
- •Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
- •Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
- •6.Жоңғарларға қарсы қол бастаған қазақ батыры:
- •«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
- •Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
- •12 Сынып
Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
12 СЫНЫП
1-вариант
1. Жаңа тас ғасырының хронологиясы:
А) шамамен б.з.б. 2 млн 500 мың -12 мың жыл аралығы
В) шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл аралығы
С) шамамен б.з.б. 5-3 мың жыл аралығы
D) шамамен б.з.б.3-2 мың жыл аралығы
Е) шамамен б.з.б. 2-1 мың жыл аралығы
***
2. Парсы деректерінде кездесетін «құдіретті еркектер» өмір сүрген кезең:
А) Темір дәуірі
В) Қола дәуірі
С) Орта тас ғасыры
D) Ерте орта ғасырлар
Е) Дамыған орта ғасырлар
***
3. Қимақ қағанатының орталығы болған қала:
А) Имақия
В) Суяб
С) Сығанақ
D) Сауран
Е) Янгикент
***
4. Қарақытайлардың Жетісуға келіп орналасуының себептерінің бірі:
А) Ғұндардың батысқа қоныс аударуы
В) Ұлы Жібек жолының маңызының жоғалуы
С) Қарахан мемлекетінің әлсіреуі
D) Найман мемлекетінің әлсіреуі
Е) Монғол шапқыншылығы
***
5. К. Қасымұлының жеке отрядтарының бірін басқарған ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі:
А) Ағыбай батыр
В) Сырым батыр
С) Иса Тілеубайұлы
D) Жанғожа Нұрмұхамедұлы
Е) Әбдіғаппар Жанбосынов
***
6. Жоңғарларға қарсы қол бастаған қазақ батыры:
А) Исатай
В) Махамбет
С) Кенесары
D) Амангелді
Е) Малайсары
***
7.1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне қатысқан өнер қайраткері:
А) Дина Нұрпейісқызы
В) Жаяу Мұса Байжанұлы
С) Тәттімбет Қазанғапұлы
D) Біржан сал Қожағұлұлы
Е) Құрманғазы Сағырбайұлы
***
8. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың Жетісудағы ошағының жетекшілерінің бірі:
А) С.Сейфуллин
B) А.Иманов
C) Ә.Жанбосынов
D) С.Меңдешев
E) Б.Әшекеев
***
9.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі құрылған уақыт:
А) 1998 жылы маусымда
В) 1996 жылы шілдеде
С) 1993 жылы маусымда
D) 1995 жылы тамызда
Е) 1997 жылы мамырда
***
10.1988 жылы ақталған, тіл, әдебиет, саясат салаларында мол мұра қалдырған Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі:
А) Бейімбет Майлин
В) Сәкен Сейфуллин
С) Абдолла Асылбеков
D) Мағжан Жұмабаев
Е) Ахмет Байтұрсынұлы
***
11. Ғұндардың Еуропаға жорықтарын басқарған қолбасшы:
А) Бумын
В) Еділ
С) Моде
D) Чжи-Чжи
Е) Анахарсис
***
12. VII ғасырдың басында қимақтар мекендеген аумақ:
А) Сарыарқа
В) Жетісу
С) Сырдарияның орта және төменгі ағысы
D) Ертістің орта ағысы
Е) Монғолияның солтүстік-батысы
***
13. Сауда келісімдерін жүргізу үшін Иран мен Византияға елші жеберген атақты түрік қағаны:
А) Бумын
В) Сұлу
С) Күлтегін
D) Иштеми
Е) Мөде
***
14.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы:
А) Қазақ халқы отаршылдық құлдықтан құтылды
В) Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, басқару аппараты құрылды
С) Қазақ халқы саяси тәуелсіздікке қол жеткізді
D) Қазақ халқы ұлттық мемлекет құруға мүмкіндік алды
Е) Патша үкіметі қазақ халқына өзін-өзі басқару құқығын беруге мәжбүр болды
***
15.1858 жылы Әулиеата маңында басталған көтеріліс бағытталды:
А) Қоқан езгісіне
В) Ресей патшалығына
С) Бұқар әмірлігіне
D) Хиуа хандығына
Е) Жоңғар мемлекетіне
***
16.XIX ғасырда Қазақстан қалаларында сауда саттықтың дамуына байланысты ашылған орындардың атауы:
А) Рабат
В) Биржа
С) Мешіт
D) Жәрмеңке
Е) Зауыт
***
17. Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы аяқталды:
А) XIX ғасырдың екінші жартысында
В) XX ғасырдың басында
С) XVIII ғасырдың аяғында
D) XIX ғасырдың бірінші ширегінде
Е) XVII ғасырдың басында
***
18. Абылай ханның ішкі саясатындағы басты ерекшелігі:
А) Ішкі талас-тартыстар мен барымтаны тоқтатты
В) Билер атқарушы билікті атқарды
С) Барша қазақ халқына арналған заңдар қабылданды
D) Ұлыстарды басқару үшін Абылай өз төлеңгіттерін тағайындалды
Е) Қарапайым малшылар жайылымдық жерлерді меншікке алды
***
19. Қазақстанда 1954 жылдан бастап ашыла бастаған орта арнаулы оқу орны:
А) Тау-кен техникумы
В) Мал дәрігерлік техникум
С) Медициналық колледж
D) Техникалық училище
Е) Ауыл шаруашылығы техникумы
***
20. Ұлы Отан соғысы тақырыбында шығармалар жазған жазушы:
А) І. Жансүгіров
В) Б.Майлин
С) С.Көбеев
D) Б.Момышұлы
Е) С.Торайғыров
***
21.1995 жылы жарық көрген энциклопедия:
А) «Жамбыл»
В) «Ғалым Шоқан»
С) «Абай»
D) «Әбунасыр әл Фараби»
Е) «Алтын киімді адам»
***
22.Халық Қаһарманы атанған қазақ партизаны:
А) М. Ғабдуллин
В) Қ.Қайсенов
С) Ж.Ағаділов
D) З.Құсайынов
Е) Ә.Шәріпов
***
23. Темір дәуірінде өмір сүрген үйсіндер туралы мәліметтер қалдырған ғалым:
А) Геродот
В) Птоломей
С) Арриан
D) Сыма Цянь
Е) Әл Марвази
***
24. Қазақ хандығы тарихындағы мерзімі жағынан бұрынырақ болған оқиға:
А) Тұрсын ханның бүлігінің орын алуы
В) Ташкент қаласының Қазақ хандығының құрамына қосылуы
С) Қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы Орбұлақ шайқасының болуы
D) Абдаллах ханның Шығай мен Тәуекелге Ходжент деген жерді сыйға беруі
Е) Орыс елшілері С.Мальцев пен Третьяк Чебуковтың Қазақ хандығында болып қайтуы
***
25 Керейіттердің көне түрік жазуларын пайдаланғаны туралы жазып кеткен ғалым:
А) Рашид ад-Дин
В) Сыма Цянь
С) Әбілғазы
D) М.Қашғари
Е) Ж.Баласағұн
***
26.1915 жылы мамыр айындағы Екібастұз көміршілерінің ереуілінің ерекшелігі:
А) Талаптары жағынан саяси ереуіл болды
В) Өз талаптарын толық орындатуға мүмкіндік алды
С) Ереуілшілер толық жазаланды
D) Өндіріс қожайынын ауыстыруға қол жеткізді
Е) Жалақыларын екі есе өсіруге мүмкіндік алды
***
27. Этикалық-философиялық «Ғақлия» еңбегінің авторы:
А) Шортанбай Қанайұлы
В) Мұрат Мөңкеұлы
С) Ақан сері Қорамсаұлы
D) Дулат Бабатайұлы
Е) Абай Құнанбаев
***
28. 1930 жылдардағы сталиндік казармалық социализмнің белгілерінің бірі:
А) Зиялы қауымды жаппай қудалау
В) Демократиялық принциптердің орнығуы
С) Азық-түлік салғыртының енгізілуі
D) Баламалы негізде сайлаудың енгізілуі
Е) Көппартиялық жүйенің орнығуы
***
29.Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың қарсылық түрі:
А) Ереуілге шығу
В) Болыстарды өлтіру
С) Тізімдерді өртеу
D) Қалалар мен құрылыстарға кету
Е) Халықаралық ұйымдардан көмек сұрау
***
30. 1960 жылдардағы реформаның барысында Қазақстандағы мал саны кемітілген аумақ:
А) Жамбыл облысында
В) Оңтүстік-Шығыс облыстарда
С) Жетісуда
D) Оңтүстік облыстарда
Е) Солтүстік облыстарда
Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ бақылау жұмысы қазақстан тарихы
12 Сынып
2-вариант
1.Ежелгі тас ғасырының хронологиясы:
А) Шамамен б.з.б. 2 млн 500 мың -12 мың жыл аралығы
В) Шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл аралығы
С) Шамамен б.з.б. 5-3 мың жыл аралығы
D) Шамамен б.з.б.3-2 мың жыл аралығы
Е) Шамамен б.з.б. 2-1 мың жыл аралығы
***
2. Иран деректерінде кездесетін «жүйрік атты турлар» өмір сүрген кезең:
А) Темір дәуірі
В) Қола дәуірі
С) Орта тас ғасыры
D) Ерте орта ғасырлар
Е) Дамыған орта ғасырлар
***
3. Батыс Түрік қағанатының орталығы:
А) Суяб
В) Сарайшық
С) Сайрам
D) Отырар
Е) Түркістан
***
4. Дамыған орта ғасырларда қазіргі Монғолия жерінде өмір сүрген мемлекет:
А) Қыпшақ хандығы
В) Хорезм мемлекеті
С) Найман мемлекеті
D) Түргеш мемлекеті
Е) Қарлұқ мемлекеті
***
5. Қоқан ханы зұлымдықпен өлтірткен ұлт-азаттық күрестің жетекшісі:
А) Кенесары Қасымұлы
В) Сырым Датұлы
С) Санжар Қасымұлы
D) ЖоламанТіленшіұлы
Е) Есенгелді Қасымұлы
***
6. 1718 жылы Аякөз шайқасында жоңғар қолын талқандауға қатысқан қазақ батыры:
А) Райымбек
В) Ағыбай
С) Наурызбай
D) Сырым
Е) Қабанбай
***
7.Шөже Қаржаубайұлының айтуымен тараған жыр:
А) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
В) «Қыз Жібек»
С) «Қырымның қырық батыры»
D) «Қарақыпшақ Қобыланды»
Е) «Ер Сайын»
***
8. 1916 жылы болған Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілерінің бірі:
A) С.Сейфуллин
B) Ә.Жанбосынов
C) Е.Курев.
D) Кейкі батыр
E) О.Шоңов
***
9.1992 жылдың маусымында қабылданды:
А) Қазақстанның Елтаңбасы
В) Қазақстанның Қарулы Күштерінің анты
С) Қазақстанның Әнұраны
D) Қазақстанның жаңа Конституциясы
Е) Қазақстанның алғашқы Конституциясы
***
10.Қарқаралы петициясының жобасын жасауға қатысқан Алаш қайраткері:
А) С.Сәдуақасов
В) Х. Досмұхамедов
С) М. Тынышбаев
D) М. Шоқай
Е) М.Дулатов
***
11.Парсыларға қарсы ерлік көрсеткен сақ малшысы :
А) Томирис
В) Шырақ
С) Анахарсис
D) Атей
Е) Спаргапис
***
12 XI-XIII ғасырлар аралығында шығыста Алтай мен Ертістен батыста Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі жерлерді алып жатқан мемлекет:
А) Қыпшақ хандығы
В) Найман мемлекеті
С) Түрік қағанаты
D) Түргеш қағанаты
Е) Ақ Орда
***
13. Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кездегі қағандары:
А) Шегу мен Тон
В) Бумын мен Иштеми
С) Тардуш пен Мұқан
D) Сұлу мен Үшлік
Е) Шегу мен Үшлік
***
14. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы:
А) Қазақ халқы отаршылдық құлдықтан құтылды
В) Отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды
С) Қазақ халқы саяси тәуелсіздікке қол жеткізді
D) Қазақ халқы ұлттық мемлекет құруға мүмкіндік алды
Е) Патша үкіметі қазақ халқына өзін-өзі басқару құқығын беруге мәжбүр болды
***
15.Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің нәтижесі:
А) Есет батыр патша билігін мойындауға мәжбүр болды
В) Көтеріліс жеңіске жетті
С) Есет бастаған көтерілісшілер Кенесары бастаған көтеріліске қосылды
D) Есет батыр жазалаушы отрядтың тұтқынына түсті
Е) Есет батыр жазалаушы отрядтың қолынан қаза тапты
***
16.XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда түсті металдар, тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындарын ашу жолға қойылды:
А) Шығыс, орталық аймақтарда
В) Солтүстік, батыс аймақтарда
С) Жетісуда
D) Маңғыстауда
Е) Жайық өзенінің бойында
***
17. Қазақстанда хандық билік бірінші болып жойылды:
А) Кіші жүзде
В) Орта жүзде
С) Ұлы жүзде
D) Ішкі Ордада
Е) Бөкей ордасында
***
18.XVIII ғасырдың екінші жартысында Орта жүзге билік еткен хан:
А) Әбілпайыз
В) Әбілқайыр
С) Тәуке
D) Абылай
Е) Жәңгір
***
19.Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны:
А) ауыл шаруашылығы институты
В) қаржы институты
С) тау-кен институты
D) медицина институты
Е) педагогикалық институт
***
20. Кеңестік дәуірде ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған:
А) Н.Тілендиев
В) Ш.Айманов
С) Е.Серкебаев
D) Б.Төлеуханов
Е) Е.Хасанғалиев
***
21.Қазақстандағы археология институты аталады:
А) Ш.Уәлихановтың есімімен
В) Ә.Марғұланның есімімен
С) А.Байтұрсынұлының есімімен
D) М.Қозыбаевтың есімімен
Е) С.Асфендияровтың есімімен
***
22. «..Біздің үрейді жеңетінең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік» деген сөздерді айтқан Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры:
А) М.Ғабдуллин
В) Б.Момышұлы
С) С.Нұрмағамбетов
D) Т.Тоқтаров
Е) Ж.Жабаев
***
23. Сақтардың киім киісі мен өмір сүруінің дағдысы скифтерге ұқсас екендігін жазып кеткен ғалым:
А) Геродот
В) Птоломей
С) Арриан
D) Страбон
Е) Әл Марвази
***
24. Қазақ хандығы тарихындағы мерзімі жағынан бұрынырақ болған оқиға:
А) Қасым ханның заңдарының пайда болуы
В) Бұрындық ханның Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға күш салуы
С) Түркістан қаласының Қазақ хандығының астанасына айналуы
D) Абдаллах ханның Шығай мен Тәуекелге Ходжент деген жерді сыйға беруі
Е) Орыс елшілері С.Мальцев пен Третьяк Чебуковтың Қазақ хандығында болып қайтуы
***
25. Ресей жерлеріне барып орналасқан қыпшақтардың орыс деректеріндегі атауы:
А) «половшылар»
В) «командар»
С) «азат адамдар»
D) «салт аттылар»
Е) «жылқы патшалары»
***
26.XX ғасырдың басындаҚазақстанның солтүстік-щығыс аудандарының жаңа экономикалық қатынастарға тартылуын тездеткен оқиға:
А) Теміржол құрылысының өлкенің Сібірмен шекаралас өңірін қамтуы
В) Түркісіб құрылысының салынуы
С) Көмірдің мол қорының игеріле бастауы
D) Тың және тыңайған жерлердің игерілуі
Е) Қазақстанда хандық биліктің жойылуы
***
27. Мұрат Мөңкеұлы өзінің «Үш қиян» шығармасында:
А) Қазақ жүздерінің пайда болуы тарихы туралы жазады
В) Туған елдің табиғатын суреттейді
С) Қазақ ақсүйектерінің қарапайым халыққа жасаған озбырлығын әшкерелейді
D) Патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелейді
Е) Өзінің ел аралаған саяхаты туралы баяндайды
***
28.1930 жылдардағы сталиндік казармалық социализмнің белгілерінің бірі:
А) Жеке адамның құқығының тарылуы
В) Демократиялық принциптердің орнығуы
С) Азық-түлік салғыртының енгізілуі
D) Баламалы негізде сайлаудың енгізілуі
Е) Көппартиялық жүйенің орнығуы
***
29.1927 жылы өткен XV сьезде жарияланған бағыт:
А) Ірі бай шаруашылықтарды тәркілеу
В) Жаңа экономикалық саясат
С) Индустрияландыру
D) Ұжымдастыру
Е) Жер-су реформасы
***
30. 1971 жылы Шұбартау ауданының комсомол ұйымы мектеп бітіретін жастарды келуге шақырды:
А) Қалалардағы өндірістік құрылыстарға
В) Ауыл мектептеріне мұғалімдікке
С) Ауылдық жерлерде тұрғын үйлер салуға
D) Егін шаруашылығына
Е) Қой шаруашылығына