Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
назерке.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.01.2020
Размер:
234.5 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Сәулет-құрылыс факультеті

№2 Есептік графикалық

жұмыс

Тақырыбы: «Трассаны геометриялық нивелирлеу

журналын өңдеу және профилін салу»

Қабылдаған: Чултуков А.С.

Орындаған: ГК –13 тобының студенті

Тілепбергенова Назерке

Астана – 2013

Мазмұны

Кіріспе. Геодезия пәні. Нивелир түрлері............................................2

№2 ЕСЕПТІК ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ. ТРАССАНЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ ЖУРНАЛЫН ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ПРОФИЛІН САЛУ................................................................................3

1- тапсырма. Геометриялық нивелирлеу журналын өңдеу........................................................................................................3

Нивелирлік жүріс координаталарының ведомостарын есептеу.....................................................................................................5

2-тапсырма.Профилин салу.................................................................8

Профиль шаршысы.................................................................................9

3-тапсырма. Трассаның жоспарлық профилін құру........................................................................................................10

Пикетаж журналы.................................................................................12

Қисықтың негізгі нүктелерін есептеу.................................................13

Қорытынды..........................................................................................14

Қолданылған әдебиеттер......................................................................15

КІРІСПЕ

Геодезия пәні. Нивелир түрлері

«Геодезия» пәні «Инженерлік-құрылыс» мамандықтары студенттерінің негізгі сабағы болып саналады.Бұл пәнді оқып үйренудегі мақсат студенттердің жер бетіндегі жүргізілетін барлық топографиялық түсірістер мен инженерлік геодезиялық жұмыстарды өз бетінше жүргізе білуді үйрету.

«Геодезия»- ертеден келе жатқан жер туралы ұғым.Грек тілінен аударғанда «Жерді қақ бөлу» деген мағына береді.Геодезия ғылымы Жердің сыртқы түрінің, жергілікті аудандарының кедір бұдырлы, әр түрлі денелердің орналасуын анықтай отырып, өндіріс талаптарына қатысты көптеген геодезиялық өлшеу, сол аудандарды картада немесе жоспарда бейнелеу жұмыстарын жүргізуде өте маңызды орын алады.

Нивелирлеудің түрлері

Топографиялық пландар мен карталарды, сондай-ақ инженерлік жобалағанда және жобадан жерге шығарғанда жер бетіндегі нүкте-лердің биіктігін білу қажет. Осы мәселеге байланысты жердің бетінде геодезиялық жұмыстар орындалады, оны нивелирлеу деп атайды. Нивелирлеу кезінде жер бетінде бір нүктелер мен екінші нүктелердің арасындағы өзара биіктіктерді анықтайды, содан кейін бастапқы нүктенің берілген биіктігі арқылы келесі нүктелердің деңгейлік беттен саналатын биіктіктерін есептейді. Өзара биіктікті анықтау әдісі және қолданылатын аспаптарына байланысты келесі нивелирлеу түрлері бар:

1. Геометриялық нивелирлеу – өзара биіктік горизонталь көз-деу сәулесі арқылы анықталады және нивелир аспабының көмегімен орындалады;

2. Тригнометриялық нивелирлеу – өзара биіктік көлбеу көздеу сәулесі арқылы анықталады және теодолит аспабының көмегімен орындалады;

3. Гидростатикалық нивелирлеу – өзара биіктік өзара байланысқан ыдыстардағы сұйық бетінің бір деңгейде тұруына негізделген;

4. Барометрлік нивелирлеу – нүктелердің арасындағы өзара биіктік сол нүктелердегі атмосфералық қысымдардың айырмашылығына негізделген;

5. Механикалық нивелирлеу – аспаптар арқылы жердің профилі автоматты түрде жазылады.

Біз геометриялық нивелирлеу әдісіне тоқталамыз.

2 ЕСЕПТІК-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ .