
- •1 Қр бюджетінің қалыптасуының теориялық аспектілері
- •1.1 Бюджет ұғымы, пайда болу алғышарттары
- •1.2 Бюджеттің экономикалық мәні мен мазмұны
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы. Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие – мемлекеттік бюджет.
- •Францияның қаржы және бюджет жүйесі. Франция, сша және Германияға қарағанда унитарлы мемлекет және бюджет жүйесі екі буыннан тұрады;
- •2 Қр мемлекеттік бюджеті: құрылымы және қазіргі кездегі жағдайы
- •2.1 Қр бюджет жүйесі және құрылымы
- •2.2. Қр республикалық бюджетінің орындалу жағдайына талдау
- •2.3. Қр жергілікті бюджеттердің мемлекеттік бюджеттегі алатын орны
- •3 Қр мемлекеттік бюджетті дамытудағы негізгі тенденциялары
- •3.1 Қр мемлекеттік бюджетінің қалыптастыруын дамытудағы негізгі тенденциялары
2 Қр мемлекеттік бюджеті: құрылымы және қазіргі кездегі жағдайы
2.1 Қр бюджет жүйесі және құрылымы
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.[9]
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді(сурет 3).
Келесі 22 бетте: сурет 3 – Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Мемлекеттік (төтенше мемлекеттік) бюджет
Ұлттық қор
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Облыстық бюджет
Астана бюджеті
Республикалық маңызы бар қала бюджеті
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті
Ауылдық округтер мен кенттердің бюджеті
Астана ауданының бюджеті
Республиклық маңызы бар қала ауданының бюджеті
Сурет 3 – Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одактық бюджеттен, 15 одактас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сактандыру бюджетінен тұрды. Одактық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. 1991 жылдың 17 желтоксанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі денгейлер бюджеттерінің бірлік кағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны кабылдау, 1995 жылы жаңа салық заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық орғандарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себебі болды. Заңға бюджет жүйесінің кағидаттары ескерілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтін және жергілікті атқарушы орғандардын резервтері сиякты жаңа үғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу тоқтатылды.[10]
1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын бағдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады.
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші заң кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша респүбликалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді, тиісінше республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүзеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды.
2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда министрлігін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру бюджеттік үдерісті реформалауда маңызды кадам болды. Сонымен бірге бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу функциялары бөлінді, ал стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау шоғырландырылды.
Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар экономиканың мұнайлық емес бөлігінен республикалық бюджетке аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламапарына жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденілген трансферттер есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі, соның ішінде белгіленген шектеулер шеңберіндегі қарыз алу (ішкі және сыртқы) есебінен жабылуы мүмкін.
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұскасы бюджет жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді.Оның негізінде бюджетті күдерістегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне кол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сиякты шешуші салаларды камтитын үш жылдық бюджет жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нүсқасы бюджеттің үдерістің стадиясындағы барлық операцияларды - стратегиялық бағыттар мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен - әрбір мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді. Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер көрсетуге қайта бағдарланған. Жаңа Бюджеттік кодекстің нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтердің пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді.
2005 жылы бюджетті қалыптастырудан бастап, оны атқарумен және бақылаумен аяқтаудың барлық қаржылық рәсімдерін регламенттейтін бірыңғай заң - Бюджеттік кодекс күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің жаңа кағидаттары қойылған, бюджеттік жоспарлаудың бұрынғы қағидаттары,барлық денгейлер бюджеттерінің кіріс және шығыс бөлімдерін қалыптастыру жөніндегі амалдар түбегейлі қайта қаралды. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды әзірлеу өзінің дамуы жағынан жетілдірілді, бюджеттің атқарылу үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесі туралы қағида күшейтілді.
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру үшін үш жылдық кезеңге арналған салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын құжат - орта мерзімді фискалдық саясат әзірленді. Сонымен бірге бюджеттің атқарылу үдерісі де тым егжей-тегжейлі регламенттелінді, бюджеттік үдерістің жаңа кағидаттары енгізілді.
Бюджет деңгейлері жүйеленілді, әрбір деңгейдің кала мен аудан бюджетіне дейінгі шығыстары, олардың түсімдері мен бюджеттерді әзірлеудің тәртібі егжей-тегжейлі жазылып койылды.
Заңнамада бюджеттердің тек екі деңгейі - республикалық және облыстық денгейі ретке келтірілген, ап төменгілері «ойын ережелерін» өздері анықтайды. Айқындықты қамтамасыз ету және олардың қызметіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті нормалар енгізілді.
Шығыстарды бөлудің негізгі уәжі шығыстардың үлкен бөлігін жергілікті деңгейге табыстау болып табылады. Әрбір бюджеттің белгілі бір, қатаң жүйеленілген және орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген бағдарламалармен аудандық бюджетке бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және поселкелердің әкімдері болады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді ішкі бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді: ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті жүргізеді.Сыртқы бақылаудың функциялары Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен мәслихаттардың ревизиялық комиссияларында калды. Бюджеттік инвестициялар ұғымы кеңейтілді, инвестициялық жобаларды кезеңдік іріктеу, сондай-ақ жобалардың тиімділігін бағалау тәртібі енгізілді. Капиталдың ішкі және сыртқы рыноктарында жергілікті атқарушы орғандар-дың қарыз алуы жойылған, тек жоғарғы бюджеттен олардың қарыз алуы сақталынған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың қойылған міндеттерін тиімді іске асыру мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып баланыстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді.