Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арайка курсавой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
166.71 Кб
Скачать

3.2 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жақсарту

Ел экономикасы мен тіршілігіндегі темір жол көлігі саласының алатын орны ерекше екендігі дау туғызбайтын жағдай. Кіріс кезінің күре тамырларының бірі болып табылатын бұл салаға соңғы жылдардағы реформалау жұмыстарының әсер етуі уақыттың өзі талап етіп отырған құбылыс. Осы бағыттағы алда тұрған проблемалық мәселелер мен міндеттерді шешу тұрғысында біршама іс-әрекеттер жүргізіліп келді. Алайда, темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және пошта тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылар, темір жол көлігі ұйымдары, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жүк жөнелтушілер, алушылар қоғамдық қатынастарды бүгінгі уақыттың талабына сай іске асыруды қамтамасыз ететін арнайы заңның болмауынан қарама-қайшылықтарға ұрынып жатты.

Ел экономикасына қосатын үлесін өсіру және темір жол саласында тәртіпті нығайту бағытында темір жол көлігі саласында төменде аталатын мемлекеттік саясаттың қамтамасыз етілуі заңда қаралған:

1. Көлік рыногының барлық субъектілерінің темір жол көлігі қызметіне еркін қол жеткізуі;

2. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау;

3. Тасымалдардың барлық қатысушылары үшін құқықтық және экономикалық кепілдіктердің бірыңғай стандартын қолдану принциптерін негізге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттің тасымалдарға қажеттігін қанағаттандыру үшін жағдай жасау. Ал, темір жол көлігі саласындағы меемлекеттік саясаттың мақсаты болып мыналар табылады:

1) темір жол көлігінің магистралдық темір жол желісін дамыту;

2) тасымалдарды дамыту;

3) тасымалдарды қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Респбликасының заңдарына сәйкес темір жол көлігінде тариф, са-лық және кеден саясатын жүзеге асыру;

5) темір жол көлігінде еркін кәсіпкерлікке жағдай жасау және тасымалдаушылар мен темір жол көлігі ұйымдарының шаруашылық қызыметіне мемілекеттік органдардың эаңсыз араласуына жол бермеу;

6) бәсекелестікті дамыту,соның ішінде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестікті дамыту;

7) магистралдық темір жол желісінің бірыңғай мүліктік кешенін сақтау;

8) қоршаған ортаны қорғау;

9) темір жол көлігін жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;

10) темір жол көлігінің қажеттері үшін импортты алмастыратын өндірісті дамытуға жәрдемдесу.

Темір жол саласындағы реформаларды жүзеге асыру барысында экономикасы нарықтық жолмен дамыған көптеген елдердің іс тәжірбиелері назарға алынуы басты мәселе. Атап айтқанда, 80-ші жылдарға дейін дүние жүзінде темір жол көлігі нарықтық эканомикасы бар елдердің неғұрлым реттелетін салаларының бірі болып келеді [14].

Мемлекеттік реттеу арқылы қоғамдық тұтынудың тұжырымдамасы басым болды, ол темір жол көлігінің қаржылық жағдайының нашарлауына,негізгі құралдарының моральдық және табиғи тозуына әкеп соқты.

3.3 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму кезеңдері және жолдары

Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтiң қалыптасуы және оның дамуы негiзiнен елiмiздiң егемендiгiн алған жылдардан бастап бүгiнге дейiн жалғасуда. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың алғашқы реформаларға Кеңес Одағы экономикасының негiзi экономиканы орталықтан басқару жүйесiн ыдыратып, меншiктiк қатынастарды дамыту болып табылады. Оның алғашқы қадамы мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, яғни бұл кәсiпкерлiк ортаны қалыптастырудың алғашқы кезеңi едi.

Елiмiзде кәсiпорындар мен экономикалық құрылымдарды жаппай жекешелендiру 2002 жылға дейiн қарқынды түрде жүргiзiлдi. Ал одан кейiнгi кезеңдерде экономиканы реформалау тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн кәсiпкерлiк дамуына қолайлы орта жасау, отандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп саласындағы үлес салмағының артуына жағдай жасау, кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау, кәсiпкерлiк қызметте кластерлiк жүйенi дамыту сияқты басты мiндеттердi шешуде. Оның бiрден-бiр мысалы соңғы жылы қабылданған 2007-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясы мысал бола алады. Ол стратегияның негiзгi мақсаты отаныдық өндiрiстiң шикiзат бағытынан қол үзiп, экономикалық өсудiң тиiмдi жолы болып табылатын дамудың индустриялы сатысына өтiп, сервистiк-технологиялық қызметтi дамыту болып табылады. Ал мұны iске асырудың негiзi рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру екенi белгiлi. Сондай-ақ елiмiздегi кәсiпорындардың басым көпшiлiгi бүгiнде экономиканың сауда-саттық, делдалдық және автакөлiк жөндеу сияқты

Бүгiнде елiмiздегi қызмет етiп отырған жалпы кәсiпкерлiктiң қызмет ету формасына байланысты олардың құрылымын келесi кестеден және Қазақстан Республикасындағы жалпы кәсiпкерлiктiң барлық түрi бойыншағы үлесiн көре аламыз [15].

5- сурет – Қазақстан Республикасы бойынша жалпы кәсiпкерлiк үлесi

Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет дамуының бүгiнгi таңдағы жалпы мәселелерiне тоқталатын болсақ, оларды келесiдей етiп топтастыруға болады:

- Кәсiпкерлiктi қолдау инфоқұрылымның жеткiлiксiздiгi;

- Қолданылып жүрген заңдарды жергiлiктi деңгейде орындау тәртiбiнiң әлсiздiгi;

- Салық салу және салықтық тексеру жүйелерiнiң тым күрделiгi;

- Негiзгi қаражатты алуға және айналым қаржатын молықтыру үшiн кешендiк ресурстарға қол жеткiзудiң шектеулiгi;

- Экономикалық қаржы секторында жұмыс iстейтiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң iске қосылмаған, коммуналдық меншiктегi өндiрiстiк үй - жайларды сатып алу тәртiбiнiң күрделiлiгi және тым жоғары жалға алу ақысы;

- Кадрларды даярлау және кәсiпкерлiктi ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесiнiң жоқтығы;

- Кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк құрылымдармен өзара iс қимыл жасаудың ұйымдық проблемалары;

- Кәсiпкерлiктiң даму жолындағы әкiмшiлiк тосқауылдардың орын алуы;

- Кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан барлық жағынан қолдаудың әлi де қалыптасып болмауы;

- Кәсiпкерлiктi дамытуағы кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы;

- Рыноктық қатынастардың, кәсiпкерлiктiң, әсiресе шағын бизнестiң бәсекелес- тік қатынастың дамуына монополилардың кедергi болуы.

Ең жиi кездесетiн әкiмшiлiк тосқауылдардың бiрi кәсiпкерлiк қызметтi тiркеу және лицензиялау жүйесiнiң жетiлмегендiгi болып табылады. Осы мәселелердi шешудi аймақтық және жергiлiктi жерлерде қатаң түрде бақылауға алу керек [16].

Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы орта қалыптастыру бағыттарының бiрi болып кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы мемлекеттiк үкiмет орындарының актiлерiн iс-қимылдарын және әрекетсiздiгiнен туындаған әкiмшiлiк тосқауылдар ретiнде белгiленетiн кедергiлердi жою болып табылады. Осы кедергiлер көбiнесе жергiлiктi жердегi атқарушы үкiметтiң әрекетiне байланысты.