
- •Құқықтық мемлекет ерекшеліктері.
- •Қр конституциясы бойынша азамат және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары
- •3.Казіргі заман Қазақстандаңы азаматтық қоғам сипаттары.
- •2.Құқық құрылысы.
- •Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
- •Құқықтың казіргі заман салалары. Конституциялық құқық
- •2.Құқықтың материалды және іс жургізушілік салалары
- •Қр заңнамасының жуйесі. Нормативтік-құқықтық актілер заңды кушінің реті.
- •3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
- •1.Нақты мысалдарда құқықты жузеге асырудын тусінігі және нысандары
- •3.Құқықтық нормаларды доктриналық талқылаудың ерекшеліктері
- •1.Әкімшілік жаза және онын түрлері
- •2.Әкімшілік жазаға тартудың рәсімдері
- •1.Қр азаматтық құқығында заңды тұлғалар институты
- •2.Қр кушінде болып келетін заңнамасы бойынша өкілдіктің айырмашылықтары
- •2.1 Заң бойынша мұрагерлік
- •1.Кәмелектке толмағандарға жаза тағайындау
- •2.Қылмыстық жауапкершілік және жазадан босату
- •3.Формалды және материалды құрамы бар қылмыстардың сипаттамасы
- •Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б) квалификациялық (ауырлатушы); в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.
- •2.Некені жарамсыз деп танудың негіздері. Тәртібі және құқықтық салдары.
Қр конституциясы бойынша азамат және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары
Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:
олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;
объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;
туғанынан беріледі;
табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;
тікелей әрекетті болып табылады;
ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;
құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;
жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;
оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.
Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.
3.Казіргі заман Қазақстандаңы азаматтық қоғам сипаттары.
Қазақстандағы азаматтық қоғам жөнінде өзінің үлесін қосқан Н.Ә.Назарбаев еңбектері болып табылады. Теория жағынан және дамуын біздің елден бір топ зерттеушілерімен белсенді түрде үлес қосуда. Атап кететін болсақ, олардың қатарына Абишенің К.А., Аяғановтың Б.Г., Байдильдинов А.А., Жусупованың А.Д., Нұрмағамбетов А.А., Бельгибаев С.Т., Шомановтың А.Ж т.с.с. өте көп зерттеушілер осы мәселемен айналысып ат салысуда.
Ал мәселенің яғни азаматтық қоғамның ежелде қарастырып кететін антикалық қоғамда қалай болды деген сұраққа жауап берсек. Онда антикалық түсінікте мемлекет, республика, азаматтық қоғам деген түсініктер синоним ретінде ішінара байланысқан терминдерден құралған болатын.
Ол «polis» және «politca»ежелгі гректерде, ал ежелгі римдіктерпде «res publica» және «society civitas» деп атаған. Полис деген сөзден мағынасына келетін болсақ ол «қала, мемлекет» деген түсінік берді, тура солай ол термин «азаматтық қоғам» (қауым) деген түсінігімен жақын болып келеді.
Аристотель түсінігі бойынша мемлекет және азаматық қоғамды былай түсіндіреді «Всякое государства предоставляет своего рода общение, всякое же общение организуется ради какого-либо блага больше других и к высшему из всех благ стремиться то общение, которое являеться наиболее важным из всех и обнимает собой все остальные общения, это общение и называеться государственным или политическим» (22).
Осындай азаматтық қоғам туралы түсінік, кең мүмкіндіктер қазіргі кезеңге даму концепциясын ашады. Қазақстандағы фундаменті байланыс жүйесі ретінде ұлттық стратегиядан көрініс табады. Ол ел басының «2030 жылдардағы Қазақстан даму стратегиясында» орын алған болатын.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу проблемасы ең біріншіден адам құқығы сақталып сипаты тұрғысынан демократиялық қоғамды орнату туралы мәселемен байланысты. Аталмыш мәселе модернизация идеясымен, яғни қазіргі заманға сай қоғамды орнатумен тікелей тоғысады. Осыған дәлел ретінде ел басының 18 ақпандағы халыққа жолдауынан көре аламыз. Оның аталған атынан Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында деп аталады. Онда ел басымыз мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бері қарай яғни қазіргі күнге дейінгі істелген жұмысын қорытындылап, қиыншылықтары мен жетістіктерін атап көрсетті. Сонда негізгі даму барысында ұстаған мақсатымыз жақсы тұру, бостандықты армандадық. Нәтижесінде болашағымыз жарқын болу үшін қажымай еңбек еттік. Ендігі 10 жылдық ішінде ұлттық теңгеміздің тұрақтануы, одан көріп отырғанымыздай экономикалық тұрақтануымызды білдіреді. Нарықтық реформаларды жүргізуде өз орнын нақты алған және де әлі күнге дейін жұмыс істеп жатқан құбылыстың бірі. Сонымен еліміздің барлық салаларын қамтыған жолдауында негізгі әлеуметтік топтың мәселесін, шешіп берді. Әлеуметтік топ дегеніміз оларға зейнеткерлер, студенттер мен мемлекет жұмысында істейтін жұмыскерлер жатады. Олардың зейнетақысы, стипендиясы мен жалақысы екi есе көтеріліп, жағдайлары біршама жақсарды деп айта аламыз. Тағы да ертеңгі елдің болашағы кәсіби білім алу мақсатын көздеген ел басы, биылғы, «Болашақ» стипендиясының санының 3000-ға дейін көтерді. Азаматтық қоғам институттарының дамуы туралы да айтылды. Ең бастысы елдің азаматтырының құқығының кепілдігі болатын сөз бостандығы, қоғамдық бірлестіктер мен саяси еріктіліктің дамуын атап көрсеткен. Адам құқығы мен азаматтардың құқықтары заңда белгіленгенімен кейбір кезде өз орнын таппай жүруде, яғни бір жағдайларда олар бұзылады осымен күресу үшін құқық қорғаушы органдары өз жұмысын белгілі істерде нақты атқару қажет деп түсіндіреді. Ең бастысы – сөз бостандығы демократиялық дамудың негізгі өзегі болып табылады. Сонымен құқыққорғаушы органдар сөз бостандығының бұзылмауын да қамтамасыз ету керек. Қорыта келгенде ел басының халыққа жолдауынан болашақта еліміздің дамуына қазіргі таңда барлық жағдайлар жасалған. Осыған дәлел атақты Ресей ғалымы, академик А.Аганбегян айтуы бойынша «екі ел – Қытай мен Қазақстан – қазіргі таңда, экономикалық даму жоғары қарқында» деп айтып кеткен. Ал бізге белгілі экономиканың мықты мен саяси тұрақты елде ғана ары қарай дамуы жүзеге асыратын үлкен құбылыс, азаматтық қоғамның да дамуына қолайлы жағдай туады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Кофи Аннанның айтуы бойынша «Бүкіл адамзат үшін жарқын болашаққа үміт беретін бірден бір жол, ол өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұнда барлық қоғамдық күш-жігерлер – мемлекеттер, жеке сектор, білім беретін және зерттеу мекемелері, барлық нысандағы азаматтық қоғам – нақты қол жететін мақсаттарға ұмтылу үшін өз күштерін біріктіреді» (26). Осыдан көріп отырғанымыздай мықты адамзаттық қоғам құру үшін қоғамның үш секторын яғни мемлекет, бизнес мен ҮЕҰ-да қажымай еңбек ету қажет болып табылады. Сонымен азаматтық қоғам ол өзі қиын әлеуметтік феномен белгілі өзінің жүйесі бар, және көптеген мыңжылдықтарда дамып келе жатқан құбылыс. Қазақстандағы азаматтық қоғамның құрылуы тікелей өркениетті дамушы елмен бейланысты. Негізінен адам дамудың басты субъектісі ретінде айқындалады. Ол демократиялық негізінде, адам құқықтарының шектелмеуінен тұратын процесс. Қазіргі таңдағы азаматтық қоғам деп бірнеше қағидадан тұратын кезеңді айқындап берген Бельгибаев С.Т. (27).
Индустриалды қоғам
Экономикалық қарым-қатынас ол қоғамдық нарықтық экономика жүйесі.
Саяси тұрғыдан – демократиялық жүйе.
Әлеуметтік құрылымда – қиын дефференциялды және стратификациялық жүйе.
Діни-идеологиялық жағына ашық қоғамның танылуы, толеранттық және гуманды қоғамның орнауы.
Осы 5 қағидасынан қазіргі таңда азаматтық қоғам тұрады деп айтып кеткен. Көптеген зерттеушілер пікірлерін сараптайтын болсақ, азаматтық қоғам 2 түсінікте қалыптасып жасалынған.
Жеке тұлға түсінігі.
Жеке меншік түсінігі.
Азаматтық қоғам құру процесі біздің елдің тәуелсіздік алғаннан басталады да, әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда азаматтық қоғам орнату тікелей ҮЕҰ-дармен байланысты екенін білеміз. Бізге ең керекті нәрсенің бірі ол қазіргі таңдағы жақандануға байланысты өзіміздің тұрақты даму стратегиямызда таңдап алуымыз қажет болып табылады. Еліміздің ерекше түрлі жақтары бар оның бірі көп ұлтты халқымыздан көруге болады. Қазақстанда діни жағдай да ерекше болып табылады. Сарапшылар зерттеуі бойынша 3000 діни ұйымдар бар олар 70 конфессияға жатады. Діни емес ұйымдар да ҮЕҰ-дарға жатады, бірақ та олардың ҮЕҰ-дардан айыра алатын айырмашылық бар. Ол діни ұйымдар белгілі бір идеологиялық тоталитаризм негізінде өзінің тағы да мысалы 2 конфессияда тұру рұқсат етілмеген жағдайлар бар. Ал ҮЕҰ-дар демократиялық негізінде жұмыс істеді. Осындай әр қилы қиын деп те айта алатын жағдайда Қазақстан барлық конфессиялармен өзара түсінушілік сипатта өмір сүруде. Ел басымыз халықтар ассамблеясының ІХ сессиясында, Евразиялық хартияның қабылдануы туралы ой білдіреді. Ол хартия конфессиялар арасындағы бейбітшілік және келісімге келшу туралы айтылады. Көпшілік оны қолдады, олардың ішінен көптеген діни ұйымдардың өкілдері де болды. Сонымен халқымыздың ілгері дамуы келешекте мықты азаматтық қоғамға айналатыны сөзсіз. Осыған байланысты көптеген зерттеушілер ұлттық рухты жоғары ұстап Қазақстанның дамуына «ұлттық идеяның» болуы қажет деп түсіндіреді. Бұл ойды айтушылар ішінен Ашимбаев М., Косиченко А., Нысанбаев А., Шоманов А. Сонда ғана болашақта жарқын ел ретінде өмір сүреміз (29). Келешекте әрбір азамат өзіне қолайлы өмір сүрі үшін бағытталған бұл шара маңызды болып табылады. Осы жоғарыда зерттеушiлер көптеген дамушы мемлекеттер тәжiрибесiн айта келе мақала соңында өз ұсыныстарын айтады. Оларды бiраз жүзеге асыру үшiн уақыт керек. Сонда ғана елiмiздiң тұрақты дамуы азаматтық қоғамға әсер ететiн қоғамның да бұл маңызды бөлшегi дамиды. Көптеген елдерде ол қалыптасқанмен әлi де даму үстiнде. Негiзгi фактор азамат екенiн ұмытпауымыз қажет. Ал азаматтардың яғни көпшiлiкке жақын тұратын ҮЕҰ-дар арқылы ол процесс жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде азаматтық қоғамның эволюциясы ежелден бастау алады, әр кезде даму процестерге байланысты ол әртүрлi формада болды. Қазiргi таңда азаматтық қоғам құру мәселесi көптеген мемлекеттер бастан кешiруде де Қазақстан артта қалмады. Нарықтық экономиканың дамуы, азаматтық қоғам мәселесi де айқындала түстi. Азаматтық қоғам бiзге белгiлi үш сектордан тұрады, олардың бiр-бiрiмен араласып қарым-қатынастың терең жүргiзiлуiнде мықты азаматтық қоғам құруға болады. Ол қоғам мемлекетiмiздiң әрбiр азаматы үшiн қажет.
№ 2 Тақырып. Құқық тусінігі. Құқықтық қатынастар
1.ҚР заңнамасы бойынша «құқық» ұғымының «заңнама» ұғымынынан айырмашылығы.
1.ҚР заңнамасы бойынша «құқық» ұғымының «заңнама» ұғымынынан айырмашылығы.
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік – жігері мен мүдделерін білдірді.Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.
Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері
1. ерікті сипаты;
2. жалпыға міндеттілігі;
3. нормативтілігі;
4. мемлекетпен байланысы;
5. формалды анықталғандығы;
6. жүйелілігі.
Заңнама елдін құқықтық жуйесінің онын дамуының әрбір кезенінде туындалатын сырттай қажетті нысаны(ҚРК 4 бап).
Мемлекет нағыз өз мағынасында-бұл табиғи құқықтырды, адамды қорғау ушін қызмет ететін және оны құрған халықтын қауіпсіздігін қатамасыз ете тура өзіде құқық негізінде әрекет ететтін саяси ұйым(ҚРК 12 бап).
Құқық еркін автономиялы тұлға, онын құқықтары мен бостандықтары, сол сияқты кіші халықтардын, елде өкілдері аз ұлттардын құқықтары мен бостандықтары, яғни адам қоғамындағы көп түрлілік танылған жағдайда ғана пайда болады. Сондықтан құқық бұл барлықка бірдей өлшем.
Құқық –бұл өркениет дамуына тәуелді пайда болатын еркіндіктің салыстырмалы түрде тен және әділ өлшемі. Сонымен қатар құқық іс-қылықты еркін тандау ушін жауапкершілікте. Әркімнің шексіз бостандығы анархия болмақ, онда ешкімде өз бостандығын пайдалана алмас еді.
Мемлекет оны ресми танитын және қорғайтын құқық – бұл позитивтік, заңнамалық құқық, онын табиги, жалпы әлеуметтік құқықтан айырмашылығы осында.