Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уч_пособие_КН_2 вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.01.2020
Размер:
1.26 Mб
Скачать

6.4 Дәрігер тұлағсы. Мамандардың тұлғаарлық қатынасы. Тұлғалық сұрақнамалар және стандартты анализдеудің шкальді әдістері

Дәрігер тұлғасына психологиялық талаптар. Дәрігер кәсібіне қойылатын тұлғалық талаптар, эмоциональді жүктеумен, жиі стресстік жағдайларға, уақыт тапшылығына, қарқынды тұлғаралық қарым-қатынасқа байланысты болады. Кәсіптік қызметіне байланысты дәрігер қайғы-қасіретпен, ауырсынумен және өліммен, ажалмен жиі кездеседі. Дәрігер жұмысы — тұрақты психологиялық дайындықты талап ететін тұлғаралық қатынаспен сипатталатын қызмет түрі. Психологиялық көз-қараспен ауру ақпараттың тапшылығына байланысты белгісіздік жағдайы болып есептеледі. Бұл жағдайды науқас уайымдаса, дәрігер оған нақты диагностикалау арқылы ақпараттық белгісіздікті жоюға көмек көрсетеді. Осы сияқты ережелер маманнан жоғарғы эмоциональді тұрақтылықты, сенімділікті, коммуникативті дағдыларды және копинг-стратегияларды талап етеді.

Коммуникативті копинг-ресурстардың арасынан стресстік және мәселелі жағдайда тиімді шешім қабылдауға, қарым – қатынас құрауға қажетті, оның ішінде дәрігердің кәсіптік қызметінің құралуына маңызды эмпатияны, аффилиацияны, қатайюға сенситивтілікті атауға болад. Эмпатияның жоғарғы деңгейінде дәрігерге уайымшылдық әңгімелесушісінің көңіл-күйіне сезімталдылықпен қарау, біреудің мазасын алам деген кінәлі сезім, психологиялық жаралану — қасиеттері кәсіптік рольдің орындалуына, яғни шешімділікке, қайсарлыққа, мақсаткерлікке, болашаққа бағдарлыққа кедергі жасайды. Науқасты уайымдаудағы шектен тыс эмпатия эмоциональді жүктемеге немесе эмоциональді және физикалық жүдеулікке әкеледі. Эмпатиямен аффилиация тығыз байланысқан. Аффилиация — адамның басқа адамдар қоғамында болуына ұмытылуы, тұлғааралық байланыстағы бағыт құралы болып табылады. Кәсіптік қызметтегі серіктестік қатынасты,ұжымдағы климатты немесе «терапиялық аумақты» қамтамасыз ететін қабілеттілік.

Тұлғаның ортадағы бақылауын копинг-үрдісі анықтайды және дәрігердің негіздік копинг-ресурсына жатады. Интернальді бақылауы дамыған тұлғалар абайлы болып, жағымсыз нәтижелерден қашқақтап, қатерге сезімтал болады. Олардың жетістіктерге қажеттілігі, позитивті «Мен-концепция», әлеуметтік қызығушылығы және өзіндік белсенділіктің көрсеткіштері жоғарғы деңгейде болады. Фрустрирлі жағдайларда экстернальді науқастар интернальділермен салыстырғанда үлкен үрейді, өшпенділікті және агрессияны уайымдайды. Олар жоғарғы депрессивті болғандықтан өмірлік стресстерді қадағалауға мүмкіндіктері аз.

Науқас көз-қарасымен, дәрігер бейнесі эмпатияға қабілетті және сенімді мінезді болып керек. Мінездің сенімді стилі науқаста «терапиялық иллюзияны» құрайды, ол науқаста сенімділік пен үмітті орнатады. Дәрігер өзінің міндетті кәсіби парызын орындауда тек қана науқасқа қолдау көрсетпей, жұмыстағы әріптестеріне де қолдау көрсетуі қажет.

Дәрігердің психотерапиялық потенциалындағы ролі талассыз болып келеді. Хекхаузеннің ұсынуынша психотерапевтік көмектің моделдері бар, ол негізгі 4 аспектіден тұрады: 1) басқаның ішкі жағдайын эмоциональді уайымдау; 2) өз әрекеттерінің қоршаған ортаға кері әсерін білу қабілеттілігі; 3) моральді-этикалық нормалардың дамуы; 4) өзіне істелген немесе істелмеген альтруистік әрекеттердің жауапкершілігін алу.

Кәсіптік медициналық ортада, медициналық колледж және жоғарғы оқу орындарында, түрлі медицина обылысының мамандары және оқытушыларының -қатынасуы едәуір өзіндік сипатта болады. Әрине өзіндік сипатты тезаурус береді – кәсіптік глоссарий, идеоматикалық қор, барлық лексикон, оның ішінде медициналық жұмыскерледің жаргоны, әлеуметтің басқа өкілдерінің арасында оларды ерекшелендіреді. Біз өз әріптестерімізді жеңіл түсінеміз, қандй да бір қиыншылықтарда бір-бірімізге көмек беруге дайын боламыз. Сондықтан, коммуникативті дағдыларға әріптестерімен қатынасу өнерін, топта жұмыс істей алу ебін, жалпы кәсіптік карьерасына жетістікті қамтамасыз ететін қабілеттіліктерін айтамыз. Жоғарыда біз ЛОБИ тестісін келтірдік, ол арқылы науқас тұлғасының сипатын және ауруға деген қатынасын анықтадық. Бірақ дәрігер де өзінің коммуникабельділігін, мінез типін, темпераментін және қатынасу стильі жайында анализ жүргізуі тиіс.

Осы мақсатта тұлғалық сұрақнаманы қолдануға болады. Оларды психологияда және әлеуметтікпсихологияда қолданады. Нәтижелерді бағалауға балмен есептелген стандартты шкалаларды қолданамыз. Сұрақнамаларға мысал келтірейік.