Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эко 2 кол 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
491.62 Кб
Скачать

[Өңдеу]Қоңыржай белдеуі

Қоңыржай белдеудің ормандары негізінен солтүстік жарты шардағы құрлықтарды алып жатады. Оңтүстік жарты шарда Оңтүстік Американың батысындағы Анд тауларының 380С оңтүстік ендіктен оңтүстікке қараған бөлігін және Жаңа Зеландияның оңтүстік аралыныңшағын ауданын қамтиды. Ең суық айдың орташа темп-расы –400С-қа дейін, ең жылы айда 10 – 200С аралығында. Қыста жылудың жеткіліксіздігінен өсімдік вегетациясы баяулайды немесе мүлде тоқтайды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 300 – 1000 мм. Қатаң климат жағдайларына байланысты өсімдік түрі аз. Орман құраушы ағаш түрлері әдетте 5 – 8 түрден аспайды. Қоңыржай белдеудің ормандары қылқан жапырақты, аралас және жалпақ жапырақты орман белдемдерінен тұрады. Қысы қатаң аумақтарда шырша, майқарағай, балқарағай, самырсыннан тұратын қылқан жапырақты орман басым. Оларға ұсақ жапырақты ағаш түрлері – қайың мен көктерек араласады. Құрлықтардың мұхиттарға іргелес бөліктерінде жалпақ жапырақты ормандар таралған. Оларда емен, шамшат, жөке, үйеңкі, шегіршін өседі. Орман асты шілігі мен шөп өсімдігі қалың. Аралас ормандар қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаш түрлерінен тұрады. Қылқан жапырақты орман астында күлгін топырақ пен тайганың тоң топырағы, аралас ормандарда шымды күлгін, жалпақ жапырақты ормандарда орманның қоңыр топырағы қалыптасқан. [1]

[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы VII-том; әдебиеттер: Вальтер Г., Растительность земного шара. Пер.

37Жануарлар экологиясы

Жануарлар экологиясы – экологияның бір саласы. Бұл салада экожүйедегі популяцияның тіршілік ету заңдылықтары анықталып, жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада болып жатқан антропогендік факторлар жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі. Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың, әр түрлі табиғатта болып жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақтың ластануы – жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі. Мысалы, 20-ғасырдың 50-жылдарындағы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде сол аймақта тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың 70%-ы жойылып кетті. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Арал теңізінің тартылуына байланысты бағалы балықтар (сазан, қаяз, ақмарқа, т.б) құрып кетті. Омыртқалы жануарлардың 125 түрі және омыртқасыз жануарлардың 105 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Осыған орай, жануарлар экологиясы – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі.

[Өңдеу]Жануарлардың көне атаулары

39 К аспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық – Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір ғана орасан үлкен теңіз бассейнін құрап жатқан.

     

Каспий теңізі туралы алғашқы мәліметтер антикалық кезеңнің географтары менж азушыларының жұмыстарында келтірілген. Б.э.д. 323 жылы Александр Македонский теңзде жүзуші Патроклды Каспий теңізінің жағалауын зерттеуге жібереді. Патрокл Кара-Бұғаз-көл шығанағына дейін жетеді және ол оны Каспий теңізін мұхтипен байланыстыратын өзеннің бастауы ретінде қабылдайды. Сол кезеңнің көптеген ғалымдары Каспийді, олардың түсінігі бойынша жұрттың бәріне белгілі жерді қоршап тұрған Дүниежүзілік мұхиттың солтүстіктегі шығанағы деп санады. Ежелгі заманның атақты географы Страбон өзінің «География» кітабында Каспийді батыстан шығысқа параллель бойынша созып көрсеткен.

    

О рта ғасырда Батыс Еуропаның ғалымдарының Каспий теңізі туралы мәліметтері өте аз болды. Афанасий Никитин өзінің Үндістанға сапары кезінде тверлік көпестермен бірге Каспийде болған, сол саяхатын өзінің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» кітабында сипаттап жазған. Ол Дербент өзенін бірінші өзен ретінде санайды. Каспий теңізінің барынша дәл картасын неміс ғалымы және саяхатшысы Адам Олеарий жасады,  соның өзінде ол Каспий теңізі туралы сенімді бейнелерді бере алмады.

   

Герадот, Гомер, Аристотель, Марко Поло сияқты антикалық кезең мен ежелгі және ортағ асырлардың тағы басқа ғалымдары өзінің жұмыстарын Каспий теңізіне арнады.  

Каспий теңізінің мыңдаған жылдардағы тарихында 70 түрлі атауы болды. Мысалы, арабтар Каспий теңізін жағалаудағы Гиркания елінің атауы бойынша (Қасқырлар елі) – Гиркан теңізі, солтүстік-батыс жағалауда тұратын хазар халықтарының құрметіне - Хазар теңізі деп атады. Қытайлықтар оны Сихай (яғни Батыс теңізі), түріктер – Кучук-Дениз, татарлар –Аг-Дениз деп атады. Орыстар Волганың сағасында тұратын халықтардың атауы бойынша Хвалын деп атады. Маңайындағы елдер мен қалалардың атаулары бойынша Каспий теңізі Мазандаран, Парсы, Орыс, Астрахань, Сарий, Баку, Дербент және басқа деп аталды. Каспийдің шығуы ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тағдырымен байланысты. Ол қазіргі Жерорта, Қара, Азов, Каспий теңіздерінің қазіргі жер телімдерін алып жатты және   батысында Атлант мұхитымен, ал шығысында – Тынық мұхитымен жалғасты. Күрделі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде Тетис теңізі алдымен Тынық мұхитынан, содан соң Атлант мұхитынан бөлінді. Бұл жасты Каспий теңізінің пайда болу кезеңімен есептеуге болады. Қазіргі Каспий атауын б.э.д. І ғасырларда Кураның оң жағалауында өмір сүрген ежелгі Каспий тайпаларының атауымен аталды.

     

С ол ерте замандарда теңіздің өзінде және айналасында өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптаса бастады.Каспий теңізінің қазіргі өсімдіктер дүниесі қарапайым кіші организмдерден бастап қалыптасқан өсімдіктерге дейінгі саны 728 түрге жетеді. Онда өмір сүретін теңіз флорасы бірнеше қайтара тұздану мен тұщыланудың әсерімен түбегейлі өзгерістерге ұшырады, соның нәтижесінде тұщы суда өмір сүретін түрлері көбейді және теңіз флорасы барынша азайып кетті. Волга-Дон каналы ашылған соң мұнда Азов және Қара теңіздерді мекендейтін балдарлардың басқа түрлері пайда болды. Каспий теңізін жануарлардың 1809 түрлері мекендейді. Каспий теңізінің табиғаиы ежелгі заманнан бері көптеген ғалымдар, саяхатшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің назарын аударған. Осы айдынның табиғи ресурстарын игерудің каспий маңы елдері мен қоршап жатқан елдердің халық шаруашылығында маңызды экономикалық мәні бар.

Каспий теңізі –флора мен фауна, соның ішінде бұрын дүниежүзілік кәсіпшілік өндірудің сексен пайызынан артығын қамтамасыз еткен бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік табынын бізге көненің көзіндей етіп жеткізген табиғаттың ғажап жаратылысы.Каспийді мекендеушілердің біреуіне ерекше тоқталғымыз келеді. Ол – каспий итбалығы. Ғалымдар с олтүстікті мекендеушінің қалайша жылы теңізге келгендігіне жауап таба алмауда. Бүгінде каспий итбалығының қаңқаларын біздің теңіз Дүниежүзілік мұхиттың бір бөлігі болған ерте кездегі ежелгі геологиялық шөгінділерінен табылған. Итбалық – сүтқоректілер мен олардың ежелгі арғы тегі құрлықта, алғашқы дәуірдің ормандарында аң аулаған. Сондықтан жергілікті қазақтар оны дәлме-дәл «итбалық» деп атаған. Каспий итбалығының толық жойылып кету қаупі бар. Ересек итбалықтар да, олардың балалары кәсіпшілік аулаудың объектісі болып отыр. 1944 жылы 290 мың итбалық ауланған, содан кейін итбалықтың қауымдасу саны төмендей бастағандығы туралы мәліметтер бар. Аңдарды аулауға тиым салында. Итбалықтардың қауымдасуы қайта қалпына келтірілді және кейбір деректер бойынша 600 мың басқа жеткен. Мұнай кен орындары тағы да Каспий итбалықтарына қауіп төндіруде.

40Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфирмайлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шайұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]