- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Астана 2012
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Экологиялық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы» кафедрасы
- •Силлабус Астана 2012
- •1. Силлабус
- •2. Пәнінің коды, аты және кредит саны:
- •4. Оқу пәнінің преквизиттері мен постреквезиттері:
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.3. Пәннің міндеттері:
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •2. Пән бойынша глоссарий
- •3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі і. Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- •Жоспар:
- •Мемлекеттің пайда болу даму себептері:
- •Құқықтың қайнар көздері:
- •Қорытынды.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Іі. Тақырып: Құқықтық норма және құқық-қатынысының түсінігі және құрылысы.
- •Жоспар:
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IV. Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
- •Жоспар:
- •Демократиялық басқару билігінің белгілері:
- •Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- •Қорытынды
- •Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
- •Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •VI. Тақырып: Еңбек құқығының негіздері
- •Жоспар:
- •Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
- •Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
- •Қорытынды:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Vіi. Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •IX. Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
- •Жоспар:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •4. Негізгі және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •4.1 Оқулықтар, оқу құралдары
- •4.2 Әдістемелік нұсқаулықтар
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар және/ немесе тапсырмалар
- •5.1 Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар
- •7. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылау сұрақтары:
- •8.2 Қорытынды бақылау сұрақтары:
- •8.3 Тапсырма № 1.
- •Мемлекеттің пайда болу теорияларының атап көрсеткендердің
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теорясы
Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
Агенттікті Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың
Премьер-министрдің ұсынысы бойынша құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Агенттік басқару саласына (өрісіне) басшылық жасайды. Заңнамада көзделген жағдайларда салааралық үйлестіруді және басқа арнайы атқарушылық және шешуші функцияларды жүзеге асыра алады.
Агенттік құрылымын оның басшысы бекітеді және ол департаменттерден және басқармалардан тұрады.
Агенттік төрағасы жанынан алқа құрылады, ол ақылдасу-кеңесу органы болып табылады.
Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
Ведомства орталық атқарушы органның комитетінің функциясын атқарады. Басқа органдарға қарағанда ведомствода, сонымен қатар, аумақтық бөлімшелер болуы мүмкін.
Ведомстваны Үкімет тиісті орган басшысының ұсынысы бойынша құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Ведомство арнайы атқарушылық және бақылау - қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқарудың салалық (өрістік) басшылығын жүзеге асыруға құқылы.
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік – құқықтық нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптық әрекет не әрекетсіздік.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:
құқыққа қайшылық;
кінәлілік;
қоғамға зияндылық;
әкімшілік жауапкершілік.
Әкімшілік құқық бұзышылықтың элементтері:
объект бұл заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады;
субъектісі бұл 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс азамат;
субъективтік жағы бұл қасақана не абайсызда жасалған нысаны;
объективтік жақ бұл әрекет немесе әрекетсіздік.
Әкімшілік жазаның түрлері:
Ескерту;
Айып салу;
Тәртіпсіздік әрекеті үшін бұйымды иесінен алу жазасы;
Тәркілеу жазасы;
Арнайы құқығынан айыру;
Еңбекпен түзеу жұмыстары;
Әкімшілік қамауға алу. (А.А. Тарановтың «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы» оқулығын қараңыз).
Қорытынды:
Қорыта келе мемлекеттік (саяси, әкімшілік) қызметкерлердің, лауазымды адамдардың қалыптасу процедураларына да ықпал жасайды. Құқық субъектілерінің құқықтық жағдайына талдау жасағанда мынадай құрамдас бөліктерге теңдей назар аудару керек, мысалы: мекемені құру тәсіліне (бос орынға тұру тәртібі), субъектілердің құқықтары мен міндеттері, басқа субъектілермен озара әрекеттесу тәртібі, мәртебесіне (қызметіне) кепілдік беру, мемлекеттік, қоғамдық органдар, басқа тұлғаларға алдындағы заңдық жауаптылық.
Әртүрлі органдар әртүрлі мүмкіндікте бола тұра озара әрекеттестікте болады, мемлекеттік жүйеде өзіне тиісті орынды иемденеді.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл лекцияны игеріп алу үшін алдымен негізгі түсінігіне назар аударып олардың маңыздылығын анықтап, теориялық жағынан білімді нығайту үшін әкімшілік құқық бойынша берілген практикум есептерін және тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды орындау арқылы есептерді шығару кезінде әкімшілік құқықтың түсінігін және заңдылықтарын дұрыс қолдануына көмек береді. Есептерді шығару барысында және тапсырманы орындаған кезде керекті нормативтік актілерді пайдалану қажет.
