Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-к бюджеттің эко-қ мәні мен рөлі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
636.24 Кб
Скачать

Мазмұны

Ресейдің қаржы жүйесі және оның буындары. Қаржы жүйесі – бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай – ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.[5] 10

Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері. Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2010 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады: 12

Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы. Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие – мемлекеттік бюджет. 13

Францияның қаржы және бюджет жүйесі. Франция, США және Германияға қарағанда унитарлы мемлекет және бюджет жүйесі екі буыннан тұрады; 17

Мемлекеттік бюджет. Франция бюджеті – мемлекеттік қаражаттарды басқарудың маңызды инструменті. Мемлекет бюджеттік жүйе арқылы ЖІӨ-нің 20% дейін және ұлттық табыстың 50%-ын қайта бөліп, қалыптастырады. Француздық қаржылық жүйесінің барлық табыстар мен шығындардың шамамен 80%-ы мемлекеттік бюджет бөлігіне тиесілі. 17

Бюджеттік процесс. Францияның бюджеттік процесі 1959 жылғы декреттер, регламенттер, нұсқаулар, бюджеттік операциялардың ұлттық шот жүйесінде көрініс табуы, бюджеттік процесс пен бақылауға қатысты орталық және аймақтық билік органдардың ролі мен функциясы және көптеген заңдар констетуция баптар қатарымен реттелінеді. Францияда бюджеттік дайындау, қабылдау, атқару және атқарылғаны туралы есеп құру 3 жылға созылады. 19

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін барлық салаларды өз бетімен көтеріп, бірден орталықтандырылған бюджет құруға бағып тырысты. Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым – қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастың ахуалына тәуелді болып табылады. Мемлекеттік бюджет – еліміздің басты звеносы болып табылады. Мемлекеттік бюджет арқылы ғана біз мемлекеттің қаржылық жағдайы жөніндегі барлық ақпарды таба аламыз. Шетел тәжірибесі көрсетіп отырғандай мемлекеттік бюджетті тұрақтандыру арқылы ғана әлеуметтік жағдай, білім беру, медицина салаларына маңызды түрде қомақты қаржы бөлуге болады. Бірақ, соған қарамастан, мемлекеттік бюджетті толық тұрақтандыру жағдайына осы жиырма жылдың ішінде әлі де қол жеткізе алған жоқпыз, оған бір жағынан біздің әлі де мемлекетіміздің жастығы ма, мүмкін бағдарламалар, реформалар жасалуы дұрыс жолға қойылмауы себепкер болғаны шығар. Осы және ғылыми жұмыстың барысында әлі де туындайтын мәселелермен бұл тақырып өзекті болып табылады.

Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

Бюджет – қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.

Ғылыми жұмыстың мақсаты – мемлекеттік бюджеттің оңтайлы қалыптастыруының негізгі бағыттарын анықтау.

Міндеттері:

  • «Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және рөлі» атты тақырыпты жан – жақты, әрі кешенді зерделеу;

  • Бюджет ұғымы пайда болу алғышарттарын қарастыру;

  • Бюджеттің экономикалық мәні мен мазмұнын ашып көрсету;

  • Шетел тәжірибесіндегі бюджеттің қалыптасу ерекшеліктерін қарастыру;

  • ҚР бюджет жүйесі және құрылымымен танысу;

  • ҚР республикалық бюджеттің орындалу жағдайына талдау жасау;

  • ҚР жергілікті бюджеттердің мемлекеттік бюджеттегі алатын орны туралы қарастыру;

  • ҚР мемлекеттік бюджетінің қалыптастырылуын дамытудағы негізгі тенденцияларын қарастыру;

1 Қр бюджетінің қалыптасуының теориялық аспектілері

1.1 Бюджет ұғымы, пайда болу алғышарттары

Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы[1].

Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Егеменді Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастырып, оны одан әрі тереңдете дамытуда шешуші тұтқалардың бірі мемлекеттік бюджет болып табылады.

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым–қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым–қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым–қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Елімізде нарықтық экономика жағдайында тиімді мемлекеттік бюджет пен салық жүйесінің қалыптасуының ерекше мәні бар.[2]

Мемлекет мына төмендегі жағдайларға ықпал ете алады және әдетте, ықпал етеді де:

  • экономиканы дамытудың сара жолын талдау (мысалы, нарықтық, ди-рективалық жоспарлы немесе аралас экономиканы таңдау);

  • мемлекеттік реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын ынталандыру және қолдау;

  • экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру;

  • жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық қызметінің түрлі субъектілерінің мәртебесін анықтау;

  • экономикалық инфрақұрылым құралдарын (шаруашылық басқарудың қаржы ақша құралдары, несие беру, заем беру, инвестициялық саясат) пайдалану. Салық саясаты экономикалық функцияның айырықша компоненті болып табылады, өйткені мемлекет бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансталуы осыған тікелей байланысты.

Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады.

Мемлекеттік бюджеттің "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстардан және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге не ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (жою) көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал нарығынан алынған қарыздар, Ұлттық банктің кредиттері жатады.

Мемлекеттік бюджетте жалпы ішкі өнім көлемінің 2-3% шамасындағы тапшылыққа ғана жол беріледі. Көрсетілген шамадан асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі және сыртқы заемдар жаба алмайды. Сондықтан мемлекет айналымға еріксіз қосымша ақша шығаруға мәжбүр болады. Бұл ақшаның құнсыздануына, инфляцияның өршуіне және халықтың тұрмыстық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ҚР Президентінің тікелей басшылығымен құрылған бюджеттік комиссия Үкіметтің парламентке ұсынған заң жобаларын алдын ала қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ, бюджеттің кірісі мен шығысы арасындағы сәйкестіктің бұзылмауын назарда ұстап, оның орындалу барысын үнемі қадағалап отырады.