Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом мота.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.49 Mб
Скачать

5.1 Атмосфералық ауаны қорғау

Құмкөл кен орнында қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтар: мұнай ысыту пештері, резервуарлар, аппараттар, газды турбиналық двигательдер және факелдік жүйелер ауа бассейнін ластаушылардың негізгі көздеріне жатады.

Олар атмосфераға көбіне көміртегі газдарын, азот оксидін және күкірт газдары қоспаларын шығарады.

Құмкөл кен орнындағы жұмыс зонасы үшін ауадағы шектік рұқсат етілетін концентрация (ПДК) келесідей: көмірсутегі 300 мг/м3, азот оксиді 5 мг/м3, көміртегі оксиді 30 мг/м3, күкірт газы 10 мг/м3 дейін, ал елді мекендер үшін: көмірсутегі 5 мг/м3, азот оксиді 0,085 мг/м3, көміртегі оксиді 5 мг/м3, күкірт газы 0,5 мг/м3 мөлшерінде.

Атмосфераны зиянды заттардан қорғау үшін мынадай жағдайлар қарастырылуы керек:

Пештердің, жылу жүйелерінің, газотурбиналық двигатель жұмыстарының оптимальды жинау режимін бақылау;

Магистралды құбыр өткізгіштерде конденсат жинағыш орнату және атмосфераны газ, конденсат және мұнай өнімдерінің булануы арқылы ластанудан сақтау;

Факелдардан бөлінетін зиянды заттарды 15%-ке дейін азайтатын арнайы қондырғыларды орнату;

Өндіру, дайындау, тасымалдау техникаларын қоршаған ортаны қорғау шарттарына сәйкес жетілдіріп отыру.

5.2 Су ресурстарын қорғау

Жер беті және жер асты суларының бүліну көздеріне дұрыс тазартылмаған өндірістік, тұрмыстық сулар кәсіпорынның өндіріс аудандарынан, құбыр өткізгіштерінен шығатын зиянды заттар жатады.

Мұнай кәсіпшілігі қабат суларына және жер беті суларына үлкен әсерін тигізеді. Мұнай кәсіпшілігінде мынадай ағын сулары пайда болады:

- мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған өндірістік сулар;

- органикалық заттармен ластанған шаруашылық сулар;

Қабат және жер беті суларының ластану себептері:

- тазаланбаған немесе жартылай тазаланған өндірістік және тұрмыстық ағын сулар;

- жер беті ағын сулары;

- дренажды ағын сулары;

- булану аймағына жоғары минералданған ілеспе қабат суының төгілуі;

құбырлардан, ыдыстардан және басқа құрылымдардан улы сұйық материалдардың фильтрленгендері;

- ластайтын заттардың атмосфераға түсуі, яғни рельефтер және су объекттерінің бетіне қонуы;

- қалдықтар мен материалдарды сақтау орыны, тасымалдау алаңы;

- төгілген мұнайлар, газ тазарту өнімдері, реагенттер және т.б.

Гидросфераны ластайтын негізгі себептер: мұнай және мұнай өнімдері, күкірттісутек, метанол, фенол, БӘЗ, этаноламиндер, гликолдар, аммиак, минерализация және т.б. кәсіпшілік пен тұрмыстық сулар, теңізге мұнайдың төгілуі.

Су құрамындағы 200-400 м/м3 басқа заттардың өзі суда спецификалық иіс шығарады.

Мұнайдың тотығуы су ағымдарының түбіне шөгеді.

Егер бір тонна мұнай суға төгілсе, онда су бетінде 2,6 км2 ауданды алатын қабықша түзіледі.

Егер 100кг мазут төксе, онда судың бетінің ластануы 17000м2 жетеді. Ал бір тамшы мұнайдан 0,252 ауданда қабықша түзіледі.

Қабат қысымын ұстап тұру үшін қабатқа су айдау ағын суларды утилизациялаудың мәселесін шешер еді, бірақ кеніштердің суарынды режиміне байланысты қабат қысымын ұстап тұру қажет емес.

Өрт жағдайында резервуарларды суытудан қалған ағын сулар, жаңбыр сулары және еріген қар сулары құдыққа ағып, одан әрі жылжымалы құралдармен тұндырғыш-сыйымдылыққа жеткізіледі.

Су ресурстарын және іргелес жатқан территорияны өндіріс объектілерінің кері әсерінен қорғау үшін келесі шараларды орындау керек:

- суды есепке алуды және оны қолдануды бақылауды суөлшегіш аппаратураны қолдану арқылы қамтамасыз ету;

- барлық өндірістік ағын суларды, сонымен қатар мұнаймен қоса табылған суды жинау, тазалау және утилизациялаудың герметизацияланған жүйесін құру;

- технологиялық алаңда бордюрлар мен жаңбыр қабылдағыштарды салу.

Қазіргі жоба бойынша гидросфераны қорғау үшін мыналар қарастырылады:

- механикалық және биологиялық тазартудың жаңа жүйелері;

- қабат суларын дайындаудың әлемдік тәжірибесін қолдану;

- ауамен суыту аппараттарын қолдану арқылы сумен қамту жүйесін қолдану.

Амин құрамды ағын суларын микробиологиялық тазарту қарастырылған. Ал, технологиялық тазарту аэробты және аэробты емес миктроорганизмдерді қолдануға қарастырады.

Жобада ағын сулардың жер бетіне төгілуін қарастырмайды. Жоғары арынды саңылаусыздандырылған жүйенің орынды пайдаланылуы қоршаған ортаны және гидросфераны ластамайды.

Құбырлардан аққан зиянды сұйық заттармен судың ластануына жол бермес үшін жобада мыналар қарастырылады:

- канализацияның тазарту құрылымын мұнай өнімдері технологиялық процестеріне оралады;

- сусызданған механикалық қоспалар қалдықты залалсыздандыру қондырғысына жөнелтіледі;

- қысымның көбейген кезінде жүйеде автоматты түрде мұнайды қондырғыға жіберу құбыры жабылады;

- егер гидродинамикалық зерттеу, жер асты және күрделі жөндеу жұмыстары орындалса, онда ұңғыны сынау және меңгеру кезінде қабат флюиді шығуы мүмкін.

Қабат суларының ластанған аймағындағы қабат суларының сапасы мен деңгейін бірқалыпты режиммен бақылау ұйымдастырылады.