- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Астана 2012
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Экологиялық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы» кафедрасы
- •Силлабус Астана 2012
- •1. Силлабус
- •2. Пәнінің коды, аты және кредит саны:
- •4. Оқу пәнінің преквизиттері мен постреквезиттері:
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.3. Пәннің міндеттері:
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •2. Пән бойынша глоссарий
- •3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі і. Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- •Жоспар:
- •Мемлекеттің пайда болу даму себептері:
- •Құқықтың қайнар көздері:
- •Қорытынды.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Іі. Тақырып: Құқықтық норма және құқық-қатынысының түсінігі және құрылысы.
- •Жоспар:
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IV. Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
- •Жоспар:
- •Демократиялық басқару билігінің белгілері:
- •Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- •Қорытынды
- •Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
- •Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •VI. Тақырып: Еңбек құқығының негіздері
- •Жоспар:
- •Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
- •Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
- •Қорытынды:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Vіi. Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IX. Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •4. Негізгі және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •4.1 Оқулықтар, оқу құралдары
- •4.2 Әдістемелік нұсқаулықтар
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар және/ немесе тапсырмалар
- •5.1 Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар
- •7. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылау сұрақтары:
- •8.2 Қорытынды бақылау сұрақтары:
- •8.3 Тапсырма № 1.
- •Мемлекеттің пайда болу теорияларының атап көрсеткендердің
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теорясы
Қорытынды:
Қорыта келетін болсақ өз еңбек құқығын жүзеге асыруда барлық адамдарға бірдей мүмкіндік берілген. Жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, діни сеніміне, қай азаматтыққа, қоғамдық бірлестікке жататындығына, жұмыскердің кәсіби шеберлігі мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты емес басқа да мән-жайларға қарай ешкімнің еңбек құқығы шектелмейді және ешкімге қандай да бір артықшылық берілмейді.
Әдістемелік нұсқаулар: Еңбек құқығың терең білу үшін, алдымен еңбек заңдылықтарды жаттап алу емес, осы құқық саланың заңдылықтарын анықтап тану, аппараттың түсінігін меңгеріп алу, негізгі теориялық мәселелермен танысу, нормативтік актілерге сараптама жасап түсініп білу.
Қолданылған әдебиеттер:
В.Н. Уваров «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы». Алматы, Қаз ГЗУ 2002ж.
Н.Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана, 2001ж.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007 жыл 15 мамыр.
Vіi. Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
Мақсат: Азаматтық құқықты – Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің жеке саласы ретінде қарастырып, оның қаншалықты маңызды екендігін айқындау. Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері мен заңды тұлғаларына түсінік беру.
Жоспар:
Азаматтық құқық түсінігі, пәні, жүйесі,қағидалары.
Азаматтық құқықтық – қатынастың субъектілері.
Азаматтық құқық және әрекет қабілеттілігі.
Мәміленің түсінігі, түрлері.
Азаматтық құқықтың объектілері.
Бұл тақырып бойынша негізгі түсініктер: құқық қабілеті, әрекет қабілеті, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, абырой мен қадір қасиет, мораль.
Негізгі мазмұны:
Азаматтық құқық – құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды және қатысушылардың мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген, сондай-ақ мүлікпен байланысты, жеке мүліктік емес басқа да қатынастарды реттейтін саласы, нормалардың жиынтығы.
Азаматтық құқық жүйесі. Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсанда Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде қабылданды. (М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин «Гражданское право». Алматы, 2000г. оқулығын қараңыз).
Азаматтық құқық қағидалары деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, азаматтық құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді.
Азаматтық құқықтың қағидалары:
азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтық мәртебесінің теңдігі;
меншікке қол сұқпаушылық;
азаматтық-құқықтық шарттың еркіндігі;
мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы;
азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері-кәсіпкерлер мен
тұтынушыларды қорғау;
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер де азаматтық құқықтың субъектілері болып табылады, бірақ өздерінің азаматтық құқықтарын олар арнайы және соған уәкілетті заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынады.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп – тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 14 бабы).
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарылып алынған, оның қолданылуы мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 35 бабы).
Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді мәмілелер деп танылады.
Мәмілелер бір жақты мәмілелер мен шарттар болып екі түрге бөлінеді.
Бір жақты мәміле бір тараптың еркін білдіреді және оған басқа азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтына қарамастан қолданыла береді.Мысалы, азаматтың өзіне тиесілі әлде бір құқығынан бас тартуы,берілген сенімхатын,өсиетін тоқтатуы және т.б. бір жақты мәміле болады.
Мәмілелердің көпшілігі екі немесе бірнеше тұлғаның үйлескен еркін білдіреді, яғни шарт болып табылады.
Нысандары бойынша мәмілелер ауызша (жай) және жазбаша (нотариалдық) болып келеді. (М. Дулатбековтің «Мемлекет және құқық негіздері» оқулығын қараңыз).
Азаматтық құқықтардың объектілері мүліктік және жеке мүліктік қатынастар болуы мүмкін. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақшалар, бағалы қағаздар, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері және бұйымдарда даралаудың басқа да заттары, мүліктік құқықтар және де мүліктер жатады.
Қорытынды:
Күнделікті өмірде адамдар бір-бірімен әр түрлі қатынастарға түсіп отырады. Қатынасқа түсіп отырған тараптардың құқықтары мен міндеттері заңда белгіленген. Тараптар келісім жасаған кезде заңға бағынып әрекеттер жасайды. Заңда субъектілердің құқықтары мен міндеттері тепе-тең түрде болып келеді.
Әдістемелік нұсқаулар
Бұл лекцияны игеріп алу үшін, алдымен негізгі түсінігіне назар аударып олардың маңыздылығын анықтау. Теориялық жағын білімді нығайту үшін азаматтық құқық бойынша берілген практикум есептерді және тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды орындау арқылы және есептерді шығару кезінде азамматтық құқықтың түсінігін және заңдылықтарын, нормативтік актілерін дұрыс қолдануға көмек береді.
Қолданылған әдебиеттер:
М. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана, 2001ж.
М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин «Гражданское право». Алматы, 2000г.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.30 тамыз, 1995 жыл.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім 1994
жылы 27 желтоқсан, Ерекше бөлім 1999 жылы 1 шілде.
VIII. Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
Мақсат: Жалпы қылмыстың түсінігі мен құрамын ашу және қылмыстық жазаның түсінігін анықтап жазаның түрлерін белгілеу.
Жоспар:
Қылмыстық құқық түсінігі, пәні, жүйесі.
Қылмыс құрамы
Қылмыстық жауапкершілік түсінігі, түрлері, жазаның мақсаттары.
Бұл тақырып бойынша негізгі түсініктер: немқұрайлы, менмендік, формальды, факультативті қасақана,субьект,обьект,обьективтік жақ,субьективтік жақ,әрекет,әрекетсіздік, қылмыстық зардап, қоғамға қауіптілік.
Негізгі мазмұны:
Қылмыстық құқық – құқықтың заңдылықта белгіленген, іс-әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық пен одан босатудың саласы, құқықтық норманың жиынтығы.
Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі, ол заңда тыйым салынған, заңмен жазаланатын, әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретке қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлімде 95 бап, Ерекше бөлімде 295 бап бар. Жалпы 390 баптан тұрады. (Ағыбаевтің Қылмыстық құқығы оқулығын қараңыз).
Іс-әрекеттің қоғамды қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізге, жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары және жауаптылықты, жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді. Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді.
Қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді.
Қылмыс құрамының құрылысына қарай құрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы ерекше. Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы, материалдық формальдық және келте қылмыс құрамы болып бөлінеді. (Ағыбаевтің Қылмыстық құқық оқулығын қараңыз).
Формальдық қылмыс құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уақытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді. Мұндай құралымда қылмыс құрамын келте құрам деп атаймыз.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың элементтері объект,объективтік жақ,субъект,субъективтік жақ болып бөлінеді.
Қылмыстың жалпы объектісі деп қылмыстың заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Топтық объект дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.
Тікелей объект негізгі, қосымша және факультативті тікелей объектілер болып бөлінеді.
Негізгі тікелей объект деп бұл қоғамдық мүддені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгісі бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні айтамыз. Мысалы, қарақшылықтың негізгі тікелей объектісі – бөтен біреудің мүлкі болады.
Қосымша тікелей объект дегеніміз қылмыстық заң бойынша қорғалып, негізгі объектіге зиян келтірілгенде немесе зиян келтіру қаупі болғанда жол-жөнекей оған да қауіп туатын, тағдыры негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.
Факультативті тікелей объект дегеніміз қылмыс жасалған кезде зиян келтірілу қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз қорғалатын объектіге қол сұғатын қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік сыртқы көрінісін сипаттайтын заңда көрсетілген белгілердің жиынтығы.
Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылатын «қоғамға қауіпті зардап» деген ұғымды білдіреді. Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады.
Қылмыстық құқықта заң шығарушының тиісті бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамының объективтік жағын белгілеуге байланысты құрам материалды және формальды деп екі түрге бөлінеді.
Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстың субъектісі жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі дұрыстық заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді. Жалпы субъектінің осы белгілермен қатар жекелеген қылмыстың құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды.
Кінә екі түрлі қасақаналық және абайсыздық нысанда болады. (Қасақана мен абайсызда жасалған қылмыстың нысанын ашып білу үшін Ағыбаевтің «Қылмыстық құқық» оқулығын қараңыз).
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау; т.б. (Қылмыстық кодекске қараңыз).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі).
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан
босату.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату.
Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
т.б. (Қылмыстық кодекске сүйеніп қараңыз).
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату;
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру;
Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден
кейінге қалдыру;
Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны
өтеуді кейінге қалдыру;
