Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-к бюджеттің эко-қ мәні мен рөлі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
636.24 Кб
Скачать

2.3. Қр жергілікті бюджеттердің мемлекеттік бюджеттегі алатын орны

Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды. Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер “Бюджет жүйесі туралы заң” бойынша бюджеттік талдауды қолдана отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды. Қазақстанда жергілікті бюджеттің өзінің ішкі құрамдас бөліктері арасындағы және респ. бюджетпен қарым-қатынастарын реттеудің төмендегідей механизмдері қолданылады:

  • әрбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және олар бойынша шығын көлемін жоспарлау;

  • жергілікті бюджетке толықтай түсетін салық және басқадай түсімдер түрін анықтау;

  • кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп беру;

  • жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі;

  • жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі;

  • жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін әрі қарай жетілдіру, жергілікті атқару және әкімш. органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру.[13]

Жергілікті бюджет (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.

Жергілікті бюджеттердің құрылымы мен бөлімдері республикалық бюджеттің құрылымы мен бөлімдеріне ұқсас. «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді:

Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, жергілікті атқарушы орғанның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеттің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету;

  • қорғаныс, коғамдық тәртіп және кауіпсіздік;

  • білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;

  • мәдениет спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;

  • ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау;

  • өнеркәсіп және құрылыс;

  • көлік және байланыс;

  • экономикалық қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау);

  • басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар калалар) бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетін трансферттер, жергілікті атқарушы орғандардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сэулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді.[14]

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында каладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің құрамында каладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді:

  • каладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;

  • азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

  • мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдықтехникалық қамтамасыз ету;

  • ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

  • мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету;

  • елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

  • жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу;

  • елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

  • мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.

Жергілікті деңгейдегі қаражаттық түсімдер мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынандай факторларға байланысты:

  • өндірістік объектілердің болуы;

  • табиғи ресурстар;

  • әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұрылым объектілері;

  • бөлініс мәртебесі;

  • халықтың жиілігі;

  • табиғат-климат жағдайлары және т.с.с.

Жергілікті бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі орны ерекше. Олардан әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқу жүйесінің бағдарламалары, денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады.

ҚР жергілікті бюджетінің орындалуына талдау(кесте 3-те келесі 35 бетте көрсетілген)

Жергілікті бюджет кірістері 2011 жылы 2 677 740,2 млн.тг көлемінде болды, 2010 жылмен салыстырғанда 270 303,2 млн.тг көп түскен. Соның ішінде салықтық түсімдер 2011 жылы 981 125,7 млн.тг, 2010 жылдан 130 599,7 көп түскен. Салықтық емес түсімдер 2011 жылы 2010 жылға қарағанда -3 484,1 млн.тг аз. Трансферттер болса 146 300,9 млн.тг жоғары.

2011 жылғы жергілікті бюджет шығыстары 2 576 751,0 млн.тг болды. Іс жүзінде шығыстар 2010 жылмен салыстырғанда, 2011 жылы 246 110,0 млн.тг ұлғайған.

2011 жылы жергілікті бюджеттің таза бюджеттік кредит берудің көлемі 2 445,8 млн.тг құрады. Бұл ретте оның мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда -4 711,1 млн.тг төмендеген.

Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 46 123,8 млн.тг ұлғайған.

2011 жыл жергілікті бюджет тапшылығы 2010 жылға қарағанда -17 219,3 млн.тг мөлшерінде азайған.

Кесте 3 ҚР жергілікті бюджетінің орындалуына талдау

ҚР жергілікті бюджетінің орындалуына талдау

Атауы

2009

2010

2011

Ауытқу

млн. тг

млн. тг

млн. тг

млн. тг

млн. тг

I. Кірістер

2 119 178,3

2 407 437,0

2 677 740,2

288 258,7

270 303,2

Салықтық түсімдер

777 674,3

850 526,0

981 125,7

72 851,7

130 599,7

Салықтық емес түсімдер бойынша

22 390,5

33 440,8

29 956,7

11 050,3

-3 484,1

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша

31 349,4

36 916,8

33 803,6

5 567,4

-3 113,2

Трансферттер түсімдері бойынша

1 287 764,0

1 486 553,3

1 632 854,2

198 789,3

146 300,9

II. Шығындар

2 021 250,4

2 330 641,0

2 576 751,0

309 390,6

246 110,0

III. Таза бюджеттік кредит беру

1 115,7

7 156,9

2 445,8

6 041,2

-4 711,1

Бюджеттік кредиттер

2 100,0

9 097,6

10 752,0

6 997,6

1 654,4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

984,3

1 940,7

8 306,2

956,4

6 365,5

IV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

77 228,9

63 031,6

109 155,4

-14 197,3

46 123,8

Қаржы активтерін сатып алу

77 509,9

63 360,8

110 485,1

-14 149,1

47 124,3

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

281

329,2

1 329,8

48,2

1 000,6

V. Тапшылық

19 583,2

6 607,4

-10 611,9

-12 975,8

-17 219,3

VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру

-19 583,2

-6 607,4

10 611,9

12 975,8

17 219,3