Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd osnovK pravo platonus. 2012-13. 2-polg.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
961.02 Кб
Скачать

Қорытынды:

Конституция біздің елімізде тәуелсіз алғаннан кейін екі рет қабылданды. Бірінші рет 1993 жылы 28 қаңтарда жоғарғы кеңесінің тоғызыншы сессиясында қабылданса, ал екінші рет 1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданды.

Конституция Қазақстан Республикасының Ата заңы болып келеді. Мұнда мемлекеттік органдарының қабылдайтын заңдары мен нормативтік актілері Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Мемлекеттік органның қандайы болса да, жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез-келген, лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы тиіс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанын, азаматтардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігін және олардың құқықтары бұзылған жағдайда заңмен қорғала ма осыларды білу үшін алдымен Конституцияны оқып білу керек. Лекцияның тақырыбына, олардың түсінігі мен маңыздылығына назар аудару қажет. Қазақстан социалистік қоғамнан нарықтық қоғамға өтіп жатыр. Осы кезеңге өту кезінде заңдар үлкен роль алады. Бұларды білу өте қажет, себебі адамның өміріне жеңілдік жасап оларға дұрыс бағыт береді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқулық. Алматы, 1998 ж.

  2. Г.С. Сапаргалиев «Основы государства и права». Учебное пособие. Жеті жарғы. Алматы, 1999г.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл, 30 тамыз.

IV. Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.

Мақсаты: Мемлекеттің нысанының түрлеріне қарай бөліп олардың бір-бірінен айырмашылықтарын анықтап және біздің мемлекетіміз қай басқару нысанына, қай құрылым нысанына және саяси режиміне жататындығын көрсету.

Жоспар:

  1. Мемлекет нысанының түсінігі.

  2. Мемлекеттің басқару нысанының түрлері.

  3. Мемлекеттің құрылымдық нысаны.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: монархия, конфедерация, тоталитария, федерация, республика, демократия, саяси режим.

Негізгі мазмұны:

Мемлекеттің мәні және тағайындалу түріне сәйкес мемлекет нысаны анықталады. Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Мемлекеттің нысаны үш элементтен сипаттайды: басқару нысаны, мемлекеттік құрылыс нысаны және саяси режим.

Басқару нысаны деп сол немесе басқа мемлекетте биліктің жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырылу ұғынылады.

Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі мәселелер ескеріледі:

  • мемлекетте қандай органдар және лауазымды тұлғалар жоғарғы билікті бейнелейді;

  • олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және олардың арасындағы өзара әрекеттестікке тежемелік пен тепе-теңдік механизмі қолданыла ма;

  • олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын басқару жөніндегі құзырет қалай бөлінеді;

  • жоғарғы биліктің төменгі тұрған органдармен халық үшін ашықтық дәрежесі қандай.

Басқару нысаны монархия және республика болып екі түрге бөлінеді: Монархия – жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі. Монархия екіге бөлінеді: шексіз (абсолюттік) және шектелген (конституциялық) монархия.

Шексіз (абсолюттік) монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, биліктің бәрі соның қолында. Абсолюттік монархияның негізгі белгісі монархтың құзыретін шектейтін белгілі бір мемлекеттік органның болмауы.

Шектелген (конституциялық) монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Конституциялық монархияның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік.

Парламенттік монархияда монархтың билігінің көрінісі тек символ ретінде болып келеді, заңды актілерді Парламент қабылдайды және формальды түрде монарх қолын қояды. Үкімет монархтың алдында емес Парламенттің алдында жауапты болып келеді.

Республика – мемлекеттің ең жоғары билік органдарын халық немесе бүкіл ұлт өкілдері белгілі бір мерзімге сайлайтын мемлекеттік басқарудың нысаны. Республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және парламенттік.

Президенттік республикада елдегі жоғарғы билік президенттің қолында болады. Ол Елбасы ретінде бүкіл халықтың тікелей дауыс беру (немесе) ерекше институт – референдум арқылы) негізінде сайланады. Биліктер бөлінісі жүйесінде ол билік тармағының бүкіл жүйесін үйлестіруші субъект болып табылады.

Парламенттік республика жоғары билік органдары жүйесіндегі түйінді орындардың бірін Парламент иемденеді, ол заңдар қабылдайды және жалпы мемлекеттік мәселелерді шешеді. (В.Н. Хропанюк авторының «Теория государства и права» атты оқулығын қараңыз).

Мемлекеттік құрылыс нысаны мемлекеттің аумақтық құрылымынан, мемлекет және оның құрамдас бөліктерімен ара қатынасынан көрінеді. Мемлекеттік құрылыс нысанына қарай: унитарлы, федеративтік, конфедерация болып келеді.

Унитарлық мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономды мемлекеттік құрылымдар жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік - аумақтық бөліністерден тұратын мемлекет.

Федеративтік мемлекеттер – бұл құрамына екі, үш және одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін одақтас мемлекеттер.

Конфедерация мемлекеті ол белгілі бір мақсаттар үшін (әскери, экономикалық, дипломатиялық, этникалық және т.б.) құрылған мемлекеттер одағы. Алайда, конфедерацияға біріге отырып, мемлекеттер – оның мүшелері ішкі және сыртқы істерді толық дербес және тәуелсіз мемлекеттер болып қалады, өзінің егмендігін жоймайды. Конфедерацияның құрылуына себепкер болған белгілі бір міндетті шешуге бағытталған бір немесе бірнеше орган олардың барлығы үшін ортақ болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]