Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-б-органика сурактар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
230.5 Кб
Скачать

2) Көміртек тізбегіндегі тобының орнына;

3) Класаралық изомерлену түрлері тән.

  1. Екі атомды спиртті ата:

А) Этиленгликоль немесе этандиол.

  1. Екі атомды спирт этиленгликоль қайда қолданылады?

А) Машинада антифриз ретінде.

  1. Үш атомды спирт не деп аталады?

А) Глицерин немесе пропантриол.

  1. Үш атомды спирт глицерин қайда қолданылады?

А) Парфюмерияда, қопарылғыш заттар алуда, химия және тамақ өнеркәсібінде.

  1. Карбинол тобының формуласы:

А) .

  1. Спирттердің гомологтық қатарында нешінші мүшесіне дейін сұйық заттар?

А) Он бірінші.

  1. Спирттердің молекулалық масасының артуына байланысты судаерігіштігі қалай өзгереді?

А) Төмендейді.

  1. Спирттердің молекулалық массасының артуына байланысты қайнау және балқу температурасы қалай өзгереді?

А) Өседі.

  1. Спирттердің қайнау температурасының жоғары болуының себебі неде?

А) Спиртте сутектік байланыс бар.

  1. Сутектік байланыс дегеніміз не?

А) Бірі сутек элементі болып екіншісінің электртерістілігі одан жоғары элемент арасындағы байланыс.

  1. Этерификация реакциясы дегеніміз не?

А) Спирт пен карбон қышқылы әрекеттесіп күрделі эфир түзілу реакциясы.

  1. Спирт пен спирт әрекеттессе не түзіледі?

А) Жай эфир.

  1. Спирттер тотықса не түзіледі?

А) Альдегид.

  1. Гидролиз спирті дегеніміз не?

А) Целлюлозаны гидролиздеу арқылы алынған спирт.

  1. Абсолютті спирт дегеніміз не?

А) Құрамында суы жоқ спирт.

  1. Глюкозадан спиртті қалай алады?

А) Спирттік ашыту арқылы.

  1. Этил спиртін этиленнен қалай алады?

А) Дегидратациялау арқылы.

  1. , деген қандай мағына береді?

А) Тиісінше екі және үш гидроксил тобы бар деген сөз.

  1. Фенол дегеніміз не?

А) Бензол сақинасынан және гидроксил тобынан тұратын күрделі органикалық қосылыс.

  1. Фенол қышқылдық қасиетінің күші қандай?

А) Әлсіз.

  1. Триброфенолдың екінші атауы.

А) Пикрин қышқылы.

  1. Фенолдың сапалық реакцияларының бірі.

А) Бром суымен әрекеттесіп 2,4,6-трибромфенол түзуі.

  1. Динамиттің құрамын қандай?

А) 95% нитроглицерин, 0,5% , 4,5% кизель (топырақ).

  1. Динамитті кім ойлап тапты?

А) А.Нобель.

  1. Фенолдың екінші атауы.

А) Карбион қышқылы немесе гидроксибензол.

  1. Фенол неге қышқылдармен әрекеттеспейді?

А) Себебі, ол қышқылдық қасиет көрсетеді.

  1. Альдегидтердің функционалдық тобы не деп аталады?

А) Карбониль.

  1. Альдегидтер дегеніміз не?

А) Көмірсутек радикалынан және карбониль тобынан тұратын күрделі органикалық қосылыстар.

  1. Радикалдың табиғатына байланысты альдегидтер қалай бөлінеді?

А) Қаныққан, қанықпаған, ароматты.

  1. Альдегидтердің номенклатурасы.

А) Сәйкес көмірсутекке жұрнағы жалғанады.

  1. Карбонил тобындағы көміртегі атомы қалай гибридтелген?

А) .

  1. Формалин дегеніміз не?

А) Формальдегидтің судағы 40% ерітіндісі.

  1. Альдегид сөзі қайдан шыққан?

А) Алкагольді дегидрлеу.

  1. Карбонил тобының арасындағы бұрыш қаншаға тең?

А) .

  1. Молекулалық массасының артуына байланысты альдегидтердің балқу және қайнау температуралары қалай өзгереді?

А) Артады.

  1. Альдегидтердің неге қайнау температурасы төмен болады?

А) Себебі, онда сутектік байланыс жоқ.

  1. Құмырсқа альдегидінің агрегаттық күйі?

А) А) Өткір иісті, түссіз газ.

  1. Альдегидтерде сутектік байланыс бар ма?

А) Жоқ.

  1. Сірке альдегидінің агрегаттық күйі?

А) Сұйық.

  1. Альдегидтің сапалық реакциясы.

А) Күміс-айна реакциясы.

  1. Сірке альдегидінің формуласы.

А) .

  1. Формальдегидтің формуласы.

А)

  1. Альдегид тотықса не түзіледі?

А) Карбон қышқылдары.

  1. Альдегидтерге күміс-айна реакциясы тән бе?

А) Иә.

  1. Альдегидтердің сапалық реакциясы.

А) Күміс айна реакциясы мен мыс гидроксидімен әрекеттесуі.

  1. Формальдегид полимерлене ме?

А) Иә, нәтижесінде полиформальдегид түзіледі.

  1. Кетон дегеніміз не?

А) Карбонил тобы арқылы байланысқан 2 көмірсутек радикалынан тұратын органикалық заттар.

  1. Кетондардың қарапайым өкілі.

А) Ацетон.

  1. Ацетонның формуласы.

А)

  1. Поликонденсациялану дегеніміз не?

А) Функционалдық тобы бар мономерлер қатысып, кші молекулалы қосылыс (су) бөліне жүретін полимер түзілу реакциясы.

  1. Карбон қышқылдары дегеніміз не?

А) Көмірсутек радикалынан және карбоксил (-СООН) тобынан тұратын күрделі органикалық қосылыстар.

  1. Карбон қышқылының функционалдық тобы не деп аталады?

А) Карбоксил .

  1. Ара балауызының формуласы.

А) .

  1. Қанықпаған олеин қышқылының формуласы.

А) .

  1. Қанықпаған акрил (пропен) қышқылының формуласы.

А) .

  1. Қымыздық қышқылының формуласы.

А) .

  1. Стеарин қышқылының формуласы.

А) .

  1. Пальмитин қышқылының формуласы.

А) .

  1. Сірке қышқылының формуласы.

А) .

  1. Май қышқылының формуласы.

А) .

  1. Метан қышқылының формуласы.

А) .

  1. Карбон қышқылдары радикалының табығатына байланысты қалай жіктеледі?

А) Қаныққан және қанықпаған қышқылдар.

  1. Карбон қышқылдарының негізділігі қалай анықталады?

А) Құрамындағы карбоксил тобының санына қарай.

  1. Карбон қышқылдарының номенклатурасы.

А) Өзіне сәйкес көмірсутекке деген сөз қолданылады немесе тривиалды атауы қолданылады.

  1. Адам организмінде тәулігіне қанша сірке қышқылы түзіледі?

А) 400 грамдай.

  1. Карбон қышқылының изомері қай мүшесінен басталады?

А) Май қышқылынан басталады (4-мүшесі).

  1. Карбон қышқылдарының гомологтық қатарында молекулалық массасының артуына байланысты суда ерігіштігі қалай өзгереді?

А) Кемиді.

  1. Карбон қышқылдарының гомологтық қатарында молекулалық массасының артуына байланысты қайнау және балқу температуралары қалай өзгереді?

А) Өседі.

  1. Карбон қышқылдарының қайнау температкрасының жоғары болу себебі неде?

А) Карбон қышқылдарына молекулаарлық сутектік байланыс тән.

  1. Карбон қышқылдарында сутектік байланыс қалай пайда болады?

А) Екі карбоксил тобының арасында.

  1. Молекулааралық сутектік байланыс дегеніміз не?

А) Көрші орналасқан екі карбоксил тобының құрамындағы оттек және сутек атомдарының арасындағы байланыс.

  1. Декарбоксилдену реакциясы дегеніміз не?

А) Карбон қышқылының көміртек диоксидін бөле ыдырауы.

  1. Диссосация дегеніміз не?

А) Иондарға ыдырау.

  1. Ассосация дегеніміз не?

А) Иондарға бірігу.

  1. Карбон қышқылдарының ішіндегі ең күштісі.

А) Метан (құмырсқа) қышқылы.

  1. Карбон қышқылдары немен әрекеттессе тұз түзеді?

А) Металдармен немесе сілтілермен.

  1. Карбон қышқылдары немен әрекеттескенде күрделі эфир түзіледі?

А) Спирттермен.

  1. Қанықпаған карбон қышқылдары дегеніміз не?

А) Егер карбоксил тобы байланысқан радикал қаныпаған көмірсутек болса ол қанықпаған қышқыл болып табылады.

  1. Сабын дегеніміз не?

А) Стеарин қышқылының натрий тұзы .

  1. 1г май тотықса қанша энергия бөлінеді?

А) 38,8 кДж.

  1. Қазақстанда маргарин өңдіретін зауыттар қайда орналасқан?

А) Қарағанды, Алматы.

  1. Сабындау дегеніміз не?

А) Майлардың сілті қатысында гидролизденуі.

  1. Сабын қалай алынады?

А) Стеарин қышқылына сілтімен әсер ету арқылы.

  1. Қанықпаған қышқылдар қаныққан қышқылдан не үшін күшті?

А) Себебі, оның құрамындағы қос байланыс әсер етеді.

  1. Жай эфирдің жалпы формуласы.

А) .

  1. Эфирлер қалай жіктеледі?

А) Жай және күрделі.

  1. Күрделі эфирлердің жалпы формуласы.

А) .

  1. Жай эфирлер дегеніміз не?

А) Көмірсутек радикалдары оттек атомы арқылы байланысқан эфирлер.

  1. Аралас эфирлер дегеніміз не?

А) Әртүрлі радикалы бар эфирлер.

  1. Жай эфирлердің номенклатурасы.

А) Оттек атомымен байланысқан көмірсутектердің атаулары бойынша құрастырылады. Егер екі бірдей радикал болса қосымшасы жалғанады.

  1. Жай эфир мен күрделі эфирдің бір-бірінен басты айырмашылығы?

А) Жай эфир гидролизденбейді.

  1. Жай эфирлер неге төмен температурада да қайнай береді?

А) Себебі, эфирлер молекласында молекулааралық сутектік байланыс болмайды.

  1. Жай эфирлердің химиялық қасиетіндегі ерекшелігі неде?

А) Инертті қосылыстар. Олар гидролизденбейді.

  1. Күрделі эфирлер қайда кездеседі?

А) Гүлдерде, жеміс-жидектердің ерекше иісі болуы осыған байланысты.

  1. Күрделі эфирлер дегеніміз не?

А) Карбоксил тобындағы сутек атомының ортын радикал басқан карбон қышқылының туындысы.

  1. Күрделі эфирлердің номенклатурасы.

А) Құрамына кіретін қышқылдар мен спирттердің атауларынан құралады. Ал халықаралық номенклатура бойынша қышқылдың атына спирт радикалының атауын қосымша етіп –оат жалғауы жалғанады.

  1. Май дегеніміз не?

А) Глицерин мен жоғары карбон қышқылының күрделі эфирлері.

  1. Майлар табиғатта қайда кездеседі?

А) Барлық өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі.

  1. Адамға тәулігіне орташа қанша май керек?

А) 50-70г.

  1. Майлар тотыққанда ең соңғы өнімді ата.

А) Көмірқышқыл газы мен су.

  1. Майдың құрамын анықтаған ғалымдар.

А) М.Шеврель мен М.Бертло.

  1. Майдың балқу температурасы неге байланысты?

А) Оның құрамындағы карбон қышқылының құрамына байланысты. Қанықпаған қышқыл қалдығы кірсе ол сұйық, ал қаныққан қышқыл кірсе ол қатты болады.

  1. Агрегаттық күйіне байланысты майлар қалай жіктеледі?

А) Қатты, сұйық.

  1. Сұйық майларға нелер жатады?

А) Балық майы, зәйтүн, мақта, жүгері, күнбағыс.

  1. Қатты майларға нелер жатады?

А) Жануар майлары, кит, кокос, түлен шошқа.

  1. Майлар гидролизденсе не түзіледі?

А) Глицерин мен карбон қышқылы түзіледі.

  1. Сұйық майларды гидрлесе не түзіледі?

А) Қатты майлар.

  1. Сұйық майдан қатты майды қалай алады?

А) Гидрлеу арқылы.

  1. Сабын және синтетикалық жуғыш заттардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

А) Кальций мен магний тұздары ерігіш болғандықтан, жуғыштық қасиетін кермек суда жа жоймайды.

  1. Кермек суда неге кір ашылмайды?

А) Кермек суда кальций, магний тұздары тұнбаға түседі.

  1. Сабын қандай бөліктерден тұрады?

А) Екі бөліктен тұрады, көмірсутек тізбегі майдың құрамында, ал тобы суда болады.

  1. Көмірсулар дегеніміз не?

А) Ол тарихи атау. Ол бойынша көміртегі мен судан құралған..

  1. Фотосинтез дегеніміз не?

А) Көмірқышқыл газы мен су әрекеттесіп нәтижесінде глюкоза және оттегі түзілетін реакция.

  1. Моносахаридтер дегеніміз не?

А) Гидролизденбейтін қарапайым қантты заттар.

  1. Полисахаридтер дегеніміз не?

А) Гидролизденгенде, моносахаридтердің көп молекуласы түзіледі.

  1. Өсімдіктің құрғақ массасының неше пайызы көмірсу?

А) 75 %.

  1. Фотосинтез процесінің нәтижесінде не түзіледі?

А) Оттегі және глюкоза.

  1. Көмірсулардың жалпы формуласы қандай?

А) .

  1. Көмірсулардың номенклатурасы.

А) Негізінен, жұрнағы -ға бітетін тривиалды атаумен атайды.

  1. Дисахаридтер дегеніміз не?

А) Гидролизденіп, моносахаридтердің екі молекуласына ыдырайды.

  1. Дисахаридтерге не жатады?

А) Сахароза.

  1. Глюкозаның адам қанындағы мөлшері.

А) 0,08-0,11%.

  1. Қан қанты.

А) Глюкоза.

  1. Жеміс қанты.

А) Фруктоза.

  1. Көмірсулардың қайсысы кетеноспирт деп аталады?

А) Фруктоза.

  1. Глюкоза неге жүзім қанты деп аталады?

А) Жүзім шырыныңда көп мөлшерде кездеседі.

  1. Глюкозаның сапалық реакциясы..

А) Күміс айна реакциясы. -мен әрекеттесуі.

  1. Гексозаның маңызды өкілі:

А) Глюкоза.

  1. Полисахаридтерге нелер жатады?

А) Крахмал, целлюлоза .

  1. Полисахаридтер гидролизденгенде нелер түзіледі?

А) Моносахаридтердің көп молекуласы түзіледі.

  1. Глюкозаның изомері.

А) Фруктоза .

  1. Глюкозаны не үшін альдегидоспирт деп атайды?

А) Глюкозаның құрамында альдегидтің және спирттің функционалдық тобы кездеседі.

  1. Таутомерлер дегеніміз не?

А) Глюкозаның өзара тепе-теңдікте болып, бір-біріне айналатын тізбекті және циклді изомер түрлері.

  1. Қантты ең алғаш кальций гидроксиді қатысында формальдегидтен синтездеген ғалым?

А) А.М.Бутлеров.

  1. Глюкоза тотықса не түзіледі?

А) Глюкон қышқылы .

  1. Глюкозаны гидрлесе не түзіледі?

А) Сорбит.

  1. Крахмал қайда қолданылады?

А) Киім үтіктегенде киімнің қыры ұзақ сақталуы үшін.

  1. Фотосинтез процесі ненің әсерінен жүреді?

А) Жарық.

  1. Күріштің неше пайызы крахмал?

А) 80%.

  1. Бидайдың неше пайызы крахмал?

А) 70%.

  1. Картоптың неше пайзызы крахмал?

А) 20%.

  1. Сахароза неден құралған?

А) Глюкоза + фруктоза.

  1. Целлобиоза қалай түзіледі?

А) Целлюлозаны гидролиздегенде.

  1. Қант қызылшасының неше пайызы сахароза.

А) 28-30%.

  1. Ана сүтіндегі лактозаның мөлшері:

А) 5,5-8,4%.

  1. Сиыр сүтінің неше пайызы лактоза:

А) 4-4,5%.

  1. Сахарозаның изомерлері.

А) Мальтоза, лактоза және целлобиоза.

  1. Сахарозаның формуласы.

А) .

  1. Глюкозаны неге көпатомды спиртке жатқызады?

А) Оның құрамында бірнеше гидроксил тобы кездеседі.

  1. Глюкоза спирттік ашығанда не түзіледі?

А) Этил спирті және көмірқышқыл газы .

  1. Глюкоза сүт қышқылды ашығанде не түзіледі?

А) Сүт қышқылы.

  1. Сахарозаны гидролиздесе не түзіледі?

А) Глюкоза мен фруктоза.

  1. Сүт қанты дегеніміз не?

А) Лактоза.

  1. Қазақстан Республикасының қай жерлерінде қант өңдіріледі?

А) Жамбыл және Алматы облысы.

  1. Полисахаридтердің жалпы формуласы

А) .

  1. Крахмалдың неше түрі бар?

А) Екі түрі бар: 1) амилоза (түзу тізбекті) 2) амилопектин (тармақты).

  1. Өңдірісте крахмалды қайдан алады?

А) Картоптан немесе жүгеріден алады.

  1. Крахмал гидролизденгенде не түзіледі?

А) Глюкоза.

  1. Крахмал гидролизінің бірінші сатысында не түзіледі?

А) Декстрин.

  1. Крахмал гидролизінің екінші сатысында не түзіледі?

А) Мальтоза.

  1. Өнеркәсіпте крахмалды синтездеп не алады?

А) Сірне мен глюкоза.

  1. Клетчатка дегеніміз не?

А) Целлюлозаның екінші аты.

  1. Целлюлозаның құрылымы қандай болады?

А) Сызықтық.

  1. Крахмалды қандай сапалық реакциямен анықтайды?

А) Иод ерітіндісі арқылы.

  1. Целлюлозадан алынатын маталарды ата.

А) Ацетатты жібек, аммиакты жібек, вискоза жібі.

  1. Нитроқосылыстар дегеніміз не?

А) Көмірсутек радикалынан және нитро тобынан тұратын күрделі органикалық қосылыс.

  1. Аминдер дегеніміз не?

А) Аммиак молекуласындағы бір, екі немесе үш сутек атомдарының орның көмірсутек радикалдары басқан өнімдер.

  1. тобы қалай оқылады?

А) Амин.

  1. Аммиактағы көмірсутек радикалына алмасқансутек атомының санына орай аминдер қалай бөлінеді?

А) Біріншілік, екіншілік және үшіншілік.

  1. Амин тобының формуласы.

А) .

  1. Зинин реакциясы дегеніміз не?

А) Нитробензолға сутек қосып анилин алу. .

  1. Аминдердің иісі ненің иісіне ұқсайды?

А) Аммиактың.

  1. Аминдердің көміртек тізбегіндегі көміртек санының өсуіне орай олардың суда ерігіштігі қалай өзгереді?

А) Кемиді.

  1. Аминдер қандай қасиет көрсетеді?

А) Негіздік.

  1. Аминдерге тән изомерлену.

А) Тізбектік және радикалдың орнына байланысты.

  1. Аминдердің негіздік қасиеті неге басым болады?

А) Амин молекуласындағы көмірсутек радикалының электрон тығыздығы азотқа қарай ығысқан.

  1. Аминсірке қышқылының (глицин) формуласы.

А) .

  1. Аминқышқылдарын тарихи атауы бойынша қалай атаймыз?

А) , , т.с.с.

  1. Аминқышқылдарын тарихи жүйемен атаудың ерекшелігі неде?

А) Бұлай атағанда ең ұзын тізбек таңдалып, номерлеу функционалдық топтан емес одан кейінгі көміртегі атомынан басталады.

  1. Аминқышқылдары қалай бөлінеді?

А) Табиғи, синтездік.

  1. Табиғи амин қышқылдарының саны қанша?

А) 150-дей.

  1. Нитроқосылыстар қайда қолданылады?

А) Жарылғыш заттар алуда.

  1. Аминқышқылдары дегеніміз не?

А) Құрамында көмірсутек радикалдарымен байланысқан екі фунционалдық топ: Амин тобы және карбоксил тобынан тұратын заттар.

  1. Аминқышқылдарында қандай функционалдық топтар бар?

А) Амин тобы мен карбоксил тобының.

  1. Гетерофункционалды қосылыстар дегеніміз не?

А) Әртүрлі қызмет атқаратын қосылыстар.

  1. Пептидтік байланыс дегеніміз не?

А) Екі амин қышқылының арасындағы байланыс.

  1. Глицин қайда қоладанылады?

А) Жүйке жүйесін басуда.

  1. Амин қышқылдарын халықаралық номенклатура бойынша қалай атайды?

А) Карбоксилден бастап нөмірлеп, амин тобының орның цифрмен көрсетеді.

  1. Амин тобы қандай қасиет көрсетеді?

А) Негіздік.

  1. Аминқышқылдары өзара әрекеттескенде қандай байланыс пайда болады?

А) Пептидтік.

  1. Гетероциклді қосылыстар дегеніміз не?

А) Циклдердің құрамында көміртегі атомдарымен бірге басқа элементтердің атомдары да кіретін күрделі органикалық қосылыстар.

  1. Белоктар дегеніміз не?

А) Молекулалары әртүрлі аминқышқылдарының қалдықтарынан күрделі табиғи полимерлер (биополимерлер).

  1. Биополимерлер дегеніміз не?

А) Белок жасанды емес табиғи биологиялық полимерлерден тұрады. Соны ажыраты үшін осылай атайды.

  1. Белоктардың екінші атауы не?

А) Протеиндер.

  1. Протеиндер дегеніміз не?

А) Белоктың екінші атауы.

  1. Белоктар гидролизденгенде түзілетін соңғы өнімді ата.

А) аминқышқылдары.

  1. Белоктар қанша аминқышқылдарынан құралаған?

А) 20.

  1. Белоктың неше реттік құрылымы бар?

А) 4.

  1. Белоктың бірінші реттік құрылымы дегеніміз не?

А) Полипептид тізбегіндегі әртүрлі аминқышқылдарының кезектесіп орналасуы.

  1. Белоктың екінші реттік құрылымы дегеніміз не?

А) Сызықтық тізбектің оралмаға оралуы.

  1. Белоктың үшінші реттік құрылымы дегеніміз не?

А) Екіншілік оралманың түйін түзуі.

  1. Белоктың төртінші реттік құрылымы дегеніміз не?

А) Бірнеше полипептидтік тізбектің түйіршіктеліп күрделі қосылыс түзуі.

  1. Белоктың денатурациясы дегеніміз не?

А) Белоктың екінші және үшінші реттік құрылымының бұзылуы.

  1. Пептидтік байланысты көрсетініз.

А) .

  1. Дисульфидтік көпірше дегеніміз не?

А) .

  1. Адам организмінде белоктардың қанша түрі кездеседі?

А) 1000-нан аса.

  1. Оксигемоглобин дегеніміз не?

А) Оттекпен байланысқан гемоглобин.

  1. Белок жанғанда ненің иісі шығады?

А) Қауырсын.

  1. «Ксанто» қандай мағына береді?

А) Сары.

  1. «Протеин» қандай мағына береді?

А) Белок.

  1. Нуклеин қышқылдары дегеніміз не?

А) Молекулалық массалары 200-ден бірнеше миллион болатын ЖМҚ.

  1. Нуклеин қышқылдарының екінші аты.

А) Полинуклеотидтер немесе биополимерлер.

  1. Нуклеин қышқылының мономерлері.

А) Мононуклеотидтер.

  1. Нуклеотидтер дегеніміз не?

А) Азотты негіз, көміртек және фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын күрделі эфирлер.

  1. «Ген» дегеніміз не?

А) Организмдегі бір белгіні тасымалдайтын ДНҚ-ның бөлігі.

  1. «Ген» сөзінің қазақша аудармасы.

А) Тек.

  1. Белоктар қандай электролиттер?

А) Әлсіз.

  1. Ксантопротеин реакциясы нені анықтайды?

А) Құрамында бензол ядросы бар белок азот қышқылының әсерінен сары түс береді.

  1. Биурет реакциясы нені анықтау үшін қолданылады?

А) Сілтідегі ерітіндімен әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады.

  1. Белоктар тотыққанда ең соңғы өнімді ата.

А) , .

  1. Қолдан синтезделген алғашқы белок?

А) Инсулин.

  1. Нуклеин қышқылдарының неше түрі бар?

А) РНҚ, ДНҚ.

  1. Нуклеин қышқылдары қандай қосылыстар?

А) Жоғары молекулалы қосылыстар (ЖМҚ).

  1. Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизінің нәтижесінде не түзіледі?

А) 1) Пиримидин, пурин.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]