Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уч_пособие_КН_2 вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.01.2020
Размер:
1.26 Mб
Скачать

6.3 Есте сақтаудың, естудің, көрудің және сөйлеудің бұзылыстары бар науқастармен қатынасу. Естің спецификалық және спецификалық емес бұзылыстары

Мидың локальді зақымдануына байланысты жүретін психикалық патологияларды қарастырайық.

Алексия (дислексия) — оқудың бұзылысы. Оқу мен жазу ақауларының басты себебі болып, солақайлылық немесе амбидекстрия («екіқолдылық») жатады, ол тек қана денеге бағытталу өзгерістерімен ғана жүрмей, сыртқы кеңістіктердегі өзгерістермен де сипатталады. Дислексия «фонематикалық» ақаулармен де және оптикалық, оптико-гностикалық, моторлы, мнестикалық, семантикалық факторлар әсерінен де дамиды. Бірінші ретті алексияның екі негізгі формаларын айқындайды, яғни мидың кейбір бөліктерінің локальді зақымдануларымен — агностикалық (литеральды) және вербальді. Екінші ретті алексия афазияның түрлі формаларына байланысты болады.

Агностикалық алексия сол жақ шүйде бөлігінде ошақ орналасқанда байқалады, кейбір әріптерді танымаушылықпен жүреді. Науқастар әріптерді шатастарып, әріпті қабылдау қабілеттілігін жоғалтады. Науқастар үлкен әріппен жазылған сөзді үзілістермен оқиды, жазулары сақталып, бірақ не жазғандарын танымайды.

Вербальді (аграфикалық) алексия — сол жақ жарты шардың төбе бөлігінің зақымдануында жүреді. Әріптерді тану сақталып немесе аз бұзылған, бірақ толық сөзді немесе фразаны оқуы жоғалған. Бұл симптоматикаға жазу бұзылыстары да қосылады. Тапсырылған әріпті жазу кезінде тіке немесе қисық сызықтарды ғана көрсетеді.

Аграфия (дисграфия) — мағына және қалпы бойынша дұрыс жазу қабілеттілігінің бұзылысы. Бұл өзгеріс афазияның түрлерінде де кездеседі.

«Таза» аграфия — сол жақ жарты шардың самай-төбе-шүйде бөлігінің зақымдалуына байланысты жүреді. Сөздерде әріптердің кезектігінің шатасуымен сипатталады. Өз бетінше жазу жазғанда дөрекі бұзылыстар көрінеді, ал көшіріп жазғанда біршама реттік сақталады.

Апрактикалық аграфия — сол жақ жарты шардың ирімдерінің зақымдалуында болады. Науқастар жазу үшін қолдарына қандай қалып беретіндігін білмейді,жазу қозғалыс актілерін ретімен орындай алмайды.

Акалькулия – санаудың бұзылысы.Ол ошақтың әр-түрлі орналасуында туындайды:

1. Шүйде аймағының зақымдалуы сандар тек белгі ретінде болып қалады.

2. Сол жақ жартышардың төбе-шүйде аймағының зақымдалуында болады. Сандардың кеңістікте орналасуы бұзылып, қабылданбайды. Әсіресе римдік сандарды бағалау қиынға түседі.

3. Сол жақ жартышардың төбе бөлігінің зақымдалуы, қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауының бұзылысына әкеледі.

Көру агнозиясы. Көру анализаторының гностикалық функциясына байланысты болады. Қыртысты өрістердің зақымдалуы көру агнозиясы сияқты патологияға әкеледі. Бұл кезде қарапайым көру қызметтері сақталып, психикалық патология дамуы мүмкін, яғни «көреді, бірақ түсінбейді». Бұзылыстың негізгі түрлері бар:

1. Заттық — шүйделік және шүйде-төбелік аймақ зақымдалады. Заттарды көріп тану бұзылады. Заттарды салмағымен, контурымен, кескінімен ғана таниды.

2. Беттік (прозопагнозия) — оң жақты төменгі шүйде аймағы зақымдалады таныс адамдардың, әйелдің, баланың, ер адамдардың бет-әлпетін айыра алмайды (қысқа шашты әйелді ер адаммен шатастыруы), мимика ерекшеліктерін тану қиындайды. Тану мақсатында көмекші мәліметтер қолданылады — иісі, дауысы, жүрісі және т.б.

3. Оптико-кеңістік — жоғарғы төбе-шүйде аймағының зақымдалуы болады. Науқастар таныс кеңістікте бағдарын жоғалтады, «оң және сол жақты» немесе «төмен-жоғарыны» танып бағдарлау қабілеттілігінен айырылады.

4. Әріптік — сол жақ шүйде-самай бөліктерінің зақымдалуында болады. Әріптердің мағынасын түсінбей, оқи алмайды.

5. Түстік — сол жақ шүйде бөлігінің зақымдалуында жүреді.Агнозия кезінде науқастар бөлек негізгі түстерді ажыратып, сирек кездесетін түстерді ажырата алмайды.

Гностикалық есту бұзылыстары. Оң жақ жарты шардағы есту жүйесінің қыртысты деңгейде зақымдалуында пайда болады. Дыбыстар қандай да бір мағынаның тасымалдаушысы ретінде болмай, тек жоғарғы тонда ғана дыбыстарды айыра алады. Бұл есту агнозиясы деп аталады. Осымен қатар есту зейіні де бұзылады. Мұндай науқастар естуінің төмендеуіне шағымданады, сөзді естіп түсінбейтіндіктерін айтады. Бірақ, бұларда қарапайым естуі сақталған. Сөздік емес естудің бұзылысын амузия деп атайдытаныс әуенді танып білуі және басқасынан айыра білуінің бұзылысы.