
Сулейман Демирел атындағы университеті
Инженер факультеті
СӨЖ
Архиваторлар түрлері
ARJ - архиваторы
Орындаған: Насен Ерлан
EN2_04(KZ)
Тексерген: профессор Әмірғалиев Еділхан
Алматы-2013 жыл.
Жоспар:
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Архивтік файл
ARJ архиваторы программасын қолдану
Архивке файлдар енгізу
Файлдарды архивке енгізу
Файлдарды архивтен шығару
Архив мазмұнын қарау
Архивтердің дұрыстығын (бүтіндігін) тексеру
Архивтегі файлдарды өшіру
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі (МД) информацияны жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін. Бұл МД-нін физикалық ақаулықтарынан, абайсызда ойламаған жерден файлдарды өшіріп алудан немесе оларды түзету кезінде кеткен қатеден, компьютерлік вирустар әсерінен информацияның бузылуынан, файл эталоңдарын сақтауды талап етуден және т. б. болуы мүмкін. Осындай жағдайларда шығатын шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек. Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі — файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа мелімет жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс. Әрине архиватордың әртүрлі мәліметтер үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, текстік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сүр түсті суреттерді (PCX немесе BMP тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздан қысуға болады. Архиваторлар файл көлемін 10—70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Әдетте 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 60-қа дейін дискет (көлемі 360 кб-тай) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан мәліметтерді қысылған, кішірейтілген көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін (SHAPEWARE) немесе белгілі бір сомаға делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, ZIP және PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар.
Архивтік файл Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйіңде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады: - файлдың аты; - файл орналасқан каталог туралы мағлұмат; - файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі); - архив бүтіндігін тесеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.
Arj архиваторы программасын қолдану
Бұл
программаның бірнеше нұсқасы бар. АRJ
программасын қолдану командасның
форматы мынадай:
ARJ <режимдері>
[-<параметр> [-<параметр>...]] <архивтік
файлдың аты> [<файлдың аты> [файлдың
аты>...]]
ARJ программасының
режимдері: ARJ программасының орындай
алатын бірнеше функциялары бар. Қажетті
функцияны таңдау программаны шақыру
кезіндегі командалық қатарда белгілі
бір латын әрпін көрсету арқылы
орындалады.
ARJ — файлдық архиватор. Роберт
Джанг ойлап тапқан (Robert K. Jung).Ең 1991 жылы
1.0 версиясы шыққан..
ARJ программасы функциясын көрсету
команда кодын және оның режимін енгізу
жолымен жүзеге асырылады. Команда коды
бір әріптен тұрады, ол бірден программа
атынан кейін көрсетіледі, ол программа
орындауы тиіс жұмыс түрін анықтайды.
Мысалы: A (add) - архивке файл енгізу, T(tеst)
— архивті тест арқылы тексеру, Е (extract)
— файлды архивтен шығарып бастапқы
қалыпқа келтіру, D (delete) -архивтегі файлды
жою және т. с. с.
Архивке файлдар енгізу
Архивке файлдар енгізу үшін мынадай команда форматы пайдаланылады: ARJ <команда> <режимдер> <архив-аты> [каталог\] [файлаттары]... Команда параметрлері: команда - ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты, мысалы, A — архивке файл енгізу, М - архивке файлдарды жылжыту және т. с. с; режимдер — "-" немесе "/" таңбаларынан басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды; архив-аты — өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың заты көрсетілмесе, ол ARJ болып саналады; каталог - архивке енгізілуге (шығарылуға) тиіс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты түрде көрсете отырып, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда ол ағымдағы каталог болып есептеледі; файл-аттары - архивке енгізілетін (шығарылатын) файл аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және *) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді. Файлдарды қысу деңгейін көрсету. Келісім бойынша, ARJ программасы жылдам жұмыс істеп, файлдарды ең жоғарғы деңгейге жақын күйде қысады. Бірақ өз қалауыңызша мүмкіндігінше жоғарғы деңгейде (бірнеше процентке жоғары) қысу режиміи пайдалануға болады, ол әдеттегіден көбірек уақытқа созылып баяулау орындалады. ARJ программасының бұл режимі —JM әріптерімен беріледі. Архивтік файлдарды өндеу режимдері: ARJ программасында файлды архивтеудің үш негізгі режимдері бар, олар:
Файлдарды архивке енгізу
Көптеген жағдайларда архивке файлдың көшірмесін емес, өзін толық күйде жылжытып жібереді, яғни дискіден ол файл өшіріліп тасталады. Файлды архивке осылай жөнелту үшін ARJ программасының келесі — D режимі (A, U, Ғ командаларымен бірге көрсетіледі) немесе М командасы жеке режимсіз қолданылады. Айта кететін жайт, — D А командасының режимі болып табылады, ол архивке енгізілген файлдарды жоя отырып, файлдарды тек архив ішінде ғана сақтайды. Сонымсн, мына екі команданың орындайтын қызметі бірдей: arj m student немесе arj a -d student Ескерту: 1. Eгep файлдарды архивтеу кезінде қате кетсе, онда бұрынғы файлдар жойылмайды. 2. Файлдарды архивке жылжытып жіберу дискісідегі орынды үнемдейді. Көбінесе сирек қолданылатын файлдар мен мәліметтерді тек архивте сақтап, керек кезінде оларды архивтен шығарып алу тәсілі жиі кездеседі. Мысалдар: ARJ a -d myarc - MYARC.ARJ архивіне осы каталогтағы барлық файлдарды жылжытып жіберу; ARJ т arhiv *.txt - осы каталогтан заты txt болып келген барлық файлдарды arhiv.arj архивтік файлына жылжытып жіберу.