
- •Құқықтық мемлекет ерекшеліктері.
- •Қр конституциясы бойынша азамат және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары
- •3.Казіргі заман Қазақстандаңы азаматтық қоғам сипаттары.
- •2.Құқық құрылысы.
- •Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
- •Құқықтың казіргі заман салалары. Конституциялық құқық
- •2.Құқықтың материалды және іс жургізушілік салалары
- •Қр заңнамасының жуйесі. Нормативтік-құқықтық актілер заңды кушінің реті.
- •3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
- •1.Нақты мысалдарда құқықты жузеге асырудын тусінігі және нысандары
- •3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
- •1.Әкімшілік жаза және онын түрлері
- •2.Әкімшілік жазаға тартудың рәсімдері
- •1.Қр азаматтық құқығында заңды тұлғалар институты
- •2.Қр кушінде болып келетін заңнамасы бойынша өкілдіктің айырмашылықтары
- •2.1 Заң бойынша мұрагерлік
- •1.Кәмелектке толмағандарға жаза тағайындау
- •2.Қылмыстық жауапкершілік және жазадан босату
- •3.Формалды және материалды құрамы бар қылмыстардың сипаттамасы
- •Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б) квалификациялық (ауырлатушы); в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.
- •2.Некені жарамсыз деп танудың негіздері. Тәртібі және құқықтық салдары.
-тұрақтылық.
2.Құқықтың материалды және іс жургізушілік салалары
Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы камтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Құқық нормаларының жуйесі және онын элементтері
Құқық жуйесі- құқықтық сана сезімнен, құқықтық қатынастар және заң нормаларынан құралатын кұрделі заң ұғымы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен сипатталады, қоғамда жеке адамның еркіндігін және өркениетті тұрмысты өамтамасыз ету ушін қажет.
Құқық жуйесінің элементтері
–құқықытық нормалар; –құқықтық сана–сезім; –құқықтық қатынастар
Құқық нормаларының жуйесі–бұл олардын онда құқықтың нормалары өз ара келесілген, бір–бірінен оқшауланып әрекет етпейтін, бірікті тұтастық ретінде сипатталатын ішкі құрылысы. Құқықтық нормалар жуйесінің білгілі бір құрылысы бар, оны салыстырмалы түрле автономиялы құрылымдар қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті топтарын реттейтін –салалар және институттар құрайды. Элементтер мынандай: –бөлек құқықтық нормалар; –құқықтық институттар; –құқықтын тәуелді салалары; –құқық салалалары.
ЖЕКЕ және ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ
Жеке құқықка мемлекеттік емес қызметті реттейтін құқықтық нормалар жатады. Олармен реттелетін қатынастар азаматтар араларындағы муліктік, отбасылық,авторлық құқықтық қатынастар, қоғамдық ұйымдар, кооперативтік ұйымдар, өзге бірлестіктермен қтынастар, яғни оларда жеке мүдде көрініс табатын қатынастар. Жеке құқық–бұл оған мемлекет араласпайтын барлық нәрсе. Жеке қатынастар бұл–өз ара бағыну емес келісімді қатынастар. Жеке–құқықтық қатынастар сипатталады: –құқықтық қатынас тараптарының тендігімен; –құқықтық қатынас тараптарының салыстырмалы бостандылығымен және дербестілігімен; –өз ара субъективтік құқықтармен және міндеттермен. Жекеқұқықтық қатынастардың заң және сот алдында тен және бір бірі алдында ешқандай артықшылыұка ие емес. Жеке құқықта «тиым салынбағанның барлығы рұқсат етілген» деген қағидат іске асады. Жария құқық Мемлекеттің, мемлкеттік ұйымдардың қызметі, азаматтардың мемлекеттік ұйымдармен, мемлекеттік органдарының өздері арасындағы қатынастар – жария құқық саласы.
Жария құқық бұл – жария–құқықтық саладағы мемлекеттік қызметті реттейтін құқықтық нормалар. Онымен реттелетін қатынастарда мемлекеттік мүдде көрініс табады. Ол көлденең емес тік, яғни бағыныстылық қатынастарын реттейді. Жария құқық саласында «тиым салынбағанның барлығы рұқсат етілген» деген емес «құқық соған жол беретін ғана рұқсат етілген» деген қағидат іске асуы тиіс.
Материалдық және іс жургізушілік құқық
Материалдық құқықка конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық жатады, ал құқықтың іс жургізушілік салаларының тобын қылмыстық іс жургізу, азаматтық іс жургізу және әкімшілік іс жургізу құқығы құрайды.
Материалдық құқық нормаларының құқықтық реттеу нысанасы болып коғам өмірінің материалдық жағдайларымен байланысты қоғамдық катынастар келеді, ал іс жургізушілік құқық нормалары материалдық құқық нормаларын жузеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Іс жургізушілік құқығы нормаларының басты ерекшелігі бүл олардын рәсімділік мінезі.
Құқық салалары және олардын институттары
Құқық саласы бұл–қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті тобын өзіне тиесілі ерекше құқықтық реттеу әдісі арқылы реттейтін құқықтық нормалардын жиынтығы болып келетін құқықтық жуйенің бір бөлігі. Сонымен әрбір құқық саласы өзгелерден айрықша нысанасымен және құқықтық реттеу әдісімен ерекшеленеді.
Құқықтық реттеу нысанасы ретінде құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар тусініледі. Құқықтық реттеу әдісі құқықтық нормалар бұйыруларын қамтамасыз етудің және орындаудың заң тәсілдері. Конституциялық(мемлкеттік) құқық бұл–жария құқық аймағы. Конституциялық құқықтың басты міндеті– мемлекетті билікті жузеге асыруды ұйымдастыру және оны құқықтық заң шегімен шектеу. Әкімшілік құқықта жария құқықка жатады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекеттек басқару аясында қалыптасатын қатынастарды, яғни билік және бағыну қатынастарын реттейді. Құқық салалары және олардын институттары Азаматтық құқық бұл–жеке құқық аймағы. Азаматтық құқық муліктік және байланысты емес және муліктілермен байланысты қатынастар да бар. Қылмыстық құқық бұл жария құқық аймағы. Қылмыстық құқық қылмыс жасаумен және қылмыстық жаза шараларын пайдаланумен байланысты қатынастарды реттейді. Іс жургізушілік құқық–жария құқық аймағы. Іс жургізушілік құқық азаматтық іс жургізуге және қылмыстық іс жургізуге бөлінеді. Қылмыстық іс жургізу құқығының нысанасы болып анықтау, тергеу және сот органдарының қылмыстық істерді қозғау, тергеу және қарау бойынша қызметімен байланысты қатынастар келеді. Азаматтық іс жургізу құқығы азаматтық істерді қарау саласындағы қатынастарды реттейді. Құқық салалары және олардын институттары
Құқықтың тәуелді саласы–қоғамдық катынастардың салыстырмалы бөлек тобын өзіне тиесілі құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық саласының бөлігі. Құқықтық институт бұл– қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті тобын реттейтің құқық саласының элементі.
Заңнаманы жуйелеу: тусінігі және түрлері Заңнаманы жуйелеу–нормативтік–құқықтық актілерді тәртіптеу, оларды инкорпорация біртұтас жуйеге келтіру. Инкорпорация–жуйелеу түрі, яғни, біріншіден, инкорпорацияланған нормативтік актілердің мазмұнына тиіспейтін және екіншіден, объективті болып келетін құқық салаларын ескерусіз іске асатын тәртіпке келтіру(алфавитттік, хронологиялық және нысаналық). Кодификация–мемлекетттік билік нормашығарушылық органдарының белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу ушін арналған жана нормативтік құқықтық актіні реттеуге жасауға бағытталған қызметі.
Құқықтық реттеу әдісі
Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз — біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жузеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
имперактивті (тегеуірінді түрде) — тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
диспозитивті —рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болады:
көтермелейтін— құрметтеуге лайықты іс-өрекет үшін марапаттау әдісі;
ұсынылатын— мемлекет пен коғам үшін лайыкты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.
Қр заңнамасының жуйесі. Нормативтік-құқықтық актілер заңды кушінің реті.
Құқық жуйесі- құқықтық сана сезімнен, құқықтық қатынастар және заң нормаларынан құралатын кұрделі заң ұғымы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен сипатталады, қоғамда жеке адамның еркіндігін және өркениетті тұрмысты өамтамасыз ету ушін қажет.
Құқық нормаларының жуйесі–бұл олардын онда құқықтың нормалары өз ара келесілген, бір–бірінен оқшауланып әрекет етпейтін, бірікті тұтастық ретінде сипатталатын ішкі құрылысы.
Құқықтық нормалар жуйесінің білгілі бір құрылысы бар, оны салыстырмалы түрле автономиялы құрылымдар қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті топтарын реттейтін –салалар және институттар құрайды.
Элементтер мынандай:
–бөлек құқықтық нормалар; –құқықтық институттар; –құқықтын тәуелді салалары; –құқық салалалары.
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiкқаулыларын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Мұндай тiркеу оларды күшiне енгiзудiң қажеттi шарты болып табылады.
Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды және әділет органдарының шешіміне белгіленген тәртіппен шағым берілмесе, оларды шығарған органның өзі жоюға тиіс.
Нормативтік құқықтық актінің осы тармақта белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.
2. Егер мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
2) жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
3) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретiне шегiнен шығып кетсе;
4) егер келiсу қажет болып, келiсiлмесе;
4-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса;
5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу мен келісу тәртібін бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
3. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу және мемлекеттiк тiркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
№ 5 Тақырып. Құқықты жузеге асыру және құқықтық нормаларды талқылау
1.Нақты мысалдарда құқықты жузеге асырудын тусінігі және нысандары
2.Құқықты әртүрлі органдардың қызметінде қолдану
Құқықтық реттеу әдісі болып жекеше адамдардың журіс–турысына реттелетін қоғамдық қатынастардың мінезімен анықталатын әсер етудің заң амалдарының, құралдардың, тәсілдердің жуйесі тусініледі.
Теориялық тұрғыда императивтік(авторитарлық) және диспозитивтік құықтық реттеу тәсілдерін ажыратады.
Құқықтық реттеу белгілі бір құқықтық ынталандыру шаралары (рұқсат ету, марапаттау, женлдіктер) және құқықтық шектеулер(тиым слу, заң міндеттері және жазалау шаралары) көмегімен жузеге асырылады.
Құқықтық реттеудің келесі нысандарын бөліп шығарады
–тиым салу(былай жасамандар);
–рұқсат етулер–қалай қажет деп есептесеніз солай жасаныз;
–бұйыру–тек осылай ғана жасаныз.
Құқықты қолдану қызметі – мемлекеттік билік органдарының лауазымды адамдардың қызметімен байланысты құқықты жузеге асырудың ерекше нысаны
Құқық қолдану қызметінің басты мақсаты субъективтік құқықтарды және заң міндеттерін жузеге асыруға жәрдемдесу, сол сияқты құқықтық нормалар бұйыруларын жузеге асырған кезде мемлекет тарапынан арнайы органдар арқылы заңдылықка бақылауды жузеге асыру.
Құқық колдану қызметінің келесі ерекшеліктері бар
–бұл билікті, арнайы заң кызметі, онын субъектілері тек мемлекеттік биліктің құзырлы субъектілері болуы мүмкін.
–субъектінің құқық колданушылық қызметі осы қызметті жузеге асыру бойынша міндетімен бірге болады.
–құқық қолданушылық қызмет әрқашан нақты істі, өмірлік жағдайды шешумен байланысты, яғни онын жекеше мінезі бар.
–барлық құқық қолданушылық кызмет тұра іс жургізушулук нысанда, қатан тиісті субъектілерге берліген өкілеттіліктер шенберінде жузеге асырылады.
Заңдылық қағидаты–бұл құқық қолданушылық қызмет барысында құқықтық қатынастар субъектілерінің заң талаптарына қатан және ауытқымай бағынуы.
Тағыда әлеуметтік әділділік, құқық қолданушылық қызмет негізділігінің, ақтаулылығы(қажеттілігінің) қағидаттары қолданылады.
3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
Құқықтық норманы талқылау – бұл норманың нақты мазмұнын түсіндірумен байланысты құзыретті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жекелеген азаматтардың қызметі. Талқылау барысында норманы қолданудың талабы, құқықтық қатынастарға қатысушыларды құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық нормаларын бұзған үшін заңды жауапкершіліктің шаралары анықталады.
Талқылау құқық қорғау, атқару органдар қызметінде прокуратура, сот органдары қызметінде құқық нормаларын толық және жан-жақты іске асыруын қамтамасыз етеді. Осы арқылы талқылау құқықтық нормаларды бірыңғай түсінуге және барлық аумақта құқық нормаларын бірыңғай қолдануды, қоғамдық өмірдің әр саласында. Заңдылықпен тұрақты құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Талқылаудың екі бағыты бар. Олар: түсіну және түсіндіру. Бұл екі бағыт бір-бірімен байланысты. Оның үстіне түсіну әрқашанда түсіндірудің алдында жүреді. Керісінше болмайды, бірақ әрқашан түсіндірумен ұмтаспайды. Ол нақты жағдайға байланысты.
Құқық нормасын түсіну бағытында субъектінің өзі үшін талқыланады. Бұндай талқылау ой үрдісі талқылаушының санасында болады, сыртқы көрінісі болмайды, өйткені нақты актіде жазылмайды. Бұндай талқылауды ресми талқылаушы (лауазымды тұлға) емес, сонымен қатар, қатардағы азаматтар береді. Ол барлығы үшін міндетті емес, норманың мәнін түсіну оның талаптарын дұрыс түсіну мен іске асыру үшін қажетті алғы шарт болып табылады.
Құқық нормасын түсіндіру бағытында тек ойлау үрдісі жүзеге асып қана қоймай, нақты заңи әрекет жасалады, нақты арнайы актілерде өз көрінісін табады, яғни құжатпен рәсімделеді. Оның үстіне ол барлық мүдделі тұлғалар үшін міндетті. Норманы түсіндіруді тек өкілетті орган не лауазымды тұлға жүзеге асырады.
Талқылаудың тиімділігі талқылаушының құқықтық санасының деңгейіне байланысты. Талқылаушының құқықтық санасын жоғары болса, құқық бұзушылық аз болады, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары қанағаттандырылады.
Талқылаудың субъектілері ретінде – азаматтар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар, ғылыми мекемелер, ғалымдар, тәжірибешілер болуы мүмкін. Бұндай қызметтің салдары да әр түрлі болуы мүмкін.
Талқылау субъектісі бойынша екіге бөлінеді: ресми және ресми емес.
Ресми талқылау – бұл өкілеттігі бар мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға беретін түсіндіруді айтамыз. Әдетте, ол арнайы актілерді құжаттамалық рәсімделеді және барлық азаматтарға міндетті болады. Белгілі бір салдарды туындатады. Бұндай талқылау субъектілерді талқыланып жатқан норманы бірдей түсінуге және оны дұрыс түсінуге бағыттайды.
Талқылаудың субъектілері ретінде – азаматтар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар, ғылыми мекемелер, ғалымдар, тәжірибешілер болуы мүмкін. Бұндай қызметтің салдары да әр түрлі болуы мүмкін.
Ресми емес талқылау – бұл жалпыға міндетті болмайтын құқық нормаларын мәнін талқылау. Оны кез-келген азамат, қоғамдық бірлестік береді. Ол ауызша немесе жазбаша болады. Оның ерекшелігі ол билікпен, мәжбірлеумен, жазамен байланысты емес.
Доктриналық талқылау – бұл ғалымның, ғылым өкілдерінің құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Оның құндылығы – аргументтелген, дәлелденген, негізделген. Оны арнайы ғылыми – зерттеу мекемелері, білікті заңгер – ғалымдар, тәжірибелі заңгер – практиктердің заңға түсініктемелерінде, ғылыми жұмыстарында, мақалаларында береді. Мысалы, қылмыстық, азаматтық кодекске түсініктеме.
№ 6 Тақырып. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
1.Нақты мысалдарда құқықты жузеге асырудын тусінігі және нысандары
Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.
Қорыта келе, “ “конституция” ұғымдары мемлекет пен қоғам санасына сіңіп, жыл санап нығайып келе жатқанын атап өткім келеді. Енді бұл категорияларды түсініп қана қоймай, оларды басшылыққа алуға қол жеткізуіміз керек. Қолға алынып жатқан шаралар сәттілікпен аяқталуы үшін олар терең әрі жан-жақты байыптауды қажетсінеді. Республика Президенті бірнеше рет қайталап өткендей, барлық мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам өкілдері, әрбір қазақстандық тізе қосып, еселі еңбек еткенде ғана алдымызға қойған биік мақсаттарға жететін боламыз.
2.Құқықты әртүрлі органдардың қызметінде қолдану
2.Құқықты әртүрлі органдардың қызметінде қолдану
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
1. Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие.
2.Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады.
3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.
4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы). Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі – бұл оған заң шығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді. ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс отырысында сайланатын, әр облыстан 2-деутат, республикалық дәрежедегі қалалар, ҚР астанасынан сайланатын депутаттар құрайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады. Парламенттің өкілеттік мерзіміне орай ҚР Президенті тарапынан 7 депутат тағайындалады. 30 жасқа толған, ҚР азаматтығын алғанына 5 жыл толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы 5 жылдан кем емес, ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрған азамат ҚР Сенат депутаты болып сайлана алады.
ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы.Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын, жалпы құзыреттерге ие коллегиалды орган болып есептеледі.
Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер, ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды. Үкімет мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді. ҚР-сы Үкіметі жаңа сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде және Президент ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз өкілеттілігін тоқтатады. ҚР-сы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Республика Президенті Парламенттің келісімімен ел Премьер-Министрін тағайындайды. Республика Президенті Премьер-Министрді Тағайындау мәселесінде Парламент екі ретте бас тартатын болса, ол Парламентті таратуға құқылы. Өз қызметіне тағайындалғаннан кейінгі бір ай мерзім ішінде Премьер-Министр Парламентке Үкімет бағдарламасы Туралы және бұрынғы үкімет бағдарламасы негізінде жұмыс істейтіндігі туралы өз жұмыс жоспарын ұсынады.
ҚР-ның Сот жүйесі, ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның Президентінің “Сот және судьялардың мәртебесі туралы” 1995 жылғы 20-желтоқсанындағы Жарлығына негізделген.
1. Аудандық (қалалық) Соттың судьясы болып, ҚР-ның азаматы, мінсіз бедел, әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 2 жыл жұмыс стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырып, әділет Министрлігінен рұқсат алған адам бола алады.
2. Жоғарғы тұрған сотқа судья болу үшін ҚР-ның азаматы, мінсіз бедел, әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 5 жылдан кем емес, сот органында 2 жыл және әділет басқармасында, прокуратурада, тергеу және анықтау бөлімінде, біліктілік емтиханын тапсырған Жоғарғы Сот Кеңесінің рұқсатын алған адам бола алады.
3. Әскери соттың судьясы болу үшін заңгер болумен қатар әскери қызметкер болуы керек.
Судьялардың құқықтық жағдайы:
ҚР-да Сот билігін жүзеге асыратын судьялар болып табылады. Барлық судьялардың құқықтық статусы тең болады, олар тек қана қызметіне байланысты ажыратылады.Сот әділдігін жүзеге асыру барысында соттар тек қана ҚР-ның Конституциясына бағынып тәуелсіз болады.
Мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Аталған органдар өздеріне бекітілген территориядағы барлық істерге жауапкершілікті.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құқықтық мәртебелері, құзыреттері, қызметтерін жүргізу тәртіптері ҚР-ның Констиуциясының 86,87,88-ші баптарында нақты көрсетілген. Аталған баптарға сәйкес облыс, аудан, қала (қала ішіндегі аудандар және аудандық маңыздағы қалалардан басқасы). Мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан жалпыға бірдей, тең әрі тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы 4-жыл мерзімге сайланады.
Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның біртұтас атқарушы органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай отырып, жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып, жергілікті жердегі Президент пен ҚР Үкіметінің өкілі болып табылады. Облыс әкімдері және республикалық дәрежедегі қалалар әкімдері Президент тарапынан тағайындалады. Президент өз кезінде оларды тағайындайды және қызметінен босата алады.
3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
Құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті іс-әрекет ережесі, ал құқықтық қатынас – құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас. Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді: а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады; ә) құқық нормасы – бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі; б) құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды; в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді; г) құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін анықтайды; д) құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау); е) құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа түседі, яғни, құқықтық қатынас–бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны. Доктриналық талқылау – бұл ғалымның, ғылым өкілдерінің құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Оның құндылығы – аргументтелген, дәлелденген, негізделген. Оны арнайы ғылыми – зерттеу мекемелері, білікті заңгер – ғалымдар, тәжірибелі заңгер – практиктердің заңға түсініктемелерінде, ғылыми жұмыстарында, мақалаларында береді. Мысалы, қылмыстық, азаматтық кодекске түсініктеме.
№ 7 Тақырып. Қазақстаң Республикасының әкімшілік құқығы
1.Әкімшілік жаза және онын түрлері
ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жаза – бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға) қолданылатын және ҚР ӘҚБтК осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалар әкімшілік бұлтартпау шараларымен өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты - жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта, әкімшілік бұлтартпау шаралары жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы, құқық бұзушылықты тоқтатуға және құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына сәйкес жауапкершілікке тарту мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары көбінесе әкімшілік жаза шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады.
ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жаза әкімшішілік құқық бұзушылық істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен, органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және әккімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді.
Әкімшілік жазалау жанға күйзеліс келтіру мен қадыр-касиетке нұқсан келтіруді максат етпейді. Әкімшілік жазалау жойқын сипатқа ие, өйткені әкімшілік құқық субъектілерін белгілі бір құқықтарынан айырады немесе заң арқылы анықталған айыппұлдық міндеттерді оларға жүктейді, мысалы, лицензиядан айыру және т.б. Әкімшілік жазалаудың төмендегідей түрлері бар:
ескерту жасау;
әкімшілік айыппұл салу;
әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;
жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
әкімшілік қамауға алу;
шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру
Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады. Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушы-лықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілікті тудырады. Әкімшілік жауапкершілік жасалынған әкімшілік кұқык бұзушылыққа деген мемлекеттің реакқиясы болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік — қылмыстық, тәртіптік және азаматтық-құкықтықпен қатар жауапкершіліктің бір түрі. Әкімшілік жауапкершіліктің мәні болып, әкімшілік кұқық бұзушылық жасағаны үшін құқық бұзушыға әкімшілік нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жаза түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Бұл шаралар мемлекеттік уәкілді органдармен тағайындалады. Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті мемлекеттік өкілді және аткарушы органдар айқындайды.
Еңбектік тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылады (ескерту, сөгіс, еңбек шарттын бұзу). Келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік пайда болады (зиянды өтеу т.б.). Қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік орнайды (бас бостандығынан айыру, қамауға алу және т.б.) Әкімшілік жауапкершілік мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасьшдағы негізгі нормативті құқықтық акт болып 2001 жылдың 30 қаңтарында кабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс табылады. Кодекс екі бөлімнен тұрады — Жалпы және Ерекше. Кодекстің Жалпы бөлімінде әкімшілік жауапкершілік институтының негізгі ережелері, ал Ерекше бөлімде — жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтардың топтастырылуы, оны жасағаны үшін жазасымен бірге көрсетілген.
Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.
Әкімшілік жазаны салу ережелері
Әкімшілік жазаларды салу ережелері ҚР ӘҚБтК 5 бөлімінде бекітілген. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын нормативті актілерде белгіленген шекетерде салынады.
Әкімшілік жаза салынуы мүмкін:
1) тиісті органдармен немесе лауазымды тұлғалармен олардың құзырлығы шегінде;
2) егерде кінәлі тұлғаның іс-әрекетінде әкімшілік теріс қылықтың құрамы болса;
3) егерде осы құрам ҚР ӘҚБтК немесе әкімшілік құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативті актілердің тиісті нормаларында бекітілген болса;
4) егерде осы баптың санкциясы жасалған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастыратын болса;
5) жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын, кінәлілік деңгейін, мүліктік жағдайын, сонымен қатар жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып салынады.
Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану (63 бап). Бір 2 немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке -жеке әкімшілік жаза қолданады. Егер адам бірнеше әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі бір жазалар қолданылған жағдайда , жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген 3 еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға лудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда — 30 тәуліктен, ал төтенше жағдайлар кезінде — 45 тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыппұлдар актілерде белгіленген міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының процентімен көрсетілген жағдайда, оларды бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салған кезде, айыппұл әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бөлек өндіріліп алынады.
Әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік залалды өтеу. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік залал келтірілсе, судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келе, дау болмағанда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы. Өзге уәкілетті органдар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік залалды өтеу, залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда , азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1 жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін — оны жасаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін, осы Кодексте көзделген жағдйларды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Жеке тұлға салық салу саласында әкімшілік сыбайлас жепқорлықпен әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес, ал заңды тұлға салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде адам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.
2.Әкімшілік жазаға тартудың рәсімдері
ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жаза – бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган қолданылатын және ҚР ӘҚБтК осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалар әкімшілік бұлтартпау шараларымен өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты - жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта, әкімшілік бұлтартпау шаралары жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы, құқық бұзушылықты тоқтатуға және құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына сәйкес жауапкершілікке тарту мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік құқық бұзушылықты істегені үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін: 1) ескерту; 2) әкімшілік айыппұл; 3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу; 4)арнайы құқықтан айыру; 5) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру немесе оның әрекет қызметтің қандайда бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару;
Бір 2 немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке -жеке әкімшілік жаза қолданады. Егер адам бірнеше әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі бір жазалар қолданылған жағдайда , жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген 3 еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға лудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда — 30 тәуліктен, ал төтенше жағдайлар кезінде — 45 тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыппұлдар актілерде белгіленген міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының процентімен көрсетілген жағдайда, оларды бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салған кезде, айыппұл әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бөлек өндіріліп алынады.
Әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік залалды өтеу. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік залал келтірілсе, судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келе, дау болмағанда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы. Өзге уәкілетті органдар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік залалды өтеу, залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда , азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1 жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін — оны жасаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін, осы Кодексте көзделген жағдйларды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Жеке тұлға салық салу саласында әкімшілік сыбайлас жепқорлықпен әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес, ал заңды тұлға салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде адам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.
3.ҚР-да атқару билігінің құрылуы
Мемлекеттік басқару- арнайы субъектілер –мемлекеттік басқару органдары жузеге асыратын атқару-өкімдік мінездегі қызмет. Мазмұны бойынша «атқару билігі» және «мемлекетттік басқару» деген арнайы сөздерді ажырату қиын. Атқару билігі органдарының функциялары мемлекеттік басқару функциялары да болып келетінің ескеру керек. Заңнама да осы тусініктер арасында айырмашылықты жургізбейді.
Атқару органдары атқару-өкімдік органдар, яғни мемлекеттік басқару органдары болып келе береді. Сондықтан мемлекеттік басқару бұл-онын шенберінде атқару билігі жузеге асырылатын қызмет.
Мемлекеттік қызмет келесі құқықтық қағидаттарға негізделген:
-мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін жузеге асырғанда және құқықтарды қамтамасыз еткенде ҚР Конституциясының және ҚР заңдарының өзге нормативтік-құқықтық актілерден көрі жоғары заңды куші болуы;
-адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы, оладын тікелей қолданылуы;
-мемлекеттік қызметшілердің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік билік жуйесінің біртұтастығын тану, сақтау және қорғау бойынша міндеті;
-мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және соттық болып бөлінуі
-азаматтардың олардын кабілеттері және кәсіби дайындығына қарай мемлекеттік қызметке тен жіберілуі;
-мемлекетік қызметшілер ушін жоғары туратың мемлекеттік органдар және басшылармен ҚР заңнамасына сәйкес олардын өкілеттіктері шенберінде қабылданған шешімдердің міндеттілігі;
-мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптардың бірлігі;
-мемлекеттік қызметшілердің кәсібилілігі және біліктілігі;
-мемлекеттік қызметті жузеге асыру кезіндегі жариялылық;
-мемлекеттік қызметшілердің дайындалатын және қабылданатын шешімдер ушін, олардын өздерінің қызметтік міндеттерін орындамау немесе тиісті орындамау ушін жауаптылығы;
-діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінгендігі;
-мемлекеттік органдарда мемлекетттік қызметшілер кадрларының тұрақтылығы.
№ 8 Тақырып. Тұрғың үй құқығы
1.Тұрғын үй құқығының тусінігі.
Тұрғын үй құқығы - тұрғын үйге деген құқықтың пайда болуы, жүзеге асуы, жойылуы айналасында туындайтын қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін құқық саласы. Тұрғын үй құқығы әр түрлі құқықтық актілерде бекітілген нормаларды жинақтап, бір актіге біріктірілген тұрғын үй заңы арқылы тұрғын үйді меншіктену, пайдалануға беру, жер учаскелеріне үй салу, т.б. қоғамдық қатынастарын реттейді. Тұрғын үй қоры - бул азаматтардың (жеке тұлғалардың) тұрақты тұруы үшін және уақытша тұруы үшін де (пайдалану сипатына орай) арналған барлық үй-жайлардың жиынтығы. Заңнамада тұрғын үй қорының мынадай анықтамасы берілген: «тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер». ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заң 1997 жылғы 16 сәуiрде қабылданды. Аталған заң алты бөлімнен, он жеті тараудан және жүз жиырма бір баптан тұрады. Тұрғын үй құқығының түсінігін кең мағынада түсіну үшін заңдағы мәліметтерге ой шалсақ. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды. Үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы. Азамат немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгіндегі тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды. Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi. Тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы. Тұрғын үйге меншiк құқығы тұрғын үй иесi тұрғын үйдi басқа адамның иелiгiне берген кезде, меншiк иесi қайтыс болған жағдайда не тұрғын үй жойылған (қираған) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2.ҚР тұрғын үй қоры және онын құқықтық режімі
3-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры мыналарды қамтиды:
1) жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер;
2) мемлекеттiк тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер.
2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.
3. Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етiп алуына, осы Заңда және басқа заң актiлерiнде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады.
4-бап. Тұрғын үйлердi пайдалану
1. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.
2. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс.
3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган растайды.
Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.
Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын жағдайда олардың алдын-ала жазбаша келiсiмi талап етiледi.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
5-бап. Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану
Үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн заңдарда тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы.
6-бап. Тұрғын үй қорын басқару
Тұрғын үй қорын басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.
7-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын
мемлекеттiк есепке алу
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады.
8-бап. Тұрғын үй дауларын шешу
1. Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi.
2. Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болады.
9-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң және
азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй
қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалар мен шетелдiктер, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.
Бiрiншiден, ол тұрғын үймен қамтамасыз етуде азаматтардың қажеттiлiктерiн жүзеге асыру ушiн тиiмдi заңды нысандарды жасауға көмектеседi. Екiншiден, ол тұрғын үй иелерi өздерiнiң соған деген құқықтарын жеткiлiктi шамада тәжiрибе жузiнде асыру мүмкiндiгiне ие болатын режимдi ќолдайды. Бұл орайда, түрғын үйдi иелену басқа да мулiктi иелену жузеге асырылатын нысандарда көрiнiс беретiндiгiн және мұнда тұрғын үйдiң ерекшелiгi ескерiлетiндiгiн тағы бiр рет атап өткiмiз келiп отыр. Бұл, нәтижесiнде тұрғын үйлерге қатысты туындайтын мулiктiк қатынастарға барлық ортақ азаматтық-құқықтық ережелердi ќолдануға мүмкiндiк бередi.
Заңнама жеке тұрғын үй құқықтық қатынастары ретiнде тұрғын үй қорын (тұрғын үй қоры жалпы алғанда азаматтыќ құқықтардың объектiсi болып табылмайды) пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастарды да ажыратады. Заңнамада тұрғын үй қорының мынадай анықтамасы берiлген: “тұрғын үй қоры– Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншiк нысандарындағы тұрғын үйлер”. Ол бiрнеше түрге бөлiнген. Ол өз кезегiнде тұрғын үйге меншiк құқығын жузеге асырумен және оларды пайдаланумен байланысты туындайтын жекелеген құқықтық қатынастардың құрылымы ушiн маңызды болып табылады (олар тұрғын үйдiң қай тұрғын үй қорына жататындығына байланысты әртүрлi болады).
Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорының құрамына жеке тұрғын үй қоры мен мемлекеттiк тұрғын үй қоры кiредi. Жеке тұрғын үй қоры мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығыы негiзiнде тиесiлi тұрғын үйлердi қамтиды. Мемлекеттiк тұрғын үй қорына меншiк құқығымен мемлекетке (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске) қарасты жєне жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер кiредi. Тұрғын үй зањнамасының мазмұнынан туындайтындай мемлекеттiк тұрғын үй қоры тұрақты тұру ушiн де, уақытша тұру ушiн де арналған тұрғын уй-жайларды қамтиды. Тұрғын уй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.
Сонымен, тұрғын үй қоры – бұл азаматтардың (жеке тұлғалардың) тұрақты тұруы ушiн және уақытша тұруы ушiн де (пайдалану сипатына орай) арналған барлыќ үй-жайлардың жиынтығы деуге болады.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жөнiндегi қатынастары жария құқықтық сипатқа ие. Олардың мазмұны мынада: мемлекет тұрғын үй қорының есебiн жургiзедi, тұрғын үй ќорына енгiзiлуi мүмкiн үй жайларға ќойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейдi, оны маќсатына сай пайдалануды және оның сақталуын қамтамасыз етудi бақылайды. Мемлекет құзiретiне, сондай-ақ, сол бiр немесе өзге үй-жайды тұрғын үй қорынан шығаруды санкциялау да кiредi. Тұрғын үй құқықтық ќатынастарының бұл тобы қалғандарын, тұрғын үйлердi тiкелей иелену мен пайдалануды шарттайтындарын жузеге асыру ушiн өте маңызды болып табылады.
Тұрғын үй мүқтаж азаматтарды есепке алу және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған деп танылатын топтарына және басқаларына тiк тұрғын үй қорының үйлерiнде тұрғын үй-жайларды беру бойынша құқықтық қатынастар дәл сондай қосымша маңығѓа және жария құқықтық сипатқа ие.
Жәке-құқықтық сипатқа ие тұрғын үй құқықтық қатынастары тұрғын үйлердi иелену мен пайдалану жөнiндегi меншiк құқығының және өзге де заттық құқықтардың туындауы мен тоқтатылуының сондай-ақ тұрғын уйлердi пайдалану бойынша мiндеттемелiк құқықтардың негiздерiмен байланысты. Бұл құқықтық қатынастардың мањыздылығы – олардың көмегiмен тұрғын үйлердi пайдалану тәжiрибе жузiнде іске асатындығында және сол бiр немесе өзге құқықтық қатынастар қатысушыларының өзара әрекеттестiгiнiң мәселелерi шешiлетiндiгiнде.
3.ҚР-да тұрғын үйге меншік құқығы
Тұрғын үйге меншік қүқығы, оның өзінше бөлек үй, үйдің бір бөлігі, пөтер немесе пөтердің бір бөлігі екеншіге қарамастан, өзінің туындау негіздері, өкілеттіктерінің мазмұны, тоқтау жөне қорғау жағынан жылжымайтын мүлікке меншік қүқығына жататын жалпы қүқықгық міндеттеулерімен толықтай қамтылады. Тұрғын үйдің белгілі бір өлеуметтік функцияларымен байланысты бірқатар ерекшелікгер ғана сақталады, олар да біртіндеп реттеліп келеді. Мысалы, Тұрғын үй заңы кабылданғанға дейін тұрғын үйде тұруға емес,белгілі бір мақсатқа пайдалануға тыйым салынды, ол меншік иесінің өкілетгігін ,шекгеді. Тұрғьн үй заңының 4-ші жөне 18-баптары меншік иесінің тұрғын үйді немесе оның бір бөлігінде тұруға емес,белгілі бір мақсатына пайдалануы үшін оған мемлекеттік оргаңдардың рүқсаты керек емес екендігін тікелей белгіледі.
Тұрғын үй заңының 12-бабы тұрғын үйге меншік қүқығының туындау негізін көздейді. Аталған баптардағы негіздердің көшпілігін меншік қүқығын жылжымайтын мүліктің басқа түрлерін иемденген жағдайда да қолдануға болады. Бірақ негіздердің кейбіреуі тек тұрғын үйге ғана меншік құқығын тудырады. Бәрінен бұрын бұл тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты; мұндай негіз жайында Заңның 13-бабында айтылған. Тұрғын үй заңының 18-бабына сөйкес тұрғын үйдің меншік иесінде, басқа жылжымайтын мүліктің меншік иесіндегідей, үйге немесе петерге билік ету өкілеттілігі болады. Меншік иесінің тұрғын үйге қүқығы тоқтаған жағдайда оның отбасы мүшелерінің ішіндегі кәмелетке толмаған балаларының мүддесі қосымша қорғауға алынған (13-баптың 3-тармағы, 30-баптың 2-тармағы).
№ 9 Тақырып. ҚР азаматтық құқығы (1 бөлім)
1.Қр азаматтық құқығында заңды тұлғалар институты
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:
Коммерциялық;
Коммерциялық емес.
Өз қызметінің мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Коммециялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
2.Қр кушінде болып келетін заңнамасы бойынша өкілдіктің айырмашылықтары
(заңнама туралы басында кішкене айтып одан кейін өкілдікке көшесіндер, және өкілдік пен сенімхат бір-бірімен тығыз байланысты )
Заңнама, заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің негізгісі болып табылады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, әрі бір-біріне бағынышты бірегей жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны қабылдаған мемлекеттік басқару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның мәртебесіне қарай белгілі бір тармақтарға (жоғары билік органдары қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыларына, министрліктер мен идаралардың нормативтік актілеріне, т.б.), сондай-ақ, олар қоғамдағы қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, әкімшілік заңнамаға, т.б.) бөлінеді.
Заңнама жүйесінде мемлекеттің Конституциясы Негізгі Заң немесе Ата Заң болып табылады. Ол жоғары заңи күшке ие: мемлекеттік органдардың бүкіл заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде және соған сәйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын қамтиды. Олар мемлекеттегі қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге арналғанына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:
Заңнама түрлерінің бірі – ол азаматтық заңнама
Азаматтық заңнама – әр түрлі заң күші бар құқықтық-нормативтік актілердің жиынтығы. Азаматтық заңнама жүйесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, соған сәйкес қабылданған өзге де заңдарды, тең құқықты қатысушылардың ақша-тауар, мүліктік қатынастарын және мүлікпен байланысты өзіндік беймүліктік қатынастарын, сондай-ақ, мүлікпен байланысы жоқ өзге де қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарын, Парламент қаулыларын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларын (заңнамалық актілерін) қамтиды. Азаматтық заңнаманың нормалары заңдарда, нормативтік-құқықтық актілерде, заңнан туындаған нормативтік актілерде және халықар. шарттарда (келісімдерде) тұжырымдалған. (Азаматтық кодекс заңнамаға байланысты бастан аяғына дейін айтылған ол өтек көп)
Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Өкілеттік қатынасында өкілеттілік субъектілері үш субъектіні ажыратады - өкілет беруші, өкіл және үшінші тұлға. Өкілет беруші түрінде азаматтық құқықтың кез келген субъектісі бола алады - заңды тұлға немесе азамат. Біріншіден, өкілдер толық әрекет қабілеттілікті иемденуі қажет. Екіншіден, заңды тұлғалар өкілдік қызметтерін өз мойнына ала алады. Үшіншіден, заң кейбір субъектілердің өкілдік қызметтерді орындау қатынасында бірқатар тыйым салуларды құрайды. Азаматтық құқықтың кез келген субъектісі үшінші тұлға бола алады.
Өкілеттікте құқықтық байланыстар күрделі құрылымды иемденіп, келесі үш түрлі қатынастан жасалады:1) өкілет беруші мен өкіл арасында; 2) өкіл мен үшінші тұлға арасында; 3) өкілет беруші мен үшінші тұлға арасында.
Өкілеттіктің оған ұқсас құқықтық қатынастардан айырмашылығы. Өкіл өкілет беруші атынан әрекет жасаса да; мәміле және басқа да заңдық әрекет жасауда өз еркін білдіреді. Осы жағдаймен оның қабілетіне жоғары талаптар және мәміле жасау шынайылығының тікелей тәуелділігі байланысты. Өкілге қарағанда жіберушібір тұлға еркін (пікірін, ойын) екіншісіне өткізеді, бірақ өз еркін білдірмейді.
Өкілеттіктің туындау негіздемелері. Өкілде қажетті құқықтың туындауын заң өкіл жіберушінің еркімен, заңда аталған басқа да заңдық фактілермен байланыстырады. АК 163 бабына сәйкес, өкіл құқығы сенімхатқа, әкімшілік актіге немесе заңға негізделеді. Өкіл құқығының көлемі мен сипаты, оларды жүзеге асыру шарттары заңдық фактілер негізінде жатыр. Сәйкесінше өкілеттіктің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді: а) әкімшілік актіге негізделген өкілеттік; б) заңға негізделген өкілеттік; в) келісімге негізделген өкілеттік.
Әкімшілік актіге негізделген өкілеттік. Мұнда өкіл әкімшілік басқару күшімен өкіл жіберуші атынан әрекет етуге міндетті. Заңды тұлға органы өкілеттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты әрекетке жұмысшы тағайындау туралы жарлық шығарғанда орын алады. Мысалы, соттағы өкіл, заңдық актілерді құрудағы, мәлімелер жасаудағы өкілдік, т.б.
Көптеген жағдайларда өкілдік қатынастар заңның тікелей жарлығы бойынша туындайды, өкілеттіктің мұндай түрі заңдық өкілеттік деп аталады. Мысалы, балалардың заңды өкілі болып олардың ата-аналары табылады. Бұл өкілеттік түрінің ерекшелігі: біріншіден, ол өкіл жіберушінің еркінен тәуелсіз туындайды, екіншіден, өкіл құқығы заңмен анықталған.
Келісімге негізделген өкілдік жоғарыдағы екі түрге қарағанда ерікті саналады. Ол яғни тек өкіл бейнесін емес, оның құқығын анықтайтын өкіл жіберушінің еркі бойынша туындайды. Заңдық әрекет жасау үшін сол өкілдің келісуі қажет. Кәсіпкерлік саласында коммерциялық өкілдік туындайды (АК 166б). Коммерциялық өкіл бір уақытта түрлі жақтардың өкілі бола алады. Ол екі жақта осы өкілдікпен келіскенде немесе тікелей заңмен қарастырылған жағдайда ғана жіберіледі. Үшінші тұлға алдына өкілеттік үшін әдетте өкілге сенімхат деп аталатын ерекше жазбаша құжат беріледі.
Қорыта келгенде, өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкіл және өкілдік алушы заңды тұлғалар да, азаматтар да бола алады.Заңды тұлғалар өзінің арнаулы құқық қабілеттілігі шеңберінде ғана өкілдік алушы бола алады. Жекелеген жағдайларда ол міндетті өз жалақысының немесе стипендиясының көлемінде 16 жастан асқан іске қабілетті азаматтар атқара алады. өзінің сипаты және мазмұны жағынан өкіл арқылы жасалмайтын мәмілелер де бар.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.
Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстанда сот өкілдігінің кешенді стратегиясын дәлме-дәл нақтылау мемлекеттік және қоғамдық институттардың алдында тұрған өзекті мәселе болып табылады. Осыған байланысты мемлекет басшысы өз кезегінде Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен саяси жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған елдегі ірі көлемдегі саяси реформаларды жалғастырудың қабылданған бағытын өзгертпейтінін тағы да атап өтті.
Сенімхаттың нысаны мен мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша анықталады.
Бір адамның (сеніп білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірілген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.
Сенімхат-бұл әрқашан бір жақты мәміле.
Сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе,ол үш жыл бойы; ал егер мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады
Азаматтық сотта азаматтар өз істерін не өзі не өкілдік арқылы жүзеге асыра алады. Сотта өкіл болып сотта іс жіргүзуге өкілеттігі сенімхат, заң, әкімшілі акті, немесе сот шешімі негізінде ресми түрде анықталған кез келген әрекет қабілеті бар тұлға бола алады.
Сотта тапсырма (кепіл) бойынша төмендегі тұлғалар өкіл бола алады:
1) Қорғаушы;
2) Заңды тұлға қызметкерлері;
3) Уәкілдігі бар кәсіби одақ – осы кәсіптік одақ құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын тұлғалардың, жұмысшылардың қызметкерлердің істері бойынша;
4) Сол ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға заңмен, ережемен құқық берілген уәкілетті ұйымдар;
5) Тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқық берілген уәкілетті органдар;
6) Басқа қатысушылардың уәкілеттігі бойынша қатысушы.
3.Меншік құқығынан өзге заттық құқықтар
Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.
Заттық құқық — нысаны зат болып табылатын субъективтік азаматтық құқық. Заттық құқықты иеленуші тұлға оны қандай да бір іс-әрекетке, басқа міндетті тұлғалардың жәрдеміне жүгінбей-ақ, өз бетінше дербес жүзеге асырады. “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі” бойынша, заттық құқықтарға мыналар жатады: меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, мүлікті басқару құқығы.
Мүлікке заттық құқық осы мүліктің меншіктенушісі болып табылмайтын тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Затқа меншік құқығының басқа тұлғаға көшуі осы мүлікке өзгедей заттық құқықтың тоқтатылуы үшін негіз болмайды. Заттық құқықтарға, заңдарда өзгеше көзделмесе немесе Заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Заттық құқық – абсолют құқық. Заттық құқық нақты міндетті адамдарға қарсы заңмен қорғалатын міндеттемелік құқықтан өзгеше түрде барлық және әрбір адамнан, яғни осы құқықты кез келген бұзушылардан қорғалады. Мұның мәнісі – нақты адамның заттық құқығына нұқсан келтіруден барша адам тежелуге міндетті, ал меншік иесінің өз кезегінде өзінің заттық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді тоқтатуды, бұзылған құқықты табиғи түрде қалпына келтіруді, яғни өзінің иелігінен шығып кеткен затын қайтарып беруді барлық және әрбір адамнан талап етуге құқығы бар.
Заттық құқықтар — бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына берyi. Заттай құқықтың иесі мүлікке деген құқығын басқа тұлғаның меншігіне өткен жағдайда да сақтап қалады. Бұларға: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және т.б. жатады.
Жерді пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мүлікті иелену меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуі және пайдалануы.
Шаруашылықты жүргізу құқығы — мемлекеттен алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етуді заң жүзінде жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.
Оралымды басқару құқығы — меншік иесі мен қазыналық кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған,және мемлекеттен мүлік алған мекеменің заттық құқығы.
Өзге де заттық құқықтар — сеніп тапсырылған басқару құқығы жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы жер асты байлығын иелену құқығы; кепіл.
№ 10 Тақырып. ҚР азаматтық құқығы (2 бөлім)
1.Меншік құқығын ауыстыруға бағытталған шарттар. Таппадық тағы карап көреміз
2.ҚР заңнамасы бойынша мұрагерлік ерекшеліктері
Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар. Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.
Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің нормалары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолданылды. Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды.
Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.
Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты. Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
Кез келген адамның өмірінде мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу қажеттілігінің туындайтыны әбден мүмкін жағдай. Біздің елімізде азаматтар артындағы дүниемүлкіне өсиет жазуға әдеттенбеген деуге болады. Сондықтан да болар бірге туған ағайындардың мұраға таласып, бір-бірімен араздасып жататын ыңғайсыз жағдайлар аз кездеспейді.
2.1 Заң бойынша мұрагерлік
Заң бойынша мұрагерлік көне рим жүйесіндегі XII кесте за4ына апарады. Заңда мұрагерліктің 3 кезеңі реттелінген. XII - ші кесте заңында I- ші кезектілерге мұра қалдырушының қоластында саналатын балалары, алдында қайтыс болғанбалаларының балалары, яғни немерелері кірген. Бұлар «қажетті мұрагерлер» деп есептелген. Егер «қажетті мұрагерлер» болмаған жағдайда мұраға өлген адамның агнаттық туыстары шақырылған. Ол мұраны қабылдамауға құқы болған, мұндай жағдайда мұра иесіз қалған мұра деп саналған, мұндай сәтте құқық ауылтырылмаған деп саналған. Егер мұра қалдырушының еш жақыны болмаса мұра III -ші кезектегі болып саналатын когнаттық туыстарына өткен. Тек IV- ші кезек ретінде ғана мұра қалдырушының жұбайына өткен. Бірақта бұның өзінде жесір әйеліне тиген.
Бізде өсиет бойынша мұрагерліктен гөрі заң бойынша мұрагерлік жиі кездеседі. Өйткені адамдар артындағы мүлкіне өсиет жазып қалдыруға дағдыланбағандықтан да өсиет жазуға үлгермейді. Ал кейбір адамдар үшін бұл белгілі бір шеңберден шығумен тең.
1060-бап. Жалпы ережелер
1. Заң бойынша мұрагерлер осы Кодекстiң 1061-1066-баптарында көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.
2. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.
Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
3. Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.
4. Осы Кодекстiң заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.
1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады.
1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бiр, ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi алады.
1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады.
1064-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң төртiншi кезегi
1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын төртiншi кезекте мұра қалдырушының алтыншы атаға дейiнгiлерiн қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дәрежесi неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дәрежедегi туыстарын мұрагерлiктен шеттетедi.
2. Туыстық дәрежесiнiң жақындығы ортақ ата-бабасынан туу саны негiзiнде анықталады. Әрбiр дүниеге келу бiр ата (бiр туыстық) дәрежесi деп аталады.
3. Мұрагерлiкке шақырылған төртiншi кезектегi мұрагерлер тең үлесте мұрагер болады.
1065-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бесiншi кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын бесiншi кезекте, егер мұра қалдырушымен бiр отбасында кемiнде он жыл бiрге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, (қарындастары), өгей әкесi мен өгей шешесi алады.
1066-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң алтыншы кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады.
3.Интеллектуалдық меншік объектілерінің түрлері
Күнделікті өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
• интеллектуалдық қызметтің туындылары;
• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;
• фирмалық атаулар;
• тауарлық белгілері және т. б.
Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.
Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.
Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры — Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейін Англияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны «досым» деп атағанда ағылшынша «френди» орнына «венди» сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады.
1929 жылы Барри өзінің «Питер Пэн» ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшінші тұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.
№ 11 Тақырып. ҚР енбек құқығы
1.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты жібермеді танертен жіберм
2.Енбекті қорғау
Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі.
Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне, жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-қүқықтық базаның жеткіліксіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына үлгермей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі - еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.
Өндірісте жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың, авариялардың, өрттің мүмкін болатын себептерін анықтау мен зерттеу, сонымен бірге оларды жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеу адамның еңбек етуге қалыпты және қауіпсіз шарттарды жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 5-тарауының 307-бабына сәйкес: « Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады» делінген. Яғни, . Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады екен.
Ал 308-бапқа сәйкес 1. еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен нормативтерді қамтуға тиіс. 2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Сонымен қатар ҚР Еңбек Кодексінде ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ жайында да толық сипатталған, соған қысқаша тоқталып кететін болсам.
Қызметкердің: 1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына; 2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге; 5) денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа; 9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
Қызметкер: 1) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; 3) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға; 5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.
Ал Жұмыс беруші: 1) қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға; 2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Жұмыс беруші:
1) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге; 4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
8) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға;
12) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға; 14) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.; (қыздар бұл тақырып туралы слишком кооп и мен тока кейбіреуін алдым, )
3.Енбек даулары және оларды шешу тәртібі
Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолдану, бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың орындалуы туралы алауыздықтар — еңбек даулары деп танылады.
Еңбек дауларын туғызатын жағдайлар әр түрлі. Бұл объективтік сипаттағы факторлар болуы мүмкін: нарықтық экономикаға көшуге, мемлекеттік меншікті жекешелендіруге, жекелегенкәсіпорындардағы өндірістің жағдайына және соған байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуына орай, республикада қалыптаскан әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан; меншік иесінің (жұмыс беруші) кәсіпорындарда (ұйымда) ауысуы және басқалар.
Бұл субъективтік сипаттағы себептер: өндірістің ұйымдастырылуын, қызметкерлердің бірлесе еңбек ету мүддесін камтамасыз ететін әкімшілік-басқару аппаратындағы адамдардың қателіктері, біліксіздігі; кәсіпорындардың басшы құрамының еңбек заңы саласындағы құқықтық даярлығының жеткіліксіздігі; жалдамалы қызметкерлердің де құқықтық санасы онша жоғары бола бермей, өздерінің еңбек құқықтары мен міндеттерін жетік білмейтін қызметкерлердің жұмыс берушіге негізсіз талаптар қоятындығы.
Еңбек дауларының жеке және ұжымдық, талап қоятын және талап қоймайтын түрлері болады. Жеке еңбек даулары өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру туралы жұмыс берушіге талап қоятын жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды.
Ұжымдық еңбек даулары (жанжалдары) еңбек ұжымдарының (бөлімшелер ұжымдарының), өкілетті қызметкерлердің, өкілді орган мен жұмыс берушінін; немесе басқарудың салалық (салааралық) органдарының арасында еңбек туралы қолданылып жүрген заңдарды колдану, қызметшілер үшін жаңа еңбек және тұрмыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туғызу немесе қазіргілерін өзгерту жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және оларда көзделген шарттарды орындау мәселелері жөнінде туындайды.
Талап қоятын еңбек даулары еңбек туралы заңды, ұжымдьық шарттар мен өзге де еңбек туралы келісімдерді қолдану жөніндегі алауыздықтарды шешуге байланысты болады. Бұл жағдайда дауласушы қызметкер өзінің бұзылған құқығын тану немесе оны қалпына келтіру туралы талап қояды. Талаптық сипаты бар еңбек даулары көбінесе жеке адамдардың даулары болып келеді. Талап қоймайтын сипаттағы еңбек даулары жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық еңбек даулары (жанжалдар) талап қоймаушылық сипатта болып келеді және айрықша тәртіппен қаралады (әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия). Ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдар) шешудің негізгі қағидаттары мыналар:
тараптардың тең құқықтылығы;
дауды қарау рәсімінің келістірушілік-серіктестік сипаты;
әлеуметтік-еңбек қатынастарын қарайтын комиссияда тараптар өкілдерінің тең құқықтылығы;
қабылданған шешімдердің дауласушы жақтар үшін міндеттілік сипаты;
кабылданған шағымдану жөніндегі кассациялық инстанцияның болмауы.
Еңбек дауларын шешуге жауапты ұйымдар
Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімі бойынша еңбек даулары жоғары органдарда қаралуы мүмкін.
ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңының 97-бабына сәйкес Е. д. тараптардың келісімі бойынша не сот үкімімен шешілуі мүмкін. Тараптардың келісімімен Е. д-ларын қарайтын орган — келісім комиссиясы құрылады. Ол арыз берушінің өтінішін үш күн ішінде қарап, арнайы шешім қабылдайды. Келісім комиссиясының арызданушы талабын қанағаттандыру жөніндегі шешімін қарсы тарап үш күн ішінде орындауға тиіс. Еңбек қарым-қатынастарынан туындайтын талаптармен сотқа шағымданған қызметкер мемлекет кірісіне сот шығындарын (мемл. баж бен іс қарауға байланысты төлемдер) төлеуден босатылады.
№ 12 Тақырып. ҚР қаржылық құқығы
1.Қаржылық құқық қазақстандық құқықтың бөлек саласы ретінде. Онын әкімшілік құқықпен қатысуы
12.1. Қаржылық құқық қазақстандық құқықтың бөлек саласы ретінде. Онын әкімшілік құқықпен қатысуы
Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық қатынастар пайда болуымен да артып отыр. Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты болғандықтан ҚР қаржылық құқығын құқықтың бөлек саласы ретінде қарастыруға болады.
Қаржылық құқық - бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.Ол біртекті қаржылық қатынастарға жататын жеке бағыттар бойынша: бюджеттік құқыққа, салықтық құқыққа, шаруашылықтық құқыққа межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыным тұрғысында жалпы ақшалай қатынастар ретінде баян етілуіне байланысты қаржылық кұқыққа сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банктік құқықты, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдер де кіріктіріледі.
Қаржылық құқықтың ең басты қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. Бірақ қаржылық қатынсһастарды құқықтық реттеуде бірінші кезекте ҚР Үкіметінің қаулылары жіне актілрі маңызды роль атқарады. Сонымен қатар Қарды министрлігінің, мемлекеттік табыс министрлігінің және кейбәр мәселелер бойынша ҚР Ұлттық банкінің актілері құқықтың реттеу тәжірибесінде қолданылады.
Қаржылық-құқықтық нормалардың императивтік сипаты болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол әкімшілік құқыққа ұқсас болып келеді. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржылық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржылық-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тиым салушылық және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржылық қатынастар қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.
қаржылық құқық дегеніміз мемлекеттің қаржылық кызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін кұкықтық нормалардың жиынтығы.
Қаржылық құкықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2 әдісі қолданылады:
1) Мемлекеттік — өктем, императивтік әдіс; 2) Каржылык — шартты, диспозитивтік әдіс;
Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық кұқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сипатталады:
1) Қаржылық құқтық қаынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;
2) қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның
мүддесін жүзеге асырудын нысаны болып саналады;
3) қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік — өктем сипатта болады;
4) қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субъектілеріне мемлекет пен оның уөкілетті органдары жатады;
5) қаржылық кұқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы қатынстардың материалдық мөнінен бөлектенбейтін, олардың субъектілерінің кызметтерінің нәтижесін айтамыз.
2.ҚР-дағы банк қызметінің қаржылық-құқықтық негіздері
Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi жүйеде қалыптасқан. Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады. Банк қызметінде осы жағдайлардың бәрін қадағалауды қажет етеді. Республикада банкілерді қадағалау ҚР банктік және басқа да заң нормаларымен реттеледі. Республикада банктердің қызметін бақылау мен қадағалау кешенді әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар ҚР банктік және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай-ақ банктердің ұйымдастыру және қаржылық - шаруашылық іс-әрекеттерін бақылап отыруға бағытталған.
44-бап. Банкiлердiң қызметiн тексеру
1. Банкiлердiң қызметiн тексерудi Ұлттық Банк дербес не басқа ұйымдарды қатыстыра отырып жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiне тексеру жүргiзу кезiнде банктердiң аффилиирлендiрiлген тұлғаларының қызметiн олардың банктер қызметiне ықпал ету дәрежесi мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
2. Уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша банкiлер, сондай-ақ олардың аффилиирлендiрiлген тұлғалары тексерушi органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал-сұрақ қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiн алуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi адамдарға беруге тыйым салынады.
4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған және банкiлiк не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
банкiлердiң қызметiн тексеру;
ертерек ден қою шараларын қолдану;
банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
№ 13 Тақырып. ҚР қылмыстық құқығы
1.Кәмелектке толмағандарға жаза тағайындау
Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатынын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кем тұсымыз дүние танымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымы жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік. Жастар қауымымен айналасып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан – жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім – тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жаңа жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай кезде де қылмыстың кейде азайып, кейде көбейіп тербеліп отырғандығы қоғамдағы әл – ауқат деңгейінің ахуалына байланысты, сондықтан да тарыдай шашылып жатқан тәлім – тәрбие жұмыстары мен патриоттық рухты бір бағытқа шоғырландыратындай қуатты идеологияны экономикалық әлеуметтік мәселелермен қатар дамытпайынша уақыт шабысынан артта қалып, тұйыққа тіреле беретініміз белгілі жағдай. Осындай орыны ойсырап көрініп тұрған осал буын күнделікті тіршілікте жол таппай дағдарыстан көптеген жасөспірімдердің кейде жансақтықпен,ал кейде ауыр қылмысқа ашықтан ашық баруына өзінді ықпалын тигізетін негізгі факторларға айналып келеді. ҚР ҚҚ аталған санаттағы тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін бекітіп, оны ерекше демографиялық топқа бөлуді жастық белгілерін анықтады. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, ол қылмыстың алдын алудың ең басты міндеттерінің бірі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, қоғамға қауіптілігін азайту, болашаққа жаңа көз ашу. Жалпы айтатын болсақ, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктің мақсаты қазіргі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, кәмелетке толмағандардың қылмысын азайту, ондай қылмыстың алдын алу, түсінігін беру болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлердің көңілін бірнеше себептерге байланысты алады. Ең бастысы жас уақытында қылмыс жасап отырған тұлғалар, кейінен, әдетте,т үзеуге келмейді және ересек, рецидивті қылмыстың негізгі резервін құрады. Кез келген қоғамның ерекше қамқорлығы пәні ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту, олардың ортасында пайда болатын маскүнемдік, есірткіқұмарлық, жезөкшелік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстармен күресу болып табылады. ҚР Конституциясының 27 бабына сәйкес мемлекетпен танылатын және қорғалатын маңызды құндылықтырдың бірі болып табылады. Алайда соңғы жылдары объективтік түрде келесіні мойындау қажет: кәмелетке толмағандарды адамгершіліктік, құқықтық және физикалық тәрбиелеу жеткілікті көңіл бөлінбейді, оған кейде ас қатыгездікпен олардың тарапынан жасалатын қылмыстық әрекеттердің санының өсуі куә болады. Кәмлетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресу көптеген ғалымдардың, зерттеушілірдің зерттеу пәні болып табылады. Бұл жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық жағдайлары, ерекшеліктері қарастырылып, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасасуға талпыныс бар. Кәмелетке толмағандар қылмыстылымен күресудің тиімді шараларын іздеу, анықтау мақсатында оның тарихи аспектісіне көңіл бөлінеді.
Кейбір ата-аналар балалары бірдеңе бүлдірсе, «Кәмелетке жасы толған жоқ, не істей қояр» деп, арқасын кеңге салып жайбарақат жүреді. Шынында, солай ма? Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы мән-жайлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің VI бөлімінде кеңінен қарастырылған. Аталған заңның 78-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде жасы 14-ке толған, бiрақ, 18-ге толмаған адамдар танылады, яғни, қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады. Жасалған қылмыстың санатына байланысты (аса ауыр, ауыр, орташа, кішігірім) қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкiн немесе оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Кәмелетке толмағандарға төмендегіше жаза түрлерi тағайындалады: айыппұл, белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру. Айыппұл түріндегі жаза кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл 10/500 (оннан бесжүз) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты айға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiнде тағайындалады.
2.Қылмыстық жауапкершілік және жазадан босату
Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:
бірінші рет қылмыс жасаса;
жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;
жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;
жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:
кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;
орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;
ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;
аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.
Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері
Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.
барлық жаза үшін мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.
жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.
сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.
Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз — сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.
Рақымшылық және кешірім жасау
Жауапкершіліктен және жазадан босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау.
Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі бір санатты кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету — бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді — шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.
Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.
Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деп, қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады.
3.Формалды және материалды құрамы бар қылмыстардың сипаттамасы
Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды – формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды – формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Қылмыс құрамы бұл белгілі бір қылмыстық әрекеттің белгілерін бекітуші нормативтік категория. Егер қылмыс, яғни оның жасалуы қылмыстық жауапкершіліктің фактілік негізгі болса, ол қылмыс құрамы оның заңдық негізі. Бұл екі негіз бір-бірімен тығыз байланысты және бүтін бір бірлікті құрайды: заңдық бекітілген қылмыс құрамынсыз қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс болып табылмайды, қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік жүзеге аспайды. Сонымен қатар тек қылмыс құрамының негізінде ғана қылмыстың сапалық дәрежесін анықтау процесі іске асады. Қылмыс құрамының негізгі және арнайы болып бөлінуі тек қана теориялық мәнге ие, ең бастысы қылмыстық–құқықты оқытқанда қолданылады. Практикада бұндай бөлу құқық қолданушының нақты қылмыс құрамымен жұмыс істейтіндіктен, оларға қылмыстық-құқықтық нормада көрсетілген белгілердің барлығы міндетті болғандықтан шартты сипатқа ие болады. Мысалы: ұрлықта біреудің мүлкін жасырын ұрлау әдісі міндетті белгі ретінде танылады. Қылмыс құрылымының жалпы түсінігі – қоғамға қауіпті әрекетінің қылмыс ретінде сипат алуы, оны қылмыс не қылмыс емес екенін тану немесе оны дұрыс
квалификациялауға қажетті элементтер жиынтығы. Осы жоғарыда қараған жағдайларды практика жүзінде қолданғандақылмыс құрамын жіктеудің маңызды зор, яғни қылмыс құрамын анықталған түрлнрге бөлеміз. Қылмыс құрамын жіктеудің негізіне жататындар: әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі – заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты, қылмыстың объективтік жағының жіктелуіне байланысты.
Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б) квалификациялық (ауырлатушы); в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.
Негізгі қылмыс құрамы – бұл белгілі бір әрекеттің негізгі, тұрақты белгілерінің жиынтығынан тұратын құрам. Толықтырушы белгілерді, яғни жасаған әрекеттің қоғамдық қауіптігінің дәрежесін көтеруші, төмендетуші белгілерін қарастырмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқының 96-бап 1-тармақшасында қарастырылған кісі өлтіру құрамы.
Заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты жай немесе күрделі болып бөлінеді.
Жай қылмыс құрамы – бұл құрам элементтерінің қиындық жоқ құрал. Онда ерікті қылмыс құрмайтын бір ғана әрекетті, тарауды не сатыны сипаттайды, яғни құрам элементтерінің барлығы тек бір-біреуден тұрады.
Қандайда болсын құрам элементтерінің қиындығы бар болса, ол күрделі қылмыс құрамы. Мысалы, қарақшылық (яғни бұнда меншікке және меншік иесіне зиян келеді); зорлау (бірнеше әрекеттермен: психикалық не физикалық күш көрсету арқылы, не тұлғаның дәрменсіз халін қолданып жыныстық әрекет жасау); кінәнің екі түрімен (адамның дене мүшелерін трансплантация үшін не басқа жағдайларға пайдалануға мәжбүрлеп көндіру салдарымен абайсызда кісі өліміне әкеп соқса).
Күрделі қылмыс құрамының әр түрлілігі альтернативті қылмыс құрамы деп аталады, онда қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің) бәрнеше нұсқалары көзделеді, олардың әрқайсысы өз алдына қылмыстық жауапкершілікке негіз бола алады, мысалы, заңдылық кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, заңсыз кәсіпкерлік, тұтынушыларды алдау.
Қылмыстың объективті жағының жіктелуі практикада маңызды орын алады. Сондықтан қылмыс құрамын объективтік жағына қарай үшке бөлеміз: материалды, формальды және келтелік.
Салдарлар қылмыстың аяқталуының қажетті белгісі шығатын құрал материалдық қылмыс құрамы деп аталады. Егер жасаған әрекеттен салдарлар пайда болмаса, онда ол қылмыс деп танылмайды (мысалы абайсыз әрекеттер) не қол сұғушылық не қылмысқа дайындық деп сараланады (көздеген салдарлар туғызуға бағытталған қасақаналық әрекеттер).
Формальды қылмыс құрамы – бұл қылмыстық заңмен қарастырылған әрекеттіжасау қылмыс аяқталды деп санауға жетерлік құрам. Бұл жерде салдарлар қылмыстық міндетті белгісіне жетпейді. Мысалы, мемлекеттік сатқындық, зорлау. Егер қоғамға қауіпті салдар тұтас болса, олар формальды құрам не квалификациялау белгілерінің қызметін атқарып, жаза тағайындау кезінде есепке алынады. Мысалы, зорлау салдарынан жәбірленуші венералогиялық аурулар жұқтырса.
Қылмыс құрамы – бұл өте өзекті, күрделі тақырып. Қылмыс құрамын қылмысты саралаудағы маңызы мен ерекшеліктеріне және оның жекелеген элементтеріне тоқтап өттім. Қылмыс құрамын анықтау қылмыскерге жаза тағайындау кезінде аса маңызға ие. Қылмыс құрамының әрбір элементін анықтау, оның дұрыстығына анық көз жеткізу әділ жазаның кепілі болып табылады. Кей жағдайларда осы қылмыс құрамын дұрыс анықтау салдарынан кінәсіз тұлғалардың темір торға түсіп жататындары бәрімізге мәлім. Әрине, қазіргі уақытта жоғарыда айтқан олқылықтар бірлі-жарым. Әсіресе тәуелсіздігімізді алғанға дейін қаншама жастарымыз теріс саясаттың құрбаны болып кетті. Бұл жерде менің меңзеп отырғаным – «Желтоқсан оқиғасы». Көптеген қазақ жастары 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасында» әділеттікке жете алмай, өмірімен қоштасты. Осы бәрі сол уақыттағы заң орындарының өз істеріне немқұрайдылы қарауынан деп ойлаймын.
Бақытымызға орай, Қазақстан Республикасы егемендігін тәуелсіздігін алып, конституциямен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп таныды.
Осыған байланысты кеш те болса «Желтоқсан оқиғасының» құрбандары қылмыс құрамының жоқтығына байланысты заң жүзінде анықталып шыққаны бәрімізге мәлім.
№ 14 Тақырып. ҚР отбасылық құқығы
1.Жұбайлардың ортақ меншігінің режимі
1.Жұбайлардың ортақ меншігінің режимі
«Неке және отбасы туралы» Заңда некеге отыратын тұлғалардың қалауы бойынша ерлі-зайыптылардың мүліктерінің келісім-шарттық режимін және осы тұлғалардың мүліктік жағда-йын анықтайтын неке шартын жасау көзделген. Неке шарты некені мемлекеттік тіркегенге дейін немесе неке кезінде кез-келген уақытта жасалуы мүмкін. Неке шарты жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариалды куәландыруды талап етеді. Неке шартымен ерлі-зайыптылардың неке уақытында жинаған мүліктерінің, заңмен тыйым салынбаған кез-келген құқықтық режимі көзделуі мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың некеге дейінгі әрқайсысына тиесілі болған мүліктері және неке кезінде әрқайсысының сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған мүліктері жұбайлардың әрқайсысының бөлек мүлкі болады. Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі емес, әрқайсысының жеке меншік құқына тиесілі мүліктері олардың бөлек мүліктері деп аталады. Некені тіркегенге дейін әрбір жұбайға тиесілі болған мүліктер жұбайлардың бөлек мүліктері деп танылады.
Ерлі-зайыптылар өздеріне тиесілі ортақ бірлескен меншікті өзара келісе отырып иеленеді, пайдаланады және билік етеді. Алайда, нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмлелерді жасау барысында осы мәмлені бір жұбайының жасауы үшін екінші жұбайдың келісімі нотариалдық тәртіппен куәландырылуы керек. Ерлі-
зайыптылардың ортақ бірлескен меншікті иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі құқықтары тең. Тіпті, ерлі-зайыптылардың біреуі үй шаруашылығымен және баланы күтіп-бағумен айналысып, тиісінше, өз бетінше ақшалай қаражат таппағанына қарамастан жұбайлар ортақ мүлікке қатысты тең құқылы болады.
Әрбір жұбайдың жеке пайдалануындағы бұйымдар (бағалы және құнды заттарды есептемегенде) неке уақытында және ортақ қаражаттар есебінен сатып алынғандығына қара-мастан оны пайдаланатын жұбайдың меншігі болып табылады. Мұндай заттарға, мысалы, киімдер, аяқ киім және тағы басқалары жатады. Бірақ, отбасында көлік құралы болған жағдайда және оны жұбайдың біреуі ғана жүргізетін-дігіне қарамастан көлік құралы және пайдаланудағы зат деп танылмайды.
Жұбайлардың бөлек меншігіне жататын мүліктің ортақ бірлескен меншікке айналуы да заңмен көзделген. Мұндай өзгеріс неке уақытында ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен жұбайлардың біреуіне тиесілі мүлікке оның сапасын өзгертетіндей, құнын көтеретіндей ақшалай салымдар жасалған жағдайда болады. Көбіне бұл ереже жылжымайтын мүлікке қатысты болады. Мысалы, пәтерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оның құны едәуір көтерілсе. Кейбір жағдайларда жылжитын мүлікке де қолданылады. Мысалы, жұбайлардың біреуінің бөлек меншігіндегі автокөлік апатқа ұшырап, жұбайлардың ортақ қаражаттары есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда, автокөлік жұбайлардың бірлескен меншігіне айналады. Жұбайлардың бөлек меншігіндегі заттың ортақ меншікке ауысуы мүліктің құнын едәуір көтерген жағдайда ғана іске асырылады. Сондықтан да ғимаратты немесе автокөлікті жөндеуге жұмсалған қаражат сол заттың құнының көтерілуіне ықпал етпейтін болса, ол зат ортақ меншікке өтпек. Заттың сапасын жақсартуға жұмсалған қаражаттың жеткілікті жұбайлардың арасында дау тудырған жағдайда, мәселені сот шешеді.
2.Некені жарамсыз деп танудың негіздері. Тәртібі және құқықтық салдары.
Некені жарамсыздығы туралы түсінік ҚР неке және отбасы туралы заңының бесінші тарауының жиырма төрт пен жиырма жетінші баптарында айқын айтылған. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді. Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға: 1) егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса, кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы, қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы. Некені жарамсыз деп танудың салдары: 1. Сот жарамсыз деп таныған неке, ерлі-зайыптылардың Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін туғызбайды. 2. Некесі жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлестік меншік туралы ережелерімен реттеледі. Ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады. 3. Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді. 4. Некені жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге тұру кезінде бейхабар болған жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші жұбайдан Заңға сәйкес асырауға қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал некені жарамсыз деп таныған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты Заңда белгіленген ережелерді қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.
№ 15 Тақырып. ҚР экологиялық құқығы
1.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу, экологиялық қатынастарды құқықтық реттеумен өз ара байланысы.
10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI
95-бап. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi
Мыналар: 1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру; 2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу; 3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу; 4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру; 5) қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері; 5-1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетiктері; 6) экологиялық сақтандыру; 7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады. Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
96-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар
1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады. 2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға: 1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған; 2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын; 3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн; 4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын; 4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған; 5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн; 6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын; 7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн; 8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн; 9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады. 3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн. 4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
97-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру: 1) бюджет қаражаты; 2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
98-бап. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
1. Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларда белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады. 2. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгiленедi. 3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгiлi бiр аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарларына енгiзiледi. 4. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, осы орган белгілеген тәртіппен келісуге жатады. 5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi. 6. Экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргiзiлуi мүмкiн, оларды өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Ескерту. 98-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
99-бап. Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
1. Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды. 2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.
100-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi. 2. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады. 3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 4. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен). 5. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды. Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
102-бап. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.
103-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру
Ескерту. 103-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
104-бап. Мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер бере алады.
105-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетiктерi
1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзiлуi мүмкiн. 2. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгiленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.
106-бап. Халықаралық деңгейде квоталар саудасы
Ескерту. 106-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
107-бап. Экологиялық сақтандыру
1. Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады. 2. Мiндеттi экологиялық сақтандыру Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағының қауiптi түрлерiн осы Кодекс және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 3. Ерiктi экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң еркiн бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.
11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
108-бап. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау тәртiбi
1. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерiн қалпына келтiру үшiн қажеттi шығындардың құндық көрiнiсi. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтiру фактiсi анықталған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қажеттi материалдарды жинау мен талдауды жүргiзедi және келтiрiлген залалға экономикалық бағалауды белгiлейдi. 3. Атмосфералық ауаны және су, жер ресурстарын белгiленген нормативтерден тыс ластаудан, сондай-ақ өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, оның iшiнде радиоактивтi қалдықтарды белгiленген нормативтерден тыс орналастырудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелергесәйкес тура немесе жанама әдiстермен айқындалады. Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
109-бап. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi
1. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi неғұрлым тиiмдi инженерлiк, ұйымдық-техникалық және технологиялық iс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтiруге, жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тiрi организмдердi сауықтыруға қажеттi нақты шығындарды анықтаудан тұрады. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары бiрiншi кезекте қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырады. Қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi тиiстi мiндеттемелер қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның нақты iс-шаралар және оларды жүргiзу мерзiмi көрсетiлген кепiлдiк хатында жазылады. 3. Залалдың салдарларын жою жөнiндегi шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады. 4. Залалды тура әдiспен экономикалық бағалау кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тәуелсiз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретiнде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлiк және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады. 5. Тәуелсiз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөнiндегi мiндет қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаға жүктеледi.
110-бап. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi
1. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсiн қолдану мүмкiн болмайтын жағдайларда қолданылады. 2. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi қоршаған ортаға әсер ету түрлерiне қарай залалды әрбiр ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады.
2.Экологиялық құқықтық бұзушылықтар ушін заңи жауапкершілік
Экологиялык құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялык кұкыктары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге коршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқықка қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл. Экологиялық жауапкершіліктің негізі экологиялық құқық бұзушылықты істеу болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылық – қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзу және қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтірудегі кінәлі, құқыққа қайшы әрекеттер. Кінәлі тұлғалар құқық бұзушылықтың түріне қарай қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылады. Экологиялық кұкық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет корғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді касакана жойғаны немесе бүддіргені үшін 14 жастан басталады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында “қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген. Тәртіптік жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мееме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар. Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген. ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде және ақшалай. Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды қалпына келтіру. Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады.