
- •1 Қр бюджетінің қалыптасуының теориялық аспектілері
- •1.1 Бюджет ұғымы, пайда болу алғышарттары
- •1.2 Бюджеттің экономикалық мәні мен мазмұны
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы. Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие – мемлекеттік бюджет.
- •Францияның қаржы және бюджет жүйесі. Франция, сша және Германияға қарағанда унитарлы мемлекет және бюджет жүйесі екі буыннан тұрады;
- •2 Қр мемлекеттік бюджеті: құрылымы және қазіргі кездегі жағдайы
- •2.1 Қр бюджет жүйесі және құрылымы
- •2.2. Қр республикалық бюджетінің орындалу жағдайына талдау
- •2.3. Қр жергілікті бюджеттердің мемлекеттік бюджеттегі алатын орны
- •3 Қр мемлекеттік бюджетті дамытудағы негізгі тенденциялары
- •3.1 Қр мемлекеттік бюджетінің қалыптастыруын дамытудағы негізгі тенденциялары
Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы. Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие – мемлекеттік бюджет.
Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы анықтаманы төмендегідей береді:
Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік – экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдерде, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын, және де ең басты міндет – мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету еді. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріне бағындырған болатын.
Дегенмен, 80 – 90 жылдардағы Ресейдегі саяси өзгерістер Ресей экономикасын толығымен өзгертіп жібергені анық. Меншіктің жаңа түрлері, шаруашылық субъектілерінің пайда болуы ақша табыстары жүйесіне өзгерістер енгізді. Әкімшілік билік жойылған соң, қоғамның қаржы ресурстарын заң шығарушы органдар мен атқарушы билік органдарының арасындағы құзырды анықтау мәселесі туындайды.
Мемлекет қаржыларын модернизациялаудың басты бағыты болғаны – дамыған социализмнен қалыптасып қалған бірыңғай мемлекеттік бюджеттің өз бетінше үш жеке дербес бөліктерге бөлінуі:
федералды бюджет;
федерация субъектілерінің бюджеті;
жергілікті бюджеттер.
Сондай – ақ, бюджеттің басты табыс көзі ретіндегі салықтар жүйесі де қолға алынды, сыртқы сауда мен валюта қатынастарына монополияны болдырмау, өнеркәсіптерді мемлекет меншігін алу сияқты маңызды қадамдардың бәрінің нәтижесі Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мен құрылымын принципиалды түрде өзгертті.
Осылайша бүгінде Ресей Федерациясының бюджет жүйесі жоғарыда аталып кеткендей, үш деңгейлі:
Бірінші деңгей – Ресей Федерациясының федералды бюджеті мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;
Екінші деңгей – Ресей Федерациясының субъектілер бюджеті және аумақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеттері;
Үшінші деңгей – жергілікті бюджеттер.
Ескере кететін бір жәйт, Ресей Федерациясының БК – сі қабылданғанға дейін бюджеттен тыс қорлар қаржы жүйесінің элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін.
Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы бюджеттер жиынтығы – жиынтық немесе құрама бюджет деп аталады.
Федералды бюджет – федералды жиналыс арқылы бекітілген мемелекеттің басты қаржы жоспары. Федералды бюджет ұлттық табыс пен ЖҰӨ - ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, ол арқылы елді экономикалық дамытуды реттеу мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары жұмылдырылады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – федералды бюджеттен тыс қалыптасқан және қолданылатын ақша қаоажаттарының қорлары.Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар азаматтардың мынадай конституциялық құқықтарын, яғни зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздық жағдайына әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты қорғау және медициналық көмек көрсету сияқты құқықтарын жүзеге асыру үшін бағытталған және олар қатаң мақсатты түрде жұмсалады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, негізінен, міндетті аударымдар есебінен құралады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің орындалуы Ресей Федерациясының федералдықазыналығымен жүзеге асырылады.
Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сәйкес мемлекеттік тыс қорлар қатарына мыналар кіреді:
Ресей Федерациясының зейнетақы қоры;
Ресей Федерациясының әлеуметтік сақтандыру қоры;
Федералды міндетті медициналық сақтандыру қоры;
Ресей Федерациясының халықты еңбекпен қамту қоры;
Ресей Федерациясының жол қоры;
Ресей Федерациясының экономикалық қоры;
Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес қоры;
Ресей Федерациясының шекара қызметін дамыту қоры;
Ресей Федерациясының атом энергиясы министрлігінің қоры;
Ресей Федерациясының кеден жұмысын дамыту қоры;
Ал, мемлекеттік салық қызметінің федералды қоры жаңа заңдылық бойынша мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар құрам құрамына кірмейді. Оған себеп, бүгінгі таңда көптеген мақсатты қорлардың қаражаттары бюджетке жинақталып, ал қорлардың өздері өз дербестіктерін жоғалтуда.
Осылайша, Ресей Федерациясыныңбюджеттен тыс қорлары жүйесіндегі реформалау екі бағытта жүріп жатыр: кейбір бюджеттен тыс қорлар өз дербестіктерін жоғалтып, олардың қаражаттары бюджет құрамына енгізіліп, ал қорлардың өздері қаржы органдарының құрамына берілуде; енді біреулері болса, өздерінің заңды дербестіктерін сақтап қалса да Ресей Федерациясының бюджет жүйесінің құрамына кірде.
Осылайша мемлекет қолындағы қалып ресурстарын орталықтандыру процесі қызу қарқынмен жалғасуда.
Ресейдің салық жүйесі. Қазіргі кездегі Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған Заңнан бастау алады.
Ресей Федерациясының салық жүйесі мемлекеттің Конституциясымен қадағаланады. Барлық салықтар мен алымдарды Ресей Федерациясы Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлік қадағалайды;
Ресей Федерациясы Салық Кодексінде қалыптасқан салық жүйесінің негізгі қағидалары:
Салық төлеуші болып табылатын әрбір тұлға салық заңнамасымен бекітілген салықтарды төлеуге міндетті.
Салықтар саяси, идеологиялық, этникалық, конфессионалдық және т.б. осындай критерийлер негізінде қолдананыла алмайды.
Ресей Федерациясы салық жүйесін бұзатын салықтарды енгізуге болмайды.
Салық мөлшерлемелерін, яғни дифференциалданған мөлшерлемелерді көтеруге, немесе салықтар енгізуге рұқсат етілмейді.
Ресей Федерациясы субъектілерінің салықтары мен алымдары:
Жергілікті салықтар мен алымдар.
Федералдық салықтар Салық Кодексімен бекітіліп, елдің барлық аумағында төленеді.Оған мынадай салықтар жатады:
қосылған құнға салынатын салық;
акциздер;
жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
кеден баждары;
ұйымдардың пайдасына салынатын салық;
мұра мен сый ретінде келген мүліктерге салынатын салық;
ойын бизнесіне салынатын салық;
пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салынатын салық;
жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлем;
мемлекеттік баж;
су объектілерін пайдаланғаны үшін салынатын салық.
Қосылған құнға салынатын салық Ресейдің қазіргі салық жүйесіндегі салықтарлдың бірі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салықты мынадай заңды және жеке тұлғлар төлейді:
ұйымдар;
жеке кәсіпкерлер;
Ресейдің Кеден Кодесіне сәйкес, Ресейдің кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалар.Салық аванстық төлем түрінде прогрессивтік шкаламен анықталады.Аванстық төлем түрінде прогрессивтік есепті айдан кейінгі айдың 15 – не дейін жасалуы керек. Салық деклрациясы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 наурызына тапсырылуы қажет.
Салық агенттері есептелінген табыстан салық сомасын есептеп ұстап қалуға міндетті. Салық декларациясын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін салық органына тапсыру қажет. Салық декларациясында жеке тұлғаның салық кезеңінде алған табыстары, оның көздері, шегерімдері, есептелген салық сомасы, салық кезеңі ішінде төленген аванстық төлемі, салық кезеңінің қорытындысы бойынша төленуі тиіс салық сомасы көрсетіледі.