Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эссе юриспруденция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
484.35 Кб
Скачать

№ 1 Тақырып. Мемлекетің тусінігі және мәнісі. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

  1. Құқықтық мемлекет ерекшеліктері.

Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктерін талдауға дейін, алдымен “мемлекет деген не?” деген сұраққа жауап берейік. Ендеше мемлекет дегеніміз — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Ал құқықтық мемлекет ол— конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. Құқықтық мемлекет туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылған: «Қазақстан Респубикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметті мемлекет» (1б. 1-ші сөйлемі).

Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы.

Мемлекеттің барлық типтеріне тән ортақ белгілерімен қоса, құқықтық мемлекет өзіне тән өзгешеліктерімен ерекшеленеді.

Біріншіден, құқықтық мемлекетте адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі мен мызғымастығы толық сақталады. Бұл дегеніміз мемлекет адам мен жеке тұлғаның белгілі бір еркіндік шеңберін мойындап, ол аумаққа қол сұқпауға тырысады. Яғни мемлекет биліктің жасауына рұқсат берілмесе, оған биліктің араласуына тыйым салынады деген қағиданы ұстанады. Мысалы, хат алысу, телефонмен сөйлесу құпиялары, жүріп тұру, көшіп қону еркіндігі, жеке басына қол сұқпау т.б. адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет қол сұқпауы тиіс. Тек қана заңда белгіленген ерекше жағдайларда ғана аталған шаралар құқық аясына жүргізілуі мүмкін.

Екіншіден,адам мен адамзаттың құқықтары, бостандықтары, билік пен жеке адамның арақатынасы халықтың егемендігі мұратына негізделген. Халықтың егемендігі дегеніміз, халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылуында. Сондықтан мемлекеттің ең жоғарғы органдары мен лауазымдары, халықтың сайлау, дауыс беруі арқылы құрылады. Мысалы Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті депутаттары сияқты жоғарғы мемлекеттік лауазым мен органдар бүкілхалықтық сайлау барысында қалыптасады.

Үшіншіден, адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарыр қорғау мен қамтамасыз етудің құралы мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот билігі сияқты тармақтарға бөлініп атқарылуы. Егер мемлекеттік билік аталған тармақтарға бөлінбей бір орталықтанып кетсе не бір адамның, белгілі бір топтың қолына шоғырланған жағдайда адам мен адамзаттың құқықтары, бостандықтары шектеліп, нұқсан келтірілген болар еді.

Төртіншіден, мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі нығаяды. Жеке тұлға өзінің мемлекет алдындағы міндеттерін бұлжытпай орындаса, мемлекет те өз тарапынан адам мен адамзаттың құқықтары, бостандықтары бұзылмай сақталуын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, заңның дұрыс орындалуын, азаматтардың міндеттерінің атқарылуын қадағалайды, бақылайды. Осы аталған қарым қатынастар тек қана құқықтың, заңдардың шеңберінде, аяасында реттеліп отырады.

Сонымен құқықтық мемлекет дегеніміз адамның мемлекетпен және басқа адамдармен қарым қатынасы барысында құқықтық қорғалуына, бостандығына, әділдікке кепілдік берілуі арқылы мемлекеттің биліктік ықпалы шектелетін, мемлекет пен жеке адам арасындағы құқыққа негізделген байланыстың тәсілі.