
- •Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
- •Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
- •6.Жоңғарларға қарсы қол бастаған қазақ батыры:
- •«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
- •Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
12 Сынып
4-вариант
1.Неолит дәуірі дегеніміз:
А) Ежелгі тас ғасыры
В) Орта тас ғасыры
С) Жаңа тас ғасыры
D) Қола дәуірі
Е) Ерте темір дәуірі
***
2. Грек деректерінде «азиялық скифтер» деген атпен белгілі тайпалар:
А) Монғолдар
В) Қыпшақтар
С) Үйсіндер
D) Ғұндар
Е) Сақтар
***
3. Қазақстан жерінде құрылған алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет:
А) Қаңлы мемлекеті
В) Үйсін мемлекеті
С) Түрік қағанаты
D) Қазақ хандығы
Е) Найман мемлекеті
***
4. X ғасырдың орта кезіндегі Қарахан мемлекетінің аумағы:
А) Ертістің орта және төменгі ағысы
В) Сырдарияның орта және төменгі ағысы
С) Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігі
D) Орталық Қазақстан
Е) Батыс Қазақстан
***
5. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жетекшілері:
А) Д.Тәжіұлы, И. Тіленбайұлы
В) Ж.Нұрмұхамедұлы, И. Тайманұлы
С) М. Өтемісұлы, И. Тайманұлы
D) Ә. Жанбосынұлы, Б. Әшекеев
Е) Х. Арыстанұлы, Е. Көтібарұлы
***
6.Қазақ-жоңғар соғыстары кезінде ерлігімен көзге түскен батыр қыз, Қабанбай батырдың жары:
А) Бопай
В) Айтолқын
С) Айғаным
D) Гауһар
Е) Назым
***
7.Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайы суреттелген Мұрат Мөңкеұлының өлеңі:
А) «Үш қоңыр»
В) «Үш қиян»
С) «Жарым патша»
D) «Еділдің бойы ен тоғай»
Е) «1916 жыл»
***
8. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Верный уезіндегі ошағының Б.Әшекеевпен бірге жетекшілерінің бірі болған:
A) Ж.Мәмбетов
B)Ұ.Саурықов.
C) О.Шоңов.
D) Ә.Жанбосынов
E) Т.Бокин
***
9.Ә. Кекілбаев төрағалық еткен Қазақстан Республикасының Парламенті таратылды:
А) 1995 жылы тамызда
В) 1996 жылдың аяғында
С) 1999 жылы көктемде
D) 1993 жылы наурызда
Е) 1995 жылы көктемде
***
10.XX ғасырдың 20- жылдары Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екенін Кеңес үкіметіне жан- жақты дәлелдеп берген Алаш қайраткерлері:
А) Ә.Бөкейханов пен М. Шоқай
В) А.Байтұрсынұлы мен М. Сералин
С) Ә.Ермеков пен Ж. Ақбаев
D) Х.Досмұхаммедов пен Б.Қаратаев
Е) С.Сейфуллин мен М. Жұмабаев
***
11. Дай тайпаларының билеушісі Арсақ жорықтар жасаған ел:
А) Парфия
В) Үйсін мемлекеті
С) Киев Русі
D) Сақтар
Е) Қытай
***
12. Түрік қағанаты оңтүстік-шығысында шектескен мемлекет:
А) Қытай
В) Түркеш қағанаты
С) Сібір
D) Византия
Е) Иран
***
13. Жужан қағандығын жеңгеннен кейін Бумын қаған алған атақ:
А) «Елхан»
В) «Әмір»
С) «Қонтайшы»
D) «Император»
Е) «Кінәз»
***
14. С. Датұлы бастаған көтеріліс жеңіліспен аяқталғаннан кейін патша үкіметі қазақтар үшін жасаған жеңілдігі:
А) Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалануға жеңілдіктер жасады
В) Орал бойындағы бекіністердің маңында мал жаюға рұқсат берді
С) Жем, Сағыз өзендерінің бойынан жайылымдық жерлер бөліп берді
D) Еділ өзенінің оң жағалауынан жайылымдық жерлер бөліп берді
Е) Құшыр және зекет салықтарын енгізді
***
15.1905 жылғы 9 қаңтардағы Ресейдегі оқиғаға байланысты «Қанды жексенбі» өлеңін жазған Мәшһүр Жүсіп Көпеев осы әрекеті үшін:
А) Ресейдің Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды
В) Мәскеу, Қазан қалаларына бас сауғалауға мәжбүр болды
С) Сібірге жер аударылды
D) Патша үкіметі тарапынан қуғын-сүргін көрді
Е) Орынбор қаласына жер аударылды
***
16. «Балуан Шолақ» атанған атақты балуан, сазгер әрі әнші:
А) Біржан сал Қожағұлұлы
В) Ақан сері Қорамсаұлы
С) Жаяу Мұса Байжанұлы
D) Қажымұқан Мұңайтпасұлы
Е) Нұрмағамбет Баймырзаұлы
***
17. XIX ғасырдың 60- жылдарындағы әкімшілік реформалар бойынша Шыңғыс ханның ұрпақтары:
А) Хан тағына отырудан шеттетілді
В) Уезд бастықтары болып сайлана алды
С) Ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды
D) Қазақ жерінен қоныс аударылды
Е) Әскери губернатордың орынбасары болу құқығын алды
***
18. XVIII ғасырда Қазақ хандығының салыстырмалы түрде тәуелсіздігін сақтай білген қазақ ханы:
А) Кенесары
В) Жәңгір
С) Хақназар
D) Абылай
Е) Есім
***
19. 1923 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Декреті бойынша Қазақстанда мекемелерде іс жүргізілу тиісті болды:
А) Орыс тілінде
В) Қазақ тілінде
С) Қазақ және орыс тілдерінде
D) Жергілікті мекемелердегі саны басым ұлттың тілінде
Е) Араб және қазақ тілдерінде
***
20. Кеңестік дәуірде белгілі өнер шебері Нұрғиса Тілендиев ұйымдастырды:
А) Опера және балет театрын
В) Симфониялық оркестрді
С) Джаз тобын
D) Ән-би ансамбльін
Е) Этнографиялық оркестрді
***
21. «Бесеудің хатының» авторы, белгілі қазақ жазушысы:
А) Т.Рысқұлов
В) Қ.Қуанышев
С) М. Ғатаулин
D) Ғ.Мүсірепов
Е) С. Мұқанов
***
22.Ұлы Отан соғысы жылдары Днепр өзені бойында ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры, даңқты қазақ жауынгері:
А) Төлеген Тоқтаров
В) Қойгелді Аухадиев
С) Толыбай Мырзаев
D) Ғани Сафиуллин
Е) Рақымжан Қошқарбаев
***
23. Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлегені туралы жазған ғалым:
А) Геродот
В) Плиний
С) Страбон
D) Демосфен
Е) Диодор
***
24. ХVI ғасырдың басында өз уақытында мықты мемлекет болған Ноғай Ордасындағы болған дағдарыстың нәтижесінде күшейді:
А) Керей ханның билігі
В) Хақназар ханның билігі
С) Есім ханның билігі
D) Қасым ханның билігі
Е) Жәңгір (Салқам) ханның билігі
***
25. Плано Карпинидің жазуынша қаңлылар сөйлеген тіл:
А) Соғды
В) Көне түркі
С) Найман
D) Қыпшақ
Е) Ұйғыр
***
26. «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» басшылық жасаған жұмысшылардың ірі бас көтеруі өткен кеніш:
А) Успенск (Нілді)
В) Спасск
С) Риддер
D) Қарағанды
Е) Атбасар
***
27. Шернияз Жарылғасұлының Баймағамбет Айшуақұлына арнаған өлеңінде айтылады:
А) Батырдың халқы үшін ерлігі
В) Сұлтанның халық мүддесіне жасап отырған озбырлығы
С) Бөкей ордасындағы рулар мен тайпалардың тарихы
D) Абылай ханның қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі
Е) Қазақ- орыс достық қатынасы
***
28.Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы жазған материалдары үшін қудаланған белгілі қазақ ғалымы:
А) С.Асфендияров
В) Е.Бекмаханов
С) Қ. Сәтбаев
D) А. Жұбанов
Е) Е.Ысмайылов
***
29. Қазақстанда 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алған уақыт:
А) 1929-1931 жылдар
В) 1930-1933 жылдар
С) XIX ғасырдың ортасы
D) XX ғасырдың басы
Е) 1941-1945 жылдар
***
30. Қазақстанда «тоқырау жылдарында» орын алған оқиға:
А) Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының жарық көруі
В) Қазақ КСР-і Ғылым академиясының құрылуы
С) Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
D) Неміс автономиясына қарсы Целиноград оқиғалары
Е) Жердің жасанды серігінің ғарышқа ұшырылуы