
- •[Өңдеу]Түрлері
- •[Өңдеу]Пестицидтердің ыдырау механизмі
- •[Өңдеу]Пайдасы мен Зияны
- •[Өңдеу]Тыңайтқыштарды жіктеу
- •[Өңдеу]Азот тыңайтқышы.
- •[Өңдеу]Фосфор тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Калий тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Қазақстанның Қызыл кітабы
- •18Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •[Өңдеу]Экологиялық қуыс
- •Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Қоршаған ортаны қорғау шаларалы
- •29Орман
- •[Өңдеу]Орман зоналары
- •[Өңдеу]Орман географиялық фактор
- •[Өңдеу]Оңтайлы ормандылық
- •[Өңдеу]Орманның адамзат коғамы үшін маңызы
- •[Өңдеу]Орманды алқаптар
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеу
- •[Өңдеу]Субтропиктік белдеу
- •[Өңдеу]Орманды дала белдемдеріндегі өсімдіктері мен жан- жануарлары
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Орман белдемдері
- •[Өңдеу]Экватолық және субэкваторлық белдеулер
- •[Өңдеу]Тропиктік және субтропиктік белдеулері
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеуі
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •37Жануарлар экологиясы
- •[Өңдеу]Жануарлардың көне атаулары
- •41МУрбанизация
- •[Өңдеу]Пайдаланылған әдебиет
- •51Ғылыми-техникалық прогресс
- •Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- •54Биотехнология және оның негізгі бағыттары
- •[Өңдеу]Гендік инженерия
- •[Өңдеу]Жасушалық инженерия
[Өңдеу]Орманды дала белдемдеріндегі өсімдіктері мен жан- жануарлары
Орманды дала белдемдеріндегіөсімдіктер арасында қияқ пен астық тұқымдастар басым өскен түкті қайың, шоқ қарағайлардан тұрады. Мұндай шағын ормандардың аласа ағаштары ретінде солтүстіктің талдары – шілік, сушілік, ақшілік, ойпаң жерлерінің тұзды топырағында қызыл немесе қырғыз қайыңы, құмды, құмдақ жерлерінде қарағайөседі. Құрғақ жерлерінде астық тұқымдас шөптер: қызыл боз, құмдақ боз, бетеге, қоңырбас, арпабас, бидайық, сұлыбас, т.б. тараған. Орманды дала белдемдеріне тән сүт қоректілерге ақ қоян, орқоян, ақкіс, түлкі, қасқыр, елік, бұлан; құстардан құр, кекілік жатады. Қайыңды шоқ ормандарында күйкентай, бөктергі, ителгі, бүркіт, тоқылдақ, торғайдың түрлері, батпақты жерлерде тауқұдірет, қоңыр үйрек, шүрегей кездеседі. Орманды дала белдемдері – Қазақстандағы астықты аймақ қатарына жатады. [2]
[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
↑ Қазақ энциклопедиясы VII том;әдебиеттер: Мильков Ф.Н., Природные зоны СССР, М., 1977; Власова Т.В., Материктердің физикалық географиясы (Солт. Америка, Оңт. Африка, Австралия мен Океания, Антарктида), А., 1995; Бірмағамбетов Ә., Қазақстанның физикалық географиясы, А., 2004.
Орман белдемдері
Орман белдемдері, экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде таралған.Орман белдемдерінде табиғи күйінде ағаш-бұта өсімдігі басым орын алады; ылғал артық немесе жеткілікті жағдайда қалыптасады.
Мазмұны [жасыру]
|
[Өңдеу]Экватолық және субэкваторлық белдеулер
Экваторлық белдеудің көп жерін: Экваторлық Африканы, Оңтүстік Америкадағы Амазона өзенінің алабын, Малайя топаралдарын және Мұхиттық аралдардыэкваторлық ылғалды, мәңгі жасыл ормандар белдемі (гилея белдемі) қамтиды. Күлгінденген ферраллит топырақта сан алуан өсімдік түрлері өседі (пальмалар, эпифиттер және лианалар). Мұхит және теңіз жағалауларында мангр тоғайлары кездеседі. Табиғат жағдайлары маусымға байланысты өзгермейді. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы субэкваторлық белдеулерде экватордан алыстаған сайын ұдайы ылғалды ормандар ауыспалы ылғалды ормандар белдеміне өтеді. Мұндағы ағаштардың біразы құрғақшылық маусымда суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.
[Өңдеу]Тропиктік және субтропиктік белдеулері
Тропиктік және субтропиктік белдеулердегі орманды белдемдеріне жазы ыстық, қысы жылы климат тән. Өсімдік вегетациясы жыл бойы тоқтамай жүреді. Бұл белдемдердегі өсімдік вегетациясының қарқыны жылу мөлшерінің маусымдық өзгерістерінен гөрі ылғалдану сипатының өзгерісімен байланысты. Орман тропиктік белдеудің шығыс аймақтарында, Солтүстік Американың оңтүстік-шығысында, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африканың және Австралияның шығысында таралған. Ұдайы ылғалды ормандарда қызыл-сары латериттік топырақта мәңгі жасыл ағаштар өседі. Маусымдық ылғалды ормандарда қызыл ферралит топырақта мәңгі жасыл ағаш түрлерімен қатар құрғақшылық кезеңде жапырақ тастайтын ағаштар өседі. Субтропиктік белдеудегі орман белдемі – гемигилей муссондық аралас орман' және жерорта теңіздік құрғақ ормандар мен бұталар белдемшелерінен тұрады. Гемигилейбүкіл жыл бойы ылғал өте мол түсетін аудандарға тән (Солтүстік Американың оңтүстік-шығысы, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстігі, Оңтүстік-шығыс Африка, Жаңа Зеландияның солтүстігі). Мұнда қызыл-қоңыр, сары және қызыл топырақта мәңгі жасыл ормандар өседі. Азияның, Солтүстік және Оңтүстік Американың, Австралияның климаты муссондық шығыс шеткі аудандарында лианалар шырмаған, орман асты шілігі қалың, көп қабатты аралас ормандар өседі. Климаты жерортатеңіздік аймақтарда (негізінен Жерорта теңізі төңірегі) орманның қызыл қоңыр топырағында қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар(маквис, гаррига, фригана, т.б.) таралған.