
- •Құқықтық мемлекет ерекшеліктері.
- •Қр конституциясы бойынша азамат және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары
- •3.Казіргі заман Қазақстандаңы азаматтық қоғам сипаттары.
- •2.Құқық құрылысы.
- •Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
- •Құқықтың казіргі заман салалары. Конституциялық құқық
- •2.Құқықтың материалды және іс жургізушілік салалары
- •Қр заңнамасының жуйесі. Нормативтік-құқықтық актілер заңды кушінің реті.
- •3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
- •1.Нақты мысалдарда құқықты жузеге асырудын тусінігі және нысандары
- •3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
- •1.Әкімшілік жаза және онын түрлері
- •2.Әкімшілік жазаға тартудың рәсімдері
- •1.Қр азаматтық құқығында заңды тұлғалар институты
- •2.Қр кушінде болып келетін заңнамасы бойынша өкілдіктің айырмашылықтары
- •2.1 Заң бойынша мұрагерлік
- •1.Кәмелектке толмағандарға жаза тағайындау
- •2.Қылмыстық жауапкершілік және жазадан босату
- •3.Формалды және материалды құрамы бар қылмыстардың сипаттамасы
- •Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б) квалификациялық (ауырлатушы); в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.
- •2.Некені жарамсыз деп танудың негіздері. Тәртібі және құқықтық салдары.
Құқықтың казіргі заман салалары. Конституциялық құқық
Құқық саласы бұл–қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті тобын өзіне тиесілі ерекше құқықтық реттеу әдісі арқылы реттейтін құқықтық нормалардын жиынтығы болып келетін құқықтық жуйенің бір бөлігі. Сонымен әрбір құқық саласы өзгелерден айрықша нысанасымен және құқықтық реттеу әдісімен ерекшеленеді.
Құқықтық реттеу нысанасы ретінде құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар тусініледі.
Құқықтық реттеу әдісі құқықтық нормалар бұйыруларын қамтамасыз етудің және орындаудың заң тәсілдері.
Конституциялық(мемлкеттік) құқық бұл–жария құқық аймағы. Конституциялық құқықтың басты міндеті– мемлекетті билікті жузеге асыруды ұйымдастыру және оны құқықтық заң шегімен шектеу.
Әкімшілік құқықта жария құқықка жатады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекеттек басқару аясында қалыптасатын қатынастарды, яғни билік және бағыну қатынастарын реттейді.
Құқық салалары және олардын институттары
Құқықтың тәуелді саласы–қоғамдық катынастардың салыстырмалы бөлек тобын өзіне тиесілі құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық саласының бөлігі.
Құқықтық институт бұл– қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті тобын реттейтің құқық саласының элементі.
Заңнаманы жуйелеу: тусінігі және түрлері
Заңнаманы жуйелеу–нормативтік–құқықтық актілерді тәртіптеу, оларды инкорпорация біртұтас жуйеге келтіру.
Инкорпорация–жуйелеу түрі, яғни, біріншіден, инкорпорацияланған нормативтік актілердің мазмұнына тиіспейтін және екіншіден, объективті болып келетін құқық салаларын ескерусіз іске асатын тәртіпке келтіру(алфавитттік, хронологиялық және нысаналық).
Кодификация–мемлекетттік билік нормашығарушылық органдарының белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу ушін арналған жана нормативтік құқықтық актіні реттеуге жасауға бағытталған қызметі.
Конституциялық құқық
Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.
Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
міндеттеу әдісі;
тыйым салу әдісі;
ерік беру әдісі;
мойындау әдісі.
Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).
Конституциялық құқық шенберінде мемлекеттік билікті ұйымдастыру және жузеге асыру бойынша қатынастар реттеледі. Конституциялық құқық барлық мемлекетпен байланысты қатынастарды емес, тек мемлекеттің өзі ұйымдастырылуының негізгі қағидаттарды, ен манызды субъектілер адам және қоғаммен арақатысу қағидаттарың реттейді.
Қандай да болсын өзге елде сияқты ҚР-дағы конституциялық құқық екі негізгі аймақтағы қатынастарды реттейді, олар:
-мемлекетті ұйымдастыру және жария құқық қызмет етуімен байланыстылар;
-жеке адамның құқықтық мәртебесімен және онын мемлекет, азаматтық қоғаммен қатысуымен байланыстылар.
Басқа құқықтық салалар сияқты конституциялық құқық реттелетін қоғамдық қатынастарғам әртүрлі құқықтық амалдар, құралдар және тәсілдер(бұйыру, рұқсат ету, тиым салу ж.б.) арқылы әсер етеді.
Конституциялық-құқықтық реттеу әдісі ушін басым көпшілікте императивтік нормалардың болуы сипатты. Мысалы, ешкімде бір қылмыс ушін екі рет сотталуы мүмкін емес.
Сонымен бірге конституциялық құқықтың кейбір диспозитивтік нормалары да бар. Мысалы ҚР Ұкіметінің қызметінен өз қалауы бойынша кету құқығы бар, отставка ҚР Президентімен қабылданады немесе қабылдаудан бас тартылады.
Сонымен, ҚР конституциялық құқығың қазақстандық құқығының жетекші, жуйе құраушы саласы ретінде бағалауға болады. Ол дегеніміз жеке адам, қоғамдық бірлестіктер және азаматтық қоғамның өзге институттарының, қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік және рұхани өмірінің, мемлекет ұйымдастырылуының және жария құқық қызмет етуінің негіздерін бекітетің және реттейтің құқықтық нормалардың жиынтығы. Конституциялық құқық ҚР бұкіл құқықтық жуйесінің негізінде болып келеді, осы құқықтық сала нормаларының негізінде мемлекет және қоғам әрекет етеді.
Қандай да болсын құқық саласының жуйесін бір немесе өзге саланы құрайтын институттарға(қос) институттарға, құқықтың тәуелді салаларына біріктірілген нормалар құрайды.
Шартты түрде ҚР конституциялық құқығы жуйесінде жалпы бөлікті және ерекше бөлікті бөліп шығаруға болады.
Жалпы ережелерге мыналар жатады: -ҚР Конституциясы және онын қасиеттері, ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адам конституциялық құқықтық мәртебесінің негіздері, ҚР унитарлық құрылысының негіздері.
ҚР-дағы биліктің конституциялық жуйесі өзіне келесі тәуелді салаларды және институттарды енгізеді:
-ҚР-дағы сайлау құқығың жіәне сайлау барысын; ел басы институтын, заңшығарушылық билік институтың және ҚР парламенттік құқығың, атқару билігі институттарың және ҚР Ұкіметінің институтың; сот жуйесінің ҚР-дағы сот билігі және прокуратура конституциялық негіздерін.
ҚР Конституциясының тусінігі және заңи қасиеттері.
Конституция жеке адам құқықтық мәртебесі, азаматтық қоғам институттарының және жария құқық қызмет етуі саласындағы негіздік қоғамдық қатынастарды бекітетің және реттейтің мемлекеттің ен жоғарғы заң куші бар мемлекеттің негізгі заңы.
Конституцияның мәнісі онын негізгі заңи қасиеттері арқылы көрініс табады, олар:
-конституцияның мемлкеттің негізгі заңы болуы;
-заңи үстемділігі;
-елдің бұкіл негізгі құқықтық жуйесі негізінің ролін атқару;