Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
033_УМКД_ЭЕМ_Уйымд_каз_ВТ_2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.63 Mб
Скачать

5 Эем жадысы.

5.1 ЭЕМ ішкі жадысын ұйымдастыру: жедел, аса жедел, тұрақты, аралық және ФЛЭ жадылары.

5.2 Сыртқы жадыны ұйымдастыру: иілгіш, қатты магниттік жадылар.

5.3 Магниттік және оптикалық компакт дискілер.

Есептеуіш желілерде түрлі өндірушілердің аппаратты-бағдарламалық құралдарын пайдаланудағы айырмашылықтардан және бір өндірушінің осы құралдарының жеке түрленулеріндегі айырмашылықтардан өту үшін Стандарттар жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) әртекті жүйелердің (компьютерлер, терминал, процестер, байланыс құралдары және т.б.) желілік өзара әрекеттесуі бойынша ұсыныстар тобын біріктіретін ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделін (OSI) әзірледі. «Ашық жүйелер» термині сәйкес ұсыныстар арқылы кез-келген екі жүйенің өзара әрекеттесу мүмкіндігін білдіреді.

OSI моделі бірыңғай архитектура шебінде желілік өзара әрекеттесу хаттамаларының (ережелер мен келісімдерінің) көп деңгейлік, төменнен жоғары сатылығын сипаттаудың құрылымдалған әдісі болып табылады. OSI моделінің шебінде екі ашық жүйелердің желілік өзара әрекеттесу деңгейлері көрсетілген. Модель желінің екі өзара әрекеттесетін абоненттерді тікелей қосуын ұйғармайды. Бұл жерде байланыстың желі ішіндегі желіні коммутациялаудың кез-келген әдістерін пайдалануы мүмкін.

OSI моделінің деңгейлері

1978 жылы Халықаралық Стандарттау ұжымы (International Standards Organization) желі архитектурасын қамтитын, ақпарат алмасуда бірыңғай хаттамалар мен стандарттарды қолдану үшін арнайы құжаттама тобын жариялады. 1984 жылы ISO жаңа Open System Interconnection reference model, OSI - атты моделін жариялады (Ашық жүйелердің әрекеттесу эталоны моделі).

Әрбір абонент-жүйенің желіде ISO (International Standards Organization ) моделінің шебінде жеті деңгей (1-7-ге дейінгі деңгейлер номері) болады. Абоненттер тиісті хаттаманы пайдаланумен жеті деңгейдің әрбіреуінің шебінде бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Сол сәтте деңгейдің әрбіреуі абоненттердің өзара әрекеттесуі кезінде өзінен кейінгі деңгейді пайдаланады және жоғары тұрған деңгейге қызметін көрсетеді. Сондықтан, бірдей деңгейдегі түрлі жүйелердің логикалық өзара әрекеттесуі жүйелердің әрбіреуінде ақпаратты көп деңгейлі түрде берумен қамтамасыз етіледі.

Жүйелердің бірінің қолданбалы процесі хабарды басқа жүйенің қолданбалы процесіне бағыттаған кезде, ол мәліметтерді 7-ші деңгейге бағыттайды. Сонда мәліметтер жетінші деңгей хаттамасының ережесіне сай тақырыппен қамтамасыз етіледі (бұл мәліметтерді инкапсуляциялау деп атайды). Осыдан кейін бұл мәліметтер косылған тақырыппен бір бүтін болып қаралатын 6-шы деңгейге жіберіледі. Бұл деңгейде мәліметтерге 6-шы деңгей хаттамасының тақырыбы (қайта инкапсуляциялау) қосылады. Бұл процесс 1-ші деңгейге дейін қайталанады, ал ол инкапсуляцияланған мәліметтерді байланыс жолдары арқылы қосақталған торапқа жібереді. Мәліметтер белгіленген жерге жеткенде оларға кері процедура қолданылады.

Бұл жерде әрбір деңгейде тиісті хаттамаға сәйкес осы деңгейдің тақырыбы алынады, ал алынған мәліметтер жоғары тұрған деңгейге жіберіледі.

1, 2 және 3-ші деңгейлерге арналған ұқсас процедуралар өткінші коммуникациялық тораптар үшін де орындалатынын атап өту керек.

1-ші деңгейдің (физикалық деңгей) хаттамасы құрылғылардың физикалық қосылуының электромеханикалық, міндеттік және процедуралық ерекшеліктерін анықтайды. Ол 2-ші деңгейге бит берілуінің айқындығы, өндіріс мониторингі, физикалық бақылау және қателерді түзеу секілді қызмет көрсетеді.

2-ші деңгейдің (арналық деңгей) хаттамасы екі қосақталған тораптар арасында белсенді етудің міндеті және процедураларын, логикалық. (ақпараттық арнаны) қолдау және белсенді етпеуді қамтамасыз етеді. Ол 3-ші деңгейдің қажеті үшін дестелерді жіберу кезінде синхрондау және реттеу секілді міндетті орындауын қамтамасыз етеді, қателерді тауып, жіберілетін дестелерде мәліметтерді түзетеді және де ақпараттық арнада жұмыс істеу қабілетін бақылауды жүзеге асырады.

3-ші деңгейдің (желілік деңгей) хаттамасы желінің екі абонент арасында желіде қосуды, бекітуді қамтамасыз етеді, осы қосылуды қолдайды және жояды. Бұл хаттамада сигналдарды (сигналды дестелерді) жіберу, желілік бағыттау, дестелерді және хабарларды жинауын қалыптастыру, жұмыс істеу қабілетін және ақпараттық ағымдарды басқару процедуралары бар.

Егер алғашқы 3-деңгей хаттамалары пайдаланушының желімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге арналған болса, 4-ші және одан жоғары деңгей хаттамалары желі арқылы соңғы пайдаланушылардың бірігіп өзара әрекеттесуіне арналған. 4-ші деңгейдің (көліктік деңгей) хаттамасы байланыстың желі ішіндегі желі түрінен тәуелсіз екі соңғы жүйелер арасында желі арқылы мәліметтердің сенімді және айқын берілуін қамтамасыз етеді. 5-ші (сеанстық) және 6-шы (ұсынушы) деңгейлердің хаттамалары өзара әрекеттес қосымшалар (диалогты ұйымдастыру және синхрондау) арасында диалогты басқаруын тиісті қамтамасыз етеді және диалогтағы кодтардың түрлі қосымшаларымен және мәліметтер форматымен қолданылатын синтаксистік сәйкессіздік мәселелерін жояды.

OSI моделін қарастырудың соңында ол желілік өзара әрекеттесудің халықаралық, мемлекеттік немесе өндірістік стандартты анықтамайтынын, ұсынушы ерекшелігі бар екенін айта кету керек. Қазіргі кезде әртекті желілер үшін модельдің алғашқы үш деңгейлері ғана стандарт болады.

Есептеуіш желілерде түрлі өндірушілердің аппаратты-бағдарламалық құралдарын пайдаланудағы айырмашылықтардан және бір өндірушінің осы құралдарының жеке түрленулеріндегі айырмашылықтардан өту үшін Стандарттар жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) әртекті жүйелердің (компьютерлер, терминал, процестер, байланыс құралдары және т.б.) желілік өзара әрекеттесуі бойынша ұсыныстар тобын біріктіретін ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделін (OSI) әзірледі. «Ашық жүйелер» термині сәйкес ұсыныстар арқылы кез-келген екі жүйенің өзара әрекеттесу мүмкіндігін білдіреді.

OSI моделі бірыңғай архитектура шебінде желілік өзара әрекеттесу хаттамаларының (ережелер мен келісімдерінің) көп деңгейлік, төменнен жоғары сатылығын сипаттаудың құрылымдалған әдісі болып табылады. OSI моделінің шебінде екі ашық жүйелердің желілік өзара әрекеттесу деңгейлері көрсетілген. Модель желінің екі өзара әрекеттесетін абоненттерді тікелей қосуын ұйғармайды. Бұл жерде байланыстың желі ішіндегі желіні коммутациялаудың кез-келген әдістерін пайдалануы мүмкін.

Дәріс 6. Процессорлар.

6.1 Арифметикалық процессорлар құрылымы.

6.2 Негізігі құрамдарының мәліметтерді өңдеу әрекеттері.

6.3 Аналық тақша.

6.4 Чипсеттер құрылымы.

6.5 Дербес компьютерлерді ұйымдастыру.

6.6 Жүйелік интерфейстер

Хаттамалар (protocol) — бұл кейбір байланыстарды реттейтін процедуралар мен ережелер жиыны. Мысалға, бір мемлекет дипломаты екінші бір мемлекеттің дипло-матымен қатынасы тек хаттама түрінде жүргізіледі. Компьютерлік желіде байланыс ережелері осы мақсатта қызмет етеді.

Хаттама - бұл желіде біріктірілген бірнеше компьютерлердің бір-бірімен арақатынасы, техникалық процедуралар мен ережелер.

Хаттамаларға байланысты негізгі үш кезең:

1. Көптеген хаттамалар бар. Олардың барлығы байланысты жүзеге асыруға қатынасқанымен, олардың әрқайсысында өз мақсаттары, әртүрлі тапсырмалары, артықшылықтары мен шекеулері бар.

2. Хаттамалар OSI моделінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істейді. Хаттамалардың қызметі жұмыс істеген деңгеймен анықталады. Егер мысалға, хаттама физикалық деңгейде жұмыс істесе, онда ол желілік адаптер тақшасы арқылы дестелердің өтуін және олардың желілік кабелге келіп түсуін қамтамасыздандырады.

3. Бірнеше хаттамалар ортақ қызмет ете алады. Бұл стек немесе хаттамалар жинағы деп аталады.

OSI моделінде барлық деңгейде орналасқан желі қызметі сияқты хаттамаларда стектер әртүрлі деңгейде бірігіп қызмет атқарады. Стекті хаттамалар деңгейі OSI моделінің деңгейіне сәйкес келеді. Хаттама жинағы стек мүмкіншілігі мен қызметін сипаттайды.

Хаттамалар қызметі

Желілік мәліметтерді жіберуге өз ережелері мен процедуралары немесе хаттамалары сәйкес келеді. Осылай анық әрекеттерді орындағанда қатан кезектілік сақталады.

Сонымен қатар, әрбір желілік компьютерде бірдей тізбекте орындалуы керек. Компьютер-жөнелткіште — бұл әрекет жоғарыдан төмен бағытта, ал компьютер-қабылдағышта төменнен жоғары қарай орындалады.

Компьютер-жөнелткіш

Компьютер-жөнелткіш хаттамаға сәйкесінше келесі әрекеттерді орындайды:

  • мәліметтерді хаттамалар жұмыс істей алатын, десте деп аталатын кішігірім блокқа бөледі;

  • компьютер-қабылдағыш мәліметтер оған арналған анықтау үшін дестеге мекен-жай ақпаратын қосады;

  • желілік адаптер тақшасы арқылы әрі қарай желілік кабелден өтетін мәліметтер дайындалады.

Компьютер-қабылдағыш

Компьютер -қабылдағыш хаттамаға сәйкес ocы әрекеттерді орындайды, бірақ керісінше:

  • желілік кабелден мәліметтер дестесін қабылдайды;

  • дестені компьютерге желілік адаптер тақшасы арқылы жібереді;

  • дестеден компьютер-жөнелткіш қосқан барлық қызметші ақпараттарды жояды;

  • бастапқы мәліметтер блогында біріктіру үшін дестеден буферге мәліметтерді көшіреді;

  • қосымша мәліметтер блогын қай пішімде қолданса, сол пішімде жібереді.

Желімен келіп түсетін мәліметтер, жіберілетін мәліметтер сәйкес болу үшін, компъютер-қабылдағыш және компьютер-жөнелткіш әрекеттері бір тәсілмен орындалады.

Егер мысалы, екі хаттама мәліметтерді екі түрлі дестеге салып және ақпарат қосса (дестелер тізбектілігі, синхронизация мен қателерді тексеру үшін), онда осы хаттамалардың біреуін қолданатын компьютер, екіншісін қолданатын компьютермен байланыса алмайды.

Маршрутталған және маршрутталмаған хаттамалар

80 жылдардың ортасына дейін көптеген жергілікті желілер жекеленген. Олар бір бөлімді немесе бір компанияға қызмет көрсетіп, үлкен жүйеге сирек бірігеді. Бірақ жергілікті желі жоғарғы даму деңгейіне жетіп, олардың коммерциялық ақпарат беру көлемі өсіп, жергілікті есептеуіш желі үлкен желі компонентіне айналды. Мәліметгерді бір жергілікті желіден басқа жергілікті желіге маршрутпен беру маршруттау деп аталады. Желілер арасыдағы мәліметтерді бірнеше маршрутпен жіберетін хаттамалар (routable) деп аталады. Маршрутталған хаттамалар бірнеше жергілікті желілерді ауқымды желіге біріктіргендіктен, олардың ролі өсуде.

Хаттама стектері

Хаттама стегі (protocol stack) — бұл хаттамалар "комбинациясы". Әрбір деңгей байланыс қызметін немесе оның жүйелігін басқару үшін әртүрлі хаттамаларды анықтайды. Әрбір деңгейдің ереже жинағы бар:

Қолданбалы деңгей

Сұратуды қабылдау немесе инициация

Өкімді деңгей

Дестеге шифрлейтін, бейнелейтін жөне пішімдейтін ақпараттарды қосу

Сеансты деңгей

Десте жіберілген уакыты көрсетілген трафик туралы ақпарат қосу

Транспортты деңгей

Қателерді өңдеу үшін ақпараттар қосу

Желілі деңгей

Жіберілетін десте тізбегінде десте орны туралы ақпарат пен мекен-жай ақпаратын қосу

Арналы деңгей

физикалық біріктіру арқылы жіберу үшін мәліметтерді дайындау және кателерді жөндеу үшін ақпараттар қосылады

Физикалық деңгей

Биттік ағым ретінде десте беру

Әртүрлі өндірушілер шығаратын құрылғылардың әрекеттестік ережелерін сипаттайтын стек төменгі деңгей OSI моделінің деңгейіне ұқсас болады. Ал, жоғарғы деңгей қосымша интерпритациясы мен байланыс сеанстарын өткізу үшін ережелерді сипаттайды. Деңгей неғұрлым жоғарлаған сайын, соғұрлым олардың шешетін тапсырмалары мен осы тапсырмаларға байланысты хаттамалар күрделігіне түседі.

Байластыру

Байластыру деп аталатын процесс желіні жеткілікті иілгіштікпен баптайды, яғни жағдай қажеттілігіне байланысты желілік адаптер тақшасымен хаттамаларды байланыстыру. Мысалы, IPX/SPX пен TCP/IP хаттамалар екі стегі бір желілік адаптер тақшасына байланыстырылуы мүмкін. Егер компьютерде бірнеше желілік адаптер тақшасы болса, онда хаттамалар стегі бір немесе бірнеше желілік адаптер тақшасына байланысады.

Хаттамаларды орындайтын операциялы жүйе байланыстыру тәртібін кезектілік анықтайды.

Егер бір желілік адаптер тақшасына бірнеше хаттамалар қосылса, онда байланыстыру тәртібін кезектілік анықтайды, осыдан бірігуді құру әрекеті кезінде хаттамалар колданылады. Әдетте операциялық жүйе мен хаттамаларды орнату үшін байланыстыру орнатылады. Мысалы, егер TCP/IP байланыстыру тізімінде бірінші хаттама болса, онда байланыс құру әрекеті кезінде осы хаттама қолданылады. Егер әрекет сәтсіз болса, онда компьютер - байластыру тізіміндегі келесі хаттамамен байланыс құруға әрекеттенеді.

Байластыру (binding) желілік. адаптер такшасына хаттамалар стегін құрумен шектелмейді. Хаттамалар стегі өз деңгейінен жоғары, әрі төмен компоненттерімен байланыстырылуы қажет. TCP/IP жоғарыда - сеанс деңгей NetBIOS, ал төменде - желілік адаптер тақша драйверіне байланыстырылады.

Стандартты стектер

Компьютерлік өндірісте хаттамалардың стандарты моделі ретінде бірнеше стектер жасалған. Солардың ең бастысы:

  • ISO/OSI хаттамалар жинағы;

  • IBM System Network Architecture (SNA);

  • Digital DEC net™;

  • Novell NetWare;

  • Apple Apple Talk®;

  • TCP/IP, интернет хаттамалар жинағы.

Бұл стек хаттамалары өз деңгейлерінен өзгеше жұмыс орындайды. Желідегі коммуникациялы тапсырмалар хаттамаларды үш түрге бөледі:

  • қолданбалы,

  • транспортты;

  • желілік.

Бұл типтердің орналасуы OSI моделіне сәйкес келеді.

Дәріс 7