- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Астана 2012
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Экологиялық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы» кафедрасы
- •Силлабус Астана 2012
- •1. Силлабус
- •2. Пәнінің коды, аты және кредит саны:
- •4. Оқу пәнінің преквизиттері мен постреквезиттері:
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.3. Пәннің міндеттері:
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •2. Пән бойынша глоссарий
- •3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі і. Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- •Жоспар:
- •Мемлекеттің пайда болу даму себептері:
- •Құқықтың қайнар көздері:
- •Қорытынды.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Іі. Тақырып: Құқықтық норма және құқық-қатынысының түсінігі және құрылысы.
- •Жоспар:
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IV. Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
- •Жоспар:
- •Демократиялық басқару билігінің белгілері:
- •Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- •Қорытынды
- •Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
- •Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •VI. Тақырып: Еңбек құқығының негіздері
- •Жоспар:
- •Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
- •Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
- •Қорытынды:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Vіi. Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IX. Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •4. Негізгі және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •4.1 Оқулықтар, оқу құралдары
- •4.2 Әдістемелік нұсқаулықтар
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар және/ немесе тапсырмалар
- •5.1 Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар
- •7. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылау сұрақтары:
- •8.2 Қорытынды бақылау сұрақтары:
- •8.3 Тапсырма № 1.
- •Мемлекеттің пайда болу теорияларының атап көрсеткендердің
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теорясы
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Сонымен қатар бұл пәнді әр-түрлі саладағы мамандарда тани білуі керек.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты терең ұғу үшін алдымен негізгі түсінігіне назар аударып олардың маңыздылығын анықтау қажет. Теориялық жағын білімді нығайту үшін қылмыстық құқық бойынша берілген практикум есептерді және тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды орындау кезінде және практикалық есептерді шығару барысында қылмыстық құқықтың түсінігінің маңыздылығы мен қылмыстық құқықтың міндеттерін меңгеріп алуына, қылмыстық заңдылықтарын оқуына, нормативтік актілерді дұрыс қолдануына, сонымен қатар негізгі нысандары мен құқық қорғау органдарының қызмет әдістерінің түсінуіне көмек береді. Есептерді шығару барысында және тапсырмаларды орындау кезінде дұрыс нормативтік актілерді қолданыңыз.
Қолданылған әдебиеттер:
А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық». Алматы, 2001ж.
Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан мемлекеті мен құқық негіздері». Алматы, 1998ж.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 1 қаңтар, 1997 жыл 16 шілде.
IX. Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
Мақсаты: Отбасы құқығының маңыздылығын ашып және жіктелуінің критерилігін анықтап отбасы құқығының қайнар көздерін көрсету.
Жоспар:
Отбасы құқығының түсінігі, қағидалары.
Некеге тұру шарты және тәртібі.
Некені бұзу шарты және тәртібі.
Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Ата-аналар өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттері.
Негізгі мазмұны:
Отбасы құқығы ерекше қоғамдық қатынастардың түрін реттейді. Бұған адамдардың арасындағы некеге тұру қатынасының байланысы, отбасын құру, балаларының туылуы мен тәрбиеленуі жатады.
Сонымен, отбасы құқығы – некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын өзіндік және соған байланысты туындайтын мүліктік қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жиынтығы. (М. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері»).
Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңдылықтары мынандай қағидаларға негізделген:
еркек пен әйелдің некелік одағының еркіндігі;
отбасында ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
отбасы ісіне басқа біреулердің орынсыз араласуына жол бермеу;
отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісімімен шешу;
балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп
жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсіз мүшелерінің
құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
Тек мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу (АХАТ) органдарында отырылған неке
ғана заңды деп танылады. Некеге отырған кезде отбасылық қатынастарда азаматтардың құқықтарын әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе діни нанымы белгілері бойынша кез-келген шектеуге тыйым салынады. Неке – құқықтық қатынастарда азаматтардың құқықтары тек заң негізінде және тек отбасы мүшелері және басқа азаматтардың денсаулығын, қадір-қасиетін, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қажетті көлемде ғана шектеледі.
Некеге отырудың шарттары: некеге отыратын еркек пен әйелдің екі жақты келісімі және олардың неке жасына толуы болып табылады. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жастан бастап белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда АХАТ органдары неке жасын екі жылға дейін төмендете алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендету тек некеге отырушылардың келісімен және ата-аналардың не қорғаншылардың келісімімен мүмкін болады.
Некеге отыруға мынадай жағдайларда жол берілмейді:
біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың арасында;
тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың
(ата-аналар мен балалар, атасы, әжесі және немерелерінің), аналары бір және ата-анасы бөлек, әкесі немесе анасы ортақ ағалы-сінілілер мен апалы-сіңілердің (аға-қарындастардың) арасында;
ұл (қыз) асырап алушылар мен сол асырап алынған ұл (қыз) арасында;
біреуін болса да сот психикалық ауру немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар арасында.
Некеге тұру тәртібі:
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік
азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.
Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал
актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін.
Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін
жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. (Неке және отбасы туралы Заңын 13 бабы).
Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлееттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.
АХАТ органдарында некені бұзу ортақ кәмелетке толмаған балалары және бір-біріне мүліктік және басқа да айып шағымдары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға деген екі жақты келісімімен жүргізіледі. Ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған балалардың болу болмауына қарамай, неке АХАТ органдарында ерлі-зайыптылардың бірінің өтініші бойынша, егер екінші адам:
сотпен хабарсыз кеткен деп танылса;
сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылса;
қылмыс жасағаны үшін үш жылдан артық мерзімге сотталса
бұзылады.
Басқа жағдайларда кәмелетке жасы толмаған балалар болған кезде, неке сот тәртібімен бұзылады, сондай-ақ сот тәртібі:
а) ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі болмаған жағдайда;
ә) егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылығы жоқтығына қарамастан, өзінің әрекетімен не әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарған болса;
б) ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген мүліктік арыз-шағымдары болса қолданылады.
Ерлі -зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы:
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі
ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер
атқарады.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты
жерді таңдауда ерікті
Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайптылар бірлесіп шешеді.
Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына , өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Ерлі-зайыптылар мүлігінің заңды режимі, егер некелік шартпен басқадай белгіленбесе, олардың ортақ бірлескен меншігі режимі болып табылады. Неке кезінде жиналған мүліктер олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлігін иелену, пайдалану және иелік ету ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімі бойынша жүзеге асырылады. (Неке және отбасы туралы Заңының 6 тарауын қараңыз).
Әрбір ерлі -зайыптының меншігі:
әрбір ерлі-зайыптыға некеге отырғанға дейін тиесілі болған мүлік;
неке кезінде ерлі-зайыптылар сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе басқа қайтарымсыз мәмілер бойынша алған мүліктер;
неке кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаржыларына алынған бағалы
заттар және басқа байлықтық мүліктерден басқа, жеке қолданыстағы заттар (киім, аяқ киім т.б.) болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін.
Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізеді.
Ата-аналар өз балаларына қатысты бірдей құқықтар мен міндеттерді орындайды. Олар өз балаларының денсаулығы үшін жағдай жасауға, оларды тәрбиелеуге құқылы және міндетті.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке
және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу
– ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Қорытынды:
Әрбір азамат кәмелет жасқа толғаннан кейін некеге тұруға яғни отбасын құруға, балалы болуға құқылы. Конституцияға сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Әдістемелік нұсқаулар
Лекцияны терең игеріп алу үшін алдымен негізгі түсінігіне назар аударып олардың маңыздылығын анықтау. Теориялық жағынан білімді нығайту үшін отбасы құқық бойынша берілген тапсырмаларды және практикум есептерін орындау қажет. Тапсырманы орындау және практикалық есептерді шығару арқылы отбасы құқығының түсінігін және заңдылықтарды дұрыс қолдануына көмек береді.
Қолданылған әдебиеттер:
М. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана 2001ж.
Г.С. Сапаргалиев «Основы государства и права». Алматы 1999г.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Неке және отбасы туралы Заңы, 1998 ж. 17 желтоқсан.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: суррогат ана, патронат, алимент, репродукциялық денсаулық.
Х. Тақырыбы: Жер құқығы
Мақсаты: Жер құқығының қағидаларын қарастырып және біздің елімізде жер меншігі қандай болып бөлінетінін айқындап сипаттама беру.
Жоспар:
Жер құқығының жүйесі, түсінігі, қайнар көздері.
Жер құқығының қағидалары.
Жерге меншік құқығы және олардың түрлері.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: жер қойнауы, жер иеленуі, жерге меншік, жерге билік ету құқығы, жер пайдалану құқығы.
Негізгі мазмұны:
Совет Социалистік Республикалар Одағы ыдырағаннан кейін Советтік Социалистік Қазақ Республикасы жойылып оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданды. Соның ішінде жерге байланысты заңдар күрт өзгеріп тәуелісіз мемлекетте жаңа жерге байланысты заңдар қабылдана бастады.
Жер құқығының пәні жер қатынастары болып келеді.
Жер құқығы құқық саласы ретінде, жер қатынастарын реттеу үшін мемлекет бекіткен нормаларының жиынтығы. (И.Г. Архипов «Земельное право Республики Казахстан» Алматы, 1999г).
Жер құқығы Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады (И.Г. Архипов авторының «Земельное право Республики Казахстан» оқулығын қараңыз).
Жер құқығының қайнар көздері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі.
Қазақстан Республикасының Президент Жарлықтары.
Қазақстан Республикасының Үкімет қаулылары.
Және басқа да жер қатынастарын реттейтін нормативтік актілері.
Жер құқығының қағидалары:
Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
Жерді ұтымды пайдалану;
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Жерді нысаналы пайдалану т.б. (Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» қараңыз).
Қазақстан Республикасында Жерге мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең дәрежеде қорғалады.
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. (Қазақстан Республикасының Конституциясы).
Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар.Мемлекеттік меншік құқығын іске асыру:жеке меншікке сатылуы немесе өтеусіз берілуі; өтемді немесе өтемсіз негізде тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі. Жеке меншік құқығын іске асыру: егерде Жер туралы Заңда және өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатын алмай-ақ, өз қалауы бойынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.
Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға құқылы. (Жер кодексін қараңыз)
Қорытынды:
Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінеді.
Әрбір азамат жерді пайдаланған кезде барлық нормаларды сақтап отыру керек. Заңда жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Сондықтан өз құқықтарын пайдалана біліп, міндеттерін орындай алуы керек.
Әдістемелік нұсқаулар:
Жер құқығын түсіну үшін оның түсінігіне, қағидаларына және маңыздылығына мән беру керек. Теориялық жағын білімді нығайту үшін жер құқығынан берілген тапсырмаларды орындап және есептерді шығару қажет. Тапсырмаларды орындау кезінде жер құқығының түсінігін және нормативтік актілерді, заңдылықтарды дұрыс қолдануға көмек береді.
Қолданылған әдебиеттер:
И.Г. Архипов «Земельное право Республики Казахстан».
Алматы, 1999г.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз.
Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» 2003ж. 20 маусым.
ХІ. Тақырып: Қаржы құқығының түсінігі
Мақсаты: Қаржы құқығының Қазақстан Республикасында құқық жүйесіндегі алар орны мен мәнін анықтау және бұл саладағы құқықтық қатынастардағы субъектілерге сипаттама беру. Қаржы саласындағы құқық бұзушылыққа оның түрлеріне түсінік беріп оған тағайындалатын заңды жазалардың түсінігі мен түрлерін анықтау.
Жоспар:
Қаржы құқық – құқық саласы ретінде.
Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері.
Қаржылық құқық бұзушылық және жауапкершілік.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: ақшалай қоры, құқықтық норма, заңды тұлғалар, қаржылық құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу, кінәлілігі.
Негізгі мазмұны:
Қаржылық құқықтың пәні мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қазіргі таңда қаржы құқығы жеке сала ретінде болып келеді. Қаржы құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институттары:
мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері;
ақша жүйесінің құқықтық негіздері;
мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару;
қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері;
қаржылық бақылауды құқықтық реттеу;
Қаржылық құқықтық ерекше бөлімінің институттары:
бюджет құқығы;
қаржылық – банктік құқық;
қаржылық – сақтандыру құқығы;
қаржылық – шаруашылық құқығы. (А.И. Худяков «Финансовое право РК»). Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері:
мемлекеттің біртұтас өзі;
әкімшілік – аумақтық құрылымдар;
мемлекеттің уәкілетті органдары;
жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
Қаржылық құқық бұзушылық – қаржылық қатынасқа қатысушылардың қаржылық заңдардың нормаларымен белгіленген және олардың орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген өз міндеттерін ойдағыдай атқармаулары түрінде көрініс тапқан құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік). Қаржылық құқық бұзушылықтың белгілері:
құқыққа қайшылығы;
кінәлілігі;
зардаптың болуы;
құқыққа қайшы әрекет пен соның нәтижесінде туындаған залал-зардаптардың арасындағы себептік байланыс. (Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану. Алматы 2002ж.).
Қаржылық құқық бұзушылығының түрлері:
мемлекет пен қоғамның материалдық мүдделеріне қарсы қаржылық
құқық бұзушылықтар;
мемлекеттің қаржы жүйесінің айтарлықтай қызмет атқаруына кедергі
жасайтын қаржылық құқық бұзушылықтар;
қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тараптардың құқықтары
мен заңды мүдделеріне қарсы бағытталған қаржылық құқық бұзушылықтар;
мемлекеттің мамандандырылған қаржылық органдарының өз
қызметтерін жүзеге асырылуына қазіргі құқық бұзушылықтар.
Қаржылық құқықтық жауапкершілік – қаржылық құқықтық нормалардың әмірлі талаптарын атқаруға байланысты өз міндеттерін орындамағаны үшін қаржылық – құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, негізінен алғанда, материалдық сипатта болатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары.
Қаржылық – құқықтық жауапкершілік:
тек қаржылық құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылады;
тек мемлекет тарапынан, оның құрылымында қаржылық – құқықтық
санкциялары бар қаржылық – құқықтық нормаларымен белгіленеді;
қаржылық – құқықтық нормалардың талаптарын бұзушыға
материалдық (ақшалай) сипаттағы келеңсіз жағдайлар туындатады;
Мемлекеттік қаржылар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін мына келесідей заңи жауапкершілік түрлері қолданылады:
қаржылық-құқықтық;
әкімшілік-құқықтық;
қылмыстық-құқықтық.
Қаржылық құқықтық жауапкершілік шараларына айыппұл мен өсімақы жатады. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік шарасы әкімшілік айыппұл болып табылады. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік шаралары ретінде айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан айыру, оған қоса мүліктерін тәркілеу көрініс табады.
Қаржылар саласындағы құқық бұзушылықтарды аталған түрлерге бөлуге мыналар негіз болады:
жасалған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі;
жауапкершілікке тартылатын субъектісі.
Қорытынды:
Қаржы құқығының институттары мен субъектілерін, сонымен қатар заңды жауапкершілігін анықтап білдік. Жауапкершіліктің түрлерінің көрінісімен таныстық.
Әдістемелік нұсқаулар:
Қаржы құқығын терең игеру үшін, алдымен қаржы заңдылықтарды жаттап алу емес, осы құқық саланың заңдылықтарын анықтап тану, аппараттың түсінігін меңгеріп алу, негізгі теориялық мәселелермен танысу, нормативтік актілерге сараптама жасап түсініп білу.
Қолданылған әдебиеттер:
А.И. Худяков «Финансовое право Республики Казахстан». Алматы,
2001г.
Н.И. Химичева «Финансовое право». Москва, 1999г.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану.
Алматы, 2002ж.
ХII. Тақырып: Қазақстан Республикасының салық құқығы.
Мақсаты: Салық құқығының түсінігі, түрлері мен элементтеріне түсінік беріп, Қазақстан Республикасында экономикасындағы салық жүйесінің ролін айқындау.
Жоспар:
Салық құқығының түсінігі, түрлері, элементтері, топтастырылуы.
Салық жүйесі.
Салық қызметінің органдары.
Бұл тақырып бойынша негізгі түсініктер: дивидент, бересі, роялти, преференция, салық берешегі, резидент, рента.
Негізгі мазмұны:
Салықтық құқық – бюджеттік құқықтың айрықша институты ретінде, республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ бюджеттен тыс мақсаты қорлардың кірістерінде белгіленіп, алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді реттейтін құқықтық – нормалардың жиынтығы.
Салық – мемлекет тарапынан бір жақты шығарылған заңдардың негізінде, республикалық немесе жергілікті бюджеттің кірістерін қалыптастыру үшін, нақты салық төлеушілер – заңды және жеке тұлғалардан айқындалған мөлшерде, белгіленген мерзімде, сондай-ақ жүйеленген тұрақты түрде мемлекет (немесе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының) қарамағына алынатын жекелей – баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай (кейде заттай) міндетті төлем.
Салық бір уақытта материалдық, экономикалық заңи категория болып табылады.
Салық материалдық мағынада – салық төлеуші белгілі бір тәртіпте, мерзімде ақша сомасын (немесе салық материалды болса, материалдық құндылық) төлеуге тиіс.
Экономикалық мағынада – бұл ақша (мүліктік) қатынастары.
Құқықтық мағынада – бұл мемлекет белгілеген, тұлғалардың мемлекетке белгілі бір мөлшерде, мерзімде, тәртіпте ақша сомасын төлеу міндеттілігі. (А.И. Худяков «Финансовое право РК». Особенная часть. Оқулығын қараңыз).
Салық элементтері: салық субъектісі, объектісі, салық базасы, салық ставкасы, салық кезеңі, салықты есептеу тәртібі, салықты төлеу тәртібі, салық жеңілдіктері.
Салық субъектісі – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға (заңды немесе жеке, резидент немесе резидент емес).
Салық объектісі – заң салық міндеттемелерінің пайда болуымен байланыстыратын заңды фактілер (жағдайлар, оқиғалар, әрекеттер)».
Салық пәні – салық объектісінің материалдық көрінісі.
Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы айқындалады.
Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді (процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді).
Салық кезеңі – салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі.
Салық жеңілдіктері – салық салу объектісі бойынша толығымен немесе жартылай салық төлеуден босату; салық субъектісі бойынша салық төлеуден толығымен немесе жартылай босату; қайырымдылық (ізгілік) жасаған заңды немесе жеке тұлғаларды заңда көзделген көлемде салық төлеуден босату; инвестициялар бойынша заңды немесе жеке тұлғаларға заңда белгіленген мерзімге салық преференцияларын беру.
Салықтардың түрлері:
Корпорациялық табыс салығы.
Жеке табыс салығы.
Қосылған құн салығы.
Акциздер.
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
Әлеуметік салық.
Жер салығы.
Көлік құралдары салығы. Мүлік салығы.
Төлеуші субъектілер бойынша: заңды тұлғалар және жеке тұлғалар; алу тәсілі бойынша: жанама салықтар және тікелей салықтар; түсім көздерін пайдалануға орай салықтық және реттеуші салықтар; өкімет билігі мен басқару деңгейлеріне байланысты: республикалық аумағындағы салықтар және жергілікті салықтар; салық салу объектісі бойынша: тұтынуға салынатын салық, табыс салығы, мүлік салығы, ренталық сипатағы салықтар.
Салық жүйесі тікелей және жанама болып бөлінеді. Жанама салыққа қосымша құн салығы мен акциздер жатады.
Салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы:
Салық қызметі органдарына салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніңдегі міндеттер жүктеледі.
Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады.
Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, балалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. (Салық кодексі. 2002 ж. 1 қаңтар).
Қорытынды:
Сонымен салық бұл мемлекетке міндетті түрде төленетін төлем болып табылады. Әрбір азамат салықты төлеген кезде, мемлекеттің әлеуметтік жағының жақсартуына, мемлекеттің көркендеп өсуіне белгілі бір үлесін қосады. Яғни біздің бюджетке түскен қаржылар қомақты болған сайын біздің мемлекет көркендеп гүлдене береді.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты терең ұғыну үшін, алдымен негізгі түсінігіне назар аударып олардың маңыздылығына мән беру қажет. Теориялық жағынан білімді нығайту үшін салық құқығы бойынша берілетін тапсырмаларды орындау қажет. Негізгі теориялық мәселелермен танысып нормативтік актілерге сараптама жасап түсіну.
Қолданылған әдебиеттер:
А.И. Худяков «Финансовое право Республики Казахстан». Особенная
часть. Алматы, 2002г.
С.Г. Пепеляева «Налоговое право». Москва, 2002 г.
Салық кодексі. 2002ж. 1 қаңтар.
XIII. Тақырып: Қазақстан Республикасының бюджет құқығы.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне түсінік беру және оның құрылымдарын сипаттау.
Жоспар:
Бюджет құқығының түсінігі мен жүйесі.
Бюджеттің құрылымы.
Бюджеттің құқықтық реттелуі.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: бюджет тапшылығы, инвестициялық жоба, профицит, субвенция, субсидия, секвестр, дефицит.
Негізгі мазмұны:
Бюджет термині нормандық ескі сөзінен шыққан. Ол қалта, сөмке, былғары қап деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі таңда «бюджет» сөзі ақша шаруашылығы деген мағынада қолданылады. Сондықтан да мемлекет бюджеті, ұйымдық бюджет және жеке адамдар немесе отбасы бюджеті деп айтылып жатады. Бюджеттік құқық қаржылық-құқықтық институт ретінде мемлекетімізде қалыптастырылатын бюджеттерге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.(А.И. Худяков «Финансовое право Республики Казахстан». Особенная часть. Алматы, 2002г.).
Бюджеттік құқықтың құқықтық реттеу аясына – пәніне мыналар жатады;
Бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;
бюджеттің шығыстарының бағытын (құрамын) анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құрылысын анықтау;
республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы
құзыреттерін анықтау;
бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу.
Бюджет – мемлекеттік заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жүйесі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Жергілікті бюджеттер.
Жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің бюджетін бірыңғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп, дербес атқарады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы жылында тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарап, бекітеді.
Облыстық өкілді органдар облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттері арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне берілетін субвенциялар мен аудандардың қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге берілетін бюджеттік алымдардың мерзімді мөлшерлерін бекітеді.
Тиісті облыстық бюджеттердің Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, аудандық (қалалық) бюджеттердің әзірлену және атқарылу процесіне, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарының араласуына жол берілмейді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітетін әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Республикалық бюджет. Тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң мыналарды: кірістердің, алынған ресми трансферттердің, республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтарудың, шығындардың, кредиттердің және бюджет тапшылығының (профицитінің) көлемдерін;
Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің көлемдерін;
Мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесін;
Айлық жалақының зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіштің ең төмен мөлшерін;
Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтерінің мөлшерін;
Қазақстан республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасын;
Үкіметтік борыштың лимитін;
Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктерін беру лимитін;
Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттердің сомасын;
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілері бойынша және ішкі бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесін;
Республикалық ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының тізбелерін;
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесін;
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегін өтеу сомасы. (Бюджет жүйесі туралы Заңын қараңыз).
Бюджеттің құрылымы.
Бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
түсімдер: кірістер, алынған ресми трансферттер, кредиттерді қайтару;
шығыстар: шығындар, кредиттер;
бюджет тапшылығы (профициті);
бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру;
Бюджеттік заңдар.
Бюджеттік реттеу – мемлекеттің бюджет жүйесінің құрамына кіретін бюджеттерді теңдестіру процесі. Бюджеттік реттеудің әдістеріне мыналар жатады: бюджетаралық қаржыландыру; бюджетаралық кредиттеу; жергілікті бюджеттерге реттеуші кірістер белгілеу; тұрақты бекітілген кірістер белгілеу; шығыстарды жекелеген бюджеттердің арасында бөлу.
Бюджет құқықтық реттелуі – бұл бюджет құқығының жалпы бөлімінің институты, құқықтық нормалардың жиынтығы, бюджеттің әзірленуін, қаралуын, мақұлдауын, орындалуы мен бекітілуінің тәртібін анықтайды.
Бюджеттік құқықтық нормалар мына келесідей белгілерімен ерекшеленеді:
бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді және олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;
бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер жүктейді және өктем билік береді;
бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретті органдардың қандай да болмасын құқықтық нормативтік актілерінде заңдарда, жарлықтарда, өкімде,қаулыда көрініс табады;
бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамсыз етуге бағытталған;
бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма түрлері есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық көрсеткіштері.т.б.) ұшырасады;
Қорытынды:
Сонымен бюджет мемлекетте орталықтандырылған ақша қоры болып келеді. Ол мемлекеттің әлеуметтік жағынан қаржы мәселерді шешіп отырады. Біздің елімізде бюджетті қомақты болған сайын біздің елдің әлеуметтік-экономикасының дамуына да зор әсерін тигізеді.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бюджет құқығын терең ұғыну үшін бюджет заңдылықтарын сараптап оларды түсіне білу қажет. Теориялық жағынан білімді нығайту үшін берілген тапсырмаларды орындау керек. Тапсырмаларды орындау арқылы бюджет құқығының түсінігін және заңдылықтарын қолдануға көмек береді.
Қолданылған әдебиеттер:
А.И. Худяков «Финансовое право Республики Казахстан». Особенная часть. Алматы, 2002г.
Н.И. Химичева «Финансовое право».
«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы 2001 жыл, 15 қаңтар.
XІV. Тақырыбы: Банк құқығының негіздері.
Мақсаты: Қазіргі уақытта Қазақстандағы нарықтық типтегі банк жүйесі қалыптасу сатысында. Нарықтық экономика принципінде құрылған банктердің маңыздылығын, банкілік жүйенің қызмет етуіндегі экономиканың дамуын және осы саладағы теориялық зерттеулердің маңыздылығын қарастыру.
Жоспар:
Банк құқығының түсінігі.
Банк құқығының институттары.
Банкілік қатынастардың ерекшеліктері.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: несие, валюталық операциялар, банктік операциялары, банктік ақша қоры.
Негізгі мазмұны:
Банкілік құқық термині заң әдебиеттерінде кең тараған. Әдетте, оған банкілік жүйені ұйымдастыруды және банкілік операцияларды жүргізуді реттейтін, азаматтық және қаржылық құқықтардың ортасында құрылатын кешенді құқықтық институт деп анықтама беріледі.
Банкілік құқық қаржылық және азаматтық құқықтардың нормаларынан тұратын кешенді құқықтық институт екендігі даусыз. Бірқатар авторлардың айтуынша, қаржылық құқыққа елдегі-банкілік есептесу және банкілік несие шартын өз мойнына алады. Бұл көзқараспен келісе қою қиындау, себебі, мемлекеттік банктер атқаратын банкілік қызмет қаржылық құқықтың пәні болады, ал жеке банктер іске асыратын қызмет азаматтық құқықтың пәні. Елдегі банк ісін ұйымдастыру жөніндегі банкілік істің кешенді теориясының авторларымен келісуге болады, яғни, ол қаржылық құқықтың аясына жатады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің бір түрі ретіндегі банкілік қызметке арналған банкілік құқықтың бір бөлігін қаржылық банкілік құқық деп атауға болар еді. (А.С. Тасыбаева «Банкілік құқық» оқулығын қараңыз).
Банкілік құқық көптеген нормалардан тұрады. Олардың жиынтығы тұтас күрделі жүйені құрайды. Біртұтас жүйеге кіретін нормалар белгілі бір тәртіпке келтірілген және өзара байланысты әр түрлі институттар мен бөлімдерге топталады. Банкілік құқықтың нормаларын топтау олардың реттейтін қатынастарының ерекшеліктері мен арақатынастарына байланысты.
Банкілік құқық кез келген құқық саласы секілді жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Банкілік құқықтық жүйесі мынадай болады:
Жалпы бөлім.
Елдің банкілік құрылымының құқықтық негіздері.
Ақша-несие саясатының құқықтық негіздері.
Банкілік шарт туралы жалпы ережелер.
Банкілік бақылаудың құқықтық негіздері.
Ерекше бөлім.
Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту тәртібі мен банктің несие қорын қалыптастыруды құқықтық реттеу.
Қолма-қол ақшасыз есептесуді құқықтық реттеу.
Банктің ақша қорларын орналастыруды құқықтық реттеу.
Валюталық операцияларды, бағалы метталлдар және тастармен жүргізілетін операцияларды құқықтық реттеу.
«Банкілік құрылымның құқықтық негіздері» институтына банкілік істі ұйымдастырудың принциптерін, банкілік мекемелердің жүйесін, банктерді құру және жоюдың тәртібі мен шарттарын, Орталық эмиссиялық банк пен екінші деңгейдегі банктердің арақатынасының сипаты мен формасын, банкті ашуға келісім беру тәртібін, банк басшыларына қойылатын талаптарды, банкілік қызметті лицензиялау тәртібін анықтайтын құқық нормалары кіреді.
Банк қызмет аясын жетілдірудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
банк жүйесінің кешенді базалық қызмет көрсетуіне қажетті
қабілеттілігін жоғарылату;
банктік капиталға қатысушылар ретінде шетелдік инвесторлар
мен отандық ауқатты адамдарды тарту;
банк жүйесін тиімді жетілдіру үшін оның нормативтік - құқықтық
базасын нарықтық талаптар мен өмір тынысына сай түзетіп отыру;
жеке меншік салымшылардың мүдделерін бірінші кезекте
қорғау;
қаржылық рыноктардың ойдағыдай қызмет атқаруларын
қамтамасыз ету;
жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүргізу;
Банкілік қатынастар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
Банкілік қатынастардың объектісі ақша б.т. Осы сәтте екі жағдайды атап өткен жөн: біріншіден: ақша ақша-несие нарығында товар ретінде болса, екіншіден, айналымдағы ақша уақытша бос жағдайда болады. Банк салымшылардың ақшалай салымдарын қабылдап, орналастырып қана қоймайды, олардың сақталуы мен кез келген уақытта сұрағанда тауып бере алатындай еріктілік жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Банкілік қатынастардың міндетті субъектісі ақша несие нарығында делдалдық қызмет атқаратын банк немесе банкілік емес мекеме болып табылады. Банк халықтан, шаруашылық субъектілерінен, басқа банктерден сатып алған ақша қаражаттарын сататыны белгілі. Сонымен қатар, банк есептесу процесінде делдалдық қызметтерді орындайды және сатушы мен сатып алушының арасында есептесуді жүргізу міндетін мойнына алған делдалдың пайда болуына байланысты есептесу қатынастары еріктілікке ие болады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді. («Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар жарлықты қараңыз).
