Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd osnovK pravo platonus. 2012-13. 2-polg.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
961.02 Кб
Скачать

Құқықтық қатынастардың түрлері:

  1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтық жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық тағы басқа ;

  2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым - қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді;

  3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақтылық. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілір болғанда басталады. Мыс: сауда – сату шартты тағы басқа;

  4. Құқықтық қатынастардың субъектілердің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектіде тек міндеттер болады, мысалы: жеке меншіктің иесі, құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілердің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Қорытынды:

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл лекцияны игеріп алу үшін құқықтық норманың белгілері мен құрылымына, заңдардың баптарында құқық норманың орналасқанына назар аудару қажет. Бақылау жұмыс немесе тестік жұмыстарды алу арқылы құқықтық норманың түсінігі мен категорияларын анықтап білуге бағыт береді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.

  2. Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, 1999 ж.

  3. Н.Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана, 2001 ж.

ІІІ. Тақырып: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық негіздері.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысының тармақтарын ашып қарап, сонымен бірге билік тармақтарын бөліп олардың бір-бірімен байланысы мен құзыреттерін көрсету.

Жоспар:

  1. Конституциялық құқықтың түсінігі.

  2. Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет.

  3. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Сот және Сот төрелігі, жергілікті өкілді және атқарушы органдар.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: демократия, референдум, Конституция, декларация, зайырлы мемлекет, құқықтық мемлекет.

Негізгі мазмұны:

Конституция термині латын тіліннен сonstitutio – жарғы, заң деген сөзден шыққан. Конституция бұл біздің Ата заңымыз болып келеді.

1990жылы 25 қазанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Декларация қабылданды. Ал 1991жылы 16 желтоқсанда біз өз тәуелсіздігімізді алдық.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұнғыш Конституциясы қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танылады. Оның ең қымбат қазынасы адам және азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Демократия дегеніміз грек тілінен «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Бұндай мемлекетте билік ұжымдық органдармен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етеді, олар азаматтардың діни сезімдерін қанағаттандырады. Қандай дінге сенгісі келсе де, азаматтардың өз еркінде тіпті ешбір дінге сенбеуге де хақылы.

Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Әрине мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, тікелей көмекпен мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі себебі еңбекке қабілетсіз халжағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. (Г.С. Сапарғалиев «Основы государства и права Республики Казахстан» оқулығын қараңыз).

Қазақстан Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы, мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті қойды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесінің орнықтырылғаны туралы Конституциялық қағиданы бекітті. Конституцияның Президенттің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның көрсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады. Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі сияқты, халықаралық қатынастарда да Президент атынан бағаланады. Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғары лауазымы болып табылады. Президент жабық дауыс беру жолымен бес жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды және сайлау балама сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол берілмейді. (Президенттің мәртебесі мен құзыретін анықтап білу үшін Қазақстан Республикасының Конституцияның 40 бабын қараңыз).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана, емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркінін білдіреді. Парламент екі палатадан тұрады: Жоғарғы палата - Сенат, ал Төменгі палата - Мәжіліс. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға мүше бола алмайды. Конституцияның 50 бабына сәйкес Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутаты Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат барабар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдары басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады.

Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Премьер - минстрдің кандидатурасын Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді. Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны премьер-министр қызметіне бекітеді. Президент құрамына премьер-министр оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты

Премьер-министр тағайындалғаннан кейінгі он күндік мерзім ішінде Премьер-министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Республика Президентіне ант береді.

Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттілігін тоқтатады. Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез-келген мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы бар.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс - Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық кеңестің мүшелері болып табылады.

Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады.

(Конституциялық Кеңестің толық құзыретін және оның мүшелеріне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Конституциясында және Ғ.С. Сапарғалиевтің «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығында көруге болады).

Қазақстандағы соттар мен сот төрелігіне Республика Конституциясы сот билігінің мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын, оның белгіленуін, қалыптасу принциптері мен қызметін айқындайтын бөлім арнаған.

Сот билігі Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады. Ол республика атынан ешкімнің еркіне тәуелсіз және тек қана сот арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі азаматтардың олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың заңды мүдделерін қорғайды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын көздейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің бірыңғай сот жүйесін белгілейді, Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы соты және жергілікті соттары құрайды. (Қазақстан Республикасының сот жүйесін толық ашып білу үшін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын қараңыз).

Жергілікті жерлерде, әкімшілік – аумақтық бірліктерде мемлекеттік басқаруда жергілікті атқарушы органдар, облыс, аудан, қала, ауыл, село поселкі әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басқармалары, бөлімдері, комиссиялары үлкен роль атқарады. Конституция жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне кіретіндігін, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақтардың даму мүддей мен сұраныстарына үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ететіндігін белгіледі.

Облыстардың, республикалық дәрежедегі қалалардың және астананың, әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынысымен Президент тағайындайды. Өзге, әкімшілік – аумақтық бірліктердің әкімдерін соған қатысты – жоғары тұрған әкімдер қызметке тағайындап, қызметтен босатады.

Әкімдер Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылады. Республика Президенті өз қалауымен әкімдерді қызметінен босатуға құқылы. Облыс, республикалық дәрежедегі қала және астана әкімдерінің өкілеттігі республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен күнінен бастап тоқтатылады. (Ғ.С. Сапарғалиевтің «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығын қараңыз).

Жергілікті өкілді органдар-мәслихаттар тиісті әкімшілік аумақтық бөлі-ністегі халықтың еркінін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді еске-ре отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасы-рын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге халық сайлайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]