь, түйін жинақ бірлігімен толығу арқылы сипатталады. Сәйкестендіру деңгейі көрсеткіштерінің бірі ретінде Кп-алынады:
Агрегаттау-бұл машина құрал жабдықтарды геометриялық және қызметтік негізде өзара алмастыру мүмкіндігі бар , әртүрлі бұйымдарды жасауда көп мәрте пайдаланатын жекелей стандартталған, сәйкестендірілген түйіндерден құрастыру әдісі болып табылады. Агрегаттау-бұйымда түрлі санмен және комбинациямен орнатылған бірделендірілген, көп рет қолданылатын стандарттық агрегаттардан (модульдерден) тұратын аспатар, жабдықтар, машиналар және басқа бұйымдар құру әдісі. Агрегаттау әдісін қолдану мысал ретінде, блоктардың түрлі саны мен үйлесімін келтіріп, тұтынушының қалауы мен қаржылық қабілетіне байланысты блоктардан құрылған түрлі үй жиһазын айтуға болады. Агрегаттау әдісі машина жасау және радиоэлектроникада кеңінен қолданылады.
Кешенді стандарттау кезінде өзара байланысты талаптар жүйесін мақсатты да жоспарлы түрде белгілеу жүзеге асырылады. Бұл талаптар кешенді стандарттау нысанының өзіне тұтастай, сонымен қатар нақты мәселелерді тиімді шешу үшін олардың негізгі элементтеріне де қойылуы да мүмкін. Сонымен қатар дайын бұйым және оны өндіруге қажетті шикізат материалдардың сапасы мен оларды сақтау, пайдалануға қойылатын талаптар өзара байланысты болуы тиіс.
Оза стандарттау. Бұл стандарттау объектісіне бүгінгі тәжірибеде отырған талап, нормаларды қазіргі жетістіктерінен жоғарғы деңгейге көтеріп, кейінгі кездері тиімді болатындай етіп жобалау әдісі. Оза стандарттау жұмысы өндірілуі әлі басталмаған немесе басталу сатысындағы болашақ өнімнің келешекті түрлеріне жасалады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: