Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уч_пособие_КН_2 вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.01.2020
Размер:
1.26 Mб
Скачать

5 Бөлім. Мінез-құлқында ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу. Дәрігердің асоциальді тұлғалармен жұмысы

5.1 Девиантты және альтернативті сексуальді бағыттағы науқастармен жұмыс жасау. Біздің қоғамымызда сексуальділікке қатысты әлеуметтік нормалардың ырықтануы, атап айтқанда эротиканы және жыныстық қатынасты үгіттейтін кітаптардың, видеоматериалдардың көбеюіне байланысты, сексуальді мінез-құлық кеңінен таралып, жаңаша мәселелерді туындатуда. Мысалы, кейбір адамдар өздерінің жыныстық стандарттарға сәйкес келмейтіндігін экраннан немесе кітаптан оқып ерекше уайымға түседі.

Мұндай адамның сексуальді сферасы эмоциональді стрестерге өте сезімтал болғандықтан, сексуальді мәселелердің негізгі себебіне, психикалық ширығу, үрей, ішкі шиеленістер әкеледі.

"Секс" және "сексуальдылық" терминдері жиі синоним ретінде қолданылса да, олардың мағыналары әр-түрлі. Бұны білу маңызды, егерде аталған түсініктерді кәсіптік жұмысыңызда пайдалансаңыз. Секс жыныстық қатынастың механикалық түрде жүзеге асуын білдіреді. Сексуальдылық аумақты сезімдерді қамтиды.

Сексуальді мәселелер дамыған кезінде кеңес беру, сексуальді өмірдің қалыпын және патологиясын ажыратуға мүмкіндік береді.

Сексуальді мінез-құлық мақсатын, біздің мәдени нормаларымызға сәйкес көрсетсек ол басқа адамдарды терең түсінуге және ләззәт алу немесе баланы дүниеге әкелу мақсатында орындалатын мағыналы жыныстық қатынас деп көрсетеміз. Кейде қалыпты немесе ауытқыған сексуальдылықтың шекарасын айыра алмаймыз. Бұл шекараның орналасуы әлеуметтік мәдениетке, моральді және құқықтық нормалардан байланысты болады. Сексуальдылықтың анықталған қалыптарын әлеуметтік бағытта өзгеруі, сексуальділік қалыптың жаңаша көріністеріне әкеледі. Көптеген мамандар сексуальді мастурбацияны, оральді жыныстық қатынасты қалыпты деп санайды. Сексуальдылықтың психологиялық және физикалық себептері болады. Мұндай бұзылыстар басқада мәселелерді күшейтеді.

Ер адамдарда кеңінен таралған сексуальді бұзылыс — бұл импотенция, немесе жыныстық әлсіздік, яғни жыныстық қатынас кезінде толық эрекцияға жете алмаумен сипатталады. Импотенция уақытша бұзылыс болып табылғандықтан ер адамдардың әр-түрлі жас кезеңдерінде кездеседі. Жас мөлшері ұлғайған сайын импотенцияның мүмкіндігі де ұлғаяды. Даму себептеріне органикалық және психогенді факторлар әсер етеді.

Тағыда бір ерлерде кездесетін бұзылыс — тым ерте дамитын эякуляция, яғни жыныс мүшесінің қынапқа кірмей немесе кіргеннен кейін кенеттен ұрықты жіберуі. Себебіне психогенді факторлар жатады. Мұндай бұзылыс ерлерде олқылық сезімін дамытады.

Әйелдерде жиі таралған сексуальді бұзылыс — фригидтілік немесе жыныстық салқындылық, сексуальді қанағаттанудың жартылай немесе толығымен болмауы. Мұндай бұзылыстар жыныстық қатынасқа кедергі келтірмейді. Себебі болып, жыныстық қатынасқа байланысты дамыған психогенді факторлар жатады. Мұндай өзгерістер соматикалық бұзылыстарға әкеледі, мысалы, вагинизм (қынап қабырғаларының еріктен тыс қысылуы).

Бұл екі жыныстарда да сексуальді бұзылыс гиперсексуальдылық түрімен де жүруі мүмкін. Адамдарда болатын осындай бұзылыстар сексуальді сипаттағы қиялдармен және ойлармен үнемі әурелейді. Әйелдің гиперсексуальдылығын нимфомания деп, ал ерлердікін – сатириазис деп атайды. Гиперсексуальдылықтың этиологиясы болып жиі психогенді факторлар жатады, олар эпилепсия және басқа да неврологиялық аурулар фонында дамуы мүмкін.

Сексуальді ауытқуларды, әлеуметке өрескел сексуальді мінез-құлық қалыптарымен түсіндіреді.

Сексуальді ауытқулардың екі түрін анықтаймыз: объектіні таңдауы бойынша (фетишизм, педофилия, зоофилия және т.б.) және сексуальді құштарлық мақсаты бойынша (трансвестизм, эксгибиционизм, вуайеризм, садизм, мазохизм және т.б.).

Фетишизм — сексуальді объектінің культі ретінде киім заттарын немесе сүйіктісінің денесінің бөліктері жатады. Әдетте бұл ерлерге тән болып келеді.

Педофилия — балаларға патологиялық сексуальді құмарлық. Көбіне педофилдер мазохистік бағыттағы импотент болады. Бала қауіп төндірмейтін сексуальді объект болып саналады.

Трансвестизм — қарама - қарсы жыныстың киімін немесе басқа жыныстың ролінде сексуальді қанағаттанушылық. Жиі ерелер арасында кездеседі.

Эксгибиционизм — қарама-қарсы жыныс иелерінің алдында өзінің жыныс мүшелерін көрсету арқылы сексуальді қанағаттану. Жиі ерелер арасында кездеседі, құрбанының қорқыныш сезімі сексуальді қанағаттануға әкеледі. Эксгибиционизммен бірге әдетте мастурбация жүреді.

Вуайеризм — қарама - қарсы жынысты сырттай бақылау арқылы қанағаттану іске асады.

Гомосексуализм деп бір жынысты адамдардың жыныстық қатынасын айтамыз (әйелдік гомосексуализм — лесбиялық қатынас деп аталады). Сонымен қатар, гомосексуалистерге бисексуалдарды да жатқызамыз, яғни екі жыныспен де қатынасқа түсетін тұлғалар. Гомосексуализм кеңінен таралған (1-4% ерлер арасында; 1-3% әйелдер арасында).

Сексуальді мәселелер жайындағы әңгімені қалай бастауымыз қажет? Науқастардың дәрігерге қаралу себебі осы мәселелер бола тұра, олар әңгімені көбіне бастамайды. Мамандар барлық жағдайларда науқастың интимдік өмірі жайында кеңінен сұрастыра алмайды. Сондықтан, науқастың сексуальдылығын анықтау стандартты сұрақ қоюмен жүреді. Науқас өзінің сексуальдылығы жайында ешқандай мәлімет бермесе, маман осы тақырыпқа әкелетін сұрақтар қоюы қажет: "Сіз өзіңіздің сексуальдылық өміріңіз жайында ештеңе айтпадыңыз ғой". Мұндай ескерту сұрақтан гөрі құндырақ болады. Егер де науқас сұрақпен жауап берсе: "Ал, Сіз нені білгіңіз келеді?", ескертуді сұрақ ретінде қайта құрастыруға болады: "Сіз неге жыныстық өміріңіз жайында айтпайсыз?" Мұндай сұрақтарға қарсылық көрсетілген болса, онда қысым жасамаймыз, тек осы тәріздес талқылаудың болмауына байланысты басқа мәселелерді түсінуіміздің қиындайтынын ескерте кеткеніміз жөн.

Сексуальді мәселелері бар науқастарға кеңесті үш түрде жүргіземіз: сексуальді ағартушылық, сексотерапия және адекватты сексуальді мінез-құлықты құрастыру.

Кеңес беруші барлық жас топтарындағы клиенттерге кеңес жүргізуге дайын болуы керек. Kirkpatrik (1975; цит. пo: George, Cristiani, 1990) Сексологиялық кеңес берудің тоғыз ережесі анықталған. ТМД мемлекеттерінде – бұл сексологтар мен психиатрлар. Сексуальді мәселе жөніндегі кеңестер науқастың талабымен жүзеге асуы қажет. Бірақ-та бізде сексологиялық көмек дәстүрі қалыптаспаған. Сондықтан, науқас өмірінде мұндай мәселелер қандай орын алатындығын дұрыс түсінуіміз аса маңызды. Тіпті болмаса кеңес беріп,маманға бағыттау керек.

Сонымен, кеңесшіге науқасты қабылдауының ережелері ұсынылады:

Кеңесші сексуальді мәселелер жөнінде еркін жіне ашық сөйлей білуі міндетті, яғни сексологиялық терминологияны дұрыс орынды қолдана білу.

Кеңесші науқастың сексуальді мәселелері жөніндегі әңгімені өзі бастауы керек, себебі науқас жасқаншақтық танытуы мүмкін.

Кеңесші адамның сексуальділігі жөніндегі сұрақтарымен жақсы таныс болуы қажет, науқастарға сәйкес ақпаратты толығымен жеткізу мақсатында (анатомия, жыныстар психологиясы, фармакология, контрацептивті заттар).

Сексуальді бұзылыстарды емдеуде көбіне сексотерапия қолданылады.

5.3 Қастық және агрессивті бағытталған науқастармен қатынасу. Кеңес беру кезінде негативті бағытталған немесе ашық өшпенділік танытатын науқастар аз мәселе тудырмайды. Мұндай науқастарға кеңесшілер әртүрлі сезіммен жауап береді: кейбіреулері өшпенділікке тітіркенумен немесе қастықпен; сыпайылықпен және достықпен; үшіншілері науқас жағдайын елемей, ештеңе болмағандай өздерін көрсетеді.

Кейбір жағдайларда науқастың шынайы жағдайын біліп алғаннан кейін, оған ашуланғанның өзі пайдалы болып жатады. Науқасқа оның ашулы немесе өшпенді бағытта тұрғанын айтып жеткізу маңызды. Бірақ мұндай айтылатын ой-пікіріңізді үзілді-кесілді айтпай, мысалы: "Сіз бірденеге көңіліңіз толмай тұр ма?", "Сіздің көңіліңіз неден қалып тұр?", "Сіз ештеңе айтқыңыз келмей ме?" және т.с.. Егерде кеңесші нуақастың өшпенділігін сезсе, ол оны нақтылауы керек: "Не болды?", "Мен бірдеңені дұрыс айтпадым ба немесе істедім бе?". Әрине, науқасқа келекемен және жек көрініспен қарауға болмайды — оның мұндай қылығы терапиялық қарым-қатынастың жетістігіне кері әсерін береді.

Науқастың қанағаттанусыздық сезім себептері қарапайым болып келуі мүмкін – кеңесшінің айтқан сөздерінің немесе түрінің ұнамауы,кеңесшінің тым жас көрінуі және т.с.

Өшпенділіктің өзінің мағынасы бар — ол өзіндік қорғаныстың әрекеті болып табылады. Өшпенділік тек қана қаіпті белгі ретінде ғана емес сонымен ол агрессияны да білдіреді.

Кеңесші мұндай өшпенділіктің бастамасын білуі керек. Әрбір науқастың мұндай әрекеті оның өмірлік жағдайларында жасырулы болуы мүмкін Әсіресе, балалық шағында «өшпенділіктің өзіндік стилі» құралады. Кейбір науқастар дәрігердің бұйырып сөйлеген сөзінен кейін немесе анық және нақты мәлімет бермегендіктен; үшіншіден тым артық сұрақтар қойылғаннан кейін, себебі шектен тыс құмарлық танытқан тәріздес болып көрінеді. Кеңесті жүргізгенде кеңесші науқастың жағдайын дұрыс бағалап, бұл сезімдердің бастамасын науқастың ішкі дүниесінен қарастыруы қажет. Кейде өшпенділік үрейлікті жасырады.Мұндай жағдайларда науқасқа өз сезімдерін түсінуге көмек жасап, өшпенділік құралуының шешімін тапқан жөн. Дәрігер өзінің кейісін қортындылай біліп, науқасқа тиімді көмек көрсетуі керек. Екі жақты түсінушіліктің пайда болуы жалпы мақсатқа бірге жетуге әкеледі.

5.4 Дәрігердің асоциоальді тұлғалы науқастармен қатынасу ерекшеліктері. Асоциальділік — бұл күрделі және болжамы жағымсыз тұлғалық бұзылыстар, ол тек симптомдармен ғана емес, мінез-құлықтың өзгеруімен қатар жүретін әрекеттер. Бұл бұзылыстарды "психопатиялық тұлға" немесе "әлеуметтік тұлға" деп қарастырады. Социопаттар қоғамға нашар бейімделген, олар қоғам талаптарына, моральға және қалыптарға қарамастан өздерінің түйсікті қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ғана өмір сүреді.

Асоциальді тұлғаны ішкі невротикалық бұзылыстары бар асоциальді тұлғалармен шатастырмауымыз қажет. Невротиктер асоциальді тұлғаларға жат қылық танытады, яғни ол өздерінің мінез-құлқына уайымдайды.

Асоциальді мінез-құлық жасөспірім кезеңінде ерекше байқалады, ол шектен тыс агрессиямен, бейберекет сексуальді мінез-құлықпен және алкоголь мен наркотиктерді қолданумен көрінеді.

Дәрігер асоциальді тұлғаның – жәй қарапайым адам еместігін түсінуі керек. Олар басқалардан өмірлік мақсаттарымен, басқа адамдарға және өзіне деген қатынасымен түбегейлі ерекшеленетін тұлға. Mac Kinnon и Michols (цит. по: Kennedy, 1977) көрсетуінше:

"Асоциальді тұлға басқа адамдарға қауіп немесе ләззат алатын көз ретінде қарайды. Олар өздерінің ойлағандарын шұғыл іске асыруға тырысады. Асоциальді тұлға шыдамсыз, бір минуттық ләззатқа ғана бағытталып, қажеттіліктеріне қанағат алуын шегеруге шыдай алмайды. Оларда эмпатияның жоқтығына байланысты агрессиялық реакцияларымен қатар, мейірімсіздік және садизм тән.

Асоциальді тұлғалар тығыз тұлғааралық қатынас құрауға қабілетті емес. Достық адамдардан оларға тәне емес қасиеттерді талап етеді. Асоциальді индивидтер ештеңені құрбандыққа шалмай, басқалардан алғанға ғана қабілетті. Олар өздеріне ғана бағдарланып, басқа адамдарды қабылдамайды. Басқа адамдар оларға тек қана мақсаттарына жететін көз болып табылады. Асоциальді тұлғалар өзінің сыртқы көрінісімен қоршаған ортаны таң қалдырады. Осы аталған себептерден кейін дәрігер оларға эмпатияны көрсетуге қиналады.

Асоциальді тұлғалар психолог мамандарына өз тілегімен сирек қаралады. Көбіне оларды мектептер немесе басқа да мекемелер кеңеске бағыттайды. Мұндай тұлғалармен байланыс жасау өте қиын, кеңестің басынан бастап, маман иелерін өздерінің жалған қайырымдылығымен және тілектестігімен алдауға тырысады, әсіресе жас мамандарды. Осы мағынада тәжірибесі аз маманға асоциальді тұлға қауіп төндіреді.

Coleman (1964; цит.: Kennedy, 1977) айтуынша асоциальді тұлғалар жаупкершіліктен қашқақтауға бейім келеді. Мұндай адаммен ұзақ қатынасу тітіркенуді, қанағттанусыздықты және қысымды шақырады.