
- •I тарау.Кіріспе
- •§ 1. Жазбаша аударма тәжірибесі.
- •§ 2. Мәтіннің мағыналық және тілдік құрамына бүтіндей жол табу коммуникативті жағдайлардың экстра-лингвистикалық факторлардың тізімі.
- •Bolashak
- •II тарау. Аударманың грамматикалық мәселері
- •§ 3. Сөйлемдерді талдау. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері
- •French Jazz Band Arrived in Almaty.
- •§ 4. Ырықсыз етісте жасалатын құрылымдар
- •§ 5. Инфинитивтен жасалатын құрылымдар мен комплекстер
- •2. Nominative with the infinitive айналымы немесе инфинитивтің екінші баяндауыш ретінде қолданылуы
- •4. Адьективті құрылымдардағы инфинитив
- •§ 6. Сөз таптарының орын басуы
- •§ 7. Сөйлем мүшелерінің алмасуы
- •§ 8. Күрделі толықтауыш – Complex Object, күрделі бастауыш – Complex Subject айналымдары
- •§ 9. Ағылшын есімшесінің аударылу жолдары
- •§ 10. Есімшелік айналымдардың аударылу жолдары. Пысықтауышы бар есімшелік айналымдардың аудармасы. Дербес есімше айналымының аудармасы.
- •§ 11. Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары
- •Infinite doing being done
- •§ 12. Сабақтас құрмалас сөйлемдер
- •§ 13. Модальді етістіктер және олардың баламалары. Модальді сөздер және тіркестер.
- •III тарау. Аударманың лексикалық мәселері
- •§ 14. Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар.Халықаралық сөздер
- •§ 15. Қабылдау, сезіну және ойлау іс - әрекетін білдіретін кейбір етістіктер.
- •§ 16. Үстеулік мағынаға ие етістіктер
- •§ 17. Сөз аудармасы
- •§ 18. Неологизмдердің аудармасы
- •§ 19. Реалиялардың аудармасы
- •Реалиялар және терминдер.
- •Реалиялардың берілу тәсілдері
- •2 Жаттығу
- •§ 20. Фразеологиялық бірліктердің аудармасы
- •Мазмұны
§ 19. Реалиялардың аудармасы
Реалия аудармасы – тілдің ұлттық және тарихи маңызды мәселелерінің берілуі. «Реалия» деген сөздің өзі латын тіліндегі көпше түрде қолданылатын сын есім. (realis – нағыз, шын дегенді білдіреді). Реалия көбіне затты білдіреді және оны көп жағдайда мағынасы жағынан «өмір» деген түсінікпен байланыстырадыю Сөздік анықтамаларға сәйкесб реалия бұл мәдениет, тарих мәліметтері, мемлекеттік институттар, ұлттық және фальклорлық кейіпкерлер аттарының аңыздар пәні болып табылады. Тілдерді салыстыру барысында бұл құбылыстарды білдіретін сөздер баламасы жоқ лексикаға жатады. Баламасы жоқ сөздер деп басқа мәдениетте кездеспейтін түсініктерді білдіруге қызмет ететін сөздерді айтамыз. Олар басқа тілге бір сөзбен аударылмайды және сол тілде бұл сөздерге сәйкес баламалары болмайды. Аудармашы суреттеу арқылы немесе өз неологизмдерін ұсына алады. М/лы: Victor (радио және теледидар жабдықтарын шығаратын фирма атауы), book-maker (жүгіру және секіруден жиналған қауымнан үстеме ақша алатын адам). Тілдерді салыстыру барысында басқа тілдік реалиялар мен формалардың арасындағы сәйкессіздіктерді атап көрсетуге болады. Басқа тілдік реалиялар сәйкессіздігі келесі жағдайларда байқалынады:
Реалия тек бір тіл тобына ғана тәнб ал екінші топта бұл сөздер кездеспейдію М/лы: Drugstore (AE), the chemist’s (BE) – дәріхана
Реалия екі тілдік топқа да тән, бірақ олардың біреуінде реалия ерекше көрсетілген. М/лы: Clover leaf (AE) – машинаның үш бағытта ашылу жолдары.
Әртүрлі ортада ұқсас функциялар түрлі реалиялармен беріледі. М/лы: hot dog (AE) – тоқаш нан, soda fountain (AE) – кафе – балмұздақ
Ұқсас реалиялар әртүрлі болады. М/лы: cuckoo’s cell – көкектің шырылдауы (орыстардың сенімдерінде енді қанша өмір сүреміз дегенді білдірсе, американдықтардың сенімдерінде тұрмыс құру тойына дейін қызға қанша жыл бар дегенді білдіреді) Басқа тілдік формалардың сәйкессіздігі аударма тіліне ене отырыпб түрліше болып келедію Бұл реалиялар сөйлемде септеу және түрге байланысты - өэгеріп отырады, ал қалғандары жіктелмейтін категорияларды қолданылады. М/лы: ковбой – (cowboy) деген ағылшын сөзінен шыққан. Тілдік құбылыс ретіндегі мәдениетпен тығыз байланысты реалиялар ортаның дамуындағы барлық өзгерістерге тез әсер етеді, олардың арасында реалия – неологизмдерб тарихи сөздер, көнерген сөздерді атап өтуге болады. Лингвоелтану реалияларының қатарына ономастикалық реалиялар жатады: 1) Мәдени – тарихи түсініктері бар географиялық атаулар (топонимдер) EX: Boston Pops – музыкадағы Бостон оркестрі. 2) Антропонимдер – тарихи тұлға, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың, көркем әдебиет кейіпкерлерінің аттары. Ex: Mіckey Mouse Мики Маус тышқан. 3) Әдеби шығармалардың ел өмірінде орын алған тарихи жағдайлардың, мемлекеттік және қоғамдық кеңселердің аттары: Ex: popeart – поп арт, BBC – British Broadcasting Corporation – Британияның радио тасымалдау компаниясы.
Реалиялар және терминдер.
Термин бұл ғылым тілінің элемиенті болып табылатын нақты мағынасы бар сөз. Ол аталған функцияны ғана орындайды және онда ешқандай көркем әдебиетіндегі сөздер қолданылмайды. Реалия әрқашанда реалия өзі пайда болған тілдің ұлтына тәуелді, бірақ ұлтаралық қолданысқа таралып терминдер тәрізді кеңінен қолданылып жүрген реалиялар да аз емес. Терминдер пайда болу жағынан реалиялардан ерекшеленеді. Реалиялар ұлттық сөздер және ұлттың ой өрісі негізінде пайда болған. Реалияның терминнен ерекшклігі шет тілін ұстанып жүрген адамдарға олардың кеңінен пайдаланылу әйгілілігіб таныстығы емес керісінше аударма тіліндегі олардың бейтаныстығы. Біздер арнайы терминология арнайы жұмыстар мен ғылымдардың аймағы екенін білеміз. Қазіргі таңда БАҚ – ң дамуы және адамдардың ғылымға деген қызығушылығы терминдердің халық өміріне енуіне септігін тигізді. Орыс тіліндегі реалиялар мыналар болуы мүмкін: 1. бөлек сөздер. Мысалы: Кремль декабристтер. 2. Сөз тіркестері. Мысалы: демалыс үйі, Мамаев Курган. 3. Сөйлемдер. 4. Қысқартулар. Мысалы: ЖОО, АХАЖ.
Реалиялар баламасы жоқ лексикаға жатады. Реалиялар жалқы есімдер мен тұрақты сөз тіркестерімен байланысы бар. Сонымен реалия дегеніміз бір елдің өміріндегі мәдениет, тұрмыс жағдайы, тарихи дамулардағы обьектілерді атап көрсететін сөз немесе сөз тіркесі және де бұл сөздер басқа ұлттарға бейтаныс боладыб сонымен қатар басқа тілдерде реалиялардың нақты баламасы болмайды.