
- •[Өңдеу]Түрлері
- •[Өңдеу]Пестицидтердің ыдырау механизмі
- •[Өңдеу]Пайдасы мен Зияны
- •[Өңдеу]Тыңайтқыштарды жіктеу
- •[Өңдеу]Азот тыңайтқышы.
- •[Өңдеу]Фосфор тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Калий тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Қазақстанның Қызыл кітабы
- •18Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •[Өңдеу]Экологиялық қуыс
- •Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Қоршаған ортаны қорғау шаларалы
- •29Орман
- •[Өңдеу]Орман зоналары
- •[Өңдеу]Орман географиялық фактор
- •[Өңдеу]Оңтайлы ормандылық
- •[Өңдеу]Орманның адамзат коғамы үшін маңызы
- •[Өңдеу]Орманды алқаптар
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеу
- •[Өңдеу]Субтропиктік белдеу
- •[Өңдеу]Орманды дала белдемдеріндегі өсімдіктері мен жан- жануарлары
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Орман белдемдері
- •[Өңдеу]Экватолық және субэкваторлық белдеулер
- •[Өңдеу]Тропиктік және субтропиктік белдеулері
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеуі
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •37Жануарлар экологиясы
- •[Өңдеу]Жануарлардың көне атаулары
- •41МУрбанизация
- •[Өңдеу]Пайдаланылған әдебиет
- •51Ғылыми-техникалық прогресс
- •Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- •54Биотехнология және оның негізгі бағыттары
- •[Өңдеу]Гендік инженерия
- •[Өңдеу]Жасушалық инженерия
[Өңдеу]Азот тыңайтқышы.
Құрамында қоректік элемент — азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда есімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді. Азот тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді (4-сызбанұсқа). Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар — ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15—16% болады. Аммоний сульфатында (NH4)2S04 21%-ке дейін коректік элемент — азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі— карбамид (мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады.
[Өңдеу]Фосфор тыңайтқыштары.
Фосфор — барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады.
Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді (5-сызбанұсқа).
Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздыңжәне Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді.
[Өңдеу]Калий тыңайтқыштары.
Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар. Енді калий тыңайтқышының жіктелуіне көңіл аударайық (6-сызбанұска).
[1]
Өсімдіктерді қорғау жолдары. Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек. Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де 460 млн га кесіледі. Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отыруы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда қайталанып отыруы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне, мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың 1/3 табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы керек. Өкінішке орай, тәжірибеде ол жүзеге аса бермейді. Мамандардың есебі бойынша, біздің ормандарымыздан жылына 1500 млн м3 дейін ағаш дайындауға болады. Қазіргі кезде оның 1,3 ғана дайындалып жүр, соның өзінде ағаш қоры дұрыс пайдаланбағандықтан орманға үлкен зиян келуде. Кесілген ағашты сақтауда, тасымалдауда өте көп кемшіліктер бар. Олар поезбен, сумен, автотранспортпен тасымалдағанда жолшыбай шашылып, ысырап болады. Орманды сактауда оларды зиянды жәндіктерден корғаудың маңызы зор. Оның механикалық, химиялық, биологиялық жолдары бар. Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін: 1) жер бетіп лас нәрселерден тазарту керек; 2) топырақ құнарлылығын сактау керек; 3) улы өсімдіктермен тұрақты күресу керек. Қазақстан орман шарулшылықтары жыл сайын 90 мың гектарга ағаштар отырғызады. Онда табиғи өсімдіктердің бес мыңнан астам түрлері өседі, олардьщ ішінде дүние жүзінде кездеспейтін реликті өсімдіктер де бар. Мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін ақ үйеңкі тоғайы планетамыздың басқа түкпірлерінде кездеспейді. Сол сияқты сирек кездесетін реликті өсімдіктср түрлері Бетпакдала, Іле Алатауының бөктерінде бар. Республиканың табиғи өсімдіктерінің 400-ден ас-там түрі қала парктерін, көше бойларын және жекелегсн алаңдарды көріктендіру үшін пайдаланылады. Өсімдіктердің түр-түрінің көп болуы адамдарға бай-ланысты. Олар өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де, дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік турлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар. Мысалы, адамдардың дұрыс карамау нәтижесінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті, казір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде түр. Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса, оның 5.6 мыннан астамы Қазақстанда өседі. Онын. 760 астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер, 1500 түрі пайдалы (азықтық, техникалық) өсімдіктер қатарына жатады. 300-ден астамы «Қызыл кітапқа» енгізілген. Өсімдіктердің геофондысын сақтауда олардың жабайы түрлерін сақтаудың да зор манызы бар. Біздің елімізде өсімдіктің 600-дей жабайы түрі жаңа өсімдіктер түрін жасау үшін пайдаланылады. Олардың генетикалық негізінде 1500-ден аса өсімдіктің жаңа сорты шығарылды. Өсімдіктің кейбір түрлерін адам баласы колдан құртып отырады. Бұлардың қатарына, бағалы өсімдіктерге тамақ жөнінен конкурент болып есептелінетін, арам шөптер жатады. Бұлардан басқа жайлауларда улы шөптер кездеседі. Олар ауыл шаруашылығы жануарларын уландырып, колхоз, совхоздарға зиян келтіреді. Жердің ландшафтын сақтауда, жер эрозиясын болдырмауда, топырақтын құрылымын жақсартуда орман басты роль атқарады. Орманның көмегімен заттардың биологиялық айналысы сақталып отырады. Ормандардың фитомассасы жер шарының өсімдік массасының 82 процентін құрады. Орманның пайдасы тек қана шаңды тұтуда, көміртегі газын жұтуда емес, сонымен қатар атмосфераға фитоцидтарды бөлуде. Мысалы, бір гектар можжевельник тәулік ішінде 30 кг га дейін фитоцид бөледі. Орман — ағаш өнеркәсібін дамытудың, тамақтық, техникалық және дәрігерлік шикізаттың негізгі көзі. Егер бұдан бұрын ағаштан 4-5 мың нәрсенің түрі дайындалса, қазір оның саны 15—20 мыңға дейін жетіп отыр. Ағаштың адам баласына пайдалылығы, оның, табиғат қорғау, топырақ сақтау және климатты реттеудегі рөлі өлшеусіз. Қазір дәлелденіп отырғандай, әрбір 10000 км 3 тайга өзендерге жыл ішінде 0,7—0,8 км3 су келуін қамтамасыз етеді. Орманның өзі мемлекеттік қорықтар, су қорғайтын және ағаш өсетін ормандар болып бөлінеді. Соңғылардан ағаш дайындалады. Осыншама айтылған бағалы табиғат байлығы — орманды қорғау — еліміздің экономикасын нығайта берудің, экологияны жақсарта берудің басты шарты. Ормандарға зор зиян келтіретіндер катарына өрт жатады. Олардан орман жануарлары да үлкен зиян шегеді. Өртке басты себепші — адамдар, 90% астамы солардың кінәсінен болады. Әдетте, өрт ормандарда от жағудан, аңшылық кезінде шала жанған оқ-дәрілердің қалдығынан, автомашина моторынан т. б. кетеді. Әсіресе өртке қауіпті кезең сәуір айынан басталады, өрттің басым көпшілігі мамыр айында, ағашта жапырақ аз кезінде болады, ал тамыз айында құрғақшылық кезінде, шөптің кұрғаған мезгілінде өрт кең етек алады. Өртті болдырмау үшін халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жургізу, қолда бар құралдармен (күрек, айыр, шелек т. б.) өртті сөндіру тәсілдерін үйрету керек. Әдетте өрттің кең тарауына жол бермес үшін, оның айналасынан ор, каналдар қазады. Өрт сөндіруде авиацияның көмегі зор. Соңғы жылдары өрттін шықкан жерін космостан бақылау жүзеге асырылады. Әрине, өрт сөндіруге қолда бар техника кеңінен пайдаланылуы тиіс. Бұл жерде басты мәселе — өрт болдырмау жолдарын қарастыруда. Адамның ормандағы мінез-құлқын қадағалап, ормандағы «мәдениетін» көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізу керек. Оған төмендегідей қарапайым ережелер жатады: ағаштың түбінде от жағуга болмайды, ол үшін диаметрі жарты метрден астам бұтақтардан, шөп-шаламнан тазартылған тақыр жер болуы керек. Отты пайдаланғаннан кейін, мұқияттап көміп тастау керек. Отынға тек кесулі, сынып калғап ескі ағаш бұтақтарын пайдалану жөн. Транспортпен орманның калың ортасына баруға, өзендердің бойымеп жүруге, шабындық жерлерді таптауға тыйым салынуы тиіс Орманды қорғау комплексті түрде жүргізілуі керек. Оған жабайы және үй жануарлары да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан да орманды қорғау, онда корық ұйымдастыру жұмысымен тығыз байланысты. Орманды қорғау және бақылау
20
Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.
сапсан.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілікзоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.