Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd osnovK pravo platonus. 2012-13. 2-polg.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
961.02 Кб
Скачать

Қолданылған әдебиеттер:

  1. А.А. Таранов «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы». Алматы, 2003ж.

  2. М.Дулатбеков, С. Амандыкова, А.Турлаев «Мемлекет және құқық негіздері». Алматы, 2001ж.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.

  4. Қазақстан Республикасының әкімшіліктің құқық бұзушылық кодексі. 2001 жыл,30 қаңтар.

VI. Тақырып: Еңбек құқығының негіздері

Мақсаты: Еңбек құқығы құқық саласы ретінде маңызын ашып жұмыс берушімен

жұмысқа тұрушының арасындағы жасалатын еңбек шарттарының жасалу тәртіптерін қарау.

Жоспар:

  1. Еңбек құқығының түсінігі.

  2. Жеке еңбек ұжымдық шартының ұғымы және жасаудың тәртібі.

  3. Жеке еңбек шарттың тоқтатуға және бұзуға негіздемелер.

  4. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Негізгі мазмұны:

Еңбек құқығы – құқықтың азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек қатынастарын реттеуші саласы.

Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шартты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. (Қазақстан Республикасының Конституциясы 24 бабы).

Қазақстан Республикасының еңбек кодексі 109 баптан тұрады, олар жалпы ережелерге, жеке еңбек шартына, ұжымдық шартқа, қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге, жұмыс уақытына, демалыс уақытына, жалақы және еңбекті нормалауға, қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеуге, жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігіне, қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шараларына, еңбек дауларына және Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексінің сақталуына бақылау жасауға арналған 12 бөлімге топтастырылған.

Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:

Қызметкердің:

  • жұмыс берушімен осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

  • тең еңбекі үшін қандай да болсын кемсітусіз тең ақы алуға;

  • қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына;

  • егер басқа заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға;

  • өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.

Қызметкер:

  • жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде

  • жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға;

  • еңбек тәртібін сақтауға;

  • жұмыс процесінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтіруге жол бермеуге. т.б. (Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 7 бабын қараңыз).

Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.

Жұмыс берушінің:

  • Осы заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен жеке және ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

  • Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерден осы Заңда көзделген, белгілі бір еңбек қызметімен айналысуға және (немесе) белгілі бір қызметті атқаруға мүмкіндігін растайтын құжаттар беруді талап етуге;

  • өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;

  • қызметкерлерді көтермелеуге, оларды осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтықактілерде белгіленген тәртіппен тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;

  • өзіне қызметкер келтірген зиянды өтеттіруге. т.б.

Жұмыс беруші:

  • қызметкерлерге еңбек туралы заңдарға, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайын қамтамасыз етуге;

  • қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға және ұжымдық шарт жасасуға;

  • қызметкерлерді олардың еңбек міндеттерін орындауына қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;

  • жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкерді ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;

  • жалақыны және Қазақстан республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жеке еңбек ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді уақтылы және толық көлемінде төлеуге. т.б. (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 8 бабын қараңыз).

Жеке еңбек шарты дегеніміз жұмыскер мен жұмыс беруші арасында

жазбаша формада жасалынатын екі жақты келісім, онда жұмыскер белгілі бір мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша, ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып жұмыс атқаруға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскер еңбек ақыны және заңнамада, өзара келісімде көзделген басқа ақшалай төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеп тұруға, жұмысқа жағдай жасауға міндеттенеді.

Ұжымдық шарт – бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше одақтар, не кәсіптік одақтарға мүше емес, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қойған жазбаша шарт түрінде ресімделген құқықтық акт. (Жеке еңбек шарты мен ұжымдық шарттың толық сипаттамасын Уваровтың «Еңбек құқығы» оқулығын қараңыз).

Жеке еңбек шартын тоқтату:

  • мерзімінің бітуі бойынша;

  • тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін;

  • Шарттың тоқтауы жақтардың еркіне байланысты емес мән-жайларға байланысты болады, мысалы жұмыскердің қайтыс болуы; жұмыскерді соттың өлді деп немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы; қызметкердің әскери қызметке шақырылуы; шарт мерзімінің бітуі т.б.

Жеке еңбек шартының бұзылуы:

  • тараптардың келісімі бойынша;

  • тараптардың бірінің бастамасы бойынша;

  • заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.

Жұмыс уақыты дегеніміз – жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының жағдайларына сәйкес жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін орындайтын уақыты.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.

Еңбек кодексі 18 жасқа толмаған жұмыскерлер үшін ұзақтылығы қысқартылған жұмыс уақытын белгілейді. 16-дан 18-жасқа дейінгі адамдар үшін жұмыс уақытының ұзақтылығы аптасына 36 сағат, ал 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген.

Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі.

Демалыс уақыты дегеніміз қызметкердің өз еңбек міндетін орындаудан босаған және оны өз қалауынша пайдалана алатын уақыт.

Еңбек кодексінде демалыс уақытының мынандай түрлері белгіленген: күнделікті жұмыс процесіндегі үзілістер, апта сайынғы демалыс күндері, мереке (жұмыс істемейтін) күндер және демалыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]