
Қышқылдық жауын—шашындар
Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH Қышқылдық жауын-шашындар пайда болуының негізгі себебі күкіртің қос оксидімен ластану болып табылыды. Су буының қатысуында күкіртті антигридті қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінің көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі.Олар органикалақ қышқылдармен мен басқа да қосылыстар араласып,қышқыл реакциясы бар ерітіндіні береді. Қышқылдық жауын—шашындардың түзілуіндегі күкірт қос оксидінің улесі 70% . Қышқылдық жауын—шашындардың көмірқышқыл газы да үлесін қосады.Алғашқы қышқылдық жауын—шашындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қазіргі уақытқа дейін 2,2-2,3 болатын жауындар тіркелген. Қышқылдық жауын—шашындар солтүстік жарты шарда жаксы таралған.бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр , қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқылдық жауын—шашындар Скандинавия елдері Англия, Бельгия,Дания , Польша елдеріне тән. Қышқылдық жауын—шашындар топыраққа ,су экожуйесіне ,өсімдіктерге , архитектура ескерткіштеріне,ғимараттарға зиянды әсерін тигізеді. Қышқылдық жауын—шашынның зиянды әсері әсіресе оңтустік пен тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді.Тропиктік топырақтар нейтралды және сілтілі таралғанымен ,онда жауынның үнемі шайып кетуі себепті нейтралдаушы заттар болмайды.
Қышқыл жаңбырдың биосфераға әсері:
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады.Биосфера- заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км. Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады.1.Антропогендік ластанудың негізгі көздері. Антропогендік фактор – адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. Т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын( газ, бу, ауа тозаңы),энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық,электромагниттік өріс,лазерлі сәулелер,иондағыш шығарындылар т.б.Биосфераны ластайтын компоненттердің хим құрамы отынэнергетика ресурстарының тқріне, өндірісте кенданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б.атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін.Жанаша әсер- биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, меикоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады.Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне,альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді.Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады. . «Табиғаттағының бәрі таза» деп,жаңбырдың суына бас жуатын жалаң аяқ, жалаң бас жүгіретін балалық дәурен секілді, енді оралмайтын заман болды. Сондықтан да жаңбыр суына бас жууға бола ма? – деп жауап беруге тура келеді. Өйткені жаңбырдың суы дегеніміз — өзен-көлдердің бетінен ылғал топырақтан көтерілген бу ғой. Ал осы будан түзілген бұлтта тонналаған сумен бірге алуан-түрлі химиялық элементтер, олардың тұздары, шаң болады. Жаңбыр суының құрамы бұлттың қай жерде түзілгеніне, жауған жеріндегі ауаның қалай ластанғанына байланысты. Ауа мен жаңбыр суын ең алдымен сапырылысқан көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, аммиак, күкіртті көміртегі тарайды. Күкірт пен азоттың қосындылары сумен қосылғанда қышқыл түзіп, жерге қышқыл аралас жаңбыр» болып жауады.
Қышқыл жауын шашынның зиянды әсері әсіресе солтүстік және тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді. Бірінші жағдайда онсыз да қышқылдығы жоғары топырақ қышқылданады.Бұл топырақтарда қышқылдылықты нейтралдайтын (кальций карбонаты,доломит және т,б,) табиғи қосылыстар болмайды. Тропиктік топырақтар нейтралды жіне сілтілі болғанымен.онда жауынның үнемі шайын кетуі себепті нецтралдаушы заттар болмайды. Топыраққа келіп түсетін қышқыл жауын шашындар катиондардың қозғалғыштығы мен шайылып кетуін арттырады,редуценттердің, азотфиксаторлардың және басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді. рН 5-ке және одан төмен болғанда топырақтағы минералдардың ерігіштігі артады да,олардан mjc к8йде улы болып табылатын, алюминий бқлініп шығады.Қышқыл жауын – шашын металдардың да қозғалғыштығын арттырады.Кейбір жерлерде қышқыл жауын шашын мен олардың әсер ету қнімдері грунт суларына,одан су қоймаларына және су құбырына түсіп,құбырлардан алюминий және басқа да зиянды заттардың бөлініп шығуына әкеледі.Бұл құбылыстың нәтижесінде судың сапасы төмендейді. Су қоймаларына түскен қышқыл жауын шашын судың қышқылдығы мен кермектігін арттырады. Көптеген гидробионттар аталған көрсеткіштердің өзгеруіне өте сезімтал болады.Су ортасының рН 6-дан төмен болғанда ағзаның өсуі мен дамуы үшін маңызды ферменттер,гармондар мен басқа да биологиялық белсенді заттардың қызметі тежеледі.рН-тың зиянды әсері негізінен жұмыртқа жасушалары мен жас дараларда байқалады,Бұл жағдайда өнім негізінен ластаушы заттардың тікелей ағзаға әсерінен емес,көбеюге мүмкіндік бермеу арқылы әсер етеді. Қышқыл жауын шашын мен оның компоненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді.Қышқыл жакын шашын өсімдіктерден биогендерді (әсіресе кальций,магний,калий) қанттар,ақуыздар,аминқышқылдарын ығыстырып,зақымдайды.Олар қорғанышсыз ұлпаларды зақымдап,ағзаға патогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену мүмкіндігін арттырады,Мұндай әсердің нәтижеснде фитоценоздардың өнімділігі төмендеп,кейде толық жойылып кетуіне әкеліп cj&nhes мүмкін. Қышқыл жаңбырлардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да байқалады.Бұл әсер алюминий мен fesh металдардың қозғалғыштығының артуы нәтижесінде болады.Бос алюминий жас тамырларды зақымдайды.Оларда инфекциялардың ену ошақтарын түзеді,ағаштардың уақытынан бұрын әкеледі. Әсіресе қылқан жапырақты ормандар кұшті зақымданады.Бұл ең алдымен олардың қылқанының ұзақ (4-6 жыл) өмір суруіне ондағы улы заттардың жиналуына байланысты. Атмосфераның ластануына жоғары дәрежеде сезімталдығымен қыналар сипатталады.Олар әдетте ең бірінші болып,экожұйеден жойылады және қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің индикаторы болып табылады. Соңғы жылдарда ормандардың дәстүрлі ластаушылары мен озонның бірлескен әсерінен зақымдануына көп көңіл бөлінуде. Озон негізінен фотохимиялық смогтің өнімі болып табылады.Оның әсерінен хлорофилл тікелей және хлорофиллді тотығудан қорғайтын маңызды агент С витаминінің шектен тыс жұмсалуы арқылы бұзылады.
Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды. Негізінде, жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс — әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде.