Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd osnovK pravo platonus. 2012-13. 2-polg.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
961.02 Кб
Скачать

3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі і. Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы

Мақсаты: Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын анықтап және құқықтың қайнар көздерін көрсету.

Жоспар:

  1. Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары.

  2. Мемлекеттің пайда болу, даму себептері.

  3. Құқықтың қайнар көздері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: теология, нормативтік құқықтық акт, күштеу теориясы, құқықтық дәстүр, сот прецеденті.

Негізгі мазмұны:

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде мақсатын орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теорияларын атап кетейік:

1. Теологиялық теория-бұл теория мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша,құдай адамдарды жаратты,оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді; осы теорияны ұстағандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті өкілдері (мемлекет билеушілері,дін қызметкерлері) арқылы да,тікелей де көрінеді.

2. Патриархалдық теория-бұл теория Антикалық дәуірде пайда болды. Мұнда отбасы басшысы-әке, ал мемлекет басшысы монарх болып келеді.

3. Органикалық теория- бұл теория мемлекеттің құрылымы, ал екінші жағынан –тірі организмнің (атап айтқанда адамның) арасындағы ұқсас байланысын байқап көруімізге болады. Адамның басы, денесі, қолы және тағы басқа мүшелері бар болатыны болса, және олардың әрқайсысының орындайтын түрлі функциялары болады. Сол сияқты мемлекеттің де белгілі бір мақсатқа жету үшін мемлекет арнайы құрылысын ұйымдастырып қызметін жүзеге асырады десек болады.

4. Қоғамдық келісім теориясы- бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факторы жатыр. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамдар өздерінің күнделікті тіршілігінде қалыпты жағдайы қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап, түрлі қол сұғылушықтан қорғану үшін қажетті билік өкілдіктерін беріп, мемлекетке бірігуді шешті.

Құқықтың теориялары:

1.Табиғи теория-адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды-деп түсіндірген. Цицерон – табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес-деген.

2.Тарихи теория-бұл теория адамдардың рухани сана-сезімінің даму процесінен өмірге келіп қалыптасады деп түсіндіреді. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесін қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген.

3.Реалистік теория-құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгертіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады –деп уағыздаған.

4.Әлеуметтік теория- құқықтық қатынасты, адамдардың құқықтық

тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]