Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уч_пособие_КН_2 вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Науқастардың жиі аив/житс жөнінде қоятын сұрақтары

  • Науқастардың АИВ/ЖИТС жөніндегі көптеген сұрақтары жұқтырып алу қорқынышымен байланысты болады.

  • АИВ/ЖИТС жөнінде көп сұрақ қоятын науқастар негізгі жұғу жолдары бойынша ақпараттанған (қан арқылы, жыныстық қатынас, иньекция арқылы). Сұрақтар көбіне аурудың тұрмыстық жағдайда жұқтырып алу қаупімен байланысты болады (тағамдар және жалпы жуынатын бөмені қолдану арқылы немесе т.б.).

  • Науқастар жиі диагностика әдістеріне, ауру симптомдарына байланысты сұрақтар қояды. Адамдар өздерінің жұқтырып алу күдігін немесе қаупін жоққа шығаратын ақпарат іздейді.

  • АИВ-инфицирленген науқастардың емі және күтімі жайында сұрақтар аз қойлады. Бұл сұрақтарға осы аймақта маманданған кеңесшілерден АИВ-инфицирленген науқастар жауап іздейді.

АИВ/ЖИТС– тің диагностикасы және науқастарды АИВ/ЖИТС анализдерінің нәтижелерімен ақпараттау.

АИВ/ЖИТС анализіне науқастарды бағыттауды негіздеу.

Барлық жүкті әйелдер және хирургиялық операциялар алдындағы науқастар АИВ/ЖИТС анализдерін тапсыруға міндетті.

Қан тапсырушы донорлар тестіні жасауға тиісті.

Хирургиялық операциялар алдында анализ алынады.

Организмнің иммунды жетіспеушілік симптомдары сипат алғанда , - мысалы, тұмау ауруларының, пневмонияның және баспаның ауыр немесе ұзаққа созылып өтуі; дене қызуының жоғарлауы, лимфадениттер, тері және асқазан-ішек ауруларында. Иммунды жетіспеушілігі бар науқастарды АИВ/ЖИТС анализіне терапевттер бағыттайды.

Антиәлеуметтік бағыттағы науқастарға зерттеулердің тағайындалуы.

Коммуникация тәжірибесі: науқастарды АИВ/ЖИТС анализінің теріс нәтижесі жайында ақпараттау.

Науқастарды АИВ/ЖИТС анализінің теріс нәтижесімен ақпараттау, мед.қызметкерлерінің тәжірибесінде қарапайым өтеді.

«Қауіпті топтағы» науқастарға тексеру нәтижесін жеикізу әр-түрлі жүреді. Мұндай «қауіпті топтарға» жататын науқастарға теріс тексеру нәтижесін жеткізумен қатар, қандай да бір уақыт өткеннен кейін тексеруді тағы да қайталауына нұсқау береді (3-6 айдан кейін). Дәрігерлер мұндай жағдайды ауру дамуының жасырын кезеңінің барлығымен сипаттайды.

Коммуникация тәжірибесі: Науқастарды АИВ/ЖИТС анализінің оң нәтижесімен ақпараттау.

Науқасты АИВ/ЖИТС анализінің оң нәтижесі жөнінде, осы аймақта дайындалған тәжірибесі мол маман жеткізеді (ЖИТС орталығының дәрігері). Барлық басқа дәрігерлер (терапевтер, гинекологтар және т.б.) тек теріс нәтиже жайында ғана айта алады.

АИВ-ті тексерістерінің нәтижесіне секемденген науқастар, тексеру нәтижелеріне дайын болады.

Науқасқа оң нәтижелі тексерісті жеткізу медицина мамандарына оңай іс болып табылмайды. Көптеген дәрігерлер мұндай жағдайдан бас тартады, себебі, «күрделі» диагнозбен науқасты ақпараттау, науқасқа да және дәрігерге де психологиялық травма болып табылады. Жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мұндай міндетті кәсіпті орындауға өзінің толығымен дайын еместігін сезінеді.

Дәрігерлердің көпшілігі жауапкершіліктен қашқақтайды. Кейбір медицина қызметкерлері АИВ/ЖИТС анализдерінің қате болу мүмкіндігі жайында айтқан.

Алайда, АИВ/ЖИТС-ті науқас өз диагнозы жайында білуге міндетті және құқықты.

АИВ/ЖИТС тексерісінің нәтижесін науқасқа жеткізу үлкен мағына береді: бұл хабар «мейілінше жұмсақ» болып, науқасқа диагноздың түбегейлі еместігіне «үміт» беруі қажет.

Науқасқа оң нәтижені хабарлау әдісін таңдау, оның «қауіпті топқа» жататындығына (дәрігерлердің ойынша, секемденген науқастар қауіпті сезініп, дайын болады) немесе науқас «қауіпті топқа» жатпайтындығына байланысты болуы керек (бұл науқас диагнозын нақтылау мақсатында анализін бірнеше рет тапсыруы қажетт).

Медицина қызметкерлерімен және АИВ/ЖИТС жұқтырған науқастар арасындағы қарым-қатынастың коммуникациялық мәселелері.

Кейбір дәрігерлердің ойынша АИВ/ЖИТС-ті науқастардың және дәрігерлердің арасындағы қарым-қатынаста ешқандай коммуникативті мәселелер жоқ.

Осы пікірлерге қарамастан қатынасудың коммуникация мәселелері баршылық. Мұндай мәселелердің себебі болып, мед.қызметкерлерінің АИВ алдындағы қорқынышы нәтижесінде байланысқа түскісі келмейтіндіктері және де АИВ инфицирленушілерге деген өшпенділік мінез-құлықтары табылады.

АИВ инфицирленген науқастар мен дәрігерлердің қарым-қатынас мәселелерінің көптеген себептері бар. Олардың ішінде:

- Медицина қызметкерлерінің инфицирленген науқастарға медициналық көмек көрсетуден бас тартуы.

- Медицина қызметкерлері жағынан науқасқа дөрекілік, арсыздық, сыйсыздық көрсету.

- АИВ/ЖИТС науқастиарына жалпы негативті қатынасу. Медицина қызметкерлерінің барлық науқастарға көмекті бірдей көрсететіндіктерін айтқанымен, АИВ/ЖИТС науқастарына деген қатынастары басқаша сипатты көрсетеді: мұндай науқастармен қандай да бір физикалық байланысқа түсуден қашқақтауы, кабинеттің есігін қолғаппен ашуы және т.б.