
- •[Өңдеу]Түрлері
- •[Өңдеу]Пестицидтердің ыдырау механизмі
- •[Өңдеу]Пайдасы мен Зияны
- •[Өңдеу]Тыңайтқыштарды жіктеу
- •[Өңдеу]Азот тыңайтқышы.
- •[Өңдеу]Фосфор тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Калий тыңайтқыштары.
- •[Өңдеу]Қазақстанның Қызыл кітабы
- •18Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •[Өңдеу]Экологиялық қуыс
- •Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Қоршаған ортаны қорғау шаларалы
- •29Орман
- •[Өңдеу]Орман зоналары
- •[Өңдеу]Орман географиялық фактор
- •[Өңдеу]Оңтайлы ормандылық
- •[Өңдеу]Орманның адамзат коғамы үшін маңызы
- •[Өңдеу]Орманды алқаптар
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеу
- •[Өңдеу]Субтропиктік белдеу
- •[Өңдеу]Орманды дала белдемдеріндегі өсімдіктері мен жан- жануарлары
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •Орман белдемдері
- •[Өңдеу]Экватолық және субэкваторлық белдеулер
- •[Өңдеу]Тропиктік және субтропиктік белдеулері
- •[Өңдеу]Қоңыржай белдеуі
- •[Өңдеу]Пайдаланған әдебиет
- •37Жануарлар экологиясы
- •[Өңдеу]Жануарлардың көне атаулары
- •41МУрбанизация
- •[Өңдеу]Пайдаланылған әдебиет
- •51Ғылыми-техникалық прогресс
- •Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- •54Биотехнология және оның негізгі бағыттары
- •[Өңдеу]Гендік инженерия
- •[Өңдеу]Жасушалық инженерия
8 Қалдықсыз өндiрiстер
Биосфера ластануы ұлғаюының катастрофалық процестерiжəне осы негативтi əсерлердi жоюға жұмсалып жатқан шығындарға байланысты қазiргi заманғы өнеркəсiптегi технологиялықпроцестердi комплекстi экологиялық жəне экономикалықжағынан бағалаудың қажеттiгi туындап отыр.
Технологиялық процестердiң экологиялық тиiмдiлiгiн бағалау үшiн өнеркəсiп өндiрiсiндегi қоршаған ортаға зиянды заттардың экологиялық көрсеткiшi қолданылады. Бұдан басқаекiншi бiр маңызды бағалау критериi — ресурс сыйымдылықкөрсеткiшi — пайдалы өнiм шығару процесiндегi жұмсалатынэнергия, су, ауа, шикiзат, т.б. табиғи ресурстардың үлесi. Өкiнiшке орай, қазiргi кезде бұл көрсеткiштердiң үлесi өте жоғары. Қор үнемдегiш технологияларды қолдану тиiмдi боларедi. Бұл технологиялар табиғи ортадан алынатын шикiзаттардыүнемдеп пайдалану, технологиялық процесте қолданылатынматериалдық жəне энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдалану, т.б. негiзiнде жүзеге асырылады.
Қалдықсыз өндiрiс, өндiрiске енгiзiлген табиғи ресурстардынеғұрлым тиiмдi жəне үнемдi пайдалану үшiн шешiмдер қабылдау үшiн қажет.
Территориялық-өндiрiстiк комплекстер iшiндегi энергия мен заттар ағынына талдау нəтижесi, əрбiр келесi кезеңде алынатын өнiмнiң массасы, алдыңғы кезеңдегi өнiмнiң массасынан түрлi: қатты, газ, сұйық күйдегi қалатын қалдық мөлшерiне аз болатынын көрсеттi. Ал бұл қалдықтардың өзiн де белгiлi мақсатта пайдалануға болады. Өндiрiстi интенсивтендiруге байланысты қалдықтар мен қосымша өнiмдердi өндiрiсте қайтадан пайдалануға мүмкiндiк беретiн жаңа экологиялық таза технологиялар пайда болды. Қалдықтардың түзiлуiн азайта отырып, өндiрiстiң рентабельдiгiн, ресурстарды пайдалану коэффициентiн көтеруге жəне соның нəтижесiнде табиғатты қорғау iс-шараларына жұмсалатын шығынды азайтуға болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiнiң мəнi жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол Бермеу. Практика жүзiнде қалдықсыз өнiм өндiрудi жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнiм өндiруге технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың тиiмдiлiгiн арттыру, рекуперацияны пайдалану, қоланылып келе жатқан технологиялық процестердi анағұрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмастыру, т.б. арқылы жетуге болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiн енгiзуден бiз не күте аламыз?
Практика көрсеткендей, олар: биосфераға келетiн шығындытөмендету, шикiзат пен энергетикалық ресурстарды үнемдеу, шикiзат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығындыазайту, т.с.с.
Қалдықсыз өнiм шығару технологиясының ең жақсы мысалы хромдау гальваникалық цехының қазiргi заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауырметалл иондары тазартқыш қондырғыға сiңiрiлiп, хромдауваннасына қайтып келедi, ал тазартылған технологиялық сухромдалған детальдарды жууға қайтадан қолданылады. Бұндаймысалдарды көптеп кездестiруге болады.
Сонымен, қалдықсыз өнiм өндiрiстерi болашақта өнеркəсiптiң биосфераға зиянды əсерiн түгелдей жою, табиғи ресурстарды өндiру, қайта өңдеу жəне пайдалану, өнiм өндiру кезiндегi келтiрiлетiн шығындарды толығымен жою проблемаларын шешедi деп ойлаймыз.
11
Ағанды суларды тазарту мен ауыл шаруашылық өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған әбзелдерді ұсынады. |
«AQUA» компаниясы өнеркәсіптік ағынды суларр мен жартылай сүйық қалдықтарды қайта өңдеу саласында шеберленеді. «AQUA» компаниясы техникалық мәселелерді, көмекші әбзелдерден өнеркәсіп кешенінің соңғы өнімі бар. Табиғи және ластану деңгейі, және өнеркәсіптің өнімінің түрлі кезеңдерін, суды дайындау жұмысынан бастап, ағынды суларды өңдеу мен жартылай сұйық қалдықтардың өңдеу жүйелерін жасайды. «AQUA» компаниясы ағынды суларды тазалауда барлық технологияларды қолданады: • Механикалық тазалау; • Физикалық флотация; • Коагуляция-флокуляция-флотация; • Аэробты және анаэробты биологиялық тазарту. |
Ағынды сулар
Астананы сумен жабдықтау толығымен қайта жөнделуде, үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын ондаған шақырым желі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жоспарда тұрған жұмыстар – ескі қаладағы су құбыры желісін және қала құрамына кіретін жаңа елді-мекендерде құрылыс жүргізу. Сумен жабдықтау туралы айта отырып, канализация мәселесін көтермеу мүмкін емес. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, жарты миллион тұрғыны бар қала тек қана суды пайдаланбайды, сонымен қатар, оны төгіп те жатады. Коллекторларда жиналып қалған шаруашылық-тұрмыстық ағындар табиғи айналымға қайтып оралу үшін, әбден тазартуды қажет етеді. Бірнеше ондаған жылдар бойы, тазарту қызметін қаладан алты шақырым жерде орналасқан «Талдыкөл» атқарып келген. Алайда, соңғы жылдары ескі жинауышқа толып кету қаупі төніп тұр. Үлкен қарқында өсіп келе жатқан қаланың қалдықтарын сіңіріп үлгермей жатыр. «Талдыкөл» жинауышына қаланың тіршілік әрекетінен күнделікті 136 мың текше метр лас су құйылады. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы бұның көлемі 2,5 есе өсіп, тәулігіне 254 мың текше метрге жетеді екен. Көктем мезгілінде ағынның деңгейі өте қауіпті мөлшерге жетеді. Сондықтан да, амалсыздан санитарлық қашыртқы жасалады. Экологтар дабыл қақты, ал тұрғындардың арасында, қаланың ол жерге жақын орналасқан бөлігін су басады, сонымен қатар, масаның көбеюі мүмкін деген қауесет сөз тарап кетті. Тұрғын санының көбеюі мен жаппай құрылыстың жүргізілуінен, бұл жалпы қалалық мәселеге айналды. Астаналық үкімет бірден бірнеше қалалық канализация жүйесін «құтқару жоспарын» қарастырды. Олардың әрқайсысы егжей-тегжейлі тексерілді. Нәтижесінде қалалық комиссия қымбат, алайда, табиғатпен үйлесетін, Шнет пен Ағанас көлдерінің аймағында орналасқан «Қарабидайық» жинауышы жобасын қабылдады. Бағдарлама аясында, қазіргі «Талдыкөл» жинауышын жою да қарастырылған. Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, бүкіл жұмыс кешені үш кезеңге бөлінген. Бүгінде жобаның екі кезеңі жүзеге асты. Оларға жұмыс істеп тұрған төрт тазарту резервуарын қайта жөндеу мен жаңадан екі тазарту резервуары және тұнбаны сусыздандыру цехінің құрылысы кіреді. Сонымен қатар, он бес жыл бұрын салынған «Талдыкөл» жинауышынан «Қарабидайыққа» тұнбаны тасымалдайтын жүйе де қалпына келтірілді. Басқаша айтқанда, Талдыкөлдің ағын суын тазартып, оны Қарабидайыққа айдайды. Сонымен қатар, бастапқы жинауышты құрғатады. Жаңа суқоймасы Астанадан 34 шақырым жерде орналасады. Ағынды сулар азот пен фосфор байланысынан терең биологиялық тазартатын имараттың көмегімен тазартылып отырады. Арнайы цехта әбден сусыздандырылған қалдықтар қоймаланып, жабық алаңда көміледі. Жобаны жүзеге асыру үшін үш миллиард теңге жұмсалды. Биылғы жылы суды зарасыздандыру станцияларын құру жөнінде де жұмыстар басталды. Ол жерде ағынды суды балық шаруашылығының көрсеткішіне дейін тазарта алады. Келесі кезекте, нөсер суларын тасымалдау станциясы мен тазартылған ағынды тасымалдайтын құбыр желесінің екінші тармағы тұр. Үшінші кезекті жүзеге асыруда, «Қарабидайық» жинауышы 27 млн. текше метрге дейін кеңейтіледі. Талдыкөл көлі өзінің бастапқы мөлшеріне түседі, яғни, 400 гектарға жуық. Сонымен қатар, суқоймасын табиғи тазарту механизмі іске қосылады. Жинауышты жою жөніндегі жоба 2010 жылы аяқталады. Болашақта қазіргі жинауыштың аймағы жасыл аймаққа айналуы тиіс – 18 мыңнан астам гектар жерге терек отырғызылады. Ол жердің бәріне де суару жүйесі жүргізіледі. Яғни, қала тұрғындары қайтадан жанданған көлдің айналасындағы жас ағаштардың көлеңкесінде демалатын болады. Астана экожүйесі де жақсарып, лай тұндырғының орнына қала-саябақ пайда болмақ.
11
Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары төмендегідей: 1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен ластанудан болады. Сонымен қатар азот тотықтары, фтор,хлор, фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зин\янды әсер етеді. 2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын-шашынға айналғанда әсер етеді. Ең алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады. Сонымен қатар токсиканттар, әсіресе қышқылдық жауын түрінде,өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтіленуі, топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улануы мен бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асыт мүшелеріне минералдар меғн қосылыстардан токсиканттардың әсерінен бөлініп шығатын алюминий күшті уландырушылық әсер етеді. 3. Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу улану немесе күюі түріндегі күшті зақымданулар түрінде болуы мүмкін. Ормандардың жойылуыда баяу немесе бірден болуы мүмкін. 4. Улануға және жойылуға көбіне қылқан жапырақта ормандар ұшырайды. Бұл құбылыстың себебі – ұзақ өмір сүретін қылқанның улануы. Сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың зақымдануының бірінші белгілеріне қылқанның өмір сүру уақытының кемуі мен ағаштың қылқандарының санының кемуі жатады. Сондықтан бұл ағашты қалаларда жиі өсіреді. 5. Жалпақ жапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен,бук және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ, жапырақты ағаштар тұрақтырақ. Сондықтан қалаларда, өндіріс орындарының айналасында олар қылқанжапырақты ормандарды ауыстырады. Өте күшті ластанған жерлерде жапырақты ағаштарды жағдай талғамайтын шөптесін өсімдіктер алмастырады. 6. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластанудың индикаторы ретінде пайдаланады. Токсиканттар мен көптеген мәдени дақылдар тез зақымданады. 7. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы улануына және жасқа байланысты токсиканттарға деген сезімталдықтың артуына да байланысты. 8. Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды. Себебі, өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары. 9. Атмосфераның ластануының ормандарға тигізетін зиянды әсерін кеміту үшін орманда – биологиялық іс-шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын анықтау мен пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару және т.б жатады.
12
Су эрозиясы
Аққан судың топырақтың беткі қабатын шайып кетуін, жыра мен сай-саланың, жар мен орлардың пайда болуын топырақтың су эрозиясы деп атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткі қабаты шайылады. Басында ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы топырақтың су, жел эрозиясы - адамның жер ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары деп ұғамыз. Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып, солтүстік, оңтүстік аймақтардың су эрозияларын зерттеп, олармен күресу шараларын ұсынды. 1) агротехникалық шаралар: еңісі үлкен беткейлерде жерді су ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты қайырмасыз соқамен жырту, т.б.; 2) мелиоракия шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару түрлері бойынша ағаш және бұта отырғызу; 3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбін су өткізбейтін бетондалған тақта, пленкалармен қаптау, т.б. Бұл шаралар топырақтың су эрозиясына ұшырауын азайтады.[2]ро
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Мазмұны [жасыру]
|
[Өңдеу]Түрлері
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Калифорнияда пестицид шашу
Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.
[Өңдеу]Пестицидтердің ыдырау механизмі
Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі – фотохимиялық, тотығу – тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің көмегімен жүзеге асса, екіншісі – ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.
[Өңдеу]Пайдасы мен Зияны
А.Спутников тәжірибе жүргізу арқылы уытты заттардың жануарларға әсерін анықтап, пестицидтердің уыттылығын 1 кг дене массасына препараттың неше миллиграмм концентрациясы келетініне қарай сипаттады. Оларды уыттылық дәрежесіне қарай 4 класқа топтастырды. ХХ ғасыр аяғында Республика территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық заттар 20-30% жеткен. 1999 жылы шайдың сынамаларына (пробаларына) талдау жасалып, құрамында хлор бар пестицидтердің шекті рауалы концентрациясынан (ШРК) 40% артық болғандығы анықталған. Бұл жай Алматы қаласында, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалған. Соны мен қатар, 1999 жылы Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің токсикология бөлімі шайдың сынамаларына талдау жасағанда олардың 45%-да пестицидтердің бар екендігі, соның ішінде 10% дикофол пестицидінің ШРК (0,01 мг/кг) артық екендігі анықталған. 1998 жылы Алматы облысы бойынша шикі және піскен тағамдардың 0,41%нда пестицидтердің қалдығы анықталып, ШРК-0,41%-ға және 0,16%-ға көп болған. 1999 жылы бұл көрсеткіштер 0,3% артқан. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өліп кеткен жағдайлар болғанын айтады. Көп елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе дихлордифенилтрихлорметилметанды (ДДТ) пайдалануға болмайды, себебі оның ыдырауына бірнеше жылдар керек. Бұл заттың шығу тарихы өте қызық. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген. Алғашқы кезде бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесіртке мен көптеген зиянкес бунақ денелілерді қырды. Әсірісе ауру таратушы масаларды өлтіріп, миллиондаған Адам дарды безгек ауруынан құтқарды. Кейінірек ДДТ-ның күштілігінен зияндығы басым екендігі анықталды. ДДТ барлық тірі организмдерге тіпті балдырларға да зиянын тигізеді екен. Оның миллиардтан бір бөлігі фотосинтездің жылдамдығын баяулатады. Ал жасыл өсімдіктер атмосфераны ауамен қамтамасыз ететіндігі сіздерге белгілі. Кейінірек ДДТ-ның басқа пестицидтер тәрізді кумулятивтік эффектісі бар екендігі анықталды. Оның әсері уландырудан бастап мутагендікке дейін жетті. ДДТ тұрақты болғандықтан, ол қоректену тізбегімен өсімдіктер организміне өтедіде, өсімдікпен қоректенетін жануарларға, олардан аңдарға беріледі. Өсімдік және жануар тектес тағаммен тамақтанудың арқасында ДДТ адам организміне де түсетіндігін сезіп отырған боларсыздар. Осылайша жылжу кезінде әрбір организмде жинақталған ДДТ—ның шамасы 10 есе артып отырады. Организмде жиналған препарат ондағы басқа заттармен қосылысып, улылығы артады да, адамдарды, жануарларды өлтіре алатын шамаға жетеді. Табиғи жағдайда ДДЭбастапқы ДДТ-дан да қауіпті. Себебі ДДЭ-нің ыдырау алғашқысынан да баяу жүреді. Ауылшаруашылығында пестицидтерді пайдаланудан гөрі өсімдіктерді қорғаудың биологиялық жолы іздестірілуде және пестицидтер пайдаланылмаған экологиялық таза өнім алу көзделіп отыр. Пестицидтердің адам организміне зиян екенін, табиғи процестерді бұзып, қоршаған ортаны ластайтынын ескеріп, оны өте сақтықпен басқа шара жоқ болған жағдайда ғана пайдаланған жөн. Бунақденелілермен күресудің кейінде шыққан биологиялық әдісінің бірін айта кетейік. Ол түрпілі материалдарды (абразивы) қолдану. Түрпілі материалдарды бунакденелілер көп жүретін жерге себеді. Оның үстімен жүріп өткен жәндіктің денесі кеуіп қалады, себебі сыртқы жабыны зақымданады. Түрлі заттардың өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға ешқандай зияны жоқ.[1]
Тыңайтқыштар — құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты.
Мазмұны [жасыру]
|