- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Астана 2012
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Экологиялық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы» кафедрасы
- •Силлабус Астана 2012
- •1. Силлабус
- •2. Пәнінің коды, аты және кредит саны:
- •4. Оқу пәнінің преквизиттері мен постреквезиттері:
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.3. Пәннің міндеттері:
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •2. Пән бойынша глоссарий
- •3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі і. Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- •Жоспар:
- •Мемлекеттің пайда болу даму себептері:
- •Құқықтың қайнар көздері:
- •Қорытынды.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Іі. Тақырып: Құқықтық норма және құқық-қатынысының түсінігі және құрылысы.
- •Жоспар:
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IV. Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
- •Жоспар:
- •Демократиялық басқару билігінің белгілері:
- •Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- •Қорытынды
- •Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
- •Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •VI. Тақырып: Еңбек құқығының негіздері
- •Жоспар:
- •Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
- •Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
- •Қорытынды:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Vіi. Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IX. Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •4. Негізгі және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •4.1 Оқулықтар, оқу құралдары
- •4.2 Әдістемелік нұсқаулықтар
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар және/ немесе тапсырмалар
- •5.1 Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар
- •7. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылау сұрақтары:
- •8.2 Қорытынды бақылау сұрақтары:
- •8.3 Тапсырма № 1.
- •Мемлекеттің пайда болу теорияларының атап көрсеткендердің
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теорясы
Мемлекеттің пайда болу даму себептері:
Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының
көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
Қалың бұқараның қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы
іс-әрекеттің әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
Құқықтың қайнар көздері-мемлекеттің ресми түрде бекітіліп белгіленген және санкцияланған құқық нормалары.
Құқықтың қайнар көздері:
1.Құқықтық әдет-ғұрып - адамдардың санасында болатын, ұдайы қолданудың барысында дағдыға айналған және құқықтық салдарға апарып соқтыратын, тарихи түрде қалыптасқан жүріс тұрыс ережесі.
2.Соттық прецедент-нақты іс бойынша қабылданған және кейінде осыған ұқсас істерді шешуде қолданылуы міндетті болатын сот немесе басқа қайсы-бір мемлекеттік органның шешімі.
3.Нормативтік құқықтық акт-биліктік құқық нормаларын белгілейтін, оларды өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік органның жазбаша актісі.
Қорытынды.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективті факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктер бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін – тарихи материалистік теория. Бәрі теория мемлекет және құқық тарихи туынды – қоғамның антоганистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді.
Әдістемелік нұсқаулар: Мемлекеттің пайда болуы теорияларын танып білгеннен кейін жалпы құқық теориясымен танысып өту керек. Заң ғылымы өткен дәуірде, қазіргі кезенде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдарын, әдіс тәсілдерінің зерттеуіне назар аударып ұғыну қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы,1999 ж.
В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.
Т.Т. Ағдарбеков «Құқық және мемлекет теориясы», Қарағанды, 2002 ж.
Іі. Тақырып: Құқықтық норма және құқық-қатынысының түсінігі және құрылысы.
Мақсаты: Құқықтық норманың мәні мен маңыздылығын айқындап, оны қоғамдық қатынастардың реттеуші құралы ретінде қарастыру. Құқықтық қатынастарды қоғамдық қатынастардың бір түрі ретінде көрсетіп оның түрлерін сипаттау.
Жоспар:
Құқық нормасының түсінігі түрлері.
Құқықтық-қатынас түсінігі және белгілері.
Құқытық қатынас түрлері және маңызы.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: гипотеза, диспозиция, санкция,құқықтық норма, құқықтық қатынас, абсолютті айқын санкция, салыстырмалы айқын санкция, альтернативтік санкция.
Негізгі мазмұны:
Құқықтық норма – мемлекетпен рұқсат етілген немесе белгіленген, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құрал реттінде шартты түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережелері.
Құқықтық норманың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Құқықтық нормалардың элементері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектінің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозицияның үш түрі болады:
а) жалпылама түрі – нормада субъектінің құқығы мен міндеттері айқын көрсетілмейді, мысалы жұмыссыздық туралы Заңда республикалық облыстық аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
ә) айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы қылмыстық кодексінің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
б) сілтеу түрі - диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Гипотезаның үш түрі бар:
а) егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы мен болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама - гипотеза деп аталады.
ә) егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, ондай гипотезаны - күрделі гипотеза деп аталады.
б) егерде норманың, іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса мұндай гипотезаны альтернативті гипотеза деп аталады.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі бар:
а) абсолютті айқын санкция - жұмыстан шығару, айып төлеу, қызметтен төмендету т.б.
ә) салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы жауапкершіік (қылмыстық кодекстік баптар)
б) альтернативтік санкция - санкцияның көрсеткен түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады.
Құқықтық норманың элементтерін ашып білу үшін В.Н. Хропанюк «Теория государства и права» оқулығын қараңыз.
Құқықтық қатынас дегеніміз мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқытық қатынастардың нышан белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтің актілерде қатынастын мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады;
Екінші – қатынастың субъектінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады;
Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды;
Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
