Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом мота.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.49 Mб
Скачать

1.3 Тектоникасы

Құмкөл кен орны онтүстік Торғай үстіртінің Арысқұм иінінің шегінде орналасқан. Арысқұм иінінің көлемінде өзара азғана биіктіктермен бөлінген рифт тектес бес желілі- созылыңқы грабен –синклиналиялар аиқын көрінеді.

Құрылымдық жағынан Құмкөл дөңесі Арысқұм иінін бөліп тұратын Ақшабұлақ және сарылан грабен-синклиналиясының сарыбұлақ азғана – сыналауға қарсы шығыңқысының Оңтүстік батыңқыбөлігіне орналасқан.

Дөнес көлеміндегі тұнба жабындысыфундамент жыныс қабаттарында бұрыштық және стратиграфиялық сәйкесссіздіктермен жатады.

Фундамент тектоникалық ақаулармен солтүстік ө шығысқа созылған бліктерге бөлінген. Тұнба жабысындағы тектоникалық ақаулар тек Солтүстік батысқа созылған жазықта байқалады.

Топырлы жер шөгіндісінде екі құрырымдық бет қабаты айқын көрінеді, олардың бірі Құмкөл қабатының жоғарғы топарлы жерінің жабындысының көтерілу құрылымын бейнелейді (бет қабаты өнімді қабаттың Ю-1 жабындысымен байланысты, екіншісі орта топырлы жер шөгісінің жабындысы бойынша көтерілуін сипаттайды (бет қабаты өнімді қабаттың ю-IV жабындысымен сәйкес келеді).Құмқол өнімді қабатының Ю-IV жабындысы бойынша үш күмбезді қатпарланған бронхиантиклинальды қаббаттан тұрады.

Тұйық изогинсасы 1300м болғанда қатпарлардың өлшемі 20х8км қүрайды, ең көп амплитудасы 160м жыныстардың құлау бұрышы батыс қанатында 1030i, шығысында 2030i. Қатпар үш тектоникалық ақаулармен (Ғ1, Ғ2, Ғ3) күрделінген. Ғ2, ең ұзақ ығысуының амплитудасы, қатпарлы шығысынан 60 – 100 м. шектейді, солтүстігінде бұл ақау Ғ3 ақауымен жанасып, әрі қарай әлсірейді.

Өнімді деңгейдің Ю – 1 жабындысы бойынша көтерілу өлшемі 20*9 км құрайды, тұйық изогипсасы – 1220 м, көтерілу амплитудасы 120 м Ю – IV деңгейіне қарай көтерілу жоспарын толығымен құрылым қайталайды және шығысынан Ғ2 ығысуымен шектелген әрі солтүстік – батыс бағытта созылған, амплитудасы 30 – 100 м , құм қабатшалардың ең көп саны беске жететін (2,5,11 ұңғылар ауданында) үш күмбезді брахиантиклинальды көрсетеді. Кен қабатына қарай мұнай – газ кеніші, қабатты, күмбезді, тектоникалық – экранды, газ бөлігінің биіктігі 32 м, мұнайдыкы 29,5 м ұштастырылған.

Ю – II қабаты орталық бөлікте екі құм қабатымен келтірілген, оңтүстік бөлігінде коллекторлардың ештеңе өткізбейтін жыныстармен орын алмасуы жүреді (9,12,17,19 ұңғы маңйында) ал солтүстігінде құмды қабатшалар санының өсуі төртке дейін ұлғаяды.

Газ бөлігінің биіктігі 9 м, мұнайдікі 91,5 м. Ю – III қабаты барлық алқап бойынша таралған екі құм қабатымен келтірілген және тек 7,3,17 ұңғылар маңайында жоғары қабат сазды батпақпен орын алмасды. Бұл қабатпен биіктігі 84 м, қабатты – күмбезді, тектоникалық экранды, мұнай кеніші байланыстырылған.

Ю – IV қабаты өте көп бөлшектенуімен ерекшеленеді, оның құрамында 5 қабат – коллекторға дейін бөлінеді, коллекторлардың саз балшықпен орын алмасуы 3 ұңғы маңайында жүреді. Кен орны газ мұнайлы, қабатты күмбезді тектоникалық экранды, стратиграфиялы және литологиялық жағынан шектеулі болып табылады. Газ бөлігінің биіктігі 23 м, мұнайдыкі – 18,5 м.