- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Астана 2012
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Экологиялық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы» кафедрасы
- •Силлабус Астана 2012
- •1. Силлабус
- •2. Пәнінің коды, аты және кредит саны:
- •4. Оқу пәнінің преквизиттері мен постреквезиттері:
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.3. Пәннің міндеттері:
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •2. Пән бойынша глоссарий
- •3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі і. Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- •Жоспар:
- •Мемлекеттің пайда болу даму себептері:
- •Құқықтың қайнар көздері:
- •Қорытынды.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Іі. Тақырып: Құқықтық норма және құқық-қатынысының түсінігі және құрылысы.
- •Жоспар:
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IV. Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
- •Жоспар:
- •Демократиялық басқару билігінің белгілері:
- •Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- •Қорытынды
- •Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
- •Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •VI. Тақырып: Еңбек құқығының негіздері
- •Жоспар:
- •Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
- •Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
- •Қорытынды:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Vіi. Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IX. Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •4. Негізгі және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •4.1 Оқулықтар, оқу құралдары
- •4.2 Әдістемелік нұсқаулықтар
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар және/ немесе тапсырмалар
- •5.1 Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар
- •7. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылау сұрақтары:
- •8.2 Қорытынды бақылау сұрақтары:
- •8.3 Тапсырма № 1.
- •Мемлекеттің пайда болу теорияларының атап көрсеткендердің
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теорясы
7. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
Тақырып |
Талқыланатын сұрақтар |
Мақсат |
Сабақтың нысаны |
І. Мемлекет және құқықтың пайда болуы |
Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары. Мемлекеттің пайда болуы мен даму себептерінің маңызы. Құқықтың қайнар көздерінің бір-бірінен айырмашылығы. |
Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын жеке-жеке қарап оларға сипаттама беру. Құқықтық қайнар көздерінің сипаттамасын анықтап бір-бірінен ажыратып көрсету. |
Сабақ дисскусиялық әдісі ретінде жүргізіледі. Онда студенттерге аудиторияда қосымша сұрақтар қойылады. Әр бір студент өзінің тақырыбы бойынша ой пікірін айта алады. |
ІІ. Құқықтық норма және құқық қатынасының түсінігі және құрылысы. |
Құқықтық норманың түсінігі мен түрлері. Құқықтық қатынастың субъектілері мен оның белгілері. Құқықтық қатынастың маңызы және түрлері. |
Құқықтық норманың түсінігін ашып оның элементтерінің бір-бірінен айырмашылығы мен түрлерін сипаттау. Сонымен қатар құқық қатынасының маңызын ашып оның түрлерін анықтау. |
Студент доклад түрінде жазбаша реферат жазып оны семинар сабақ кезінде өзінің әріптестеріне бұл тақырыпты толық ашып көрсету керек. Студенттер яғни докладты айтып беріп жатқан студентке қосымша сұрақтар қойып отыруы керек. |
ІІІ.Конституция- лық құқық негіздері. |
Конституциялық құқықтың маңызы. Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде сипаттама беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарын анықтау. |
Қазақстан Республикасында Конституцияның маңызын ашып оның құрылысын анықтап және қандай мемлекет болып табылатындығын көрсетіп, қандай билік органдарынан тұратындығын анықтау. |
Студенттерден сабақ сұрап болғаннан кейін олардан жазбаша бақылау алынуы керек. Студент тек қана ауызша емес сонымен қатар жазбаша да жауап беруі тиіс. |
ІV. Әкімшілік құқық негіздері. |
Әкімшілік құқықтың пәні. Мемлекеттік басқару органдары. Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік, шаралардың түрлері және олардың қандай белгілерден тұрады. |
Әкімшілік құқықтың маңызын ашып және мемлекеттің басқару органдарын анықтап олардың бір-бірімен байланысы мен айырмашылықта-рын белгілеп және әкімшілік құқық бұзушылығының түсінігі мен жауапкершілігін анықтау. |
Студенттер семинар сабағында жауап беріп жатқан кезде тек қана біздің мемлекеттің әкімшілік құқық негіздерін ғана емес, сонымен қатар басқа елдер мен салыстырып оған жалпы сараптама жасап кетуі керек. |
V. Еңбек құқығының негіздері. |
Еңбек құқығының маңызы. Жеке еңбек және ұжымдық шартының жасалу тәртіптерінің ерекшеліктері. Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу тәртіптері. Жұмыс уақыты және демалыс уақытының ерекшеліктері. |
Біздің еліміздің еңбек құқығының алатын орнын анықтау және еңбек шарттарының белгілері мен маңыздылығын ашып және басқа елдерден айырмашылығын салыстырып сараптау. |
Сабақтың жүргізу әдісін практикалық тұрғыда өткізу. Студенттер сабақтың мәнін және маңыздылығын тек теориялық жүйеде емес сонымен қатар практикалық жүйеде де білуі керек. |
VІ. Азаматтық құқық негіздері. |
Азаматтық құқықтың маңызы мен жүйесі. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерді анықтау. Азаматтық құқық қабілеті мен әрекет қабілетілігінің айырмашылығы. Мәміленің түрлерін анықтау. Азаматтық құқықтың объектілерінің түсінігі. |
Азаматтық құқықтың түсінігін ашып оның жүйесіне сипаттама беріп және құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерін бөліп қарап оларды сипаттап кету. Азаматтық құқықтың объектілерін ашып қарау. |
Семинар сабағында тек қана студенттен сабақ сұрап қана қоймай, оның сабақтың қаншалықты түсінгенің анықтау үшін тестік тұрғыда жазбаша бақылау жүргізу керек. |
VІІ. Қылмыстық құқық негіздері. |
Қылмыстық құқықтың маңызы мен жүйесі. Қылмыс құрамы мен элементтері. Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және маңызыдылығы. |
Қылмыстық құқықтың жүйесін бөліп қарап және қылмыстың элементтері мен құрамының түрлерін белгілеп, Жазаның тағайындалу мақсаттарына сипаттама беріп кету керек. |
Семинар сабақ кезінде студенттен жазбаша немесе ауызша бақылау алынып олардың білімінің дәрежесін анықтап бағалануы керек. |
VІІІ. Отбасы құқығының негіздері. |
Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары. Некеге тұру және некені бұзу шарты және тәртіптері. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің жалпы сипаттамасы. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін сипаттау. |
Отбасы құқығының қағидаларының маңызын ашып және біздің елімізде некеге тұру немесе некені бұзу кезіндегі шарттарының ережелерінің сипаттамасын ашып анықтау. |
Студент семинар сабағында сабақты тек қана теориялық тұрғыда ғана айтып қоймай оларға мысал келтіріп немесе өзінің қосатын ой пікірлері бар болатын болса оны аудиторияда айтып көрсету |
ІХ. Қазақстан Республикасы-ның бюджет құқығы. |
Бюджет құқығының жүйесі. Қазақстан Республикасының бюджеттің құрылымы. Бюджеттің құқықтық реттелуі. |
Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің құрылымын ашып анықтап олар қандай заңмен реттеліп отыратынын көрсету. |
Студенттер семинар сабаққа белсенді қатысып отыру үшін олар сабақ жауап беріп жатқан студентке міндетті түрде сұрақтар қойып отыру керек. |
Х. Қазақстан Республикасы-ның салық құқығы. |
1) Салық құқығының түсінігі мен элементтері. 2) Қазақстан Республикасының салық жүйесі. 3) Салық қызметінің органдары. |
Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беріп сонымен қатар салықтың элементтерін анықтап оларды бір-бірінен ажырата білу. |
Студент семинар сабағында сабақтың мазмұнын тек қана берілген сұрақтар бойынша ғана шектеліп қоймай олардың жүйесінің маңыздылығын ашып білу керек |
ХІ. Қаржы құқығының түсінігі. |
Қаржы құқығының маңызы. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілер. Қаржылық құқық бұзушылық пен жауапкершіліктің мәнінің түсінігі. |
Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесін ашып олардың маңыздылығын ашу. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілерді бір-бірінен ажыратып олардың құзыреттерін белгілеу. |
Студент қосымша тапсырма ретінде бұл тақырып бойынша реферат жазып оны семинар сабағында айтып және студенттердің берген сұрақтарына жауап беруі керек. |
ХІІ. Мемлекеттің нысаны. |
Мемлекет нысанының мазмұны. Мемлекеттің басқару нысанының түрлері мен сипаттамасы. Мемлекеттің құрылымдық нысанының мазмұны мен түрлері. Мемлекеттің саяси басқару жүйесінің нысаны. |
Қазақстан Республикасының құрылымдық нысанын ашып қарап оларды жіктеп көрсету. Біздің еліміз қандай нысан белгілеріне жататындығын және қандай нысан белгілерінен тұратындығын анықтау. |
Сабақты жүргізу барысында тек қана біздің мемлекеттің нысанын айтып қана қоймай, сонымен қатар басқа елдерінің нысандарын көрсетіп салыстыру. Студентке қосымша сұрақтар қою арқылы оның жауабына баға беру. |
ХІІІ. Жер құқығы. |
Жер құқығының пәні. Жер құқығының қағидалары. Жерге меншік құқығын анықтап олардың түрлерін көрсету. |
Жер құқығының қағидаларын ашып олардың маңыздылығын көрсету. Жер құқығының субъектілерін көрсетіп олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. |
Сабақ тек қана ауызша түрде ғана емес сонымен қатар студенттен жазбаша бақылау алу арқылы жүргізіледі. |
ХІV. Банк құқығының негіздері. |
Банк құқығының түсінігі. Қазақстан Республикасының банк құқығының институттары. Банкілік қатынастардың ерекшеліктерінің сипаттамасы. |
Қазақстан Республикасында банк жүйесін анықтап көрсету және қандай институттардан тұратындығын бөліп анықтап белгілеу. |
Сабақтың жүргізу барысында студент бұл тақырыпқа жауап беру ғана емес, сонымен қатар өзінің қосатың ой пікірін айта алуы керек. |
ХV. Сақтандыру құқығының негіздері. |
Сақтандыру құқығына түсінік беру. Сақтандыру құқығының түрлерін көрсету. Сақтандыру құқығының субъектілері. Сақтандыру шарты. |
Біздің еліміздің сақтандыру түрлерін көрсету және сақтандыру құқығының субъектілерін анықтап белгілеу, сонымен қатар сақтандыру шартының жасалу тәртіптерің көрсету. |
Бұл тақырып бойынша студенттерден тек қана теориялық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар практикалық тұрғысындағы маңыздылығын ашып сұрақтар қою арқылы жүргізіледі. |
