Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd osnovK pravo platonus. 2012-13. 2-polg.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
961.02 Кб
Скачать

Демократиялық басқару билігінің белгілері:

  • экономика саласындағы адамның бостандығы,

  • адамның бостандығы мен құқығының толық қамтамасыз етілуі,

  • халықтың мемлекетті толық бақылауы,

  • аз ұлттардың құқығын, бостандығын, теңдігін сақтау,

  • мемлекетті, қоғамды басқаруда демократиялық принциптерді бұзбау,

Тоталитарлық мемлекеттерде коммунистік немесе нацистік партия саясатының бағытымен басқарылады. Мұнда халықтың құқықтары мен бостандықтары шектеледі,қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын мемлекет қарауына айналдырады.(Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» оқулығын қараңыз).

Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:

- мемлекеттің бірлестіктерді толық бақылауға алуы,

- адамның бостандығына, құқығына шектеу қою,

- партияның диктатурасын орнату,

- қоғамдық, өмірді милитаризациялау,

- азшылық ұлттарды қанаушылыққа алу,

- жеке адамдарды, бірлестіктерді қуғынға алу,

Қорытынды

Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элементтеріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттік құрылымның нысаны және саяси режим. Мысалы: Қазақстан президенттік тұтас республика, демократиялық жүйесі қалыптасып жатқан дәрежеде. Германия (1933) президенттік республика, федерация, фашистік жүйе. Англия – тұтас парламенттік монархия, либералдық- демократиялық жүйе. АҚШ – федеративтік президенттік республика, демократиялық жүйе.

Әдістемелік нұсқаулар

Мемлекеттің нысанының түсінігін анықтап білгеннен кейін оның құрылымына мән беру қажет. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы мемлекетінің нысанын анықтап оны басқа елдермен салыстыру арқылы сараптама жасаңыз.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, 1999ж.

  2. В.Н. Хропанюк «Государство и право». Москва, 1998г.

  3. Н. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана, 2001ж.

  4. Е.Баянов «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» Алматы, 2003 ж.

V. Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері.

Мақсат: Әкімшілік құқықты пән ретінде, оның түсінігін, жүйесін, мемлекеттік басқару органдарын, әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі мен жазаларының түрін анықтау.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқықтың түсінігі.

  2. Мемлекеттік басқару органдары.

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік,

шараның түрлері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: регламент, комитет, локальдық актілер, ведомство, объект, субъект, субъективтік жақ, объективтік жақ.

Негізгі мазмұны:

Әкімшілік құқық конституциялық азаматық және қылмыстық құқықтарға қарағанда іргелі құқық саласы ретінде болып келеді.

«Әкімшілік» латын тілінде басқару деген мағынаны білдіреді.

Әкімшілік құқық – құқықтың мемлекеттік басқару процесінде, атқарушы билік құрылымдарын құру, олардың құзыреттерін белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру кезінде пайда болған қоғамдық қытынастарды реттеуші саласы.

Әкімшілік – құқықтық қатынастардың субъектілері азаматтар, атқарушы билік органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке кәсіпорындар болуы мүмкін. Бірак атқарушы билік әрбір әкімшілік – құқықтық қатынаста, не тікелей субъект ретінде, не жанама субъект қадағалаушы ретінде нақты немесе заңды түрде қатысып отырады.

Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары жүйесін құрайды. Оған: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министрліктер, республиканың мемлекеттік комитеттері мен водомостволары, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың әкімшіліктері жатады. Бұл органдардың құқықтық жағдайының маңызды белгісі олардың заңға бағыныштылығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • әлеуметтік – экономикалық саясатың қорғану қабілеттіліктің,

қауіпсіздіктің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды, олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

  • парламентке республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы

есеп ұсынады, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;

  • Мәжіліске заң жобаларын ұсыну арқылы заң шығару бастамасы

құқығын іске асырады, заңдардың орындалуын қамтамасыз етуі;

  • Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

  • Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

  • министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің,өзге де орталық және

жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

  • Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері,өзге де

орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

Министрлік – мемлекеттік органдар арасындағы өзінің қалыптасқан басқару салалары (өрістері) бар (қорғаныс, қаржы, әділет, ішкі істер, т.б.) неғұрлым тиянақты ұйымдық форма. (Ғ.С.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығын қараңыз).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]