
- •Геологиялық бөлім
- •1.1 Кен орын туралы жалпы мағлұматтар
- •1.2 Стратиграфия
- •1.3 Тектоникасы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Кен орынды игеру жүйесі
- •2.1.1 Игерудің ағымды жағдайын талдау
- •Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.1.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.5 Қабатты және ұңғыны гидродинамикалық зерттеу
- •2.1.6 Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай бергіштігін арттыру әдістері
- •2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
- •2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес.
- •2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесiнiң талаптары мен оларға ұсыныстар
- •Арнайы бөлім
- •2.3.1 Құмкөл кен орнының ұңғы өнімін жинау және дайындау жүйесінің жұмыстарын талдау
- •2.3.2. Диплом жобасының тақырыбы бойынша көлденең және тік айырғыштардың есебі
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Кен орнын игерудің технико-экономикалық көрсеткіші
- •3.2 Экономикалық тиімділік есебі.
- •Еңбекті қорғау бөлімі
- •4.1 Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар
- •4.2. Еңбек кауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
- •4.3. Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •5.2 Су ресурстарын қорғау
- •5.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.1.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
Кен орын объектілерін игеру кезіндегі қалған мұнай қорын алудың қазіргі жағдайын талдау үшін өнім алу картасы тұрғызылған. М-I, М-II, Ю-I, Ю-II, Ю-III және Ю-IV горизонттарынан өндірілген мұнай мөлшерінің осы кен орынның бастапқы геологиялық қорына қатынасы арқылы қазіргі жағдайдағы мұнай алу коэффициенті (КИН) анықталды. (2.2-кесте)
2.2-кесте-Горизонттар бойынша қазіргі мұнай бергіштік коэффициенті
Горизонттар және игеру объектілері
|
Баланстық қор мың.тонн |
Жалпы өндірілген мұнай мың.тонн |
Жобалық мұнай алу коэфф. бірлік үлес |
М-I |
21550 |
6161,669 |
0.566 |
М-II |
3232 |
779.131 |
0.566 |
I (М-I+М-II) |
24782 |
6940,8 |
0.566 |
Ю-I |
24720 |
5329,152 |
0.605 |
Ю-II |
15424 |
4516,147 |
0.605 |
II (Ю-I+Ю-II) |
40144 |
9845.299 |
0.605 |
III (Ю-III) |
14734 |
6244.719 |
0.585 |
IV (Ю- IV) |
580 |
107,6 |
0.30 |
М-I горизонты бойынша мұнай нұсқасының ішкі бөлігінен сыртқы бөлігіне қарай мұнай алу коэффициентінің азаюы байқалады. Оған себеп мұнайдың горизонттың шет бөліктерінен, орталық бөліктеріне қарай белсенді ығыстырылуы болып табылады. Бұл горизонттың көптеген ұңғыларында мұнай алу коэффициентінің мөлшері жоғары. Мысалға: мұнай алу коэффициенті №:1033, 1035, 1042, 1047, 1048, 1054, 1078, 1088 және 1096 ұңғыларда 0,5 жоғары болып келеді. Жалпы аумақтағы қалған ұңғыларда мұнай алу коэффициенті 0,002-ден 0,5 аралығында өзгереді.
М-ІІ горизонты бойынша мұнай өндірудің жоғарғы өсімі № 1035 ұңғыға келеді. Бұл ұңғының мұнай алу коэффициенті 0,61-ге тең. Ал қалған ұңғыларда мұнай алу коэффициенті 0,3-тен аспайды. Мұнайдың негізгі бөлігі горизонттың орталық зонасынан өндірілген.
Ю-І және Ю-ІІ горизонттарынан мұнай өндіру бірқалыпты. Көптеген ұңғылардың мұнай алу коэффициенті 0,5-тен жоғары. Мысалға: Ю-І горизонтының № 2231, 2215, 2164 ұңғыларының мұнай алу коэффициенті 0,65-тен, ал Ю-ІІ горизонтының № 2226, 221, 2198 ұңғыларының мұнай алу коэффициенті сәйкесінше 0,7-ден жоғары болып келеді.
Ю-ІІІ горизонтынан мұнай өндіру жобаға сәйкес келе жатыр. Ұңғылар бойынша мұнай алу коэффициенті бірқалыпты. Бірақта горизонттың батыс бөлігіндегі № 219, 2191, 3093 ұңғыларда мұнай алу коэффициенті басқа ұңғыларға қарағанда жоғарырақ.
2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
Кен орынның энергетикалық жағдайын бақылау мақсатында, «АҚ Торғай Петролеум» компаниясының аумағындағы айдау және өндіру ұңғыларының түптік қысымын анықтау, статикалық және динамикалық деңгейлерді өлшеу сияқты т.б. әртүрлі тереңдік зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аумақ бойынша 2006 – 2007 жылдары қабат қысымы 579, түп қысымы 464, статикалық және динамикалық деңгейлер сәйкесінше 1271және 4641 рет өлшенді. Өлшеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу арқылы, кен орынның игеру объектілері бойынша изобар картасы тұрғызылды.
Төменде объектілер бойынша қабаттың энергетикалық жағдайы сипатталған.
І объект
Қабат қысымын ұстау жүйесі 6 айдау ұңғысынан (№№ 1037, 1051, 1072, 1080, 2111, 1052d) тұрады. Ұңғылардың орташа қабылдағыштығы 619,11 м3/тәу тең. Объектінің қазіргі кездегі компенсациясы 47,5 % құрайды.
Жалпы аумақ бойынша 2007 жылы қабат қысымын 31, түп қысымын 3, статикалық деңгейді 142 және динамикалық деңгейді 732 рет өлшеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу қорытындылары бойынша М-І және М-ІІ горизонттарының изобар картасы тұрғызылды.
Объект бойынша орташа қабат қысымы 9,62 МПа құрайды. Бұл бастапқы қабат қысымынан 1,98 МПа төмен.
М-І горизонтының орташа қабат қысымы 9,52 МПа тең. Ал М-ІІ горизонтының ағымдағы орташа қабат қысымы 10,41 МПа шамасында.
Объект бойынша мұнайдың газбен қанығу қысымы 2,5 МПа болуына байланысты, кеніште гидродинамикалық қиындықтар туу қаупі өте төмен. Айдау арқылы сұйықты өндіру көлемін ұлғайту және кеніштің шет бөліктерінде айдау батареяларын қалыптастыру мақсатында №№1064, 1067, 1076 өндіру ұңғыларынан контур бойымен су айдау керек деп шешілген.
ІІ объект
Қабат қысымын ұстау жүйесі орташа қабылдағыштығы 246,6 м3/тәу болатын 25 айдау ұңғысы (№№ 14Р, 2092, 2100, 2103, 2119, 2127, 2129, 2131, 2133, 2151, 2153, 2157, 2159, 2161, 2163, 2166, 2168, 2194, 2199, 2201, 2232, 2236, 2255, 2257, 3105) арқылы жүргізіледі. Объектінің қазіргі кездегі компенсациясы 66,8 % құрайды.
ІІ объект бойынша 2007 жылы қабат қысымы 91, түп қысымы 66, статикалық және динамикалық деңгей сәйкесінше 264 және 965 рет өлшенді. Алынған мәліметтер бойынша қабат қысымының өнім алудан тәуелді графигі және изобар картасы тұрғызылды.
Орташа қабат қысымы объект бойынша 10,66 МПа тең. Бұл бастапқы қабат қысымынан 2,64 МПа-ға төменірек. Объектінің солтүстік батыс бөлігіндегі №№ 16р, 2191д, 2206, 2207, 2208, 2220 өндіру ұңғыларында қабат қысымының түсуі байқалған. Бұл бөліктегі қабат қысымының түсуін айдау ұңғыларының жоқтығымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар объектінің солтүстік бөлігіндегі №№ 2197д, 2198, 2213, 2214, 2226, 2р ұңғыларда да қысым өзгерісі байқалған. Бұл аудандағы қабат қысымының азаюына айдау ұңғыларының нашар қабылдағыштығы басты себеп.
ІІІ объект
Қабат қысымын ұстау орташа қабылдағыштығы 260,8 м3/тәу болатын 13 айдау ұңғысы (№№ 2179, 3046, 3048, 3050, 3052, 3068, 3072, 3074, 3076, 3089, 3092, 3101, 3200) арқылы жүргізіледі. Қазіргі кездегі объектінің компенсациясы 87,2 % құрайды.
ІІІ объект бойынша 2007 жылы қабат қысымы 44, түп қысымы 33, статикалық және динамикалық деңгей сәйкесінше 88 және 308 рет өлшенді. Объект бойынша орташа қабат қысымы 10,88 МПа тең. Бұл бастапқы қабат қысымынан 2,82 МПа-ға төмен.
Изобар картасы арқылы объектінің орталық бөлігіндегі өндіру ұңғылары жоғарғы қысымға ие екені анықталған. Оған басты себеп айдау ұңғыларының жоғары қабылдағыштығы. Мысалға: № 3072 айдау ұңғысының қабылдағыштығы 445 м3/тәу тең. Сондықтан орталық бөліктегі ұңғылардың орташа қабат қысымы 11,24-13,03 МПа аралығында өзгереді.
ІV объект
Қазіргі кезде бұл объект қабат қысымын ұстаусыз 2 өндіру ұңғысы арқылы игерілу үстінде. Жалпы ІV объект бойынша 2007 жылы қабат қысымын 1, статикалық деңгейді 14 және динамикалық деңгейді 2 рет өлшеу жұмыстары жүргізілді. Қабаттың орташа қысымы 11,09 МПа-ға тең. Бастапқы қабат қысымынан 2,41 МПа-ға ауытқыған.