
- •[Өңдеу]Түрлері
- •[Өңдеу]Пестицидтердің ыдырау механизмі
- •[Өңдеу]Пайдасы мен Зияны
- •[Өңдеу]Тыңайтқыштарды жіктеу
- •[Өңдеу]Азот тыңайтқышы.
- •[Өңдеу]Фосфор тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Калий тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Қазақстанның Қызыл кітабы
- •18Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •[Өңдеу]Экологиялық қуыс
- •Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Қоршаған ортаны қорғау шаларалы
- •29Орман
- •[Өңдеу]Орман зоналары
- •[Өңдеу]Орман географиялық фактор
- •[Өңдеу]Оңтайлы ормандылық
- •[Өңдеу]Орманның адамзат коғамы үшін маңызы
- •[Өңдеу]Орманды алқаптар
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеу
- •[Өңдеу]Субтропиктік белдеу
- •[Өңдеу]Орманды дала белдемдеріндегі өсімдіктері мен жан- жануарлары
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Орман белдемдері
- •[Өңдеу]Экватолық және субэкваторлық белдеулер
- •[Өңдеу]Тропиктік және субтропиктік белдеулері
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеуі
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •37Жануарлар экологиясы
- •[Өңдеу]Жануарлардың көне атаулары
- •41МУрбанизация
- •[Өңдеу]Пайдаланылған әдебиет
- •51Ғылыми-техникалық прогресс
- •Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- •54Биотехнология және оның негізгі бағыттары
- •[Өңдеу]Гендік инженерия
- •[Өңдеу]Жасушалық инженерия
29Орман
Орман алқабы
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты,тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.[1][2]
Мазмұны [жасыру]
|
[Өңдеу]Орман зоналары
Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған — маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.[1]
[Өңдеу]Орман географиялық фактор
Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын ‘’’курорт-санаторийлер’’’ орналастырылады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 – 28%-н орман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі ( Орман белдемдері). Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты жәнемайда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі.
Жер шарындағы мемлекеттердің табиғи-климаттық жағдайларына сәйкес әр мемлекеттегі Ормандардың көлемі мен түрлері әрқалай. Бразилияда 320 млн., Канадада 264 млн., АҚШ-та 195 млн., Анголада 60 млн., Перуде 57 млн., Колумбияда 50 млн., Үндістанда 46 млн. га орман бар. Ал бүкіл Африка елдеріндегіОрман қорлары 760 млн. гажерді қамтиды. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы орманның көлемі 816 млн. га, яғни жер аумағының 37%-ын алып жатты (оның 50%-дан астамы Ресейдің үлесінде). Бұл әлемдегі Орманның , яғни 25%-н құрады. Орта Азия, Кавказ, Қазақстан аймақтарындағы Орман көлемі Ресейдегі Орман алқаптарының небәрі 3 – 4%-н құрайды.
Аумағының кеңдігіне қарамастан қазақ жерінде Орманды жерлер көп емес. Оның басты себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөл, шөлдіаймақтарда орналасқандығы, ал Орман ағаштары негізінен ылғал мол түсетін алқаптарда өседі. Республика аумағындағы Ормандар және бұталар алып жатқан көлем 21,6 млн. га, бұл Қазақстан жерінің 4,2%-ы ғана. Орман ағаштары республикада Солтүстік Қазақстанның орманды-дала зонасында және дала зонасыныңқосымша ылғал алатын ойпаңды жерлерінде өссе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы Қалба жотасы, Алтай-Сауыр, Солтүстік Тянь-Шань және Батыс Тянь-Шань тауларының ылғал мол түсетін орташа биік белдеулерінде өседі. Қазақстанның солтүстігіндегі шоқ-шоқ болып өсетін қайыңды орманды оңтүстікке қарай далалы алаптардағы біршама жерлерде өскен қарағайлы ормандар ауыстырады. Алтай-Сауыр тауларының теңіз деңгейінен 500 – 2500 м биіктік аралығында қылқан жапырақты – қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар өседі. Ал Солтүстік Тянь-Шань таулы алабының төменгі белдеуінде (600 – 1700 м) көбіне түрлі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Олардың басым бөлігін алма, өрік, жаңғақ, қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар құрайды. Биіктігі 1500 – 3000 м белдеулерде негізінен қылқан жапырақты ағаштар өседі. Олардың негізгісі – жасы 300 жылға дейін, биікт. 40 – 50 м-ге, ал жуандығы 2 м-ге жететін Тянь-Шань шыршасы. Батыс Тянь-Шань алабында – Талас Алатауы, Қаратау мен Өгем жоталарында негізінен жерге төселіп өсетін қылқан жапырақты арша ағашы, ал бұталардан – басқа жерлерде кездеспейтін алша, пісте, долана, таудың ортаңғы және төменгі белдеулеріндеалма, грек жаңғағы, алмұрт, үйеңкі, өрік ағаштары өседі.