
- •Құқықтық мемлекет ерекшеліктері.
- •Қр конституциясы бойынша азамат және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары
- •3.Казіргі заман Қазақстандаңы азаматтық қоғам сипаттары.
- •2.Құқық құрылысы.
- •Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
- •Құқықтың казіргі заман салалары. Конституциялық құқық
- •2.Құқықтың материалды және іс жургізушілік салалары
- •Қр заңнамасының жуйесі. Нормативтік-құқықтық актілер заңды кушінің реті.
- •3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
- •1.Нақты мысалдарда құқықты жузеге асырудын тусінігі және нысандары
- •3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
- •1.Әкімшілік жаза және онын түрлері
- •2.Әкімшілік жазаға тартудың рәсімдері
- •1.Қр азаматтық құқығында заңды тұлғалар институты
- •2.Қр кушінде болып келетін заңнамасы бойынша өкілдіктің айырмашылықтары
- •2.1 Заң бойынша мұрагерлік
- •1.Кәмелектке толмағандарға жаза тағайындау
- •2.Қылмыстық жауапкершілік және жазадан босату
- •3.Формалды және материалды құрамы бар қылмыстардың сипаттамасы
- •Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б) квалификациялық (ауырлатушы); в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.
- •2.Некені жарамсыз деп танудың негіздері. Тәртібі және құқықтық салдары.
2.Құқық құрылысы.
Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы камтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен сипатталады, қоғамда жеке адамның еркіндігін және өркениетті тұрмысты қамтамасыз ету ушін қажет.
Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып екі топқа бөлінеді. Жалпы белгісіне оның әлеуметтік-тарихи табиғаты жатады, яғни құқық нақты бір қоғамдық қатынастардың жиынтығы.Құқықтың ерекше белгілері: 1). еріктілік сипаты; 2). жалпыға міндеттілігі; 3). Нормативтілігі- құқықтың көлемін бекіту; 4). мемлекетпен байланысы- құқықты тек мемлекет белгілеп, анықтайды; 5). формальды анықталғандығы- құқық нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі, яғни фориальдіанықталады.; 6). Жүйелілігі- бір бірімен тұтас байланысты мінез құлық ережелерінен тұрады..
Негізінен, құқық жуйесі- құқық салаларынан, құқық институттарынан және құқықытық нормалардан құралатын кұрделі заң ұғымы.
Құқық саласы бұл–қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті тобын өзіне тиесілі ерекше құқықтық реттеу әдісі арқылы реттейтін құқықтық нормалардын жиынтығы болып келетін құқықтық жуйенің бір бөлігі. Сонымен әрбір құқық саласы өзгелерден айрықша нысанасымен және құқықтық реттеу әдісімен ерекшеленеді.
Құқықтық институт бұл– қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті тобын реттейтің құқық саласының элементі.
Құқықтық норма-нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған,барлық тұлғаға қолданылатын жалпыға міндетті мінез құлық ережесі.
Субъективтік және объективтік құқық
«Объективтік құқық» деген арнайы сөз тіркес мемлекет белгілеген және қорғайтын жалпыға міндетті заң нормаларының жиынтығы ретінде қарастырылады, ал «субъективтік құқық» деген сөз тіркес нақты субъектке жататын құқықтарды сипаттайды(ҚРК 2 тарауы).
Субъективтік заң құқығы мынандай сипаттармен мінезделеді:
- Бұл құқық субъектісінің объективтік құқық нормасы белгілеген шекте құқықтарын дербес жузеге асыру мүмкіншілігі;
-Субъективтік құқықка заң қатынасының шегінде басқа тұлғаның белгілі бір іс әрекет жасау бойынша заң міндеті сай келеді;
Сот төрелігіне немесе өзге құзырлы органға жугіну жолымен өз құқығын қорғау мүмкіншілігі(ҚРК 13 бап).
Объективтік құқық құқықтық қатынастардын барлық субъектілеріне арналған, бірақ бірде бір субъектіне тәуелді болмайды.
ЖЕКЕ және ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ
Жеке құқықка мемлекеттік емес қызметті реттейтін құқықтық нормалар жатады. Олармен реттелетін қатынастар азаматтар араларындағы муліктік, отбасылық,авторлық құқықтық қатынастар, қоғамдық ұйымдар, кооперативтік ұйымдар, өзге бірлестіктермен қатынастар, яғни оларда жеке мүдде көрініс табатын қатынастар. Жеке–құқықтық қатынастар: –құқықтық қатынас тараптарының тендігімен; –құқықтық қатынас тараптарының салыстырмалы бостандылығымен және дербестілігімен; –өз ара субъективтік құқықтармен және міндеттермен сипатталады. Жеке құқықтық қатынастардың заң және сот алдында тен және бір бірі алдында ешқандай артықшылықка ие емес. Жеке құқықта «тиым салынбағанның барлығы рұқсат етілген» деген қағидат іске асады. Азаматтық құқық бұл–жеке құқық аймағы.
Жария құқық бұл – жария–құқықтық саладағы мемлекеттік қызметті реттейтін құқықтық нормалар. Онымен реттелетін қатынастарда мемлекеттік мүдде көрініс табады Жария құқық саласында «тиым салынбағанның барлығы рұқсат етілген» деген емес «құқық соған жол беретін ғана рұқсат етілген» деген қағидат іске асуы тиіс.Оған мыналар жатады:
Конституциялық(мемлкеттік) құқық бұл–жария құқық аймағы. Конституциялық құқықтың басты міндеті– мемлекетті билікті жузеге асыруды ұйымдастыру және оны құқықтық заң шегімен шектеу. Әкімшілік құқықта жария құқықка жатады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекеттек басқару аясында қалыптасатын қатынастарды, яғни билік және бағыну қатынастарын реттейді. Қылмыстық құқық бұл жария құқық аймағы. Қылмыстық құқық қылмыс жасаумен және қылмыстық жаза шараларын пайдаланумен байланысты қатынастарды реттейді. Іс жургізушілік құқық–жария құқық аймағы.
Материалдық және іс жургізушілік құқық
Материалдық құқық нормаларының құқықтық реттеу нысанасы болып коғам өмірінің материалдық жағдайларымен байланысты қоғамдық катынастар келеді, ал іс жургізушілік құқық нормалары материалдық құқық нормаларын жузеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Материалдық құқықка конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық жатады, ал іс жургізушілік құқық азаматтық іс жургізуге және қылмыстық іс жургізуге бөлінеді. Қылмыстық іс жургізу құқығының нысанасы болып анықтау, тергеу және сот органдарының қылмыстық істерді қозғау, тергеу және қарау бойынша қызметімен байланысты қатынастар келеді. Азаматтық іс жургізу құқығы азаматтық істерді қарау саласындағы қатынастарды реттейді.
Құқықтық реттеу әдісі
Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз — біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жузеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
имперактивті (тегеуірінді түрде) — тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
диспозитивті —рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болады:
көтермелейтін— құрметтеуге лайықты іс-өрекет үшін марапаттау әдісі;
ұсынылатын— мемлекет пен коғам үшін лайыкты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі
3.Құқықтық қатынастардың өзге әлеуметтік қатынастардан айырмашылығы жібермеді өзім танертен жазып жіберем
№ 3 Тақырып. Құқық нормалары. Құқықтық сана сезім және құқықтық мәдениет
1.Құқықтық норма бөлек элементтерінің сипаттамасы. жібермеді
2.Құқықтық сана–сезім түрлері.
3.2. Құқықтық сана сезім түрлері
Адам баласы басқа тіршілік иелерінен өзінің ақыл санасымен ерекшеленеді. Сана сезім адамдардың арасындағы қарым-қатынасты ақылға сыйымды етуге әсер етеді, яғни адамдардың арасында қоғамдық қатынастар орын алады. Сана арқылы қалыптасқан қатынастар қоғамдық сананы қалыптастырады. Қоғамдығ сананың бірнеше формалары бар: мораль, ғылым, өнер, дін, құқық. Осының ішінде құқықтық санаға тоқталар болсақ. Құқықтық сана – құқықтық құбылыстар мен үрдістерді ұғына отырып, олардың өзгеруін бейнелейді. Яғни қоғамда өмір сүріп отырған адам сол қоғамдағы құқықтың маңызын ұғынып, зерделей келе оған мойынұсынып бағыну немесе жоққа шығару туралы шешім шығарады. Сондықтан да құқықтық сана қоғамның дамуы үшін қажетті объективті нәрселерді анықтауға көмектеседі. Құқықтық сана - адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың екі деңгейі бар:
1) практикалық құқықтық сана - адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер.
Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашу-ыза.
Құқықтық дағдылар - адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды өтеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді.
Құқықтық әдеттер - құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі.
Құқықтық білімдер - құқық саласы бойынша субъектінің түсініктерінің, пікірлерінің, бағлары мен ұстанымдарының жиынтығы.