
- •[Өңдеу]Түрлері
- •[Өңдеу]Пестицидтердің ыдырау механизмі
- •[Өңдеу]Пайдасы мен Зияны
- •[Өңдеу]Тыңайтқыштарды жіктеу
- •[Өңдеу]Азот тыңайтқышы.
- •[Өңдеу]Фосфор тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Калий тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Қазақстанның Қызыл кітабы
- •18Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •[Өңдеу]Экологиялық қуыс
- •Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Қоршаған ортаны қорғау шаларалы
- •29Орман
- •[Өңдеу]Орман зоналары
- •[Өңдеу]Орман географиялық фактор
- •[Өңдеу]Оңтайлы ормандылық
- •[Өңдеу]Орманның адамзат коғамы үшін маңызы
- •[Өңдеу]Орманды алқаптар
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеу
- •[Өңдеу]Субтропиктік белдеу
- •[Өңдеу]Орманды дала белдемдеріндегі өсімдіктері мен жан- жануарлары
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Орман белдемдері
- •[Өңдеу]Экватолық және субэкваторлық белдеулер
- •[Өңдеу]Тропиктік және субтропиктік белдеулері
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеуі
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •37Жануарлар экологиясы
- •[Өңдеу]Жануарлардың көне атаулары
- •41МУрбанизация
- •[Өңдеу]Пайдаланылған әдебиет
- •51Ғылыми-техникалық прогресс
- •Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- •54Биотехнология және оның негізгі бағыттары
- •[Өңдеу]Гендік инженерия
- •[Өңдеу]Жасушалық инженерия
[Өңдеу]Қоңыржай белдеу
Қоңыржай белдеудің орманды дала белдемдері тек солтүстік жарты шарда ғана бар. Еуразияда Карпаттан Алтайға дейін үздіксіз созылып жатады. Орта Дунай жазығында, шығыста Орта Сібірдің оңтүстігінде, Амур-Сахалин аймағында және Қытайдың солтүстігінде жеке аралдар түрінде ғана кездеседі. Солтүстік Америкадағы Ұлы жазықта меридиан бағытымен созыла орналасқан (жауын-шашынның шығыстан батысқа қарай өзгеруіне байланысты). Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы –2 – 200С-қа дейін. Жазы жылы, шілденің орташа температурасы 18 – 250С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 400 – 1000 мм. Негізінен,Орманды дала белдемдерінде орманның сұр топырағы мен қара топырақтың түрлері (сілтісіз, күлгінденген, шалғындық) тараған. Климаты континенттік, ішкі аудандардың топырағы сор, сортаң. Табиғи өсімдік жамылғысында шағын орман массивтері мен шалғынды дала алқаптары кезектесіп келеді. Ормандары қылқанды, жалпақ жапырақты және ұсақ жапырақты ағаш түрлерінен тұрады. Еуропалық Орманды дала белдемдерінде орман негізін емен мен жөке құрайды, оларға батысында граб пен шетен қосылады. Батыс Сібірде – қайың мен көктерек, Орта Сібірде – қайың, қарағай, балқарағай, Солтүстік Америкада – қайың, көктерек, батысында емен өседі. Белдемнің орманнан басқа жерлерінде шалғынды және әр түрлі шөпті-астық тұқымдас дала өсімдігі өседі. Фаунасы орман мен дала өкілдерінің қосындысынан тұрады. Орман өкілдерінен – бұлан, тиін, орқоян, елік, сусар; далалық жануарлардан – қосаяқ, саршұнақ, суыр мекендейді. Белдемнің климат-топырақ жағдайлары бидай, сұлы, жүгеріден және технологиялық дақылдардан мол өнім алуға мүмкіндік береді.
[Өңдеу]Субтропиктік белдеу
Субтропиктік белдеудің орманды дала белдемдері негізінен Солтүстік Америка (Ұлы жазықтың батысында) және Оңтүстік Америка (Бразилия таулы қыратының оңтүстігінде) құрлықтарында таралған. Климаты субтропиктік, муссондық. Қысы жылы. Ең салқын айдың орташа температурасы 4 – 120С, ең жылы айда 20 – 240С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 600 – 1200 мм. Шығымдылығы өте жоғары қызғылт-қара топырақ сипатты. Өсімдігі негізінен астық тұқымдас және емен мен карри басым ксерофильдік сирек ормандар мен бұталар өседі. Оңтүстік Американың орманды дала белдемдерінің ішкі аудандарын саванна мен пампа алып жатады. Орман өсімдігі шеткі аудандарында таралған (мимоза, акация, т.б.). Африка мен Австралияның Орманды дала белдемдерінің ағаш өсімдігі негізінен өзен аңғарларында өседі. Жануарлар әлемін дала мен саваннаға тән түрлер құрайды. Қоңыржай белдеудің орманды дала белдемдерінің бір шеті Қазақстан жеріне кіреді. Белдем ''540 солтүстік ендіктен солтүстікке қарай таралған. Аумағы 66 мың км², ені 100 – 250 км. Орманды дала белдемдері Қазақстан аумағындағы агроклиматтық тұрғыдан ең ылғалды және шағын табиғи белдем. Жер бедері өн бойында тегіс жазық (Есіл аккумуляц. жазығы). Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 350 – 400 мм. Жазы қоңыржай, шілденің орташа температурасы 18 – 190С. Қысы қатаң, аязды. Қаңтардың орташа температурасы –18 – 190С. Ең төменгі температура –530С. Қара топырақтың кәдімгі, сілтісіз және шалғын қара топырақ тәрізді түрлері таралған. Өте аз мөлшерде орманның сұр топырағы кездеседі.